М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент



бет37/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

Стандартты интерфейс құрылғыларын да порттар дейміз: тіз- бектелген, параллель және ойын порттары (немесе интерфейстері).
Тізбектелген порт процессормен мәліметтерді байттап, ал сыртқы құрылғылармен биттеп алмасады.
Паралелль порт мәліметтерді байттап қабылдайды және та-
сымалдайды. Тізбектелген портқа, әдетте баяу жұмыс істейтін құрылғылар немесе алыстатылған құрылғылар, мысалы, тыш- қан, модем жалғанады.
Паралелль порттарға жылдам құрылғыларды жалғайды, мы-
салы, сканер және принтер. Ойын порттарына джойстик жалға- нады. Пернетақта мен монитор өздерінің арнайы порттарына жалғанады, олар жай ғана разъемдер болып табылады.
Компьютердің негізгі архитектурасын анықтайтын электрон-
ды құраушылар жүйелік платада орналасады. Қосымша құрыл- ғылардың контроллері және адаптер немесе құрылғылардың өз- дері кеңейтілу платалары түрінде дайындалады (DаughterBoard) және шинаға кеңейтілу разъемдері (кеңейтілу слоттар) арқылы қосылады [2].
Кез келген есептеу жүйесінің архитектурасында болатын көптеген интерфейстерді тізбектелген және параллель деп екі үлкен топқа бөлуге болады.
Тізбектелген интерфейс арқылы мәліметтер тізбектеле рет- ретімен биттен кейін бит беріледі. Бұл құрылғы параллельмен салыстырғанда қарапайым, қабылдаушы мен тасымалдаушының жұмысын синхрондау қажет емес. Өнімділігі де төмен, өлшем бірліктері – бит/с, кбит/с, Мбит/с. Оларды баяу жұмыс істейтін құрылғыларды жалғау үшін (бақылау датчиктері, аз өнімділікте- гі құрылғылар және т.с.с) және сандық фотокамераларда пайда- ланады.
Параллель интерфейс арқылы бір уақытта биттер тобы та- сымалданады. Бір тасымалдаудағы биттердің саны интерфейстің разрядтылығымен анықталады, мысалы, сегіз разрядты бір циклде сегіз бит тасымалдайды. Олар тізбектелгенмен салыс- тырғанда күрделі құрылғылар және жоғарғы өнімділікті қамта- масыз етеді. Оларды мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы ма- ңызды жерлерде қолданады, мысалы, баспаға беру құрылғыла- рын қосу, графикалық ақпараттарды енгізу, мәліметтерді сырт- қы есте сақтау құрылғыларына жазу үшін пайдаланады.
79
49-сурет. Желілік плата
Чипсет – аналық плата немесе жүйелік плата микросұлбала- рының жиыны.
Чипсет негізгі екі микросұлбадан тұрады (кейде олар бір
чипке біріктіріледі):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет