«этнос болмысы» – этностың ұлттық бейнесі, тарихи тұлғасы және ол туралы
реальді шындық... «этнос болмысы» дегеніміз – этностың сонау балаң кезінен
бүгінгі есейген шағына дейінгі кешірген өмір тіршілігінің айнасы, оның тілі
арқылы қалыптасып, жадында сақталып, ұрпақтан нәсілге мирас болып ауысып
келе жатқан бай рухани-мәдени қазынасы»
1,10-11-бб.
. Осы тұжырымдарға
орай, «этнос болмысы» ұғымы: этностың жеке мәселелерін емес, оның тұтас
бейнесін, барша болмысын анықтайды; ал этнос туралы толық мағлұмат оның
«тіл қазынасында» ғана сақталады деп түсінуге болады, олай болса, этностың
шынайы болмысын басқа ғылымдар дәл этнолингвистикадай терең жан-жақты
айқындай алмайды.
Этнолингвистика – тіл ғылымы мен этнологияның шегінде пайда болған
ғылым саласы. Этнолингвистика – халықтың ақыл-ой, сана-сезімінің жемісі –
рухани және материалдық мәдениетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүр сияқты этносқа
тән белгілерін тіл деректері арқылы сөйлететін тіл ғылымының саласы, тіл
ғылымындағы ерекше бағыт. Этнолингвистика – синкретті ғылым, дегенмен
оның синкреттілігі бірден айқындала қойған жоқ, уақыт өте оның зерттеу
шеңбері кеңейіп әрі анықталып келеді
32,9-10-бб.
.
Кеңестік кеңістіктегі этнолингвистика бағытының өкілі Н.И.Толстой
этнолингвистиканы кең және тар көлемде қарастыру мүмкіндігі туралы айтады.
Кең көлемде этнолингвистика диалектология, фольклор тілі, тарихи
115
диалектология сияқты салаларды қамтиды, ал тар көлемде тіл мен этнос, тіл
мен мәдениет, тіл мен діл, тіл мен мифология т.б. мәселелерді қарастырады
136,399-б.
. Осының өзі этносты жан-жақты танып түсінуге мүмкіндік беретін
этнопсихология, этносоциология, лингвомәдениеттану сияқты салаларды
этнолингвистиканың айналасына топтастырады, сонда ғана этнос болмысы,
оның тіл әлемі туралы толық сурет пайда болады. Этнолингвистиканың
синхрондылығы мен синкреттілігі – осында
32,9-10-бб.
.
Этнолингвистиканы тар көлемде қарастыру мүмкіндігі тілді мәдениет
феномені ретінде зерттейтін саланың қалыптасуына жол салды. Қ.Ө.Есенова
медиалингвистиканың
өзекті
мәселелеріне
арналған
зерттеулерінде
лингвомәдениеттануды
лингвистика
мен
мәдениеттану
салаларының
тоғысында қалыптасқан деп түсіндіреді. Өйткені лингвомәдениеттануда халық
мәдениетінің тілдегі көріністері айшықталады, сондықтан басты назар ұлттық
ментальділікке
немесе
ойлау
жүйесіне
аударылады.
Сол
себепті
лингвомәдениеттанудың зерттеу пәнін мәдениеттегі символдық, эталондық,
бейнелі метафоралық мән алған тілдік бірліктер құрайды [137,13-б.].
Лингвомәдениеттану – мәдениет пен филологияны үйрететін ғылымдар
шегінде пайда болған аралық ғылым. Ол теориялық ғылым ретінде тіл мен
мәдениеттің байланысы мен өзара әсерін қарастырады. В.В.Воробьевтің
пікірінше, тіл мәдениетпен тығыз байланысты, мәдениет топырағында көктейді,
мәдениетті танытып, бірге дамиды. Бұл тұрғыдан алғанда, тіл қарым-қатынас
пен ойды жеткізу құралы ғана емес, мәдениет жайындағы білімді жинақтап,
сақтап жеткізу құралы да саналады. Ұлттың басты белгісі – тіл ұлттық
мәдениетті танытудың негізгі формасы және оның өмір сүруінің көрінісі болып
табылады
27,42-б.
. Э.Сепир айтқандай, «он акцентирует внимание на том, как
думают, тогда как культуру можно определить как то, что данное общество
делает и думает»
135,72-б.
. Тіл – халық мәдениетінің, психологиясының және
философиясының айнасы, сонымен қатар, халық тарихы мен рухының бірден-
бір дереккөзі саналады. Осыған орай, В.И.Поставалова «Язык – зеркало
культуры, отображающее лики прошедших культур, интуиции и категории
миропредставлений»
138,30-б.
,-деп түйіндейді.
Жалпы мәдениет, ұлттық мәдениет – көптеген ғылымдардың нысаны
болып табылады, осыған орай, Н.Ф.Алефриенко лингвомәдениеттануды пән
ретінде мәдениеттанымдық және лингвистикалық тұрғыда түсінуге болады деп
есептейді. Мұның алғашқысында лингвомәдениеттану – мәдениеттанудың
саласы, сондықтан этнография, мәдени антропология, мәдениет философиясы
мәдениеттану тарихы тәрізді салалармен тығыз байланыста қарастырылады.
Бұлардың әрқайсысы мәдениетті өз нысандарының мақсатына қарай
зерделейді. Бұл бағыттың тұжырымынша, лингвомәдениеттану зерттейтін
лингвомәдени құзіреттілік тіл феномені емес, мәдениет феномені, сондықтан да
лингвомәдениеттану – мәдениеттанудың саласы. Мәдениетті лингвистикалық
тұрғыда түсінушілер: В.Гумбольдт, В.Вундт, Г.Шухардт, А.А.Потебня тәрізді
т.б. ғалымдардың лингвистикалық доктриналарының пайда болуымен
116
ұштастырады. Бірінші бағыт өз зерттеулерінде мәдениеттанымдық әдістерді
қолданса, екіншісі лингвистикалық әдістерді қолданады
139,36-б.
.
Лингвомәдениеттану назарын тілдегі адам мен қоғамның рухани күйіне
аударады. Аталған ғылым салаларының деректерін ғылыми жағынан зерттеп,
саралап, лингвомәдениеттанудың даму заңдылықтарын көрсетіп отырады,
сонымен қатар, оларға теориялық және эмпирикалық бағыт, жол сілтеуші
болып табылады. «Никто не осмелится отрицать обратное влияние: данные
лингвокультурологии оказываются весьма ценными и для этнографии
(этнологии), и для культурной антропологии, и для философии культуры, и для
исторической культурологии»
139,36-б.
.
Қазіргі күні қазақ тіл білімінде тіл – этнос – мәдениет арақатынасын
зерттеу де жоғарыда айтылғандай, бірнеше бағытта жүргізіліп келе жатқандығы
байқалады. Ж.Манкеева этнолингвистикалық зерттеулер нысаны жайында:
«Этнолингвистика – тілді мәдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің
қызметіндегі және дамуындағы тілдік, этномәдени және этнопсихологиялық
факторлардың өзара әсерін қарастыратын тіл білімінің саласы» [140,55-б.],-дей,
келе, қазіргі тіл ғылымындағы бағыт салаларына байланысты «...тілді ұлттық
ой-сана, дүниетаным, мәдениет, тарих, этностық рухты бейнелейтін таңба
ретінде қарастыратын – лингвомәдениеттану саласы. «Лингвомәдениеттану»
деген атаудың құрамында тіл мен мәдениеттің сабақтастығы айқын көрініс
табады» [40,3-б.],-деген түйін жасайды. Ал С.Сәтенова: «Лингвомәдениеттану
лингвистика мен мәдениеттану мәселелерінің ұштасуы негізінде қалыптасқан
және тілде бейнеленетін, тіл арқылы көрініс беретін мәдени құндылықтарды,
олардың қолданылу жүйесін зерттейтін өзіндік мақсат мүддесімен, әдіс-
тәсілдерімен ерекшеленетін тіл білімінің саласы» [141,72-б.],-дейді.
М.С.Атабаева этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың арақатынасы
жайында: «Этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың әрқайсысының
өзіндік мақсаты мен міндеті болумен қатар, бір арнаға құятын тұсы басым, ол –
тілі арқылы мәдениеті, мәдениеті арқылы тілі, мінез-құлқы, жан-дүниесі, ұлт
ретіндегі табиғаты, ерекшелігі көзге түсіп танылатын біртұтас организм –
этнос» [32,206-б.],-деп тұжырымдайды. Ә.Әлметова қазақ тіл біліміндегі
этнолингвистикалық және лингвомәдениеттанулық зерттеулердің нысандарын
айқындауда аса үлкен айырмашылық жоқтығын айта келе, «Біздіңше,
лингвомәдениеттанудың этнолингвистикадан ерекшелігі бар. Этнолингвистика
белгілі бір халықтың тілін сол халықтың мәдени деректерімен, ділімен
байланыста қарастырады. Халық тарихы мен оның материалдық, рухани және
көркем мәдениетінің элементтері оның тілінде, лексиконында көрініс табуы
тиіс. Этнолингвистика – лингвомәдениеттанулық қарым-қатынастың ең биік
деңгейі. ... Сондықтан олар жеке және салыстырмалы болып бөлінеді. Ал
лингвомәдениеттанудың басты мақсаты – этнолингвистикада шоғырланған
барлық ақпаратты қорытып, талдап, тіл мен мәдениеттің өзара әсерін көрсету»
дей отырып, этнолингвистика белгілі ұлтқа тән болуы мүмкін, ал
лингвомәдениеттану ұлттық бола алмайды. «Лингвомәдениеттану дегеніміз –
тілдің философиясы мен мәдениеті. Лингвомәдениеттанудың объектісі – тіл
117
мен мәдениет» [142,17-18-бб.],-деп түйіндейді. З.Қ.Ахметжанова қазақ
лингвомәдениеті жайлы еңбегінде аталған ғылымның зерттеу ұстанымдарын
саралап, осы бағыттың көрнекті өкілдерінің бірі М.Херсковицтің
тұжырымдарына талдау жасайды: М.Херсковиц ұлттық төл мәдениеттердің
бірыңғай эволюциялық-прогрессивті бағыт ұстанған әлемдік тарихи үдерістің
бөлшегі болуын қаламайды, әлем мәдениеті тарихындағы біртұтас батыс
европалық даму үлгісін ұстанған бірегей заңдылық талаптарын сынайды.
Ғалымның түсінігінде – жалпы тарихи-мәдени үдеріс – сан салалы бағытта
дамыған мәдениеттер жиынтығы, даму, ілгерілеу ұғымы – мәдениетке қатысты
алғанда, салыстырмалы, субъективті. Сонымен қатар, кей жағдайда батыстық
(техникалық) үлгіде даму жолы дәстүрлі мәдениеттің жойылуына әкелуі мүмкін
екенін ескертеді. Осындай пікірлерін саралай келе, «В каждой культуре он
видел неповторимо уникальную модель, определямую постоянной традицией,
которая проявляется присущих каждому народу специфических системных
ценностей, часто не сопоставимых системами других народов» [24,4-5-бб.].
Тіл ғылымы тарихында тіл мәселесін сол тілді қолданушы қауымның
мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрпымен байланыстыра зерттеген, бастауын
18 ғасырдың соңғы жартысында өмір сүрген И.Гердер ілімінен алып,
В.Гумбольдт т.б. идеяларымен жалғастық тапқан этнографиялық лингвистика
бағытындағы мектептер болғаны жоғарыда оның көрнекті өкілдері
идеяларының дамуы тұрғысында айтылды. Қазіргі тіл білімінде осы негізде
қалыптасқан екі бағыт бар: оның бірі – Америкада, екіншісі – Германияда. Екі
мектеп те шартты түрде этнолингвистика мектептері деп аталғанымен,
қалыптасу себептері әртүрлі. Американдық этнолингвистика мектебі үндістер
тілін, мәдениетін және этнографиясын зерттеу арқылы дүниеге келген,
сондықтан негізгі зерттеу мәселелері – тіл мен мәдениет. Ал Германия
этнолингвистика мектебі неміс мәдениетінің ұлттық сипатын, белгілерін
зерттеуді мақсат еткен, сол себепті зерттеу нысанына тіл мен халықты алады
[5,198-б.].
Тұжырымдарда аздаған айырмашылық болғанымен, негізгі түйін тіл
этнос
мәдениет арақатынасы бөліп жаруға келмейтін, біртұтас күрделі де
терең ұғым екендігінде. О баста этнографиялық тіл білімі ретінде дүниеге
келген антропоөзекті бағыттың бастауы этнолингвистка ғылымының сан
салалы бағытқа айналуы осы үштіктің табиғатына байланысты екендігі даусыз.
Алдымен этнолингвистика өз дамуында біркелкі бола алмайды, бұл жөнінде
М.М.Копыленко кеңестік кеңістіктегі этнолингвистикалық зерттеулерге
жасаған сараптамасында сол кезеңдегі этнолингвистиканың үш бағытта
дамығанын көрсетеді: біріншісі – Вяч.Вс.Иванов пен В.Н.Топоров атымен
байланысты, бұл бағыт мәдени, мифологиялық лексика материалдарын
реконструкциялауға (жаңғыртуға) негізделген шарттылықты ұстанады,
сондықтан этимологиялық бағыт деп те аталады; екіншісі – академик
Н.И.Толстойдың мектебі, зерттеу нысаны етіп славян онтологиясы мен
мифологиясын, диалектологиялық материалдарды алады; үшіншісі – академик
Ә.Т.Қайдар мектебі [133,16-17-бб.].
118
Қазақстандық этнолингвистер тіл
этнос
мәдениет арақатынасын
Ә.Т.Қайдар көрсеткен алты арна деректері негізінде, «тіл айнасында»
зерделеуді мақсат етеді. Сол арқылы «этнос болмысын» тұтас түсініп
қабылдауға болады деп есептейді. «Тіл айнасы» белгілі ұлтқа тән болады, олай
болса, этнолингвистиканың да, лингвомәдениеттанудың да зерттеу нысаны –
ұлт тілі, ұлттық мәдениет. Этностың тілі, тарихы мен мәдениеті – бөлек емес,
бірін-бірі толықтырып, айқындап отыратын ұғымдар. Этнос мәдениеті белгілі
тарихи кезеңде қалыптасады, белгілі тарихи кезеңде жаңғырады
Сөйтіп, тіл
Достарыңызбен бөлісу: |