Сабақтың тақырыбы: «Кітап қайдан келді?»



Дата11.07.2016
өлшемі24.57 Kb.
#190287
түріСабақ


Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп- интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Муталиева Жамила Әшірханқызы. Түркістан қаласы.
Сабақтың тақырыбы: «Кітап қайдан келді?»
Сабақтың мақсаты:

білімділігі: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітаптың шығу тарихы туралы мәлімет беру, ғылыми көмекші мекеме екендігі жайлы түсіндіру. Тұтықпасы бар балаларға тыныс алып сөйлеуін қадағалау.
дамытушылығы: оқушының зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту, анық айтуға, жүйелі сөйлеуге, өз пікірін дәлелдеуге, талдауға, өз ойын тұжырымдауға үйрету.
тәрбиелік: оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, мақал-мәтелдер, суретпен жұмыс.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: іс жүзінде көрсету.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық дайындық.

2. Сөйлеу ережесін еске түсіру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Кітап – білім бұлағы», «Кітапханада» мазмұнын айту.

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
Кітап не үйретеді?

Кітапты ұстау ережесін сұрау.



  1. Кітапты жыртпау керек.

  2. Кітапты сызба, таза ұста.

  3. Кітапты тырнама, ұқыпты пайдалан.

  4. Кітаптың жыртылған жерін желімдеу керек.

  5. Кітаптың сыртын қаптау керек.

- Кітап туралы өлең білесіңдер ме?

- Қандай оқулықтар оқисыңдар?

- Мына мақал-мәтелдерді қалай түсінеіңдер?


«Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы».

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп».

«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ».
Ақыл да, білім де, байлық та адамға не арқылы беріледі? (кітап).
Сергіту сәті:
ІІІ. Жаңа сабақ.

- Ендеше, бүгінгі сабағымыз кітаптың неден, қалай жасалатындығы туралы болмақ.




Сурет бойынша және табиғи көрнекіліктер арқылы түсіндіру.


ІV. Оқулықпен жұмыс.

«Жұппен оқу, жұппен талқылау» стратегиясымен оқыту. Мәтін жұпта толық оқылып, талқыланады.


Түзету жұмысы: Сурет бойынша әңгімелету, анық айтуға жетілдіру.
V. Сөздік жұмыс.

Жаңқалай – жонады.

ұнтақтайды – майдалайды, езеді.

шырмалып – жабысу.

таптайды – тегістейді.
VІ. Сабақты қорыту. 1. Кітаптың неден, қалай жасалады?


  1. Бес жолды өлең.

Зат есім (1) кітап.

Сын есім (2) қызық, суретші.

Етістік (3) оқимын.

Сезімді білдіретін ой (4) қандай тамаша, қызықты, әсерлі.


VІІ. Бағалау. Тұтықпай тыныс алып сөйлеген оқушыларды мақтау, бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: «Құрметтейік кітапты» шығарма жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет