Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі



Дата09.07.2016
өлшемі85.62 Kb.
#186794
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

дене тәрбиесі пәні мұғалімі

Ережепова Шырайгүлдің

«Гимнастика бөлімі. Бекетті сабақ» тақырыбындағы

жоспары


2009-2010 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика бөлімі.

Бекетті сабақ

Сабақтың мақсаты: - гимнастика сабағында өткенді қайталау

арқылы, оқушылардың гимнастикалық

жаттығуларды жасау қабілеттерін арттыру;

  • батылдыққа,табандылыққа үйрету;

  • ептілігін,иілгіштігін,секіргіштігін дамыту;

Сабаққа

пайдаланатын

керек жарақтар: ысқырғыш,кіші ат,көпірше, кіші бөрене немесе

скамейка,матылар,волейбол доптар, бекет белгілері.
Болатын уақыты: 1-2 желтоқсан
Сыныбы: 8


р/с

Мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқау


1

2

3
4

5

6
7
8
9

10
11
12
13

14

15

16


а)

ә)

б)

г)

ғ)

д)

е)



І. Ұйымдастыру бөлімі
Сапқа тұру

Сәлемдесу

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын

түсіндіру

Сынып ретімен санал!

Сынып екіге бөлін!

Бір қатардан екі, екіден бір қатар жаса!
Оңға ! -2, Солға ! – 2, Артқа бұрыл! -2, Оңға !
Сол жақ бағытпен зал ішінде,алға бас!
Жай жүрістен қолды жоғары созып, аяқтың ұшымен жүру.
Жеңіл жүріс!
Жүрістен жеңіл жүгіріске көш!
Жай жүріс!
1-4 есебімен тынысты орнына келтіру жаттығуы.
Шапшаңдыққа жүгіру.

1-4 есебімен тынысты орнына келтіру жаттығуы
Жай жүріс! Тоқта 1-2 !
Саптағы жаттығулар:
- б.қ. қол белде;

аяқты қозғап тұрып басты 1-2 есебінде оң қапталға, 1-2 есебінде сол қапталға иію;

-б.қ. қол белде;

аяқты қозғап тұрып, 1-2 есебінде алға, 1-2 есебінде алға шалқайту

- б.қ. қол белде;

аяқты қозғап тұрып оң және сол иықтарды 1-4 есебінде қозғау;

- б.қ. аяқ иықтың тұсында;

қолды алға созып 1-4 есебінде білеу,

1-4 есебінде шынтақ,

1-4 есебінде иық буындарын ішке және сыртқа айналдырамыз.

-б.қ. аяқ иықтың тұсында, қол белде;

- 1-2 есебінде оңға;

-3-4 есебінде солға;

-1-2 есебінде алға;

-3-4 есебінде артқа белден иілу.

-б.қ. шалқалап жатып, қолды жерге тіреп аяқты 1-4 есебінде ауада «велосипед» тебу;

-б.қ. шалқалап жатып, қолды шынтаққа тіреп аяқты 1-4 есебінде ауада «велосипед» тебу;

-б.қ. шалқалап жатып, қолды артқа тіреп аяқты 1-4 есебінде ауада «велосипед» тебу;

-б.қ. жүресінен отырып 1-2 есебінде көлбеу тепе-теңдіктен б.қ –ға қайтып келу.

Жаттығуды оң және сол аяқтарда орындау.

ІІ. Негізгі бөлім.
Сыныпты үш бекетке бөлу:
1 – бекет
Төменгі бөренеде тепе-теңдік сақтау, денені тік ұстап жүру.

2 – бекет
Тепе-теңдік сақтау, алға домалау, артқа домалау, жауырынға тұру, жартылай шартқа отыру.

3- бекет
Кіші аттан секіру
Қозғалмалы ойын «Аңшы мен үйрек»

ІІІ.Қорытынды бөлім
Сапқа тұру

Бағалау

Үй тапсырмасын беру




1`


2`

1`
2`

1`

1`

1`

1`

1`

1`

1`

1`

1`


7`

7`

7`
4`


5`





Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау
аяғын дұрыс қоя білуі қажет

денені тік ұстап, әдемі алып жүру
аяқты жиі алып,жеңіл жүгіру

1-2 есебі қолды жоғары созып терең демді ішке тартып, 3-4 есебінде төмен иіліп демді сыртқа шығару

барынша үдете жүгіру


жаттығуларды орындау кезінде денені тік ұстау


аяқты бүкпей, арқаны түзу ұстап,жамбасты артқа шығыңқы ұстау қажет

аяқты соза орындау
шынтақ бүгілмеуі қажет.

тепе-теңдік сақтағанда тынысты ішке, отырғанда сыртқа шығаруы қажет,қолмен жерден итеріле демеу.

Аяқты созып, жауырын тік, қолдар екі жаққа созылуы қажет.

Жүргенде бас көтеріңкі, денені тік ұстап жүру керек.

Домалағанда бас ішке қарай бүгілуі керек. Жауырынға тұрғанда аяқты барынша тік ұстап тұру және аударылып түсу арқылы жартылай шартқа отыруы қажет.
Кіші аттан аяқты барынша ашып секіріп, жерге аяқты қосып түсу керек.


Аңшылар мерген болса, үйректер шапшаңдық көрсету керек.

Негізгі бөлімде жасалған жаттығларды қайталап келу.

Шығармашылық есеп
Мен Ережепова Шырайгүл Фермебайқызы 1986 жылы осы еңбек етіп отырған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебін бітірдім. Ата-анам Ережепов Фермебай және Нажмеденова Саниялар осы қиында қызық еңбек жолын таңдауыма бірден-бір себепші тұлғалар.Себебі екеуіде өмірлерін шәкірт тәрбиелеуге арнаған зейнеткер ұстаздар.

Мен ұстаздық еңбек жолымды 1988 жылы Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастадым.Сол жылы Ақтөбе педагогика институның дене тәрбиесі факультетіне түсіп,1993 жылы аяқтадым.1990-1996 жылдары балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқардым.Сол еңбек жылдарымда дайындаған спортшыларым аудн,облыс,республика көлемдерінде өнер көрсетіп жүлделі орындарды иеленіп жүрді.Мысалы 1990 жылы Қарақалпақ стансасында өткен ҚАССР-на 20 жыл толуына арналған турнирде I-ші жүлделі орынды иеленген болатын.Осы жылы,яғни 1990 жылы тамыз кеңесінде «Жас жеткіншектерді үлгілі тәрбиелеу және еңбектегі жетістіктері үшін»деген аудандық «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.

1996 жылы спорт мектебінің жабылуына байланысты Ы.Алтынсарин орта мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып ауыстырылдым.Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан.Олардың қай–қайсысы да адамға соның игілігіне қызмет етуге бағыт- талған.Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі ұлттық ойындар.Бүгінгі ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек.Сондықтан құнды игілігіміз қазақтың ұлттық ойындарын сабақ жоспарларыма енгізіп түрлендіріп өткізіп отырдым.Сол оқу жылдарында дене тәрбиесін оқыту жүйесінде оқушылардың дене тәрбиесі сабағына тиянақты қатысуын және қызығушылығын арттыру болғандықтан алдыма қойған проблемам дене тәрбиесі сабағында қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану еді.1999 жылы «Дене тәрбиесі сабағында қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану әдістерім» тақырыбымен пед.оқуға қатысып,іс-тәжірибем аудан мектептеріне таралды.Осы аталған оқу жылында «Жыл мұғалімі-99» мектепшілік сайыстан I-ші орынды жеңіп алып аудандық сайысқа қатыстым.

2000 жылы Республика көлемінде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» делінген ұранмен жүргізілген жұмыстар барысында балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қайта ашылып, аудандық білім бөлімінің жұмсауымен сол мектепке қайтадан директордың оқу ісінің жөніндегі орынбасары қызыметін атқаруға бардым.Мектепте оқу ісінің меңгерушілік қызыметін атқара отырып оқушыларға волейболмен бірге қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ ойынын үйреттім.Бұл еңбегімніңде жетістіктері биіктен көрінді.Сол оқу жылдарында аудан,облыс,респулика көлеміне жарысқа шыққан шәкірттерім олжамен оралып отырды.Мысалы 2004 жылы Тараз қаласында өткен Республикалық тоғызқұмалақ жарысында Домбаяқов Самат 3 орын,2005 жылы Алматы қаласында өткен республикалық ашық турнирде 49 команданың ішінен Маңғыстау облысына 4 орын алып келуіне үлкен үлес қосқан шәкіртім Қуанышбеков Сүйінбек бүгінгі таңда облыс құрама командасының сапында өнер көрсетіп жүр.

Облыс деңгейіндегі жарыстардан жүлделі орындар иеленген төмендегі шәкіртерімді бүгінге дейін мақтан тұтамын:Орпабаева Ақмарал,Қосбармақова Толқын,Баймұқанов Орысбай т.б

2008 оқу жылының қыркүйек айнан бастап бала күтімінен кейін Ы.Алтынсарин орта мектебінде дене тәрбиесі пәні мұғалімі болып еңбек жолымды жалғастырудамын.22 жыл еңбек өтілі бар, I санатты дене тәрбиесі пәні мұғалімі,сынып және бірлестік жетекшісі. Басты проблемам дене тәрбиесі сабағында қазақтың ұлттық ойындарын шыңдау.

2009-2010 оқу жылында аудандық «Ең үздік дене тәрбиесі пәні мұғалімі» сайысына қатысып

I орын,облыс деңгейінде II орынды иелендім.Осы аталған оқу жылында Кәсіптік лицей мұғалімдері Ережепов Фермебай және Жұмабаев Құрақбаймен бірге «110 сабақ» дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне(бағдарлама және сабақ жоспары) әдістемелік көмекші құралы атпен жарық көрген кітабымыз 30 шілде 2010 жылы Маңғыстау ОблБАЙ Кеңесінде бекітілді. Болашақтада ұрпағымызға салауатты өмір салтын қалыптастырумен бірге дені сау ұрпақ тәрбиелеуде және де ұлттық деңгейімізді биіктен көрсетуге өз үлесімді қосамын деп нық сеніммен айтамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет