МАҚҰлданды «ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Басқармасының 2014 ж. 01. 04 шешімі, №33 хаттама бекітілді



Дата16.06.2016
өлшемі89.31 Kb.
#139970


МАҚҰЛДАНДЫ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

Басқармасының

2014 ж. 01.04 шешімі,

№33 хаттама


БЕКІТІЛДІ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

Директорлар кеңесінің

2014 ж. «23» сәуірдегі шешімі,

№3/2014 хаттама

(хаттамаға №5 қосымша)




«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және оның еншілес тәуелді ұйымдарының демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету саясаты
Осы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес тәуелді ұйымдарының демеушілік және қайырымдылық саясаты (бұдан әрі-Саясат) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес тәуелді ұйымдарының демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетудің негізгі қағидаттары мен басымдықтарын белгілейді.

Осы Саясаттың мақсаты «Самұрық-Қазына АҚ Директорлары кеңесінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы (№86 хаттама) шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ тобына енетін ұйымдардың демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетудің бірыңғай саясатын іске асыру шеңберінде демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету шығындарын жоспарлаудың айқындылығын және тиімді басқаруды қамтамасыз ету болып табылады.

Осы Саясатта келесі анықтаулар мен қысқартулар қолданылады:


Қайырымдылық көмек

- ҚМГ/ЕТҰ уәкілетті органының шешімімен заңды (коммерциялық емес) және жеке тұлғаларға тегін негізде көрсетілетін қаржылық, ұйымдастыру және өзге материалдық көмек;

ЕТҰ

- еншілес ұйымдар және тәуелді қоғамдар, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ-ның бірлескен бақылау ұйымдары және бірлескен кәсіпорындары;

ҚМГ жалғыз акционері

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ;

ҚМГ

- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

Компания

- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары мен тәуелді қоғамының жиынтық атауы;

Ұйым

- демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсетуші ҚМГ немесе ЕТҰ;

Демеушілік көмек

- ҚМГ/ЕТҰ уәкілетті органының шешімі бойынша көрсетілетін Қор/ҚМГ/ЕТҰ туралы кез келген позитивтік ақпаратты тарату мақсатында заңды (коммерциялық емес) және жеке тұлғаларға еркін тегін негізде қаржылық, ұйымдастыру және өзге де материалдық көмек;

Қор

- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

Елдің қорғансыз топтарын (ата-анасыз қалған балалар; көпбалалы отбасындағы балалар; қамқоршысыз қалған қариялар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері, мүгедектерге) әлеуметтік қолдауды қоса алғанда қоғамның әлеуметтік, мәдени және гаманитарлық, білім, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мәдениеті және спорт салаларын қолдау және дамыту; табиғаттың дүлей күшінен зардап шегушілерге көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, жалпы республикалық және өңірлік мәнді іс-шараларды өткізу мақсаттарында Компания демеушілік немесе қайырымдылық көмекті көрсетеді.

Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек:

- діни ұйымдарға;

- саяси партияларға;

- коммерциялық ұйымдарға;

- тұтыну кооперативтеріне;

- жеке кәсіпкерлерге;

- бейрезиденттерге;

- демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы шешімді тура және (немесе) жанама белгілеуге және (немесе) қабылданатын шешімге ықпал жасауға мүмкіндігі бар ҚМГ-ның, ҚМГ жалғыз акционерінің лауазымдық тұлғалары құрылтайшы болып табылатын ұйымдарға көрсетілмейді.

Егер, тиісті жылға Демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспарымен көзделмесе, бедел-бейне жобаларын іске асыруға демеушілік көмек Демеушілік немесе қайырымдылық көмекті жоспарлау, көрсету, мониторингі және бақылау жөніндегі қор тобына енетін және Қор жанындағы Демеушілік және қайырымдылық көмек жөніндегі кеңес беру кеңесінің жұмыс органы болып табылатын Қор мен Ұйымның бірыңғай саясатын іске асырушы «СК-Астана» корпоративтік қоры арқылы белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

Бедел-бейне жобаларына демеушілік көмек көрсету басымдықтарына сәйкес және Қазақстанның, Қор және/немесе Компанияның бедел-бейнесін арттыруға бағытталған жобалар жатады.

Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген тиісті жылға арналған демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әрі демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуге жылдық шығыс шеңберінде ақша бөлу және/немесе ақша беру арқылы коммерциялық емес ұйымдардың жазбаша жүгінулері бойынша жүзеге асырылады.
Жеке тұлғаларға демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек мамандандырылған коммерциялық емес ұйымдар арқылы көрсетіледі, олар заңды тұлғалардың жүгінулерінің дәлелділігін тексереді әрі демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету қаражатының мақсатты қолданылуына жауап береді.

Компанияда есепке алынған жұмыс істемейтін зейнеткерлерге қайырымдылық көмек тікелей жеке тұлғамен не жасалған ұжымдық шарт немесе меморандумға сәйкес кәсіподақ немесе басқа мамандандырылған коммерциялық емес ұйымдар арқылы көрсетіледі.

Демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету саласында жүгінулерді қарау тәртібі, жоспарлау, көмек көрсету, мониторингі және есеп, сондай-ақ демеушілік көмекті ақпараттық бедел-бейне сүйемелдеу «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ Директорлары кеңесімен бекітілген (бұдан әрі - Қағида) «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдардың демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету үлгілік қағидасымен белгіленеді.
Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы жазбаша жүгінулерді қарау және басымды демеушілік жобаларды және қайырымдылық акцияларды алдын ала іріктеу кезінде Компания келесі қағидаттар және басымдылықтарды басшылыққа алады:

Негізгі қағидаттар:

1) демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету әділ (орындылығы) қажеттілігінің болуы;

2) шешімдер қабылдау кезінде айқындылық және жауапкершілік;

3) демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету басымдықтарына сәйкестік;

4) демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралардың тәжірибелік тиімділігі;

5) Бюджетте демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету үшін қаражаттардың болуы;

6) демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету құралдары шеңберінде бөлінген қаражаттардың мақсатты жұмсалуын бақылау;

7) Компанияның бедел-бейнесін арттыруға демеушілік көмектің позитивті ықпалы;

8) Демеушілік және қайырымдылық саласында Қор және Компанияның бірыңғай саясатын іске асыру.

Демеушілік көмек көрсетудің негізгі басымдықтары:

1) Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Респуликасы Премьер-Министрінің, Жалғыз акционердің, ҚМГ (ЕТҰ) тапсырмасы бойынша іс-шараларды;

2) спорттың жеке түрлерін, спорт іс-шараларын және спорт инфрақұрылымын дамытуды;

3) әлеуметтік-мәнді жобаларды;

4) Қор және/немесе Компанияның (халықаралық, мұнайгаз конференциялар, форумдар, инвестициялық саммиттер, дөңгелек үстелдер және т.с.с.) қызметіне байланысты ұйымдастыру-практикалық іс-шараларды;

5) Қазақстанның мәнді күндерін мейрамдауға байланысты мәдени-көпшілік іс-шаралар немесе салтанатты іс-шараларды;

6) өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды;

7) Қазақстанның, Қордың және/немесе Компанияның бедел-бейнесін арттыруға/жылжытуға бағытталған өзге бедел-бейне жобаларды қолдау болып табылады.



Қайырымдылық көмек көрсетудің негізгі басымдығы келесіні қолдау және қаржыландыру:

1) Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Респуликасы Премьер-Министрінің, Жалғыз акционердің, ҚМГ (ЕТҰ) тапсырмасы бойынша іс-шараларды;

2) коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік саласының жарғылық қызметін (ардагерлер ұйымдары, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер ұйымы, балалар үйі, интернаттар және орталықтар, қоғамдық қайырымдылық қорлары) және олардың жарғылық қызметі шеңберінде олар іске асырудағы қайырымдылық акциялары мен іс-шараларын;

3) жасалған ұжымдық шарт немесе меморандумға сәйкес Компанияда есепке алынған жұмыс істемейтін зейнеткерлерді, сала ардагерлерін;

4) Қазақстан Республикасы аумағында туындаған табиғат және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты іс-шараларды қолдау және қаржыландыру болып табылады.

ЕТҰ/Компанияның демеушілік және қайырымдылық көмегінің жалпы шоғырланған жылдық ауқымы, Резервтер сомаларын ескергенде, демеушілік және қайырымдылық көмекке шығыстарды шегеруге дейін ЕТҰ/Компанияның жоспарланған шоғырланушы жылдық таза пайдасынан 3 (үш) % мөлшерінде лимиттен аспауы тиіс.

Ең болмағанда, Қазақстан Республикасының Президентінің, Жалғыз акционердің, ҚМГ (ЕТҰ үшін) тапсырмасы бойынша не Компания немесе үлкен мәні бар жалпы Қазақстан Республикасы үшін демеушілік және қайырымдылық көмекке шығыстарды шегеруге дейін ЕТҰ/Компанияның жоспарланған шоғырланушы жылдық пайдасынан 3%-нан артық, дегенмен 5 (бес) %-дан аспайтын демеушілік және қайырымдылық көмектің жалпы шоғырланушы жылдық көлемінің лититінен артуына рұқсат етілмейді.

Бір жыл ішіндегі қызметтің теріс қаржылық нәтижесінде немесе егер, демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсеткен жағдайда белгіленген тәртіпте теріс қаржылық нәтиже туындаған жағдайда, шығыстардың жылдық жоспары бекітілмейді және демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсетілмейді.

Демеушілік және қайырымдылық көмекке шығыстардың жылдық жоспары шеңберлерінде және Қор Басқармасымен бекітілген Тиісті жылға арналған демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсетіледі.

Іс-шаралар жоспарын бекіткенге дейін болжанбаған және қауырт сипаттағы іс-шараларға заңды (коммерциялық емес) және/немесе жеке тұлғалардың жедел жазбаша жүгінулері бойынша ғана қайырымдылық көмек көрсетуге рұқсат етіледі.

Компания демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы өтінімінен келесі жағдайларда бас тартуға құқылы:

1) жүгінудегі жоба мен іс-шаралардың демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсетудің негізгі басымдықтарына сәйкес келмеуі;

2) Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету үшін Бюджетте қаражат болмай/жетпегенде;

3) жоқтығы, оның ішінде демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсетудің әділ қажеттілігін (мақсаттылығын) анықтауға мүмкіндік болмағанда;

4) жоба немесе іс-шараның нақты тиімділігінің, оның ішінде Компания үшін болмағанда;

5) жүгінулердің Үлгілік ережелердің талаптарына сәйкес келмеуі, белгіленген мерзімдерде қосымша сұратқан құжаттарды ұсынбағанда;

6) алушының бұрын көсетілген демеушілік немесе қайырымдылық көмекті мақсатты қолдану туралы есепті ұсынбауы, алушының демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы бұрын жасасқан шарттардың талаптарын орындамағанда;

7) Күмәнді алушылар тізбесіне енгізілген заңды және жеке тұлғалардан жүгінулер түскенде;

8) Қор жүгінуден бас тартқанда;

9) осы Саясатқа сәйкес демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсетілмейтін заңды немесе жеке тұлғалардан жүгінулер түскенде.

Демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету мониторингі ақша құралдарын мақсатты қолданылуын бақылау, сондай-ақ көрсетілген демеушілік көмек шеңберінде көмек алушылардың өткізген іс-шаралардың тиімділігін бағалау мақсатында «СК-Астана» корпоративтік қоры тарапының бақылауымен Компания жүргізеді.

Алушының демеушілік және/немесе қайырымдылық көмекті мақсатты қолданбау фактісі анықталған кезде, оның қарастыруға қайта жіберген жүгінуі қабылданбайды, оларды мақсатты қолданбау көлеміндегі бөлінген ақшалар немесе ұсынылған мүлік Қазақстан Республикасының заңымен демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек алушымен жасалған шарттпен белгіленген тәртіпте қайтарылуға тиесілі.

Қаражатты мақсатты қолданбау және жосықсыз алушы туралы ақпарат Қор, Ұйымға жіберіледі.

Демеушілік қызмет Компанияның беделін нығайтуға, позитивті бедел-бейнені құруға, Компанияның және демеушілік қаражатты алушылардың демеушілік қызметті ақпараттық бедел-бейнелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және өткізу арқылы қоғамның Компанияны тану дәрежесін арттыру және қабылдауды жақсартуға ықпал жасауы тиіс.

Демеушілік көмек алушының алынған қаражат шеңберінде өз қызметінің нәтижелерін көрсете отырып, көпшілік үшін әр жобаны іске асыруға қарай және/немесе іске асыру нәтижелері бойынша көпшілік есепті жыл сайын орналастыру шарттарымен бірге көрсетілуі тиіс.

Демеушілік қызмет алушы әзірлеген Компанияның бедел-бейнесі жылжыту бойынша медиа жоспары негізінде бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті іс-шаралармен сүйемелденуі тиіс.

Осы міндеттеме орындалмаған жағдайда, компания демеушілік көмек қаражатын қайтаруды талап етуге құқылы.

Осы Саясат, сондай-ақ Қор саясаты және Қағида Ұйымның веб-сайтына орналастырылуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет