М. Өтемісов атындағы БҚму-да “Болашақ” халықаралық бағдарламасының орындалуы туралы есеп «Болашақ» халықаралық стипендиясы



Дата26.02.2016
өлшемі68.93 Kb.
#27580
М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да “Болашақ” халықаралық бағдарламасының орындалуы туралы есеп
«Болашақ» халықаралық стипендиясы – Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен азаматтардың озық шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі оқу формасы бойынша оқуы үшін немесе шетелдік ұйымдарда ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық, медициналық, шығармашылық және БАҚ қызметкерлерінің  тағылымдамадан өтуі үшін 1993 жылы құрылған халықаралық стипендия. «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектердің кәсіби өзіндік дамуы және жетістікті мансаптық өсуінде, әр тұлғаның жеке дамуы мен жұмысқа орналасуы үшін өте маңызды кепіліне айналды. Халықаралық шәкіртақылық «Болашақ» бағдарламасына қатысу және де жан-жақтылық пен басқа да мәдениеттермен таныс болу мүмкiндiктеріне  тәрбиелейдi және жоғары оқу орындарының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыра түседі. 1993 жылдан бастап 2013 жылға дейін «Болашақ» халықаралық стипендиясы әлемнің 33 еліндегі 200 үздік жоғары оқу орнында оқу үшін 10025 қазақстандыққа тағайындалған.
М. Өтемісов ат. БҚМУ халықаралық ынтымақтастық Департаменті «Болашақ» халықаралық бағдарламасы және қатысушы үміткерлер туралы ақпаратты университет сайтына үнемі уақытылы шығарады.

Университет сайтының қайта қарастырылуы және жаңартылуына байланысты бүгінгі сайт мұрағаты 2010 жылдан бастап ақпаратты көрсетіп отыр.

М. Өтемісов ат. БҚМУ-нің халықаралық ынтымақтастық Департаменті жыл сайын АҚ «Халықаралық бағдарламар орталығы»-ның өкілдерімен өткізілетін ақпараттық-түсініктемелік брифинг ұйымдастырушылық және өткізу жұмысын атқарады (2014 ж. наурыз айында АҚ «ХБО» вице-президенті Ғ.Б. Досмухамбетова мен құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру бойынша бас менеджер А. Көпеева, 2013 жылдың мамыр айында АҚ «ХБО» вице-президенті Ғ.Б. Досмухамбетова мен құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру бойынша менеджері Ж. Молжігіт). Аталмыш кездесу тек қана БҚМУ болашақ үміткерлеріне емес, сонымен қатар жалпы қала және облыс бойынша үміткерлер үшін арналған.

2013-2014 оқу жылында халықаралық ынтымақтастық Департаменті факультеттер арасында халықаралық бағдарламалар туралы, соның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы туралы ақпараттық-насихаттаушы семинар өткізді.

ХЫД уақытылы университет сайты мен барлық факультеттерді ағымдағы ақпаратпен қамтамасыз етеді, сонымен қоса студенттер, магистранттар, ПОҚ және қызметкерлерге жеке кеңес беріледі.

ХЫД стендінде ұдайы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы туралы толық әрі түсінікті ақпарат жаңарып отырады.



2010-2011 оқу жылына күндізгі оқу түрінің барлық курс мамандық студенттерінің жалпы саны – 3267. 2010 жылы - 1: Серғалиев ӘлібекБҚМУ Экономика және басқару факультетінің студенті (ВА) «Болашак» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Қазіргі таңда Карлтон Университетінде (Оттава қ., Канада) «Экономика» мамандығы бойынша оқуын жалғастыруда (оқуын 2015 ж. тәмамдайды);

ПОҚ – 356 адам, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері жоқ.


2011-2012 оқу жылына мамандық түлектерінің саны - 919: 883 – 4 курс, 36 – 5 курс. 2011 жылы - 1: Мусина Жаннат – БҚМУ Филология факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының түлегі «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оқуын Гамбург Университетінде (Гамбург қ., Германия) «Шет тілін оқытудағы әдістеме» мамандығы бойынша 2013 ж. тәмамдады.;

ПОҚ - 342, соның ішінде 2 оқытушы: Сабыр Мұрат – ф.ғ.д., БҚМУ Филология факультетінің профессоры, 2011 ж. қыркүйек айы мен 2012 ж. қаңтар айы аралығында Түркітану ғылыми-зерттеу институтында (Мармор Университеті, Түркия) “Қазақ филологиясы” мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуге грант ұтып алды, Әлжанова Бағдагүл – а/ш.ғ.к., БҚМУ Жаратылыстану-математика факультетінің доценті 2011 ж. қараша айы мен 2012 ж. маусым айы аралығында «Экология» мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік университетінде (Мәскеу қ., РФ) «Болашақ» халықаралық бағдарламасы арқылы тағылымдамадан өтті.


2012-2013 оқу жылына мамандық түлектерінің саны - 599: 577 – 4 курс, 22 – 5 курс, солардың ішінде 5: магистрант Есбергенова Гүлнәр «Шет тілі» мамандығы бойынша Лондон Сити Университетінде (Ұлыбритания) магистратурада оқуға «Болашақ» грантын ұтып алды. Оқуы 2013 ж. қыркүйек айынан басталды; магистрант Құрманғали Фариза Эссекс Университетінде (Колчестер қ., Эссекс графствосы, Солтүстік Ирландия) «Шет тілі» мамандығы бойынша «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2013 ж. қыркүйек айынан оқуын бастады; магистрант Насығазы Болат Лондон Университетінің колледжінде (Ұлыбритания) «Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2013 ж. қыркүйек айынан оқуын бастады; М. Өтемісов ат. БҚМУ 2012 ж. «Тарих» мамандығының түлегі Алдияров Жігер 2013 ж. қыркүйек айынан Мәскеу мемлекеттік университетінде (Мәскеу қ., РФ) «Әлеуметтану» мамандығы бойынша «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқуын бастады; М. Өтемісов ат. БҚМУ 2012 ж. түлегі Шарабасова Гүлниса 2013 ж. қыркүйек айынан ЭксетерУниверситетінде (Эксетер қ., Ұлыбритания) «Шет тілі» мамандығы бойынша «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2013 ж. қыркүйек айынан оқуын бастады.
2012-2013 оқу жылына ПОҚ - 343, солардың ішінде 1: Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы, магистр Тұяқова Бибігүл «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері атанып, Малайзиядағы Халықаралық УНИТАР Университетінде (Петайлинг ауданы, Селангор, Малайзия) 2013 ж. 22 ақпан мен 22 қараша айы аралығында тағылымдаламадан өтті.

 

М. Өтемісов ат. БҚМУ IT-технологиялар Департаментінің инженер-програмисі Файзуллин Самат «Болашақ» халықаралық бағдарламасы арқылы 2013 ж. 1 қыркүйек айы мен 15 желтоқсан айы аралығанда Сеул Университетінде (Сеул қ., Оңтүстік Корея) үш айлық тағылымдамадан өтіп келді.


2013-2014 оқу жылы Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық Комиссия отырысының 26.12.2013 ж. шешімімен М. Өтемісов атындағы БҚМУ-нің 2 түлегі «Болашақ» халықаралық шәкіртақы бағдарламасының стипендиаты атанды: Физика-математика факультеті, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының түлегі Мукаев Қуаныш Сингапур Ұлттық Университетіне магистратураға оқуға түсті; «Халықаралық қатынастар» мамандығының түлегі Әбдрахманова Ғазиза «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шәкіртақы иесі атанып, Мәскеу мемлекеттік университетіне «Тарих» мамандығы бойынша оқуға грант ұтып алды. Оқу мерзімі 2014 жылдың қыркүйек айына жоспарлануда.


2013-2014 оқу жылына мамандық түлектерінің саны - 539: 524 – 4 курс, 15 – 5 курс; ПОҚ – 356.
Қазіргі уақытта тағы да 2 категория қосылды, жалпы 7 категория, соның ішінде :


  1. «Ғылыми немесе педагогикалық қызметкерлер» категориясы;

  2. «Қазақстандық ЖОО түлектері» категориясы;

  3. «Мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер» категориясы;

  4. «Магистратураға, резидентураға, доктарантураға, тағылымдаға өз бетімен түскендер» категориясы;

  5. “Тағылымдамадан өту” категориясы.

Сонымен қатар ағылшын тілін меңгеру тестілеуінің баллдары көтерілді: IELTS: 9.0-дан 4.0-5.0, TOEFL: ITP**/PBT 677-ден 397-417, IBT 120-дан 31-35.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін іске асыру мақсатында 2014 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдаудың және аталған конкурсты өткізудің төмендегі мерзімдері белгіленді:

     1)құжаттар қабылдау:



  • 2014 жылғы 3 наурыз бен 30 мамыр аралығы;

  • 2014 жылғы 30 маусым мен 31 шілде аралығы,;

  • 2014 жылғы 1 қыркүйек пен 31 қазан аралығы;

     2)конкурсты өткізу;

  • 2014 жылғы 1 мамыр мен 2015 жылғы 31 қаңтар аралығы.

   
     1) 2014 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғарыоқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі ( 23 ел, 212 ЖОО, 16ел, 117 тіл оқыту мектептері);

     2) 2014 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесі (67) бекітілді.



Түлектер/магистранттар/ғылыми-педагогикалық кадрлардың халықаралық «Болашақ» бағдарламасына белсенді қатыспауының мүмкін себептері:

  • Ынтаның жоқтығы;

  • Үміткер шет тілін меңгеруі тиіс (ағылшын);

  • IELTS тестілеуінен жеткіліксіз балл жинауы;

  • Үміткердің қажетті құжаттарды жинастырудағы уақытылы дайындалмауы;

  • Кей категорияларға сәйкес қызмет өтілінің болмауы/жетіспеуі; түлек болған жағдайда, құжат тапсыру уақытына орай университеттің ғылыми-педагогикалық қызметкері болуы тиіс;

  • Жылжымайтын мүлікті кепілге қалдыруға ықылас білдірмеу;

  • Шет елдегі ЖОО-на оқуға қабылдау мерзімінің Қазақстандағы «Болашақ» бағдарламасының конкурс мерзімімен сәйкес келмеуі;

  • Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық Комиссия отырысы шешімінің оң болмауы.


Ұсыныстар:


  1. Кафедралар меңгерушілері, факультеттер декандары, және құрылымдық бөлімше басшылары студенттерді, оқытушыларды, қызметкерлерді “Болашақ” халықаралық бағдарламасына тартуда белсенді жұмыс атқару;

  2. Кафедралар меңгерушілері, факультеттер декандары, және құрылымдық бөлімше басшылары студенттер, оқытушылар мен қызметкерлердің шет тілдерін оқуда жұмысын арттыру;

  3. Үміткерлерге АО “ХБО” тапсырылатын құжаттарды жинастыруда аса ұқыпты болу;

  4. БҚМУ түлек-үміткерлеріне жұмыс беруші, яғни университетпен уакытылы келісім шартқа отыру;

  5. Үміткерлерге жылжымайтын мүлікті жалға салу үшін жауапкершілікпен қарауы тиіс;

  6. Үміткерлерге мамандық бағыты, ҚР Конституциясы, ҚР тарихы бойынша 4-турдағы ТЭК мүшелерімен кездесуге дайын болуы; кәсіби құзыретті болу.


ХЫД директоры С.С. Құлмағамбетова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет