пайдасы мен зияны Орындаған: Тасболат Айару Рауанқызы Шалқар, 2022 Жоспар - Кіріспе
- Негізгі бөлім:
а) Магниттік өріс - Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Магнит (грек. magnetіs, Magnetіs lіthos — Магнесия тасы; Магнесия — Кіші Азиядағы көне қала) — магниттелушілік қасиеті бар, яғни магнит өрісін туғызатын дене. Дененің магнит өрісіне ендірілгеннен кейін магнит қасиетке ие болатын кесегі жасанды Магнит деп аталады. Ал алдын ала магниттелген ферромагнитті не ферримагнитті материалдан жасалған белгілі бір пішіні (таға тәрізді, ұзынша жолақ түрінде, т.б.) бар магнит тұрақты Магнит деп аталады. Ол электроникада, радиотехникада және автоматикада тұрақты магнит өрісінің автономды көзі ретінде кеңінен қолданылады. - Магнит (грек. magnetіs, Magnetіs lіthos — Магнесия тасы; Магнесия — Кіші Азиядағы көне қала) — магниттелушілік қасиеті бар, яғни магнит өрісін туғызатын дене. Дененің магнит өрісіне ендірілгеннен кейін магнит қасиетке ие болатын кесегі жасанды Магнит деп аталады. Ал алдын ала магниттелген ферромагнитті не ферримагнитті материалдан жасалған белгілі бір пішіні (таға тәрізді, ұзынша жолақ түрінде, т.б.) бар магнит тұрақты Магнит деп аталады. Ол электроникада, радиотехникада және автоматикада тұрақты магнит өрісінің автономды көзі ретінде кеңінен қолданылады.
- Магниттің қасиеттері магнит дайындалған материалдың магнит гистерезис тұзағы тармақтарының магнитсіздендіру сипатымен анықталады. Магнит — Fe, Co, Nі, Аl гексогональді ферриттер, т.б. негіздегі қорытпалардан жасалады. Асқын өткізгіш материалдан жасалған орамасы бар соленоидты немесе электрмагнитті асқын өткізгіш магнит деп атайды. Оны заттардың магнит-элетр және оптикалық қасиеттерін, плазманы, атом ядроларды және элементар бөлшектерді зерттеуге арналған тәжірибелерде қолданады. Асқын өткізгіш Магнит байланыс техникасында және радиолокацияда электрмашиналарының Магниттік өрісінің индукторы ретінде пайдаланылады.
Магнит өрісі — қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады. - Магнит өрісі — қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады.
- Табиғатта магнит өрісінің сан алуан түрі кездеседі. Магнитосфераны түзетін Жердің магнит өрісі Күнге қарай 70 — 80 мың км-ге, ал оған қарама-қарсы бағытта миллиондаған км-ге созылады. Жер бетінде магнит өрісі орташа 0,5 Э-ке тең, ал магнитосфераның шекарасында 10–3 Э. Планетааралық магнит өрісі — негізінен Күн желінің өрісі. Күннің оталуы, ондағы дақтар мен протуберанецтердің байқалуы, Күннен шығатын ғарыштық сәулелердің пайда болуы тәрізді құбылыстарда магнит өрісі елеулі рөл атқарады. Магнит өрісі заттың (ортаның) оптикалық қасиетіне және электр-магниттік сәуле шығару құбылысының затпен әсерлесу процесіне елеулі ықпал жасайды, өткізгіштер мен шала өткізгіштерде гальваномагн. құбылыстар мен термомагн. құбылыстарды туғызады. Магнит өрісі әдетте әлсіз (500 Э-ға дейін), орташа (500 Э — 40 кЭ), күшті (40 кЭ — 1МЭ) және аса күшті (1МЭ-ден жоғары) болып бөлінеді. Іс жүзінде бүкіл электртехника, радиотехника мен электроника әлсіз және орташа магнит өрісін пайдалануға негізделген. Әлсіз және орташа магнит өрісі әдетте тұрақты магнит, электрмагнит, суытылмайтын соленоид, асқын өткізгіш магниттердің көмегімен алынады. Күшті магнит өрісін алуда асқын өткізгіш соленоидтар (150 — 200 кЭ), сумен салқындатылатын соленоидтар (250 кЭ-ға дейін), импульстік соленоидтар (1,6 МЭ) қолданылады. Аса күшті магнит өрісі бағытталған жарылыс (қопарылыс) әдісімен алынады.
Адам организміне магнит жетіспеушілігінен туындайды: - Журек-қан тамыр жүйесінің ақаулықтары
- Гипертония
- Гипотония
- Асқорытудың бұзылуы
- Терінің бұзылуы
- Гинекологиялық аурулар және т.б.
Магниттің адам организміне физиологиялық әсері
Қанайналым жүйесі
- Қанайналымды жақсартады
- Қан тұтқырлығын азайтады
- Қанның ағуын тұрақтайды
- Жасушаның метаболизмін күшейтеді
- Иммундық жүйені жақсартады
Нервтік жүйе
- Бастың ауруы, мигрень
- Буынның ауруы
- Бұлшықеттің ауруы
- Менструальды ауру
- Ұйқының бұзылуы
- Стресс
- Депрессия және т.б
Қорытынды - Магнит — магниттелушілік қасиеті бар, яғни магнит өрісін туғызатын дене. Оның адам денсаулығына жоғарыда айтылғандай пайдасы да, зияны да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |