"Керуен" ғылыми журналы №4, 81-том, 2023 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066
238
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты "Керуен" | №4, 81-том, 2023
атасы» деген жырда
«үш мың төрт жүз жыл» (3400) деп жазылғанына куә болдық
(Шәкәрім Құдайбердіұлының қолжазбалары, №1588: 121).
Осы тұста «қолжазбада да қателік орын алуы мүмкін» деп уәж айтылушылар
табылуы ықтимал. Дегенмен, Шәкәрім қажының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар
шежіресі» кітабы көңілдегі күмәнді сейілтеді. Ақын осы еңбектің «Хан шежіресі»
бөлімінде:
«Қара ханның баласы Оғыз хан. Аланшы [Нұх
пайғамбардың жетінші
ұрпағы – Б.М.]
кезінде жұрт дінінен шығып еді, осы Оғыз мұсылман болып әркімді
мұсылман қылғанын әкесі Қара хан естіп баласымен ұрысып, сол соғыста Қара
ханға оқ тиіп өліп, орнына Оғыз хан болды, мұның хан болғанын мұсылманша
шежіре кітаптарда біздің пайғамбарымыздан 3400 жыл бұрын дейді. Бұл Оғыз
хан бек мықты хан болып, жер жүзінің талай жерін алған хан еді. Оғыз хан деген
атақты хан болғанын барша шежіренің бәрі айтады. Қайсы біреулер жоғарғы
Мете яки Мөте деген хан осы десе де, оның уақыты дұрыс келмейді» (Құдайберді
ұғлы, 1911: 74-75) – дейді. Яғни, ғұлама ақын Оғыз хан мен Ғұн көсемі Мөденің бір
тұлға емес екенін дәйектеп, кейбір зерттеушілердің (
Н.Я.Бичурин, А.Кабаклы, т.б.
)
пікірін жоққа шығарады. Себебі, Оғыз хан Мұхаммед пайғамбардан (570-632) тұп-
тура 3400 жыл бұрын өмір сүрсе, онда ол б.з.д. XXVIII ғасырда билік құрған болады.
Ал Тұман ұлы Мөде қағанның б.з.д. 228 жылы дүниге келіп, б.з.д. 174 жылы қайтыс
болғаны белгілі.
«Бабалар сөзінің» 32-томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналған. Томға ел
арасында «Қазақ тарихы дастаны» деп танылған «Қазақтың түп атасы – батыр Түрік»
деген шежірелік дастан кірген. Басылымның ғылыми түсінігінде бұл шығарманы «кім,
қашан жырлағаны беймәлім» деп жазылған. Жырды Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін
қаласының тұрғыны зейнеткер Беделбек Еженбекұлы 1990 жылы аудандық мәдениет
үйіне қолжазба күйінде табыс еткен екен. Бұл шығарма Іле «Халық» баспасынан 1992
жылы жарық көрген «Дөрбілжін ауданының қисса-дастандары» жинағында алғаш рет
жарияланады. Беделбек жыршының «Үлкендердің аузынан бұл шежірені Шәкәрім
Құдайбердіұлы жазған деген сөздерді естідім, бірақ анық-қанығын білмеймін»
(Бабалар сөзі, 32-т., 2006: 376) деген сөзіне мән берсек, Қытайдағы қазақтың көнекөз
қариялары шежірелік дастанның авторы кім екенін білген деген ойдамыз. Өйткені
Шәкәрім ұлы Зияттың алмағайып заманда бас сауғалап Алтай аймағына, одан әрі
Қытайға өткені белгілі.
Шежірелік дастанның шыңжаңдық және сирек
қордағы қолжазба нұсқаларын
салыстырғанымызда, олардың бір шығарма екені нақтыланды. Екі нұсқаның көлемі
бірдей болғанымен, кейбір сөздерінде айырмашылық бар. Мәселен, сирек қордағы
нұсқада
«Пәленше сахабаның затысың деп» келсе, бұл қатар шыңжаңдық нұсқада
«Ғакаша [Укаша – Б.М.] сахабаның ұрқысың деп» берілген. Мұндай мысалдар
жеткілікті. Сонымен қатар, шежірелік дастан Шәкәрімнің 1991
жылы шыққан
кітабында толық жарияланбағанын айтуымыз керек. Бұл басылым:
«Осыған соны
қосып жаттап алсаң, Білерсің тұп атаңның барлық сырын» (Құдайбердіұлы, 1991:
76), – деген жолдармен аяқталады. Ал сирек қордағы қолжазба және шыңжаңдық
нұсқалар:
«Жаратқан Алла жар болып, Бейістен нұры шалқығай!» (Бабалар сөзі,
32-т., 2006: 72) деп бітеді. Есептеп қарағанда, Шәкәрімнің 1991 жылғы басылымына
жырдың 157 қатары кірмей қалған.