Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 жылғы қаңтар-маусымдағы қорытындылары туралы



Дата03.03.2016
өлшемі158.08 Kb.
#36252


Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2013 жылғы қаңтар-маусымдағы қорытындылары туралы
Ағымдағы жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.



Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігімен дайылданған 47 көрсеткіштен құралатын Астана, Алматы және облыстардың 2012 жылға арналған рейтингісінде, облыс әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінде 4 орын (Астана, Алматы және Атырау облыстарынан кейін), әлеуметтік-экономикалық даму серпінінде – 16 облыстың ішінен 9 орын иеленді (2011 жылмен салыстырғанда – 12 орын).

ЖӨӨ 2012 жылы жан басына шаққанда облыс республика өңірлері арасынан төртінші орын иеленді (3559,2 мың теңге ҚР бойынша орташа – 1799,4 мың теңге), 2013жылдың 1 тоқсанында үшінші орынды иеленді (819,2 мың теңге ҚР бойынша орташа – 401,8 мың теңге)



Өнеркәсіп. Есепті кезеңде қолданыстағы бағада 1075,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 101,1% құрады.

Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92,6% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 995,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 101,3% құрады. Мұнай өндіру 8,8 млн. тоннаны немесе 2012 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне 101,2% құрады. Табиғи газ өндіру 5,7%-ға (1091,1 млн. текше метр) төмендеді.



Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 0,3%-ға азайып, 41,2 млрд. теңгені құрады. Азық-түлік өнімдері өндірісінде - 63,1%-ға, металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде - 27,5%-ға, машина жасауда - 12,6%-ға өсу байқалады.

Көлемдер тері және теріден жасалатын өнімдер өндірісінде - 8,2%-ға, тоқыма бұйымдар өндірісінде - 15,4%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде - 15,2%-ға (төмендеу, «ҚазАзот» ЖШС-нің өнеркәсіпті қайта құру және жаңғырту бағдарламасынан кейін біртіндеп іске қосуына байланысты) азайды.



Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 29,4 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 112,0% құрады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 8,9 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2012 жылдың тиісті деңгейіне – 96,8%.

Сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың қаңтар-мамырында 4120,4 млн. АҚШ долларын немесе 2012 жылғы қаңтар-мамырдағы деңгейінен 18,7% көп. Экспорт – 3899,1 млн. АҚШ долларын (21,3%-ға ұлғайды), импорт – 221,3 млн. АҚШ долларын (13,5%-ға азайды) құрады.

Сыртқы сауда балансының сальдосы 2013 жылдың қаңтар-мамырында 3677,8 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2012 жылдың қаңтар- мамырында – 2958,5 млн. АҚШ доллары).


Негізгі капиталға инвестициялар ағымдағы жылдың 1жартыжылдығында 165,9 млрд. теңгені құрады немесе нақты баға индексін есепке алғанда 2012 жылдың осындай кезеңінен 111,7%-ға артық.

Инвестициялар құрылымында негізгі көлемді өнеркәсіп (75,2%), оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі (66,7%), көлік және қоймалау (10,6%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (1,9%), өзгелері (12,3%) алады.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі өзіндік қаражат есебінен 98,1 млрд. теңгені немесе 59,1%, шетелдік инвестициялар есебінен – 37,3 млрд. теңгені (98,1%), қарыз қаражат есебінен – 11,0 млрд. теңгені (6,6%), бюджеттік қаражат есебінен – 19,4 млрд. теңгені (11,7%) құрады.

Инвестицияның көлемі жан басына шаққанда (1,9 мың АҚШ долл.) республика өңірлерінің арасында екінші орында тұр (орташа есеппен ҚР бойынша – 0,9 мың АҚШ долл.)


Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын дамыту облыстың инвестициялық тартымдылығын жоғарылатып, экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 280,1 млрд.теңге болатын және жаңадан шамамен 8,8 мың жұмыс орны құрылатын 34 жоба енгізілді. Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 230,9 млн. теңге болатын және жаңадан 8,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 32 жоба, республикалық Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 49,1 млрд. теңге болатын және 354 тұрақты жұмыс орны құрылатын 2 жоба енгізілді.

2013 жылы сметалық құны 85,2 млрд. теңге болатын және 975 тұрақты жұмыс орны құрылатын 3 жобаны аяқтау жоспарлануда оның ішінде:

1) «Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру» «Caspi Bitum» БК» ЖШС.

2) «Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен» «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС.

3) «Шетпе ауылында цемент зауытын салу» «Каспий Цемент» ЖШС.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және тауарлық балық өсіруді) дамыту. Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Өңірлік даму министрлігімне келісілді.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге 5 жоба іске асырылып, 24 жобаны іске асыруға өтінім берілді. Оларды жандандыру үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Бұл мақсаттарға 2013 жылы 1466 млн. теңге қаралды.

Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Манашы-Шетпе» учаскесінде (ұзындығы – 200 км, жобаның сомасы – 283 млн. доллар) қайта құрылымдаудың 1 кезеңі іске асырылуда. Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автожолының құрылысы, «Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автожолдарын күрделі жөндеу жүргізілуде.

2013 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан Республикасының Президенттерінің қатысуларымен ресми түрде Қазақстан Республикасының Болашақ станциясынан басталған тіке темір жол желісінің қатынасы Түрікменстанның Серхетяка станциясына дейін жалғасын тауып, салтанатты түрде ашылды.

Болашақ станциясында әлеуметтік және техникалық нысандар салынды, әкімшілік-шаруашылық және тұрғын-үйлер су жүйелері мен газдандырылды. Облыс әкімдігінің қаулысымен Болашақ селолық округ құрылды.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағын дамыту жобасын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Кендірлі» курортты аймағы мен халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен объектілердің ЖСҚ-ын әзірлеу аяқталды.

ТЭН-ге сәйкес, сыртқы инфрақұрылымды салудың жалпы құны 9,3 млрд. теңгені құрайды. Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес «Кендірлі» курортты демалыс аймағының сыртқы инженерлік инфрақұрылымын салу аясында «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ бұру құбырын салу және АГБС тарту жобалары басталды.

Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыс жалғасуда. Тұтыну бағалары мен тарифтерінің индексі ағымдағы жылғы маусымда 2012 жылдың желтоқсанына – 102% (анықтама үшін: ҚР бойынша – 102,7%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 101,6% (ҚР бойынша – 101,7%), азық-түлік емес тауарларға – 102,3% (ҚР бойынша – 101,1%), ақылы қызметтерге – 102,1% (ҚР бойынша – 105,4%) құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3012,2 млн. теңгені құрады. 2012 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 98,3%. Төмендеу кету себебі – барлық аудандарда дерлік мал басы санының азаюымен байланысты, әсіресе қой мен ешкі санының, сонымен сәйкес малдарды соғымға союдың көбеюімен байланысты.

2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мал басының барлық түрінің, оның ішінде түйенің – 10,9%-ға, жылқының – 2,6%-ға, ірі қара малдың – 0,6%-ға, қой мен ешкінің 20,9%-ға төмендеуі байқалады.

Мал басының көбею үшін облыста асылтұқымды малдарды дамыту үшін мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

2013 жылы республикалық бюджеттен асылтұқымды мал басын көбеюін қолдау үшін 5 млн.теңге, мал өнімдерін жоғарылату үшін – 25,4 млн.теңге бөлінді.

Өңірде жалпы аумағы 6,2 га құрайтын 6 жылыжай, өнімнің жалпы көлемін 2300 тоннаға дейін жеткізу мақсатында жабық грунттың аумағын 7,6 га дейін кеңейтуге жоспарланған жұмыстар жүргізілуде. Маңғыстау ауданының Жыңығлды селосында «Сарина Б.» жеке кәсіпкер аумағы 0,2 га құратйтын жылыжайдың құрылысы басталды. «КаспийАгроКомпаний» ЖШС жыл басынан бері облыс халқын 84 тонна бақша өнімдерімен қамтамасыз етті.

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 29 ауылшаруашылыққожалықтарына 67,4 млн.теңгенің несиесін берді, оның ішінде малшаруашылығын дамытуға – 26,9 млн.теңге, егіншілікті дамытуға – 40,4 млн.теңге. «КазАгроФинанс» АҚ малшаруашылығын дамытуға 7,6 млн.теңгенің несиесін берді. «Маңғыстауагросервис» ЖШС лизингке 12,4 млн.теңгенің несиесін берді.
Шағын және орта кәсіпкерлік. Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 27,7 мың бірлікті құрады немесе 2012 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 5,8%-ға өсті. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 5,9%-ға, 85,7 мың адамға дейін артты. Олардың жалпы экономикалық белсенді халықтан үлесі 30,1 % -дан 31,6 % -дейін артты.

Екінші деңгейдегі банктер арқылы 2013 жылдың 1 мамырына шағын бизнес субъектілеріне 7,9 млрд. теңге көлемінде несиелік ресурстар берілді, бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 47,6%-ға аз.

Барлық шағын кредит ұйымдары есепті кезеңде 261,8 млн. теңге сомасына 113 шағын кредит беріп, 289 жұмыс орны құрылды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысы үшін 2013 жылы республикалық бюджеттен 580,3 млн. Теңге бөлінді.

2013 жылдың 1 шілдедегі жағдайы бойынша Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің отырысында бірінші бағыттың аясында жалпы құны 2149,0 мл.теңгені құрайтын 20 жоба, кепілдемеге жалпы құны 5,0 млн.теңгені құрайтын 1 жоба мақұлданды, жеке кәсіпкерлерді қолдау бойынша жалпы құны 12,0 млн.теңгені құрайтын 4 жоба мақұлданды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілетін активтерді орналастыру арқылы «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуде. «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «Маңғыстау облысының шағын кредиттеу орталығы» ЖШС-мен 189,4 млн. теңге сомасында 84 шағын кредит берілді, оның ішінде жеке бағдарлама бойынша – 49,7 млн.теңгенің 12 шағыннесиесі, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында – 144,7 млн.теңгенің 72 шағыннесиесі берілді.
Есепті кезеңде жалпы ауданы 215,2 мың шаршы метр немесе 2012 жылдың осындай деңгейіне 94,3% тұрғын үй пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлеміндегі негізгі көлем халық қаражатының үлесіне келеді – 97%.

Республикалық және жергілікті бюджеттен коммуналдық тұрғын-үйлердің құрылысына 2013 жылға 2,6 млрд.теңге бөлінді, тұрғын-үй құрылысының нысандарының инженерлік-инфрақұрылым құрылысына -2,7 млрд.теңге бөлінді.

«Қолжетімді баспана» бағдарлама аясында несиелік тұрғын-үй құрылысына 6,1 млрд.теңге бюджеттік қаражат бөлінді.

Халықты жұмыспен қамту саласы аясында а.ж. 1 жартыжылдығында индустриалды және инфрақұрылым жобаларының арқасында облыс бойынша 13633 жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 1960 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 1670 адам қатысты.

Қорытындысында облыста тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 1.07.2013 жылға 0,7% құрады (01.07.2012 жылға – 0,9%). Жалпы жұмыссыздық деңгейі (ашық еңбек рыногында) 2013 жылдың 1 тоқсанында 5,6%-ды құрады (2012 жылдың 1 тоқсанында - 5,8%).



Халықтың әлеуметтік-әлсіз жігін әлеуметтік қолдау мақсатында 2570 аз қамтылған тұрғындарға 42,9 млн. теңге жалпы сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 3235 балаға 22,7 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 10220 азаматқа 111,2 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

Жанбасына шаққанда халықтың атаулы орташа кірісі мамыр айында 89302 теңгені құрады. 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда атаулы табыс 5,7 %-ға көбейіп, нақты табысы – 0,2% -ға азайды.



2013 жылғы маусымда облыста ең төменгі күнкөріс мөлшері 22061 теңгені құрады. 2013 жылдың қаңтар-маусымында экономикалық қызметтің барлық түріндегі жұмысшылардың орташа айлық кесімді жалақысы 2012 жылдың осындай кезеңінен 7,3%-ға, 174425 теңгеге дейін ұлғайды.
Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 122,3 млрд. теңге (болжамға – 105,6%), оның ішінде республикалық бюджетке – 81,8 млрд. теңге (105,6%), жергілікті бюджетке – 40,5 млрд. теңге (107,4%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

2013 жылдың нақтыланған бюджеті бойынша шығындар 132,4 млрд.теңгені құрайды. 1 жартыжылдықта шығындардың клемі 5,2 млрд.теңгеге артты. Шығындар бойынша бюджеттің орындалысы жоспарланған соманың 88,5% құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен қаралған мақсатты трансферттер мен несиелер 70,0% орындалды.

Республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері қаражаты есебінен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту жоспарында, Ақтау қаласының ТЭЦ-1-ден бастап жаңа шағын аудандарға дейін (16, 17, 19) жылуменқамту магистралының құрылыстары жалғасуда, бірінші кезекте 33 шағынауданның ішкі инженерлік желілері, абаттандыру жұмыстары, сондай-ақ біртрансформаторлы кішістанцияларды 20 дана екітраснформаторларға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сумен жабдықтау магистралдық желісінің құрылысы ЦУВС-4 –тен «Шығыс-1,2,3» тұрғын үй массивтеріне дейін жүргізілуде.

Жаңаөзен қаласында орталықтандырылған котелді кіші-ТЭЦ-ке ауыстыру арқылы қайта құрып кеңейту жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде электржелілері, канализация, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу, жою көзделген. Электүнемдеу технологияларын пайдалана отырып орталық көшелерді жарықтандыру құрылыстарыда аяқталуда.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Құйылыс-Меловое» жерасты су көзінен «Каспий» тұщыту зауытына, ЦУВС-1 және Мұнайлы ауданының насостық станциясына дейін «Ақбұлақ» бағдарламасының аясында республикалық бюджеттен іске асыруға бағытталған су құбыры құрылысының жобасы жалғасуда.

Қарақия ауданы Жетыбай поселкесінде канализациялық желілер үшін коллекторы үшін және тазалау қондырғыларын құру үшін, Маңғыстау ауданы «Мастек-Шетпе» және «Таушық-Жыңғылды» газ желілерінің магистралін жүргізу үшін мен Ақтау қаласының Хазар ауданында ГПП-110/6 кВ құрылысының техникалық-экономкалық негіздемесін жасақтау басталды.


Білім беру объектілерін дамытуға 2013 жылы 37,7 млрд. теңге жоспарланды (2012 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға көп).

Білім саласын дамытуға 2013 жылы 8203,8 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 7569,5 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 634,2 млн.теңге бөлінді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қарақия ауданының Құрық ауылындағы кәсіптік-техникалық лицейдің үлгілік ғимаратының, әрқайсысы 624 орынды құрайтын Қарақия ауданының Жетыбай поселкесінде және Бейнеу ауданының Атамекен селосында, әрқайсысы 960 орынды құрайтын Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының Маңғыстау-5 тұрғын жай алабындағы, Басқұдық, Батыр, Баянды ауылдарындағы, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылындағы және 1200 орындық Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданында орта мектептің құрылыстары жалғасуда.

Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылында 200 орындық орта мектептің, сондай-ақ Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы басталды.

Жергілікті бюджет есебінен Маңғыстау ауданының Шайыр, Жармыш, Жыңғылды ауылдарында 80 орындық балбақшалардың құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету 74% (орташа ҚР бойынша – 70,6%) құрайды.

4499 мектеп бітірушілердің 2672 ҰБТ қатысты немесе 59,4%. ҰБТ орташа балы 69,39 құрады. Халықаралық олимпиадаға қатысушы 46 мектеп бітірушілер ҰБТ қатысудан босатылды. 29 бітіруші «Алтын белгі» иегері атанды.
Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2013 жылғы нақтыланған бюджет бойынша 17,7 млрд. теңгені құрады (2012 жылға қарағанда 7,9%-ға өсті).

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2013 жылы – 5683,9 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 5563,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 120 млн. теңге көздестірілген.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Маңғыстау облыстық ауруханасына «Г» блогы жапсарламасының, Мұнайлы ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы жүргізілуде. Жаңаөзен қаласының Рахат шағын ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы жалғасуда.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Бейнеу ауданының Атамекен ауылында, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе, Қызылтөбе-2, Атамекен, Баянды ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылыстарын салу жұмыстары басталды.



А.ж. 1 жартыжылдығында балалар өлімінің деңгейі 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,7% азайып 1000 тірітуғандарға 13,6 құрады. 1 ана өлімі фактісі тіркелді (2012 жылдың 1 жартыжылдығында – 0), 100 мың тірі туғандарға 12,2 деңгейді құрады. Туберкулезбен ауыру 2013 жылдың 1 жартыжылдығында 100 мың халыққа шаққанда 19,3 –тен келді (2012 жылдың 1 жартыжылдығы – 19,7).
Мәдениет саласында облыстық музыкалық-драма театрына жапсырлама құрылысы жүргізілуде, бұл мақсатқа 6,2 млн.теңге бөлінді. «Жұмыспен тамту-2020» бағдарламасының аясында селолық мәдени нысандарға ағымдағы жөндеу жүргізу үшін республикалық бюджеттен 36,9 млн.теңге қаражат бөлінді.

А.ж. наурыз айында Қызылорда қаласында «Менің Қазақстаным» атты республикалық акцияға біздің облыстан концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Бұл акцияға 75 ұлттық мәдени орталықтың өкілдері қатысты. А.ж. сәуір айында Атырау облысында «Қарт Каспийден сәлем ал, ерке Жайық» атты Маңғыстау мәдениетінің күндері өткізілді.

Облыстық филармонияның жеке ән орындаушы Аида Байгелова «Жас қанат – 2013» республикалық конкурстың жүлдегері атанды.


Спорт саласында Қазақстанның құрама командаларына спорттың барлық түрлерінен 200 астам спортсмен дер енгізілді.

Бүгінгі таңда облыста 480 спорттық нысандар бар, оның ішінде 227 нысан селоларда орналасқан. Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар мен инжиниринг мемлекеттік университеті студенттерге арналған спорт Сарайы, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе селосында спорт залы, Қарақия ауданы Құрық селосында спорттық кешен пайдалануға берілді. Ақтау қаласында да 30 аулалық спорттық алаңды қайта алпына келтіріліп күрделі жөндеу жұмыстары басталды.


Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық жағдайды қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болып қалуда. Табиғатты қорғау шараларына 2013 жылы жергілікті бюджеттен 213,2 млн. теңге бөлінді.

«Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасының аумағында радиациялық және улы қалдықтардың ауаға таралуын тоқтату және Ақтау қаласының және жақын жерде орналасқан ауылдық аумақтардың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында тұрақты мониторинг, жасанды көлдің сұйық фазасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын көлге Ақтау қаласының 6,3 млн.м3 тазартуға дейінгі шаруашылықфекальды суы айдалады. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 2013 жылы 22,5 млн.теңге қаражат бөлінді. «Қошқар-Ата» құйрықты көліне жақын аумақтағы жүйеге арналған ғылыми біріккен іс-қимыл зерттеулер жүргізілуде (2-кезең).

«Каспий теңізі жағалық аймағындағы Маңғыстау облысының мұнай өндірісі мен теңіз айлақтарының техногендік біріккен іс-қимылын бағалау», «Ақтау қаласының жағасында Каспий теңізінің қайраңында жасанды риф жүйесін құрудың ТЭН жасақтау», «Бұрынғы Каспиймаңы тауметаллургия комбинатының уран кен карьерлерін радиэкологиялық бағалау» және басқа зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қарақия ауданының Бостанқұм және Маңғыстау ауданының Түйесу құмды алаптардағы өсімдіктерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл мақсатқа 51 млн.теңге қаражат бөлінді.



Халықтың қауіпсіздігі және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекші көңіл бөлінуде. 2013 жылдың 1 жартыжылдығында тіркелген қылмыстардың саны 3562 (2012 жылдың 1 жартыжылдығында - 2206), облыс аумағындағы жалпы қылмыс деңгейі республикада ең төменгі деңгейде қалуда – 10 мың тұрғынға шаққанда 117 қылмыс (ҚР – 195).

Автокөліктерді тіркейтін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету Орталығының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 190,2 млн.теңге бөлінді.

Жаңаөзен қаласында ішкі істер қызметкерлеріне арап 100 пәтерлік және 60 пәтерлік коммуналдық тұрғын-үй салу үшін республикалық бюджеттен 911,4 млн.теңге бөлінді.
Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асару жалғастырылуда.

Кешенді іске асыру үшін барлығы 9,4 млн.теңге қаражат бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 8,7 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 795,8 млн. теңге.

Ағымдағы жылы Жаңаөзен қаласында учаскелік полиция пункттеріне арналған 6 орынжай және «Жұлдыз» шағын ауданындағы 320 орындық балабақша пайдалануға беріліп, Жедел басқару орталығын метариалдық-техникалық жарақтандыру жүргізілуде.

Жыл аяғына дейін тағы да республика есебінен бірнеше нысандардың құрылысын аяқтау жоспарлануда: «Рахат» шағын ауданындағы емхананың, «Бостандық» шағын ауданындағы 624 орындық орта мектептің, Теңге ауылындағы сумен жабдықтау жүйелерінің, «Рахат-3» шағын ауданындағы сумен жабдықтау жүйелерінің, «Жұлдыз» және «Мерей» жаңа шағын аудандарындағы электрмен жабдықтау жүйелерінің, Жаңаөзен қаласындағы 6 шығу жолы бар үлгілік өрт сөндіру депосының құрылыстарын, 100 төсек-орындық перзентханының құрылыстары.

Бұдан басқа, Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында 2013 жылға республикалық бюджеттен 1,2 млрд.теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражатқа Жаңаөзен қаласының көшелерін инфрақұрылымдау және абаттандыру инфрақұрылым жобалары жасақталады, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шаралар қарастырылылған.

«Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында облыстың ауылдық елді мекендерді абаттандыру үшін республикалық бюджеттен 216 млн. теңге бағытталды. 40 ауылдық елді мекендерде 40 жоба іске асырылды. Бұдан басқа, облыстың қалаларында инженерлік инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен - 2130,6 млн. теңге бөлінді. Трансформаторлық подстанцияларды қайта құрылымдау, жылумен қамту магистралді желілерінің, Ақтау қаласының электрмен қамту желілерінің құрылысын салу, Жаңаөзен қаласында жарықтандыру желілері құрылысын салу және байта құрылымдау жұмыстар жүргізілді.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 4 бағыты аясында, 2013 жылға 845,9 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді. Осы қаражат есебінен даму әлеуеті орта және жоғары 23 ауылдық елді мекенді абаттандыру бойынша 21 жоба іске асырылып, бұл ретте 423 жұмыс орны құрылды.

«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы болашақты екінші деңгейдегі қалалық агломерацияның бірі ретінде Ақтау қаласы Мұнайлы ауданын қоса алып есептегенде анықталды. Бүгінгі таңда, 2020 жылға дейінгі Ақтау агломерациясын дамыту Іс-шараларының жобасы мүдделі министрліктермен және ведомстволармен келісіліп жасақталды.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет