МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2012 жылға арналған іс-қимыл жоспа р



Дата19.06.2016
өлшемі222.18 Kb.
#148246
Манғыстау облысының білім басқармасының

2011 жылғы « 28» желтоқсан

№3/3 алқа мәжілісінің шешімімен бекітілді

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ



2012 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ІС-ҚИМЫЛ

Ж О С П А Р Ы

 

Ақтау қаласы, 2011 жыл

 

І. Облыстық білім басқармасының 2011 жылғы жұмысына талдау

Облыстың білім беру жүйесін 2011 жылы дамыту басты стратегиялық мақсатқа- облыстағы білім берудің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның қолжетімділігін кеңейту, сапасы мен тиімділігін арттыру, облыстың білім беру ұйымдарында оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға сәйкес жүргізілді.



Облыстың білім беру жүйесін дамытудың басты басымдықтарының бірі сапалы білімге қолжетімділік болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер қатарына: мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім ұйымдары желісінің дамуының оң динамикасы және вариативтілігі, білікті педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі, материалдық-техникалық базаның сәйкестігі, оқушылардың оқу мен тәрбиеде қол жеткізген жетістіктерінің деңгейі жатады.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасын Маңғыстау облысы бойынша іске асырудың  2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (І кезең) облыстағы білім беру жүйесін дамытудың стратегиясын анықтайтын негізгі құжат болып табылады.



Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие жүйесі.

Маңғыстау облысының әкімдігінің 2010 жылғы 25 маусымындағы №248 қаулысымен қабылданған «Маңғыстау облысы бойынша балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары» бойынша жұмыстар жүргізіліп, 2011 жылдың ішінде мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту жұмыстары жалғасын тапты.

«Балапан» бағдарламасының аясында 2011 жылғы қаңтар айынан бастап Маңғыстау облысында барлығы 2720 орындық жаңа 29 мектепке дейінгі ұйым (әрі қарай МДҰ) пайдалануға берілді:


  • құрылыс салу есебінен 880 орындық 4 балабақша;

  • 980 орындық 5 балабақша қайтарылып алынды;

  • мектеп жанынан 150 орындық 5 шағын-орталық ашылды;

  • 710 орындық 15 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар ашылды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне 2011 жылғы қазан айында тапсырылған есептік мәліметтерге сәйкес Маңғыстау облысында 149 мектепке дейінгі ұйым (әрі қарай – МДҰ) жұмыс жасайды, онда 21268 бала қамтылды, 1-6 жастағы балаларды қамту -34,2% (2010ж.- 30,1%), 3-6 жастағы балаларды қамту 60,7%-ды (2010ж.-55,4%) құрайды.

Қазіргі таңда облыста 1887 баланы қамтитын 31 жекеменшік МДҰ жұмыс жасайды.

«Балапан» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Бейнеу аудандық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда 1859 педагог жұмыс жасайды, оның 41,3% жоғары білімді, 25,6% жоғары және І санатты педагогтар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашасындағы №1762 «Балаларды мектепке дейінгі міндетті түрде дайындау» қаулысына сәйкес балабақшалар мен мектептерде 5-6 жастағы балалармен мектепалды даярлық топтары жұмыс жасайды. Облыс бойынша 83 балабақшада 164 даярлық тобы бар, ондағы бала саны – 4572, оларда 282 тәрбиеші-педагог білім береді. 15 шағын орталықта 15 даярлық  тобы бар, ондағы бала саны – 320, тәрбиеші саны 22. Мектепалды даярлық сыныптары бар мектеп саны – 106, ондағы сынып саны – 350, оқушы саны 7269, ондағы педагог саны – 352. Барлығы 12161 бала мектепалды даярлықпен қамтылып, қамту пайызы 83,5% болды.

Облыс бойынша 3 балабақша коррекциялық бағытта жұмыс жасайды. №1,4,5 арнайы (түзету) мектеп-балабақша кешендерінде балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қорғау жұмысы басты назарда ұсталып келеді. Балабақшалар арнайы спорт залдарымен, арнайы спорттық құрал-жабдықтарымен жабдықталған.

Облыста 8 балабақшада өкпе ауруынан сауықтыру жұмыстары жүргізіледі.

Облыс бойынша 21084 бала балабақшадан орын алуға кезекте тұр.



Қаржыландыру, материалдық техникалық жабдықтау

2011 жылы облыстың білім саласының мемлекеттік бюджет есебінен шығыны 2010 жылмен (25,0 млрд. Тенге) салыстырғанда 124%-ға өсіп, барлығы 31 млрд.тенгені құрады. Оның ішінде даму бюджеті 5,467 млрд.тенге.

Соның арқасында, республикалық бюджет есебінен облыстың жалпы орта білім беру ұйымдары 25 биология, 25 мультимедиялық-лингафондық кабинеттермен жабдықталды;

«Жол картасы» аясында облыстың 27 білім нысанында 1 368 059,5 мың теңгеге, оның ішінде 16 мектепке, 7 мектептің жылу қазандығына, 1 оқушылардың шығармашылық үйіне, 3 балабақшаға  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

            Облыстағы 99 білім мекемелерін ағымдағы жөндеуден өткізілді, ол үшін бюджеттен 229 459,0 мың теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы облыс мектептеріне 392 компьютерлік техника немесе 30 компьютерлік класс комплектісі орнатылды.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 1 компьютерге 28 оқушыдан келеді, ал мультимедиялық-лингафондық кабинеттерді қоса есептегенде 1 компьютерге 16 оқушыдан келеді.

2011 жылы екі мектеп құрылысы аяқталып пайдалануға берілді:

 Жаңаөзен қаласындағы 1200 орындық орта мектеп;

 Мұнайлы ауданы Атамекен селолық округінде 640 орындық орта мектеп.

Республикалық бюджеттен жалпы саны 1584 орындық екі мектептің (Мұнайлы ауданы Батыр селосында 960 орындық, Қарақия ауданы Жетібай поселкесінде 200 орындық жатақханасымен 624 орындық орта мектеп) және Құрық селосында 200 орындық жатақханасымен 400 орындық кәсіптік лицейдің құрылысы басталды:

            Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мектеп – интернат 200 орындық жатақханасы бар 600 орындық жаңа ғимаратқа көшірілді.

Сонымен қатар, 2010 жылы басталған құрылыстар жалғасуда. Олар: Мұнайлы ауданы Маңғыстау-4 ауылында 1200 орындық орта мектеп (Инвесторлар); Құрық селосында тубвиражды балаларға арналған 300 орындық мектеп-интернат 75 орындық балалабақшасымен (Инвестор); Ақтау қаласында 400 орындық «Жас ұлан» мектеп-интернаты (Инвесторлар).

 

Білім сапасы

2011 жылы Қостанай  қаласында өткен оқушылардың республикалық пәндік  олимпиадасына облысымыздан 20 оқушы қатысты. Оның ішінде 10 оқушы жүлдегер атанды: І орын – 1; ІІ орын –4; ІІІ орын – 5.

Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауына 16 жобамен 21 оқушы қатысып, оның он жобамен 12-сі жүлделі екі 1-ші, бес 2-ші, бес 3-ші орын иеленді. Облыс командасы 3-ші орын иеленіп, «Үздік команда-2011» атағын жеңіп алды.

Облыстың дарынды оқушылары халықаралық ғылыми олимпиадаларға жүйелі қатысып келеді.

Грецияда өткен «Евроматематика-2011» халықаралық ғылыми конференцияға қатысқан 2 оқушы күміс және «Балалар. Интеллект. Мәдениет» конференцияға қатысқан 1 оқушы күміс медаль алса, Венгрияда өткен халықаралық рейтингілік олимпиадаға қатысқан 6 оқушының 3-еуі алтын, 2-еуі күміс, 1-еуі қола медаль иеленді.

Кипр мемлекетінен 1 оқушы алтын, Мәскеу қаласынан 2 оқушы қола және Алматы қаласында өткен Леонард Эйлер атындағы ІІІ халықаралық математикалық олимпиадада 1 оқушы қола медаль алды.

Бразилиядан 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

 

Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы


  • облыстың орта баллы 92,63 (2010 ж.-90,09) болды (республика-86,68), бұл республикада ең жоғары көрсеткіш;

  • «Алтын белгіге» 94 үміткердің  71-і (75,5%) өз білімдерін дәлелдеді (2010 жылы 65-нің 54-і, яғни 83,1%);

  • 1476 (40,86%) оқушы 100 балл және 100 балдан жоғары алды (2010жылы – 994, 33,2%).

 

Тамақтандыруды ұйымдастыру, оқушыларды тасымалдау

                        Жалпы білім беретін мектептердегі 53658 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр (2010 ж. -46922 оқушы), қамту пайызы 58 (республикада 70%).

               Аз қамтылған отбасы балалары тегін ыстық тамақпен толық қамтылып отыр (8836 оқушы, қамтылуы 100%).

            Облыста жалпыға міндетті оқу қорына мектепті ағымдағы ұстауға қаралған қаржының 3,2%- ы бөлініп отырды, бұл республиканың басқа облыстарымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш (республика – 1,4%).

            Жергілікті бюджет есебінен барлық бірінші сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен және сүтпен қамтылып отыр.

               Облыста 9372 оқушыларды тасымалдаумен 57 автобус жұмыс жасайды, оның 8-і мектепшілік. Ақтау қаласында-4917, Жаңаөзен қаласында-844, Маңғыстау ауданында-273, Қарақия ауданында-125, Түпқараған ауданында – 1135, Мұнайлы ауданында -2078 оқушы мектепке тасымалданады.

 

Оқулықтармен қамтамасыз ету

            2011 жылы білім ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға жергілікті бюджеттен барлығы 254526,0 мың теңге қаржы бөлінді, бұл өткен жылғы бөлінген қаражаттан 103 299,0 мың теңгеге артық.

            Облыс бойынша қайта басылып шыққан 4,6 және 11 сыныптардың оқулықтары толық сатылып алынды. Мектеп оқушылары оқулықтармен тегін қамтамасыз етіліп отыр.

Оқушы санының өсуіне байланысты Мұнайлы ауданында оқулықтар жетіспейді.

Сондықтан Білім басқармасына бағынысты мекемелер (Қазақ-түрік лицейі мен Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты) кітапханаларындағы артық оқулықтарды Мұнайлы аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің балансына өткізу жұмыстары жүргізілді.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру

            Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  Маңғыстау облысында орындалуы білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту болып табылады.

            2011-2012 оқу жылғы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жүйесі 2010-2011 жылғы деңгейде сақталған, яғни 27 мекемені құрайды, соның ішінде 5 кәсіптік лицей, 11 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес білім беру ұйымдары бар. 2011-2012 оқу жылының басында Мұнайлы ауданында «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақтау көлік колледжі» ЖШС-нің филиалы ашылды. Сондай-ақ, облысымызда әрбір әкімшілік орталықта кәсіптік білім беру ұйымдары бар.

            2011-2012 оқу жылында жергілікті бюджет есебінен кәсіптік лицейлерге 850 адам, колледждерге – 2045 адам, барлығы – 2895 адам қабылданды (2010 – 840 адам кәсіптік лицейге, колледждерге 2030 адам, барлығы – 2870 адам қабылданды). Республикалық бюджет есебінен 810 адм, соның ішінде Жұмыспен қамту 2020 бағдарлмасы бойынша – 750 адам қабылданды (2010ж. – 400 адам).                  2011-2012 оқу жылының басында оқушылардың саны 27841 адамды құрайды. (2010-2011 оқу жылы – 27477 адам).

            Барлығы 7161 адам бітірді, оның ішінде бюджет есебінен 2021 адам (2010ж.-6608 адам, және 1628 адамға сәйкес).

            Бірінші жыл бітірушілердің 68% - жұмысқа орналасты (2010 ж.- 67,1%, республикада - 61,4%), оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқығандар 72% (2010 ж.-71,4%, ресубликада- 68, 7%). 2010-2011  оқу жылында бітірушілерді жұмысқа орналастыру ( жұмысқа орналасқандар, оқуын жалғастырғандар, армия қатарына шақырылғандар, бала күтіміндегілер) 91,5%-ды құрады (2010ж.- 90,0%, республикада-86,4).

Әлеуметтік серіктестікті дамыту, оқушылардың өндірістік практикасын өткізуді ұйымдастыру, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жабдықтауға жұмыс берушілерді тарту мақсатында 2011 жылы 28 шілдеде «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты II облыстық Форумы өткізілді. Форум барысында АҚ «Маңғыстау жол-құрылыс материалдарының комбинаты» және Маңғыстау политехникалық колледжімен, Мангистауским отделением железной дороги Филиала АҚ «Қазақстан Теміржолы Ұлттық компаниясы» мен ЖШС «М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжі», Каспий тренажерлық орталық пен «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Маңғыстау туризм колледжі мен отель «Виктори» мекемелері арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.



Қосымша білім беру

Облыста мектептен тыс қосымша білім беретін 14 ұйым жұмыс жасайды, олардағы 154 үйірмеге 7472 оқушы қатысып отыр. 31 аула клубына (2010ж 24 аула клубы)12037 бала, ал білім беру ұйымдарындағы әр түрлі бағыттағы үйірмелерге 11682, спорттық секцияларға 15958 бала тартылған. Әскери-патриоттық клубтарға 5007оқушы қатысады. Осы шаралардың барлығына 52156 оқушы қамтылып отыр, бұл көрсеткіш барлық оқушыны сабақтан тыс уақыттағы шығармашылық, танымдық жұмыстармен қамтудың 55,9 % құрайды.

Облыста мектептен тыс білім ұйымдарын ашу мәселесі көтеріліп отыр. Оқу жылының аяғында Түпқараған ауданынан 200 орындық интернаты бар «Дарын» қосымша білім орталығы ашылса, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесінде облыс әкімі тарапынан барлық аудан/қала әкімдеріне оқушылардың бос уақытына қызмет ететін мектептен тыс қосымша білім ұйымдарын ашу, жалпы үйірмелер желісін кеңейту, аула клубтарын көбейту туралы тапсырма берілді.

 

Арнайы білім

Облыста 5 арнайы түзеу ұйымдары бар және оларда 339 мектеп жасына дейінгі, 299 мектеп жасындағы бала тәрбиеленуде.

Ақтау мен Жаңаөзен қаласында психологиялық медициналық педагогикалық консультациясы, 73 мүмкіндігі шектеулі балаларға Маңғыстау мен Бейнеу ауданында психологиялық медициналық педагогикалық кабинеттері жұмыс жасайды. Облыстың 22 жалпы білім беретін мектептерінде  арнайы (түзеу) сыныптары ашылған.

Облыста 448 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар. Олардың 215 тұрғын үймен қамтылған, 233-і үй алу кезегіне қойылған.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар  облыста 3 жерде:



  •  Жаңаөзен қаласындағы Облыстық балалар үйінде 116 бала,

  •  Ақтау қаласында Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 57 бала,

  •  Ақтау қаласында Облыстық балалар баспанасында 7 бала тәрбиеленуде.

Жоғарыда айтылған ұйымдарда балалар 18 жасқа дейін тәрбиеленеді. 18 жастан кейін облыстағы кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуларын жалғастырады. Оларға жатақханалар беріледі, облыстық балалар үйіне қарасты үйлерге орналасады (Ақтау қаласында 26 ш/а 31 үй 5 бөлмелік 131 квартира; 30 ш/а 168 үйдің 2 бөлмелік 39 квартира, 29 ш/а 6 үйден 3 бөлмелік 9 квартира; Жаңаөзен қаласында «Өркен» ш/а, 3 бөлмелік үй).

18-23 жас аралығындағы облыстық балалар үйі мен балалар ауылында тәрбиеленушілер үшін 2011 жылы Ақтау қаласынан «Жасөспірімдер үйін» ашу өзекті мәселе болып отыр.

 

Жазғы сауықтыру және еңбекпен қамту

               Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылуына 34346 оқушы қамтылды (немесе жалпы оқушының 40%, 2010 жылы -38,0%).

            Қала/ауыл сыртындағы 8 лагерьде 7840 бала демалды.

Алыс – жақын шетел мемлекеттерінде 9533 оқушы демалды.

Москва қаласына «Орлёнок» жалпы ресейлік балалар  орталығына Қазақстан Республикасының командасы атынан Маңғыстау облысының 12 үздік оқушысы демалып қайтты.

Республикалық оқу сауықтыру «Балдәурен» орталығында 112 оқушы, республикалық «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында әлеуметтік қамтуға жататын 50 оқушы демалып келді.

Астана қаласына 24 оқушы саяхатқа барып қайтты.

«Дарын» қосымша білім орталығында облыс мектептерінің 7-9 сынып оқушыларынан 450 оқушысы оқу-демалыс ауысымымен қамтылды.

Мектеп жанынан 7555 баланы қамтитын  63 лагерь ұйымдастырылды (2010ж. – 46 лагерь, 6198 бала), оның ішінде тамақтандыратын 40 лагерь, тамақсыз кәсіптік 20, спорттық 3 лагерь жұмыс жасады.

Мұның ішінде бірінші кезекте  әлеуметтік қолдауға мұқтаж 7541 бала  лагерьмен қамтылды. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылары балаларын лагерьмен қамтуға облыстық және жергілікті бюджеттерден 164 млн 029 мың теңге қаражат бөлінді. Былтырғы жылға қарағанда, облыстық бюджеттен 32 млн 583 мың теңге артық бөлініп отыр.

                           Білім басқармасында оқушыларды жазғы сауықтыру мен демалысы ғана емес, оларды еңбекпен бос уақыттарында түрлі шараларға қамту назарда ұсталынып келеді. Мектеп аулаларын көгалдандыру, түрлі жөндеу жұмыстарына 1356 оқушы тартылды. Ақтау қаласында 309 оқушы жұмысқа қабылданып, оларға жергілікті бюджеттен 7 млн. Теңге бөлінді. 38 оқушы отбасылық арендаға жұмыста болды. Облыс мектептері арқылы 27482 оқушыны қамтыған 903 саяхат ұйымдастырылды. Мектепжанындағы алаңдарда түрлі шараларға 1544 бала тартылды. 31 аула клубы жаз бойы түрлі шаралар ұйымдастырып, оған 17503 оқушы қамтылды. 2011 жылдың жазғы каникулында 49366 оқушы немесе жалпы оқушының 55 пайызы еңбекпен, түрлі саяхаттар, спорттық шаралармен қамтылып отыр (2010ж. – 48,0%) .

Жоғарыда көрсетілген демалыс шараларын қоса есептегенде, 2011 ж жазғы демалыс пен еңбекпен қамту шарасына 82058 оқушы қамтылып (95,6%) отыр.

 

Тәрбиелік-танымдық шаралар

Оқушылардың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін Отанына деген патриоттық сезімдерін шыңдай түсу мақсатында «Қазақстан халықтары тілдері фестивалі»,«Қазақстан, Қазақ елі»  сурет байқауы, Қазақстан Республикасының облыстары туралы «Не, Қайда, Қашан?» облыстық сайысы, «22 ақпан - халықаралық Ана тілі» күніне орай «Мұғалімдер олимпиадасы», облыстық  «Жарқын болашақ» III қазақ тілі олимпиадасы, Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты «Асыл ана» тақырыбында өнерлі ұстаздар кеші, «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» тақырыбындағы экологиялық тәрбиеге бағытталған облыстық суреттер, шығармалар, бейнетаспалар байқауы, «Техникалық шығармашылық -2011» облыстық байқауы, мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының VI республикалық«Жұлдызай» фестивалі, облыс әкімдігінің ҚР Ұлттық дәстүрлі мерекелерін жастар мен жасөспірімдер арасында насихаттау жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес «15 сәуір – ұлттық ғашықтар күнінде» облыстық «Қозы-Көрпеш Баян сұлу» байқауы, «Бастауыш сынып оқушыларының олимпиадасы», ХІ облыстық «Қозғалыс және инспекторлар жасағы» слеті, 170 жылдық мерейтойына сәйкес «Кашаған» атындағы жас өнерпаздар сайысы, «Достық дастарханы» байқауы, «Абай оқулары» мен «Махамбет оқуларының» облыстық  байқауы, «Жас экологтардың» облыстық форумы, жас турист-өлкетанушылар шығармашылығының «Атамекен» облыстық слеті, 170-ке жуық жастарды қамтыған облыстық VI ұлттық жастар Дельфийлік ойындары, 1- маусым Балаларды қорғау күні орай «Көңілді старт», «Кім шапшаң» спорттық ойыны ол жекпе-жек күресі, «Қылқалам» шеберлері, «Велоконкурс», «Біз бақытты балдырған»асфальтқа сурет салу конкурстары өтті. Қазақстан халықтары тілдерінің фестивалі аясында «Әбіш оқулары», «Полиглот-2011», «Қазақ тілінің үздік мұғалімі», «Маңғыстаунама-2011» сайыстары, «ҚР Білім беру ісінің үздігі» Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосы, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат мұғалімі, ардагер-ұстаз Базархан Сүйеуовтың  еңбек жолына арналған мұғалімдер конференциясы, облыстың білім беру ісінде тәуелсіздік алған жылдан бері басшы қызметтерде болған білім ұйымдары басшыларымен «Ұлағатты ұстаздар кездесуі», өзге ұлт мұғалімдерінің «Мемлекеттік тіл- менің тілім» байқауы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 03.11.2011ж № 4-06-3/2792 хатына сәйкес 2011 жылдың 3 желтоқсаны күні аудан/қалаларда «Жас ұлан»бірыңғай балалар мен жасөспірімдердің ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты шарасы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі жыл бойы нақты жоспармен түрлі бағытта ұйымдастырылған шаралар арқылы атап өтілді.

Облыс бойынша жалпы білім беретін 122 мектептің 113-інде спорт зал (ыңғайластырылғаны-9), 158 спорт алаңы, 22 гимнастика залы бар, мектептердің спорттық құрал-жабдықтармен қамтылуы облыс бойынша  66 пайызды құрайды, 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 14 спортзал, 18 спорт алаңы, 4 гимнастика залы бар, бұл 79,1 пайызды құрайды, ал құрал-жабдықтармен қамтылуы – 62,9 пайыз.

Облыс бойынша орта білім беретін 122 мектептің барлығында дене шынықтыру пәні бойынша аптасына 3 сағаттық бағдарлама, 100 мектепте ұл мен қыз балаларды бөліп оқыту жүйесі енгізілді, 18-інде арнайы денсаулық топтары бар.

391 спорттық секцияларға 15958 бала тартылған. 75 әскери-патриоттық клубтарға 5007 оқушы қатысады.

Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының  ұйымдастыруымен облыстың жас спортшылары республиканың төмендегі аймақтарында өз өнерлерін ортаға салды: Ақтөбе қаласында өткен қыздардың «Мерген ару» конкурсы, Семей, Қарағанды, Тараз қалаларында өткен футболдан «Былғары доп» республикалық турниріне, Щучинск қаласында волейболдан республикалық ашық турнирге, Алматы қаласында өткен «Дартс» ойынына, Қызылорда қаласында өткен «Спорт нашақорлыққа қарсы» атты Республикалық жарысқа, Шымкент қаласында Футбол бойынша Қазақстан Республикасы біріншілігіне қатысты.

Маңғыстау облыстық баскетбол федерациясымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған акция аясында «Спорт-нашақорлыққа қарсы», «Денсаулық фестивалі-2010», «Алтын күз» кросы өтіп, оған 25 мыңдай оқушы қамтылды.

