3
MICROSOFT WORD мәтіндік редактор
Microsoft Office Word -
мәтіндік құжаттарды дайындауға,
түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің
қосымша
программасы.Ол-мәтіндік
және
графикалық
информацияларды өңдеу барсында жүзден аса амалды орындай
алатын кең тараған мәтін редакторларының бірі. Қазіргі
компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген амал
бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы,
басқа ортада
дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше
түрлі нысандарды байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады.
Word редакторында баспа жұмысына
керекті баспа материалдарын
теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі
барлық жұмыс орындалады.
Мәтінді енгізу және пішімдеу
Тапсырма №1
1. Құжатты белгілеу ( көрініс командасы → құжатты қарау
режимдері → Бетті белгілеу) құжатпен жұмыс істеу режиміне өтіңіз.
2. Беттің еніне қарай мәтінді көрсетуін орнатыңыз (Вид
→Масштаб → По ширене страницы).
3 . Жасырын пішімдеу таңбаларын (Главная → Абзац →
Отобразить все знаки командасы ) көрсетіңіз.
Жасырын пішімдеу таңбаларын (команда) көрсетеді.
4. Келесі мітінді теріңіз.
Ақпарат ұғымы
Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлде қайда көне құбылыс.
Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған
(кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал,
жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің
алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат
беру мен сақтаудың жаңа
құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де,
"Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті
тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын
хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.
4
"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау,
мәлімет деген
ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің
кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп
пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде
ақпарат түсінігінің
дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол
интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі
салаларында әр түрлі мағына беріледі.
Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің
мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп
түрлілігімен
байланысты.
Қазіргі
кезде
ақпарат
түсінігін
айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың
әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.
Бірінші теория (К. Шенон)
сандық-ақпараттық тұрғыдан
тұрғыдан
қарастырады
да,
ақпаратты
оқиғаның
анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды.
Ақпарат
көлемі,
қандай
жағдайда
болмасын,
оны
алу
ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса,
оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың
мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен
ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен
есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол
ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды
қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы
Ақпаратты осы тұрғыдан
түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін
баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі.
5. Әр түрлі мәтін фрагменттері үшін келесі пішімдеу параметрлерін
қарастырыңыз:
Мәтін атауы: шрифт өлшемі 17 пт, сызылу жартылай қалың, бас
әріптер, еже ортасында туралау, жоларалық интервал бір, 15пт
абзацтан кейінгі интервал;
Ақпарат деп нені есептейді: қаріп өлшемі 13пт, сызылу
жартылай қалың, абзацтарды сол
жақ жиегі бойынша сол жақ
шегімен тегістеу - жоларалық интервал бір;
Сіз жасаған құжатты алдын ала қарау режимінде экранға
шығарыңыз (Файл → Печать командасы).
5
6. Құжатпен жұмыс істеу режиміне оралыңыз.
7. Сіз жасаған құжатты жұмыс дискісінде Аты-Жөні_ .1. docx деген
атпен сақтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: