Маңғыстау облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі жөнінде жедел есеп



бет1/12
Дата25.02.2016
өлшемі1.68 Mb.
#22284
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Маңғыстау облысының аумақтарын дамытудың

2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының

мониторингі жөнінде жедел есеп


Есепті кезең

2013 жыл

Іске асыру кезеңі

1 кезең (2011-2013 жылдар)

Ұйым

Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы




(мониторинг жүргізуге және есепт үзуге жауапты орнанның атауы)


1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлшем

бірлігі

2013 жылдың

жоспары

2013 жылдың нақтысы

Орындалғаны туралы ақпарат

1

2

3

4

5

1 бағыт. Өңір экономикасының дамуы

Өңірлік макроэкономика



Мақсаты: Экономиканың тұрақты өсуін, халықтың әл-ауқатын көтеруді, жоғары қосылған құны бар дайын өнімді сыртқы рыногқа жылжытуды қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын қалыптастыру.


Мақсатты индикатор:

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға %-да



%

103,4

102,3*

ЖӨӨ бойынша статистикалық деректер статистика органдарымен есепті кезеңнен кейінгі 2-3 айдан соң ұсынылады. 2013 жылғы деректер кейіннен беріледі. *2013 жылғы 9 айдың деректері.

1.1. міндет. ЖӨӨ-нің тұрақты өсуін және инфляция үдерісін тұрақтандыруды қамтамасыз ету

Жалпы өңірлік өнімнің көлемі

млн. теңге

1797967,7

1398470,9*

ЖӨӨ бойынша статистикалық деректер статистика органдарымен есепті кезеңнен кейінгі 2-3 айдан соң ұсынылады. 2013 жылғы деректер кейіннен беріледі. *2013 жылғы 9 айдың деректері.

Экспорт

млн. АҚШ доллары

8500

9092,9

Тікелей нәтиже көрсеткіші орындалды.

Импорт

млн. АҚШ доллары

612

739,9

Тікелей нәтиже көрсеткіші орындалды.

Инфляция деңгейі

%

106

103,4

Тікелей нәтиже көрсеткіші орындалды (мейлінше аз болғаны жақсы).


2. Іс-шараларды орындау

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы-лар

Орындау мерзімі


Орындалғаны туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Облыстың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін тұрақты түрде мониторингілеу

Облыс әкіміне ақпарат

ЭжБЖБ

2011-2015 жылдар, ай сайын

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы облыстың макроэкономикалық көрсеткіштеріне ай сайын мониторинг жүргізіп, мәселе аппараттық және селекторлық кеңестерде жүйелі түрде қаралады. Талдау қорытындысы бойынша жағдайды жақсарту жөнінде шаралар қабылданады.

Ауыл шаруашылығының жоспарланған НКИ-ін қамтамасыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ

2011-2015 жылдар, ай сайын

Құрылыс басқармасы ауыл шаруашылығының НКИ-не ай сайын мониторинг жүргізуде. Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсанында 7227,2 млн. теңгенің ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірілді. Жалпы өнімнің нақты көлем индексі 96,6% құрады. Төмендеу себептері – өсімдік шаруашылығындағы өндіру көлемінің төмендеуі. Өсімдік шаруашылығындағы статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістемесінің жетілмегендіктен, өсімді шаруашылығының жалпы өнімі жылдан-жылға азаюда. 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мал басының, оның ішінде жылқының – 1,3%-ға ірі қара малдың – 3,6%-ға өсуі байқалады. Түйе басы – 0,6%-ға, қой мен ешкі басы – 5,1%-ға төмендеді.

Құрылыс жұмыстарының жоспарланған өсу қарқынын қамтамасыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

ҚБ

2011-2015 жылдар, ай сайын

Ауыл шаруашылық басқармасы құрылыс жұмыстарының өсу қарқынына ай сайын мониторинг жүргізуде. Құрылыс жұмыстарының көлемі2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 154,3 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда 0,2%-ға көп. Төмендеу себебі – ағымдағы жөндеу көлемінің төмендеуі. Жалпы ауданы 532,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2012 жылдың осындай деңгейіне 4,5%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлеміндегі негізгі көлем халық қаражатының үлесіне келеді – 81,9%

Сауда саласының жоспарланған НКИ-ін қамтамасыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

КжӨБ

2011-2015 жылдар, ай сайын

Кәсіпкерлік және сауда басқармасы сауда саласындағы қызметтердің өсу қарқынына ай сайын мониторинг жүргізуде. Бөлшек сауда айналымының көлемі 2013 жылы 97,5 млрд. теңгені немесе 2012 жылдың осындай деңгейіне 130% құрады.

Көлік және байланыс қызметінің жоспарланған өсу қарқынын қамтамасыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

ЖКжАЖБ

2011-2015 жылдар, ай сайын

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы көлік және байланыс саласындағы қызметтердің өсу қарқынына ай сайын мониторинг жүргізуде. Облыс бойынша жүк айналымы 2013 жылы 8598,7 млн. тонна/км көлемінде қалыптасты немесе 2012 жылдың осындай кезеңіне – 111,3%. Байланыс қызметтерінің көлемі есепті кезеңде 7843,0 млн. теңге көлемінде қалыптасты немесе 2012 жылға қарағанда 5,1%-ға аз.

Азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеуді, оның ішінде «Берекет» МКК-ның облысқа әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын жеткізу, олардың үш айлық қорын құру жөніндегі жұмысын қамтамасыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

КжӨБ, АШБ,

«Каспий» ӘКК» ҚК» АҚ



2011-2015 жылдар, ай сайын

Бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ ірі сауда және логистика компанияларын тарту арқылы, өңірлік тұрақтандыру қорының жұмысын жетілдіру мәселесін қарауда. Ол үшін, азық-түлік тауарларын өткізуде және сақтауда жұмыс тәжірибесі бар Metro, Green, TG Trade сияқты компаниялармен және өзге компаниялармен келіссөздер жүргізуде. Жергілікті тауар өндірушілер 10288,3 тонна ұн, 263 тонна макарон өнімдерін, 4039,9 тонна сиыр сүтін, 642,4 мың дана тірі салмақта 5538 тонна жұмыртқа және мал мен құс етін өндіріп, халыққа өткізді. Облыс халқын жергілікті жерде өндірілген етпен қамтамасыз ету деңгейі 33,8%, сүүтпен қамтамасыз ету 24,3% құрайды.

Маңғыстау облысы сыртқы сауда айналымы бойынша деректерді талдау (экспорттың, импорттың өсу динамикасы)

Облыс әкіміне ақпарат

КжӨБ

2011-2015 жылдар

Облыстың сыртқы сауда балансының сальдосы 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 9832,9 млн. АҚШ долларын немесе өткен жылдың осындай кезеңіне 114,7% құрады. Бұл ретте, экспорт 9092,9 млн. АҚШ долларын, импорт 739,9 млн. АҚШ долларын құрады.

Сыртқы тауар айналымын арттыру жөніндегі көрмелер мен халықаралық келіссөздерді ұйымдастыру

ҚР ЭБЖМ-не

ақпарат,


көрме

КжӨБ

2011-2015 жылдар

Қоршаған ортаны қорғау, мұнай және газ, экономикалық даму және сауда, индустрия және жаңа технологиялар, көлік және коммуникациялар,білім және ғылым және ауыл шарушалығы министрлігінің қолдауымен және қатысуымен, , сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ мен елдің ғылыми-зерттеу институттарының қатысуымен Ақтау қаласындағы 2013 жылғы 23 қаңтарда «ЭКСПО -2017: Өңірлік бастамалар» халықаралық форумы өткізілді. Өткізілген Форумның тақырыбы – негізгі мақсаты энергетика саласында инновациялық технологиялардың іске асырылуының тиімді тетіктерін әзірлеу және мұнай-газ өндіретін компанияларды, юизнес-қоғамдастықтарды энергия үнемдейтін және энергияның қайтадан қалпына келетін көздерін ендіруге тарту болып табылатын «Болашақтың энергиясы». Форум жұмысына 500-ден астам делегат қатысты.

Маңғыстау облысының әкімдігі Чех тарапымен бірлесіп, 2013 жылғы 12 наурызда «Каспий теңізінің жағасындағы кездесу» атты Қазақстандық-Чехиялық экономикалық кездесуін өткізді.

Форумды өткізудің негізгі мақсаты Маңғыстау облысы Мен Чехия Республикасы кәсіпорындарының арасында облыс дамуының басым бағыттары бойынша кеңейтілген ынтымақтастық (банк саласы, машина жасау, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау саласы, емдік туризм, азық-түлік өнеркәсібі, энергиялық тиімді құрылыс, ТКШ саласы, көлік пен жолаушылар тасымал), оның күтілетін әсері – облыс аумағында жобаларды бірлесіп іске асыру үшін чехиялық және және қазақстандық бизнес-құрылымдардың арасында тығыз байланыс орнату болып табылады.


Халықаралық сауда-экономикалық миссияларын ұйымдастыру

ҚР ЭБЖМ-не

ақпарат


КжӨБ, АШБ

2011-2015 жылдар

2013 жылы төменде көрсетілген 4 таяу және алыс шетелдің сауда-экономикалық миссияларының:

- іскерлік ортаның қатысуымен Экономикалық даму министрі Шахин Мұстафев бастаған Әзірбайжан Республикасының делегациясының (2013 жылғы 19 маусымда);

- іскерлік ортаның қатысуымен Германияның Алматы қаласындағы Бас консулы Михаэль Граус бастаған Германия делегациясының (2013 жылғы 18-21 маусым аралығында);

- іскерлік ортаның қатысуымен ҚР-ның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрбаев Орман Кәрімұлы, Латвияның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Игорь Апокин, Малайзияның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мохда Зулькефли бин Мохд Нура бастаған елшіліктердің өкілдері мен Қазақстанның Латвиядағы, Малайзиядағы елшілері делегациясының (2013 жылғы 11-12 шілде аралығында);

- Астрахань облысының Экономикалық даму министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау бөлімінің бастығы Гусев Алексей Витальевич Астрахань Экспортқа бағдарланған шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауды үйлестіру орталығы бас директорының орынбасары Щербакова Татьяна Федоровна бастаған астраханьдік бизнес өкілдері делегациясының (2013 жылғы 23-25 қазан аралығында) жұмысын ұйымдастыру қамтамасыз етілді.

Сапар барысында дөңгелек үстелдер, облыс кәсіпкерлерімен кездесулер, бірқатар өнеркәсіптік объектілерге бару ұйымдастырылып, инвестициялық, оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстар ынтымақтастық пресперктивалары қаралды: (жол салу, өнеркәсіптік объектілер салу, кеме жасау зауытын салу және кем жеткізу, азаматтық құрылыс, мұнай өндіру, теңіз жобалары, сумен жабдықтау жүйесін дамыту).



2. Өнеркәсіп

Мақсаты: индустрияландыру бағдарламасын тиімді іске асыру, өңдеу өнеркәсібінің перспективалы салаларын дамытуды қамтамасыз ету, электр энергиясына қажеттілікті қамтамасыз ету, инновациялық кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай құру.

Мақсатты индикатор:

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі



%

101,3

101,9

Мақсатты индикаторға қол жеткізілді. Мұнай өндіру көлемінің тұрақталыуына байланысты, НКИ күтілгеннен жоғары қалыптасты. 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыс өнеркәсібі дамуының оң динамикасы байқалады. 2012 жылмен салыстырғанда барлық өнеркәсіптік өнім көлемі 1,9%-ға, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 24%-ға артты.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары есепті кезеңде қолданыстағы бағада 2273,042 млрд. теңгенің өнімін шығарып, өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 101,9% құрады. Оның шінде, тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде – 2101,025 млрд. теңге. НКИ – 101,5%.



Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі

%

110

124

Мақсатты индикаторға қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінде 93,7 млрд. теңгенің өнімі шығарылды немесе өткен жылдың осындай - 124%.

Электр энергиясын өндіруді арттыру

%

4,8

4,6

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің деректері бойынша. Мақсатты индикаторға қол жеткізілмеді.

2.1. мiндет. Өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнің өсуiн қамтамасыз ету

Өнеркәсіптің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі

%

55

54,4*

Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2013 жылдың 9 айында – 1398470,9 млн. теңгені, өнеркәсіптік өндіріс көлемі – 761356,4 млн. теңгені құрады.

*Статистикалық деректер – 2013 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша. Жыл қорытындысында көрсеткішке қол жеткізу күтілуде.



Өнеркәсіптік өнімнің жалпы қосылған құнын арттыру

млн. теңге

992

761

*Статистикалық деректер – 2013 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша. Жыл қорытындысында көрсеткішке қол жеткізу күтілуде.

2.2. міндет. Өнеркәсіптің өңдеу салаларын дамыту

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы өңірлік өнім құрылымындағы үлесі

%

2,7

2,8

Тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді.

Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2013 жылдың 9 айында – 1398470,9 млн. теңгені, ЖӨӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 39755,2 млн. теңгені құрады.



Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсуі

мың АҚШ доллары/адам

33,2

37,8

Тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді.

Өңдеу өнеркәсібінің өнімін экспорттаудың өсуі

%

25

38,8*

*2013 жылдың қаңтар-қарашасындағы деректер. Тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 11 айында 84441,1 млн. теңгені құрады. Экспорт көлемі 2013 жылдың қаңтар-қарашасында – 8 339,0 млн. АҚШ долларын, шикізат емес тауарларды экспорттау көлемі – 211 261,0 мың АҚШ долларын құрады (ҚР Статистика агенттігінің деректері).



2.3. міндет. Қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалануды дамыту

Энергия пайдаланудың жалпы көлеміндег балама энергия көздерінің үлесін арттыру

%

-

-

Көрсеткіш 2014 жылдан бастап көздестірілген.


Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы-лар

Орындау мерзімі

Орындалғаны туралы ақпарат

1

2

3

4

5

2.1. мiндет. Өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнің өсуiн қамтамасыз ету

Өнеркәсiпте жоспарланған өсу қарқындарын қамтамасыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

ИИДБ

2011-2015 жылдар, ай сайын

Индустриялық-инновациялық даму басқармасы өнеркәсіптік әсіпорындардың күтілетін өндірістік көрсеткіштеріне мониторинг, облыстың отын-энергетикалық кәсіпорындарының өндірістік қызметіне мониторинг жүргізуде. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын жүктеуге жәрдемдесу жұмысы тұрақты негізде жүргізілуде. Есепті кезеңде қолданыстағы бағада 2 273,0 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 101,9% құрады. Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92,4% құрайтын кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 2 101,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. НКИ 101,5% құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 24%-ға өсіп, 93,7 млрд. теңгені құрады. Азық-түлік өнімдері өндірісінде – 37,8%-ға, металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде – 22,4%-ға, машина жасауда – 29%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 16,6% өсу байқалады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 59,3 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 117,0% құрады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 18,9 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2012 жылдың тиісті деңгейіне – 128,8%.



Кәсіпорындарға проблемалық өндірістік мәселелерді шешуге жәрдем көрсету

Облыс әкіміне ақпарат

ИИДБ

2011-2015 жылдар, ай сайын

Есепті кезеңде мыналар ұйымдастырылып, өткізілді:

- материалдар дайындалып, ҚР Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтің қатысуымен БҚО-ның Орал қаласында 2013 жылғы 13 сәуірде өткен бір-бірімен байланысты өндірістерді, жұмыстарды, қызметтері дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары бастаған өңірдің алты компаниясының қатысуы ұйымдастырылды;

- «Теңізшевройл» ЖШС-ін болашақта кеңейту жобасын (БКЖ) іске асыру мәселелері жөніндегі республикалық Жұмыс тобының отырысында қарау үшін, Маңғыстау облысы үшін БКЖ аясында Маңғыстау облысының метал құралымдарын өндіруші кәсіпорындарын жүктеу, мұнай-сервис компанияларының қызметкерлерін оқыту үшін Ақтау қаласында технологиялық полигон құруға «Теңізшевройл» ЖШС-нің қатысуы, Маңғыстау облысының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету бөлігінде ұсыныстар дайындалды (04.06.2013 жылғы №02-12/4744).

Өңірдің мұнай-газ секторының кәсіпорындарындағы проблемаларды талқылау мақсатында, облыс әкімі А.С. Айдарбаевтың қатысуымен 2013 жылғы 7 маусымда мұнай газ өндіруші және сервистік компаниялардың басшыларымен кеңес өткізілді, сондай-ақ оған шығаратын тауарларын таныстыруы және өндірістік қуаттылықтарды жүктеу жағдайын айтуы үшін өнімі мұнай-газ секторына бағытталған өңдеу өнеркәсібінің бірқатар кәсіпорындары шақырылды.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жүктеу мақсатында, өңірді ң мұнай-газ кәсіпорындары басшыларының «Шыны-талшықты құбырлар зауыты» ЖШС, «Kazakhstan Caspian Offshore Industries» ЖШС, «РИГ» ЖШС, «Каспий маңы машина жасау зауыты» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «ГММОС Казахстан» ЖШС, «Keppel Kazakhstan» ЖШС, «Arcellor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ, «Sewon Vertex Heavy Industries»ЖШС, «Жамал-ай» АҚ сияқты өңірдің өңдеу секторы кәсіпорындарының өндірістік алаңдарына баруы ұйымдастырылды.

Шикізат жетіспеуіне байланысты «Ақтау болт құю зауыты» ЖШС-нің металлургия өндірісінің проблемасын шешу үшін, «Ойл Сервис Компани» ЖШС-нің, «Қаражанбасмұнай» ЖШС-нің атына металлургия өнеркәсібінің аталған кәсіпорнынан металл сынықтары мен қара металл қалдықтарын жеткізу мүмкіндігін қарау жөнінде ұсыныс жолданды (29.07.2013 жылғы №02-12-997, г 26.11. 2013 жылғы № 03/110). Бұдан бұрын осындай өтініш-хат өңірдің барлық мұнай өндіретін және мұнай-сервис компанияларына жолданған болатын (25.05.2013 жылғы №03/0549/1).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет