Макарон өнімдеріне жалпы сипаттама



бет1/11
Дата03.01.2022
өлшемі1.14 Mb.
#451408
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Макарон


Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлімі

2.1. Макарон өнімдеріне жалпы сипаттама. 

2.2. Қосалқы шикі заттар және су.

2.3. Макарон өнімдерін шығару технологиясы.

2.4. Макарон өнімдерін өндіру процестеріндегі негізгі операциялар

2.5. Макарон қамырын даярлау, вакуумдау

2.6. Макарон өнімдерінің ассортименті.



2.7. Макарон бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Макарон өнімдеріне жалпы сипаттама. 

Макарон өнімдері ең алғаш Азия елдерінде ертеден белгілі болған. Орта ғасырларда неополитон саудагерлері макарон өнімдерін АҚШ-тан Италияға әкелген. Содан бастап Италия макарондардың Отаны атанған. «макарон - италяндардың дәстүрлі тағамы» деп атауға болады. 
XVIII ғ. Италияда, Францияда макарон өнімдері өндірісте механикалық престерімен шығарыла бастады. Қазақстан үшін макарон өнімдерін шығару жаңа сала. 

Макарондық қамырдың рецептурасы ұнның сортына және қоспаның түрлеріне байланысты. Макарон жасау үшін әр түрлі сортты ұнды араластыруға болмайды. 

Макарондық қамыр илеуге керекті судың мөлшері, қамырдың ылғалына, сағыздың саны мен сапасына және ұнның шығымдылығына байланысты алынады. Шығарылған өнімнің түріне қарай, қамырлардың ылғалдылығы 25,0-32,5% шамасында болу керек. 
Макарон өнімдері жақсы сақталады. Олардың көптеген тағамдар және гарнирлер дайындауға болады. Макарон өнімдерінің тағамдық құндылығы жоғары. Олардың құрамына белоктар 9-11,8 пайыз, көмірсулар 70-75 пайыз, майлар 0,9-2,7 пайыз, клетчатка, минералды заттар кіреді. 100 г өнімнің энергетикалық құндылығы 330-340 ккал тең. 
Макарон өнімдері жоғары құндылығымен жақсы сіңімділігімен, одан тағамдарды тез және жеңіл дайындаумен сипатталады. Макарон өнімінің құрамына сіңімді көмірсулар 70-79 пайыз, белоктар 9-13 пайыз, майлар 1,0 пайыз, минералды заттар 0,5-0,9 пайыз, клечатка 0,1-0,6 пайыз, ылғал 10 пайызға дейін болады. 

Э нергетикалық құндылығы шамамен 100 г шаққанда 1,5*103 кДж құрайды. Тағамдық құндылығы ұн сорты байытқыш қоспаларға байланысты. Макарон өнімдерін өндірісінің даму бағыттарының бірі амин қышқылы, витаминдер және минералды заттар құрамы теңестірілген өнімдер құру болып табылады. 
Теңестірілген тамақтану нормаларына сәйкес организімге толық сіңу үшін белок пен көмірсу қатынасы 25 пайызды құру қажет. Сондықтан құрамында шамамен 12 пайыз белок бар өнімдеріне қосымша сондай мөлшерде белок қосылу мүмкін. Макарон өнімдерінде мизин, метеонин, треонин сияқты амин қышқылдар мөлшері жеткіліксіз құрамын жұмыртқа өнімдерін қосса, олардың мөлшері көбейеді. 

Ұ нның химиялық құрамы: жұмсақ шыны бидайдан алынған макарондық ұнның химиялық құрамы наубайханалық ұнның химиялық құрамынан айырмасы жоқ, ал қатты бидайдан алынған ұнда белок пен минералды заттардың мөлшері біраз көбірек болады. Орташа бидай ұнында 12 % белок, 35 % крахмал болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет