Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша
емтихан сұрақтары
6M0507 – Менеджмент («Аграрлық менеджмент» мамандандыруы)
«Менеджмент»
-
Менеджмент, басқару, менеджер, бизнесмен, кәсіпкер түсінігі. Менеджмент адам қызметі түрі ретінде.
-
Менеджердің кәсіби біліктіліген қойылатын талаптар.
-
Ұйым түсінігі. Ұйымға жалпы мінездеме.
-
Ұйымның мақсаттарымен миссиясын . қалыптастыру
-
Басқару қызметінің мәні. Басқару деңгейлері
-
Жетістіктерге бағытталған басқару. Жетістікке бағытталу – басқаруға деген ұстаным.
-
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттің ролі мен функциялары.
-
Басқару қызметіндегі қазіргі заманғы тенденциялар: Қазақстандық және әлемдік тәжірибе.
-
Басқару функцияларын анықтау мен олардың өзара байланысын орнату әдістемесі.
-
Ғылыми пән ретіндегі басқару эволюциясы. Менеджменттегі ғылыми ұстанымдар.
-
Ф.У.Тейлорлың «ғылыми» басқаруы.
-
Басқарудағы классикалық немесе әкімшілік мектеп.
-
Адамдық қатынастар мектебі.
-
Басқару ғылымы немесе сандық ұстаным.
-
Ұйымның ішкі ортасы. Ішкі ортаның құрастырушылары
-
Басқару үрдісінің функциялары. Адамдар: Қабілеттіліктер, бейімділігі, қажеттіліктері, күтуі, қабылдаулары.
-
Бизнестегі сыртқы орта. Сыртқы орта мінездемесі.
-
Бизнестегі сыртқы орта. Тікелей әсер ету ортасы.
-
Бизнестегі сыртқы орта. Жанама әсер ету ортасы.
-
Бизнестегі сыртқы орта. Халықаралық орта.
-
Басқару қызметінің заңдылықтары. Басқару принциптері.
-
Менеджментке үрдістік көзқарастың мәні мен мазмұны.
-
Менеджменттің жүйелік көзқарастың мәні мен мазмұны.
-
Қазіргі заманғы менеджерлерге қойылатын негізгі талаптар.
-
Шешім қабылдауды ақпаратпен қамтамасыз ету.
-
Басқару жүйесіндегі коммуникацияның ролі. Іскерлік қарым- қатынас.
-
Коммуникацияның элементтері мен кезеңдері және басқарудағы оның ролі.
-
Басқару фнукциялары. Стратегиялық жоспарлау. Стратегия және миссия.
-
Сыртқы ортаны стратегиялық жоспарлау кезіндегі басқарушылық зерттеу, талдау.
-
Басқарудың американдық және жапондық үлгісі.
-
Басқару шешімін қабылдау үлгісі.
-
Басқарудағы экономикалық әдістер.
-
Басқарудағы әлеуметтік- психологиялық әдістер. Басқарудағы ұйымдық - бөлуші әдістер.
-
Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау.Стратегияны жүзеге асыру кезіндегі тактика, саясат және ережелер.
-
Стратегиялық жоспарды жүзеге асыруды басқару және оны орындаудағы бақылау. Бюджеттер және мақсаттар бойынша басқару.
-
Стратегиялық жоспарды жүзеге асыруды басқару және оны орындаудағы бақылау. Стратегиялық жоспарды бағалау.
-
Өзара әрекеттесуді ұйымдастыру. Делегирлеу, жауапкершілік және өкілеттілік.
-
Департаментизациялаудың мәні.
-
Ұйымның функционалдық және дивизондық құрылымы.
-
Сызықтық және аппараттық ( штабтық ) өкілеттілік. Ұйымда өкілеттілікті бөлуді тиімді ұйымдастыру.
-
Сызықтық және штабтық өкілеттіліктер арасындағы өзара қатынастарды ұйымдастыру.
-
Ұйымды қалыптастыру. Құрылымын таңдау.
-
Бейімделу құрылымдары. Орталықтандырылған және орталықсыздандырылған ұйымдар.
-
Тиімді делегирлеуге кедергілер.
-
Мотивация. Мінез- құлық және іс-әрекеттер мотивтері (себептері).
-
Еңбекті ынталандыру негіздері.
-
Ынталандыру және мотивациялау.
-
Мотивацияның негізгі формалары.
-
Марапаттауларды басқару.
-
Мотивацияның мазмұнды теориялары.
-
Мотивацияның процессуалдық теориялары.
-
Бақылаудың мәні. Бақылау үрдісі. Алдын- ала, ағымдық, қорытынды бақылау.
-
Өндірісті оперативті басқару. Сапаны қамтамасыз ету.
-
Басшының имиджі.
-
Өткізу шешімдерді дайындау әдістері, қабылдау кезеңдері және жүзеге асыру.
-
Басшылық: билік және жеке ықпал ету. Билік ықпал ету формалары. Мәжбүрлеуге негізделген билік.
-
Марапаттауға негізделген билік. Заңдық билік.Дәстүр бойынша ықпал ету.
-
Харизма. Эксперт билік. Ақылға сиымды сену арқылы ықпал ету.
-
Көш басшылыққа мінез- құлықтық көзқарас. Автократтық және демократтық басшылық .
-
Басқару жүйесіндегі басшы. Басшының өзін- өзі оқытуы. Басшының жұмысын жоспарлау.
-
Қақтығыстар мәні. Тұлға ішілік қақтығыстар.Үрдіс ретіндегі қақтығыс үлгісі.
-
Тұлғааралық қақтығыстар. Жеке тұлға мен топ арасындағы қақтығыстар. Топ аралық қақтығыстар.
-
Қақтығыстар мен стресстерді басқару.
-
Ұйымдағы қақтығыстардың табиғаты.
-
Қақтығыстар себебі. Ресурстарды бөлу.Мәселелердің өзара байланыстылығы. Мақсаттардағы айырмашылықтар.
-
Қақтығыстар себебі. Құндылықтар, мінез – құлықтар мен өмір тәжірибесі туралы көзқарастар айырмашылықтары.
-
Қанағатсыз коммуникациялар.
-
Қақтығыстардың нәтижесі. Қақтығыстарды шешудің құрылымдық тәсілдері.
-
Қақтығыстарды шешудің тұлғааралық стилі.
-
Стресс түсінігі. Стресстің себебі.
-
Көшбасшылық: басшылық ету стилі және менеджердің имиджі.
-
Д.Хоманстың әлеуметтік жүйедегі үлгісі.
-
Көш басшылыққа мінез- құықтық көзқарас: Курт Левиннің зерттеулері және Рэнсис Лайкерттің 4 жүйесі.
-
Көшбасшылыққа мінез- құлықтық көзқарас: Көшбасшылық стиліне деген екі өлшемдік мазмұндау және Блэйк пен Мутонның басқарушылық торы.
-
Тиімді көшбасшылықтың ситуациялық үлгісі. Фидлердің басшылық етудегі ситуациялық үлгісі.
-
Фидлердің ситуациялық үлгісіндегі басқару тиімділігі.
-
Тиімді басшылықтың ситуациялық үлгісі: Митчил және Хаустың «жол- мақсат» теориясы.
-
Тиімді басшылықтың ситуациялық үлгісі: Херси мен Бланшердің өмірлік кезең теориясы.
-
Тиімді басшылықтың ситуациялық үлгісі: Врум- Йеттонның басқару шешімін қабылдау үлгісі.
-
Тиімді көшбамшылыққа деген көзқарастар.
-
Басқарудыңнегізгі теориялары «X»,«Y», «Z».
-
Өндірісті жедел басқарудың мәні.
-
Хотторн экспериментінің мазмұны мен маңызы.
-
Адамдық қатынастар және мінез- құлық ғылымы мектебі
-
Жүйе ретіндегі инновациялық менеджмент.
-
Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының өнеркәсіп білім беру, ғылыми- техникалық сфераларын басқарудың проблемалары.
-
Өндірістік жүйені қалыптастыру.
-
Өнімнің сапасын басқару.
-
Еңбек өнімділігін басқару.
-
Кәсіпорынның қаржысын басқару.
-
Ұйымдағы менеджменттің экономикалық тиімділігі.
-
Акционерлік қоғамды басқаруды ұйымдастыру.
-
Өндірістік кооперативті басқаруды ұйымдастыру.
-
Шаруашылық серіктестіктерді басқаруды ұйымдастыру.
-
Ұйымның мәдениеті.
-
Еңбек қызметіндегі адамдық фактор.
-
Персонал менеджментті жүйесі.
-
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекелеген қызмет бағыттарын басқарудың ерекшеліктері.
-
Стратегиялық және жедел басқарудыңсалыстырмалы сипаттамасы
-
Дағдарысқа қарсы жоспарлау және ұйымды басқару.
«Кәсіпорын экономикасы»
-
Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі жағдайы мен дамуының негізгі бағыттары
-
ҚР-ның қазіргі салалық құрылымы және оны қайта құруды басты бағыттары. Салалардың жіктелуі
-
Нарықтық қатынастар қалыптастыру жағдайында ҚР-ның мемлекеттік құрылымдық саясаты: ұзақ мерзімді басымдылық мақсаттары және жүзеге асыру стратегиялары
-
ҚР-ның сыртқы экономикалық ынтымақтастығы: ашық экономиканы және еркін сауданы құру
-
Нарықтың мәні, негізгі категориялары. Нарықтық түрлері және олардың ерекшеліктері
-
Нарықтық инфрақұрылымның негізгі элементтері
-
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен әдістері. Дамыған елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері
-
Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде. Кәсіпорынның басты қызметтері мен міндетттері. Кәсіпкерлік құқық және кәсіпорынның міндеттемелері
-
ҚР-ның азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпорынның барлық түрлерінің қызмет етуінің негізгі принциптері
-
Меншік нысандары бойынша кәсіпорынның түрлері. Кәсіпорыннның негізгі және қосымша белгілері бойынша, ұйымдастыру- құқықтық нысандары (ірі, орташа, шағын) бойынша жіктелуі. Кәсіпорын құрылымы.
-
Кәсіпорындағы негізгі құралдардың экономикалық мәні, олардың құрамы мен құрылымы.
-
Кеңейтілген ұдайы өндірістегі негізгі қорлардың алатын орны
-
Лизинг негізгі капиталды жаңарту нысаны ретінде. Қндірістік және қаржылық лизинг
-
Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Салық есебінде негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері. Негізгі қорларды қайта бағалау. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі
-
Кәсіпорынның айналым қорлары
-
Айналым капиталы: құрамы және құрылымы. Айналым капиталын қаржыландыру көздері
-
Айналым құралдарының айналымдылық көрсеткіштері. Кәсіпорын қызметінде экономикалық көрсеткіштерді жақсартуда айналым қорларының айналымдылығын жеделдетудің мәні.
-
Айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау
-
Еңбек ресурстары, олардың құрамы мен құрылымы. Қалыптастыру көздері.
-
Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау
-
Еңбек өнімділігіоны анықтау әдістері. Еңбек өнімділігін арттырудың факторлары мен жолдары.
-
Еңбек ақының мәні мен принциптері
-
Еңбек мотивациясы. Еңбек ақыны дифференциациялаудың экономикалық негіздері
-
Тарифтік жүйе. Оның еңбек ақыны ұйымдастырудағы мәні мен мазмұны.
-
Жұмысшылардың еңбек ақы жүйесі мен нысандары. Жетекшілер, мамандар мен қызметкерлердің еңбекақысын ұйымдастыру. Еңбек мотивациясы.
-
Инвестиция: мәні мен түрлері.
-
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістері.
-
Кәсіпорынның инвестициялық қызметтері: жасаудың мәні мен принциптері. Инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.
-
Күрделі қаржыландырудың салыстырмалы тиімділігі.
-
Портфельді бағалы қағаздардың түрлері. Қаржыландырудың тәуекел түрлері
-
Инновация түсінігі және экономикалық мүдделердің өзара іс- әрекеті
-
Инновациялық стратегиялар: тәуекелділік және қауіпсіздік
-
Инновациялық процесс және инновациялық құрылым.
-
Жаңа енгізулерді басқару
-
Инвестицияға арналған қаржы ресурстарын басқару
-
Шығын түсінігі, құрамы жіне түрлері, тұрақты және айнымалы шығындар
-
Өнімнің өзіндік құнының құрылымы және әр түрлі салалардағы оның ерекшеліктері
-
Шығындардың жіктелуі
-
Баптары бойынша өнімнің өзіндік құнындағы кәсіпорын шығындары
-
Тауарлы- материалды құндылықтардың өзіндік құнының есебі және оны бағалау
-
Бәсеке теориясының мәні және дамуы
-
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың экономикалық мәні және әдістемелеік көзқарастар
-
Сапа туралы қазіргі көзқарастарды қалыптастыру.
-
Сапа басқару объектісі ретінде
-
ИСО сериясы стандарты негізінде Сапаны басқару
-
ИСО сериясының халықаралық стандарты
-
Қазақстандағы сапаның халықаралық стандарттары
-
Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі
-
Кәсіпорынның рентабельділігі
-
Сатудың зиянсыздық көлемін анықтау және кәсіпорынның қауіпсіздік аймағы
Достарыңызбен бөлісу: |