М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


Жорық үй, қос-күрке атаулары



Pdf көрінісі
бет78/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   89
Бисенбаева

Жорық үй, қос-күрке атаулары. Сөйленістерде халықтың күнкөріс, 
өмір сүру, тұрмыс-тіршілігінің жағдайына қарай ықшам, тігілуі, жиылып-
жығылуы оңай жеңіл үй түрлері: Абылайдың қара қосы, абылайша, ноғай үй, 
алтаяқ, жолым үй, дабыл үй,көтерме, жаба салма, тәрізді түрлері қолданылады. 
Олардың атауы үйдің керегесіне, уықтың ұзындығына орай уәжделген. 
Абылайдың қара қосы – уықты шаңыраққа шаншып тігілген керегесіз үй 
(Монғ.), Шуда – абылайша аталады. Осы мағынада көне түркіде «алачу» (ДТС, 
73), азербайжан тілінде – алачығ (Азерб.-рус.сл., 1986, 100); түрікше – алажык 
(тур.рус.сл., 1977, 42); өзбекше – олачых (Узб.-рус.сл., 1, 1959,300), хакаста – 
алачых (Хак.-рус.сл.,1953,22) болып қолданылады. Р.Г.Ахметьянов атаудың 
алачык тұлғасында татар диалектілерінде, алацык түрінде удмурд, лаç, лаçа 
формасында чуваш 
диалектісінде «летняя кухня, шалаш, юрта, домишко» 
мағыналарында қолданылатынын айтады. Сонымен қатар татар тілінде алы 
ачык, «алды ашық» мағынасында үш қабырғалы, алды ашық баспананы 
атайтынын көрсеткен [79, 128-б.]. В.В.Радлов сөздің (алачык) түркі тілдеріндегі 
көрінісін кең түрде сипаттайды: 1)юрта из коры (кач.); 2)шалаш из ветвей, 
летняя кухня в деревнях (Казан., кирг., крым.); 3)войлочные кибитки кочующих 
за Кавказом татар (азерб.); алачук (чаг) – алачык, алачых (кар.т.) – алачык 
(Радлов, 2,362); алтай, телеуіттерде – аланчык, чулым татарларында аланжыг 
«жазғы балаған, шалаш» мағынасында (Радлов, 1,360). Алачык/алашық > 
лашық тұлғасында «қарапайым, кедей күрке» мағынасында қазақтың әдеби 
тілінде көне сөз ретінде қолданылады. Осы мағынада лачуга «бедное, убогое 
жилище, изба, хижина» орыс тіліне ауысқан (Шипова, 220). Оны орыс тілі 
сөздіктерінің бәрі растайды; орыс тіліне татар тілі арқылы келген саналады. 
Лашық та, орыс тіліндегі лачуга да қомсыну мәнді, кемсіту бояуы, бағалау мәні 
төмен қатарға жатады, киіз үйдің ықшам түрі алашықта мұндай коннотация 
жоқ, шағын икемді, қолайлы семалары бар. Сөз және оның баспана мағынасы 
сақталған, қолдану, жасау мәдениеті жетілген [89,227-228-бб.]. Сонымен, 
Абылайдың қара қосы, абылайша типті баспаналарда кереге болмайды, уығы 
шаңыраққа шаншылып, жерге қадалады да, киіз жабылады. Бұл жорыққа 
шыққанда не өте қысқа мерзімде тұру үшін қолайлы болған. Алаша, алашық 
формасының қазақ тілінде абылайшаға айналуын Абылай хан әскерлерінің 
жорығымен ұштастыратын пікірлер бар (КСЭ, 1,36), алайда түркі тілдерінде 
алашұ бұған дейін де болғанын сөздіктер дәлелдейді, М.Қашқарида алашұ 
«баспана, кепе» (Қашқари, І,166). Алашық түрінде Орынбор облысы 


144 
қазақтарында сақталған. Алашық, абылайша атауларының түркі тілдерінің 
көпшілігінде кездесуі тұрмыстың ортақтығынан хабар береді. Атау сонау түркі 
тілдері бөлінбей тұрған кезде пайда болған баспананы таңбалайды.. 
С.Мұқановтың ойынша, көшпелілер (қазақтар да) «күрке» аталатын қоста тұра 
бастаған [149,99-б.], алайда көшпелі тұрмыс көшуге қолайлы баспанаға 
зәрулікті туғызды. Солардың алғашқысы – алашық, абылайша қазақтар 
тұрмысындағы ең жеңіл түрі.
Жолым/жөлім үй қазақ сөйленістерінің үлкен бөлігін қамтиды. Жолым 
үйді төбесін шошақ етіп, су өтпеске лайықтап жасайды (Сыр.). Байлар жолым 
үйді жол-жөнекей тігетін (Түлк.). Көшіп қонуға жолым үй ыңғайлы болады 
(Жамб.Мер.). В.Радлов сөз мағынасын жол мен үй түбірлерінің байланысынан 
шығарады: джола+м+уй, жолға шыққанда тігілетін киіз үй (Радлов, Опыт., 
ІУ,98). Атау монғол тобы тілдерінде де бар: жолом жаба салма (үй); қалмақша – 
джолм (күрке); бурят тілінде – соол, үй, үйшік дегенді білдіреді (Будаев, 
56,223). Ә.Нұрмағамбетов осы деректер бойынша сөздің түп төркіні монғол 
тілі, мағынасы – «күрке» деп тұжырымдайды (Нұрмағамбетов, 1985,47). Күрке 
мағынасынан гөрі түркі, монғол тілдері арасында «жеңіл, кішкене үй» 
мағынасы жиірек кездеседі. Мұның архисемасы – «жүру, қозғалу көшу, жолда 
қажет баспана» деп түсінуге болады [89,227-228-бб.]. 
Дабыл/дабыр үй атауы да батыс аймақтарында жолым үй формасының 
варианты ретінде қолданылады. Қызылқұмға көшкенімізде дабыл үйді түйеге 
артып, алатынбыз (Сыр.). Байлар дабыр үйді ас-су үшін тігетін еді (Красн.) Осы 
мағынада Н.Ильминскийде бар (Ильминский, 120). Атау дабыл/дабыр 
сөздерінің мағынасы негізінде пайда болған. Э.В.Севортян сөздердің аталған 
мағыналарына қоса дабыл/дабырдың түбірін тап санайды. Осы түбірден 
азербайжан диалектісінде даб-ыр түріндегі етістік жасалып, ол «тез қозғалу, 
жүру» ұғымын атайды; дабыран – қозғалыс, қозғалу; да: быра – аттың қатты 
шабысы мағыналарын білдіретінін көне түркі сөздіктері, түркі тілдері 
материалы негізінде көрсеткен (Севортян,1980,112-113). 
Қазақ сөйленістеріндегі дабыл үй/ дабыр үй атаулары осы көне түркілік 
«тез қозғалу, аттың қатты шабысы» мағыналарының өзек болуынан жасалған. 
Бұған қоса, алдымен дабыл қағу оған іле-шала жүретін дабыр-дүбір семалары 
да бар. Әдеби тілдегі дабыл/дабыр түбірлері мен олардан тарайтын сөздердің 
бәрінде де «қозғалыс жылдамдық» семалары бары айқын. Дабыл қағылып, 
соған іле-шала тез қозғалу қажеттілігіне орай жасалған үй біртіндеп көшіп-
қонуға ыңғайлы үйдің біріне айналған, «керегесіз, уығы қысқа» келуі оның 
қолайлы, жеңілдігін білдіреді. Тұрмыстық, қоғамдық жағдаят үй атауына өзек 
болған [89,228-229-бб.]. 
Көшпелі өмірдің ыстық-суығы қазақ тұрмысына киіз үйдің өте ықшам 
жеңіл түрлерінің келуіне себеп болды. Мұндай үйлердің атаулары киіз үй 
сүйегін құрайтын элементтердің толық қатысуы немесе қатыспауынан шығады. 
Осы элементтер саны неғұрлым аз болған сайын үйлердің тігілуі мен жиылуы 
жеңілдей түседі. Сөйленістерде киіз жабылатын, киіз үй типтес баспаналардың 
аталған абылайдың қара қосы, абылайша, алашық сияқтылардан басқа ноғай үй, 


145 
алатаяқ, жолым/жөлім үй, дабыл үй/дабыр үй тәрізді түрлері де заманалар 
бойына халық қажетіне жарады, бұларға ортақ белгі – керегесіз жасалуы 
[89,227-228-бб.]. Алтаяқ, жабасалма аталымдары да «жорық үй» мағыналарын 
білдіреді, оларды көш жолында, уақытша паналайтын баспана ретінде 
қолданған. 
Ақдігер – қостың бір түрі. Жолым үйдің орнына ақдігер болса, рә жақсы 
болар еді (Орал, Орда). Күрделі атау ақ+дігер (діг:ер) формаларынан құралған 
деуге болады. Ақдігер күйінде сөйленістерде ғана ұшырасатын күрделі 
құрылым. Батыс аймақтарында оның «үлкен» мағынасы да бар (Ақдігер үй екен 
(Қарм.). Ақ сөзінің омоним мағыналарына байланысты Б.Сағындықұлы оның 
семантикалық өрісі аса кең екендігін, тіпті, тарихи ескерткіштерде қазір таныс 
емес мағыналардың ұшырасатынын келтіреді [88,137-б.]. 1. Ай йоқару ағар (ай 
жоғары көтерілер) – «көтерілу»; мени көрүп йини ағды (мені көріп түгі тік 
тұрды (қасқырдың) (ДТС, 16) – «тік тұру мағынасында, сонымен қатар «көш, 
жөңкі мағыналары да барын А.Ибатов көрсеткен: булт ағмыш (көшкен бұлт) 
(Ибатов, 1974, 25). Бұлыт ағды – Бұлт шықты. Аның иүзі ағды – оның жүзі 
бұзылды. Ол тағқа ағды – ол тауға шықты. Ағар-ағмақ – шығар-шықпақ 
мағыналарын М.Қашқари сөздігінен табуға болады (Қашқари,4,206). 
М.Атабаеваның пайымдауынша, дігер сөзінің түбірі тік, түркі тілдерінде д-т 
алмасуы бары белгілі, бұл сөз де «ақ» сияқты семантикалық жағынан аса өрісті, 
соның ішінен «қадау, шаншу, «үй тігу», «біріктіру, байлау», «жуан жіппен 
(шнур) тігу» мағыналары ақдігер атауының семантикасына жақын. Қазақ 
сөйленістерінде отырғызу, егу» мағынасында да «тігу» сөзі қолданылады 
(Алм.) [89,228-229-бб.]. А.М.Щербак түркі тілдерінің біразында дик түрінде 
қолданылатын етістіктің архетипті тік (втыкать, колоть, шить (Щербак 
С.Ф,197) санайды. Жалпы сөз түбірі сөзжасамдық ұя құрауға бейім емес, 
Э.В.Севортян -а -қа қосымшаларын және оның қазақ, татар, башқұрт, алтай 
тілдері үшін барыс септік мағынасы емес дике/тике/тіке – тикке түріндегі үстеу 
не сын есім мағынасы тән екенін көрсетеді (Севортян, 1980,207). Ақдігер атауы 
ақ сөзінің «жоғары көтерілу» мағынасы мен тік/дик сөзінің «тік+теп қою, тігу, 
қадау» мағыналарынан жасалған, яғни ағаш қадаларды тіктеп қойып басын 
біріктіріп байлап, үстін жауып жасау семантикасын білдіреді. Дігер 
формасында жұмсалуы көрші тілдер әсері болуы керек, -ер есімшенің келер 
шақ формасы, тік+ер> дик+ер> дігер түрінде қалыптасқан.
Қос пен күрке – жалпыхалықтық тілге тән сөздер, сөйленістерде 
кездесетіндері жасалуына қарай айырмашылықтары болғанымен, функциясы, 
жасалу, қолданылу мақсаты бір баспана түрлері,сондықтан олар осы 
атаулардың жергілікті варианты есебінде қолданылады. Қос – омоним сөз
нысанға алынып отырған ұғымның варианты «белгілі жұмыс істеуге шыққан 
адамдар тобы және солардың уақытша баспанасы» мағынасы (ҚТТС, 1992, 
6,363). Күрке – шағын баспана, лашық (ҚТТС, 1980,5,364). С.Мұқановтың 
пікірінше, басқа да көшпелілер тәрізді қазақтар да алдымен «күрке» аталатын 
қоста тұра бастаған, қабырғасы ағаш қадалармен бекітіліп, қамыс, шөп сияқты 
жеңіл заттармен бүркелген, одан кейін балық терісі сияқты жамылтқыларды 


146 
пайдаланған. Олар Сібір, Солтүстік жағында күні бүгінге дейін бар [149,99-б.]. 
Олардың қазақ сөйленістерінде ақдігер, аткүрке, балағаш, бөктергі, далба, 
жаппа, кепе, бастырма, көлеңкелік, қақыра, шабыра, шайла, лапас, шөпкер үй, 
шартақ, бірбеткей, әуестік т.б. түрлері бар. Шығу тегіне қарай көне, жалпы 
алтайлық лексикалық қабатқа (далда, жертөле), кірме сөздермен қатар бөктергі 
т.б. төл лексикалық қабатқа жатқызылатын атаулар бар. Балаған/балағаш, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет