МАЙДАКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ
Бюджет. 2015 жылы Майдакөл ауылдық округі әкімінің аппаратына бюджеттен 68054,0 мың теңге бөлініп, 99,7 пайызға игерілді.
Округ бойынша 134400,0 теңге жер салығы, 20500,0 теңге мүлік салығы, 1344927,0 теңге көлік салығы, барлығы 1499827,0 теңге жиналып, 100 пайызға орындалды.
Жыл көлемінде ауылдық округ әкімінің атына 14 жеке және заңды тұлғалардан өтініш–шағымдар түссе, 11 адам жеке қабылдауда болды. Олардың барлығына заңдылықтарға сәйкес тиісті жауаптар берілді.
Әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы. Өткен жылы 148 отбасының 585 баласына 3 685 500 теңге жәрдемақы төленді.
25 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 26 адам маусымдық жұмыспен қамтылса, 27 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша «Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйі» күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 7 ауыл тұрғыны маусымдық жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаның екінші бағытымен 3 азамат несие алып, жеке кәсіппен айналысуда.
Бағдарламаның үшінші бағыты арқылы 1 оқушы облыс әкімінің грантын иеленсе, 6 оқушы «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түсті.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының әлеуметтік - әріптестік негізінде 3 адам жұмысқа тартылды. Осы негізде «Рза» АҚ бірлесе ауыл орталығына Май тарату бекеті орнатылып, пайдалануға берілді. 2 адам жұмысқа қабылданды.
Кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы. Округ бойынша 44 кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Олардың 20-ы шаруа қожалығы, 24-і жеке кәсіпкер.
«РЗА - Агро» ЖШС, «Аймаханов» шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады. Өткен жылы 1225 га күріш егіліп, одан орта есеппен 35,0 центнер өнім алынды. 200 га көне жоңышқа, 200 га жаңа жоңышқа дақылдары егіліп, күтімге алынды.
Округ бойынша 2260 бас мүйізді ірі қара, 3455 бас қой–ешкі, 25 бас түйе, 1100 бас жылқы бар.
Көркейту – көгалдандыру, электр жарығымен қамтамасыз. 2015 жылы бюджеттен көркейту–көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына 2170,0 мың теңге бөлініп, игерілді. Ү.Түктібаев көшесіне аялдама орнатылып, Тәуелсіздік алаңы абаттандырылды.
Өткен жылы М.Күзембаев көшесіне бір трансформатор орнатылып, Ғ.Мұратбаев көшесіндегі №81 трансформатордың 2-ші желісі бойына 480 м 380 вт және 200 м 220 вт желілер жаңадан тартылды. Ауыл ішіндегі тозығы жеткен 15 электр бағанасы жаңаға ауыстырылды.
Байланыс. Округ бойынша 383 отбасы байланыс жүйесіне қосылған. «КСЕLL», «Билайн» ұялы байланыс желісі мен интернет қызметін пайдаланады. Ауылдық почта бөлімшесі айына 12000,0 мың теңге көлемінде зейнетақы, әлеуметтік төлемдер, балалар жәрдемақысын таратып, мемлекеттік және жеке төлемдер мен салымдарды қабылдайды. Округ тұрғындары 2015 жылдың бірінші жарты жылдығына 800 данадай газет-журналға жазылды.
Білім, денсаулық сақтау, мәдениет. №24 мектептегі 508 оқушыға 92 мұғалім білім беруде.
2014-2015 оқу жылында мектеп бітірген 15 оқушының 6–ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 5 оқушы жоғарғы оқу орнының грант иегері атанды. 1 оқушы «Серпін» бағдарламасы бойынша арнаулы оқу орнына түсті.
Жазғы балалар демалысы кезінде 17 оқушы ауданнан тыс жерлерде, 24 оқушы аудандық «Шағала» тынығу лагерінде демалды.
Округте 1 емхана, 1 аурухана ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Дәрігерлік емханада 1 дәрігер, 19 орта буын, 6 кіші қызметкерлер жұмыс жасайды.
Амбулаторияда алғашқы көмек, скринигтік тексерулер және дезинфекциялық тазалық заттары үшін 879539,23 теңге бөлініп, игерілді.
Емханада «Ақкербез» ЖШС-не қарасты стоматологиялық бөлме жұмыс жасайды.
2015 жылғы мамыр айынан бастап ауылдық аурухана 10 төсектік болып қайта ашылды. Қазіргі таңда ауруханада 1 дәрігер, 7 орта буын, 8 кіші медицина қызметкерлері ауысыммен халыққа дәрігерлік қызмет көрсетеді.
Жыл көлемінде ауылдық мәдениет Үйінде жоспарға сәйкес көпшілік іс-шаралары өткізілді. Ауылдық кітапханада 20921 дана кітап қоры бар. 783 оқырман тіркелген.
Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылыққа қарсы күрес. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты іс-шара жоспары бекітіліп, нақты жүмыстар атқарылды.
Өткен жылы 10 қылмыс тіркеліп, оның 3-і ашылды.
Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер:
- Ауылдық округте 100 орындық бала бақша ғимаратын салу;
- Сырдария өзенінің Әлсейіт өткелінен аспалы автомобиль көпірі құрылысын салу;
- Ауыз су құбырын сервистік жүйеге қосу;
- №24 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Мемлекетік бағдарламаларды жүзеге асыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында нақты іс – шараларды жүзеге асыру.
Майдакөл ауылдық
округінің әкімі Ө.Өтепәлі
Достарыңызбен бөлісу: |