«Жас ұлан» әскери-спорттық ойындар жарысы, мектеп оқушыларының арасында шахматтан Он-лайн жүйесінде «Ақбозат» атты жарыс, «Суға жүзуден» облыстық ашық турнир ұйымдастырылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.2011ж №196 бұйрығына сәйкес Әскери-патриоттық клубтардың республикалық 4 слеті облыс орталығы Ақтау қаласында өткізілді. Оған республиканың облыстарынан 200-дей оқушы қатысып, өнерлерін ортаға салды, «15 мамыр отбасы күніне» арналған «Әкем, шешем және мен болашаққа нық сеніммен» облыстық отбасылық сайыстары ұйымдастырылды.

 

II. 2012 жылға арналған міндеттер:

1. 2012 жылы мектепке дейінгі мекемелер санын көбейту, 3-6 жастағы балаларды балабақшамен толық қамту шараларын жүзеге асыру.

2. Мектеп жасындағы балалардың мектепке толық қамтылуын қамтамасыз ету.

3. Білім саласының басты мақсаты барлық білім деңгейінде білім берудің  сапасын арттыру;

4. Жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдарындағы балалардың құқықтарын әлеуметтік қорғау, еңбекке орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізу, Ақтау қаласында «Жасөспірімдер үйінің» құрылысын бастау

5. Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының мамандар даярлау сапасын арттыру, облыстың еңбек нарығының сұранысына сәйкес мамандар даярлау, оқу орындарының оқу-материалдық базасын нығайту, оған әлеуметтік серіктестер әлеуетін пайдалану, кәсіптік оқу орындарының желісін көбейту.

6.  Мынадай жұмыстарды жалғастыру:

6.1. Үш ауысымды оқуды жою мақсатында мектептер құрылысын салу;

6.2. Инновациялық педагогикалық технологияларды кең түрде пайдалану;

6.3. Дарынды балаларға қолдау көрсету мақсатында «Дарын» қосымша білім орталығының базасында оқушылардың дайындық жұмыстарын жүргізу;

6.4. Оқушыларды мәдени, рухани – адамгершілік құндылықтарды сақтау және көбейту жұмыстарына баулуды күшейту, білім мекемелерінде азаматтық-патриоттық сезімді қалыптастыру жұмыстарын жетілдіру мақсатында аудан/қалалардан аула клубтары желісін кеңейту, қосымша білім орталықтарын ашу;

6.5. Облыстағы білім саласындағы жетістіктерді ынталандыру;

6.6. Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарланған шараларды жүзеге асыру;

6.7. «Жол картасы» аясында мамандықтар бағытынша азаматтарды даярлау және қайта даярлау.

            6.8. Дарынды балаларға арналған қосымша білім беру орталықтарын аудан орталықтарынан ашуды жалғастыру;

            6.9. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына жағдайлар туғызу.

 

ІІ. Облыс әкімінің аудандар мен қалалар әкімдерімен



өткізетін кеңесіне ұсынылатын мәселелер

 




Іс –шаралар атауы

Орындалу  мерзімі

Жауаптылар

1.1.

  • Облыстағы мектеп бітірушілерді ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық туралы

мамыр

З.Тастемирова

 


1.2.

  • Жазғы кезеңде жасөспірімдер мен балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру туралы

сәуір

З.Тастемирова

 

 



 

 

ІІІ. Облыстық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер

 



Іс –шаралар атауы

Орындалу  мерзімі

Жауаптылар

2.1.

Маңғыстау облысы бойынша арнаулы білім ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісінің жайы туралы

қараша

З Тастемирова

 


 

  IV. Басқарманың алқа мәжілісінде қаралатын мәселелер.

 




Іс –шаралар атауы

Орындалу  мерзімі

Жауаптылар

1

2

4

5

4.1.

1-алқа мәжілісі:

-  Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру жұмысын кешенді  тексеру қорытындылары туралы

-  Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен облыстық балалар үйіндегі

 тәрбие жұмыстарының жайы туралы

   -Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданы білім беру ұйымдарында құқықтық мектеп жұмыстарының жүргізілу жағдайы және сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2010-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалысы туралы


 

 

сәуір



 

 

 



 

 

З.Тастемирова



 

 

 



ТЖБ

Ж.Жеткізген

 

 

БжКБ



 

4.2.

2-алқа мәжілісі:

  - Орта мектепті бітірушілердің қорытынды аттестаттаудың нәтижелері туралы

  - «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы

- Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасының Ақтау қаласының білім беру ұйымдарында орындалысы

- Білім беру ұйымдарындағы 2006-2011 жылдарға арналған патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес  әскери патриоттық клубтар мен үйірмелер жұмысы туралы


 

 

 



 

маусым


 

МДжЖОББ


 

МДжЖОББ


 

МОББАОӘБ


К.Аманова

 

ТЖБ



Ж.Жеткізген

4.3.

3-алқа мәжілісі:

  - Облыстық «Дарын» қосымша білім орталығының дарынды балаларды анықтау және оларды дамыту жұмыстары туралы

-  Облыстық бағынысты мекемелердегі педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жай күйі

-  Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әулеметтік серіктестікпен өзара байланыс және өндірістік тәжірибеден өткізу, оқытушылар мен өндірістік шеберлердің тағылымдамадан өту және түлектерді орналастыру



 

 

 



 

қыркүйек


 

 

МДжЖОББ



Ф.Алекеева

 

БжКБ



О.Құлмұрынова

 

КжТББ



В.Исмайлова

 


4.4.

4-алқа мәжілісі:

  • Ақтау қалалық  білім бөлімінің Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру жұмысын кешенді тексеру қорытындылары туралы

- Облыстық білім басқармасының іс-қимыл жоспарының 2012 жылғы  қорытындысы  және 2013 жылға арналған жоспары туралы

-   Облыстық білім беру ұйымдарында АӘД және дене тәрбиесінің жағдайы туралы



 

 

 



желтоқсан

 

 

З.Тастемирова



 

 

З.Тастемирова



 

 

ТЖБ



Ж.Жеткізген

 

 

V. Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен өткізілетін кеңесте қаралатын мәселелер

(қажеттілігіне қарай қаралатын мәселелер өзгеруі мүмкін)

 




Іс –шаралар атауы

Орындалу  мерзімі

Жауаптылар

1

2

4

5

5.1.

Кеңес:

Мемлекеттік рәміздердің білім ұйымдарындағы орналасуы, насихатталуы, жабдықталуы

- 9 сыныптарда оқу қызметін сыртқы бағалауды, 11 сыныптарда ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық туралы

- Облыс мектептерінде қамқоршылық кеңестерінің жұмыстарын ұйымдастыру туралы

- Мектеп оқушыларының облыстық пәндік олимпиадасын өткізу туралы



 

 

 



 

 

ақпан



 

ТЖБ


Ж.Жеткізген

 

 



МДжЖОББ

Ф.Алекеева

 

З.Тастемирова



 

5.2.

Кеңес:

-   Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру туралы

-  Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық туралы


 

 

 



 

сәуір


 

     КжТББ

 В.Исмайлова

   


    МДжОББ

  Ф.Алекеева



5.3.

Кеңес:

-  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын облыста жүзеге асырудың жолдары туралы

-  Жалпы орта білім беру ұйымдарында 2011-2012 оқу жылын аяқтау туралы

- Кешкі жалпы білім беретін мектептер мен оқу-консультациялық пунктердің қызметі туралы

- Жазғы кезеңде оқушылардың демалысы мен сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы


 

 

 



 

мамыр


 

З.Тастемирова

 

 

МДжЖОББ



Ф.Алекеева

 

МДжЖОББ



Ф.Алекеева

 

ТЖБ Ж.Жеткізген



5.4.

Кеңес:

- Облыстың білім беру ұйымдарындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жайы туралы (Жол картасы)

-   Оқулықтарды сатып алу жұмыстарының жайы туралы

- Жетім және ата-анасының қамқорлығынс










Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет