Мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негіздері Орындаған: Ақжол А. Тобы : 1901-21 «Құзырет» және «құзыреттілік»



бет1/2
Дата05.05.2023
өлшемі6.18 Mb.
#473250
  1   2
Ақжол А. 1901-21


Мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың
негіздері
Орындаған: Ақжол А.
Тобы : 1901-21
«Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымы туралы түсінік
Мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
«Құзырет» түсінігі алғаш рет іс-әрекеттік білім беру саласында (performance-based education) АҚШ-та ХХ ғасырдың 60 жылдары қолданыла бастады, оның мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау болатын. Бастапқыда «оқушылар-дың құзыреттері» бихевиоризм дәстүрінде «білімді автоматтан-дыру» нәтижесінде қалыптасқан, қарапайым дағдыларға келтірілді. Тұжырым бойынша, тәжірибелік білімдер түріндегі құзыреттер оқушылардың дербестігі мен шығармашылығын дамыту үшін жеткіліксіз болғандықтан, құзырет пен құзыреттілік түсініктері ажыратылды: (competence and competencies).
Құзырет - нақты әрекет пен үдерістерге байланысты тиімді, өнімді әрекеттер жасай алатындай дара тұлға сапаларының өзара байланысқан бірлестігі (білім, іскерлік, дағдылар, іс-әрекет түрлері) (Г.Ж. Меңлібекова).
C«Құзырет - қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс - әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтық шеңбері» деп келтірілген (С.Ожегов сөздігінде).
Құзыр – адамның тұлға болып қалыптасуындағы қызмет барысында байқалатын мінез-құлқы (Қ.С.Құдайбергенова).
І «Құзыр» – әмір, билік. ІІ «Құзыр» – белгілі бір адамның жетік білетін мәселесі, хабардарлық. «Құзырет» – белгілі бір мекеме немесе қызметкер уәкілдігінің міндеті (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде).
«Құзырет» - білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстарды құрайтын жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында нәтижелі іс-әрекеттерге қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жаңғыртуға дайындық (С.И. Ферхо).
«Құзырет» ұғымы сияқты «құзыреттілік» ұғымына да анықтамалар көптеп келтірілген.
«Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік - кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, іскерлігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
Құзыреттілік - тұлғаның теориялық білімді және практикалық тәжірибені белгілі бір міндеттерді шеше білуге қолдануға қабілеттілігі және дайындығы (Ю.В. Варданян).
«Құзыреттілік» ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес, әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез – құлықтық, яғни оқыту нәтижелерін (білім, іскерлік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды: құзыреттілік - алған білім, іскерлік, тәжірибе, мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс - әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті; құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интег-рациясы; құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында да қалыптасады (М.В.Рыжков).
«Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
«Құзырлылық»-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді
Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педогогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз.
Педагог шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзіреттілік аясын кеңітеді. Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі –нәтижелі білім берудің негізі, оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.
Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.
Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі.
Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс- тəсілдерін табысты қолдана білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет