Мамандық пәні (дері) бойынша мемлекеттік



Дата08.07.2016
өлшемі128.56 Kb.
#185333



Мамандық пәні (дері)

бойынша мемлекеттік

емтихан бағдарламасының титульдік беті





Форма

Ф СО ПГУ 7.18.3/24


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Кафедра ______Психология және педагогика_____

(кафедра атауы)




6D010300-Педагогика және психология мамандығы арналған
Оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

Павлодар


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной


Мемлекеттік емтихан бағдарламасын бекіту парағы




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.3/25




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті





БЕКІТЕМІН

С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры

__________ Орсариев А.А.

«___»_____________20__ж





6D010300-Педагогика және психология мамандығы арналған
Оқуға түсу емтихан бағдарламасы

Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтың ҚР МЖМБС 5.04.033-2011 ж. негізінде әзірленді.


Құрастырушы: ___________ п.ғ.к., ПжП кафедрасының профессоры Кудышева А.А.
Кафедра __Психология және педагогика__
«___»__________20__ж. №____ хаттама психология және педагогика кафедра отырысында ұсынылды.
Кафедра меңгерушісі ________________ Бурдина Е.И. «____» ________20__ж.

«_____»______________20__ж. №____ хаттама

Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде құпталды.

ОӘК төрайымы ________________ Ксембаева С.К. «____» ________20__ж.



КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы ________________ Бегимтаев А.И. «____» _________20__ж.
МАҚҰЛДАНДЫ:
АҚБД директоры ________________ Нургожин Р.Ж. 20___ж «___»_________



ОӘБ бастығы __________________ Темиргалиева А.Б. 20___ж «___»_________

«___»______________20__ж. №____ хаттама



1. Оқуға түсу емтиханның міндеттері мен мақсаты

Берілген бағдарлама 6D010300 Педагогика және психология бағыты бойынша магистратураға оқуға түсуші абитуриенттармен оқуға түсу тексерісін өткізу үшін арналған.

Бағдарлама жалпылама сипатта келеді, докторантураға түсушілердің психология бойынша кешенді және толық білімін анықтауға бағытталған. Бағдарлама мазмұны оқуға түсу емтиханына дайындалу барысында олармен меңгерілген оқу пәндерінің мазмұнының маңызды компоненттерін білуге бағыттайды.

Докторантураға түсушілер оқуға түсу емтиханы барысында интегративті жауап беруі керек, түрлі пәндерді меңгеру барысында алған білімін белсендіруі, сонымен қатар қолданбалы психологияның тәжірибелік міндеттерін шеше алу дағдысын көрсетуі тиіс.

Оқуға түсушілерді тестілеу барысында психология бойынша категориялы-түсініктік аппараттың қалыптасу деңгейі, теориялық білімі, базалық педагогикалық және психологиялық пәндерді оқу үдерісінде қалыптасқан дағды мен біліктерінің деңгейі анықталады.

Абитуриенттер «магистр» дәрежесі болса және 6D010300-Педагогика және психология мамандығының пәндерін-пререквизиттерін оқыса оқуға түсу тексерісіне қатыса алады.



2. Оқуға түсу емтиханын өткізу нысаны

Қорытынды мемлекеттік аттестация 6D010300 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқуға түсу емтихан тиапсыру кешенді емтихан ретінде (тест + ауызша емтихан) түрінде болады. Оқуға түсу емтиханның түрі ПМУ Ғылыми кеңесі отырысында бекітіледі.



3. Білімді бағалау тәртібі

Оқуға түсу емтиханы жалпы педагогика және жалпы психология, педагогикалық психология, оқу үдерісін нормативті-құқықтық қамтамасыз ету пәндері бойынша құрылады. Абитуриенттерге 50 сұрақ беріледі. Бір тапсырманы орындау уақыты 1,5 минут. Тест тапсырмалары емтиханның 60 % құрайды.

Ауызша емтихан бөлігі педагогика тарихы, әлеуметтік педагогика, жас ерекшелік психологиясы пәндері бойынша және оқуға түсу емтиханның 40 % құрайды.

4. Білімді бағалау талаптары:

Доктарантураға түсуші жоғары деңгейде тәжірибелік, ғылыми-зерттеушілік, педагогикалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық іс-әрекетте кәсіби құзіреттілігін көрсетуі тиіс. Келесіге қабілеттілігін және дайындығын байқатуы керек:



«Үздік» егер абитуриент Педагогика, психология, мамандық бойынша пәндерді оқыту әдістемесі пәндері бойынша теориялық білім жоғары деңгейде меңгерсе, сонымен қатар ғылыми жобалық әрекет дағдылары, түсініктеме өткізу білімі, ЖОО оқытуды түрлі формаларын психологиялық білімдерін меңгеру деңгейлері жоғары болған жағдайда; ғылыми ойлау мәдениетін, жалпылау, фактілеуді талдау мен синтездеу және теориялық ережелерді біледі танымдық және түрткілік-еріктік саланың, өзіндік сананың, психомоториканың, қабілеттердің, мінездің, темпераменттің, тұлғалық сипатының функционалды қабілеттерін және адамның психикалық қызмет етуін теңестіру мақсатымен психикалық ауытқулар акцентуациясының даму деңгейін пихологиялық диагностикалай алуын біледі.

«Жақсы» егер абитуриент педагогика, психология, , мамандық бойынша пәндерді оқыту әдістемесі бойынша алынған білімдерін практикада қолдана алса, психологиялық эксперименттің практикасы мен теориясын: оқытудың тиімділігін бағалау талаптарын дұрыс таңдай алса, әр нақты жағдайда оқытудың әдісін дұрыс қолдана білсе, оқыту әдісін жетілдіріп отырса, сабақ үстінде өзінің ұсынысын қоса алған жағдайда қойылады; библиографиялық және ақпараттық-ізденушілік жұмысты атқару және ғылыми мақалаларды, есептерді, қорытындыларды және т. б. дайындау және кәсіби міндеттерді шешу барысында оны қолдануын түсінеді

«Қанағаттанарлық» егер абитуриент теориялық және практикалық білімдері болса;

«Қанағатсыз» егер абитуриент теориялық және практикалық білімдері болмаса.

Мамандық бойынша оқуға түсу емтихан бағдарламасының мазмұны

Педагогика және психологияның теориялық негізі

Тақырып 1. Педагогика пәні. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде

Антикалық және заманауи ойда «педагогика» түсінігі. Ғылым ретінде педагогика зерттеуінің объектісі. Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде. Заманауи кезеңде педагогикалық ғылымның міндеттері. Педагогикалық ғылымның негізгі категориясы мен түсініктері. Педагогикалық ғылым және оның мазмұны. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.



Тақырып 2. Психология пәні. Психологияның дамуы туралы тарихи мәліметтер

Психологияны ғылыми білімнің басқа салаларынан ғылым ретінде бөлу. Ғылыми пән ретінде психология зерттеуінің объектісі. Заманауи психология, оның міндеттері мен ғылым жүйесіндегі орны. Заманауи психологиялық ғылым құрылымы. Психологияның базалық және қолданбалы салалары және олардың міндеттері. Психологияның қиылысу салаларының пайда болуы. Жалпы психология туралы түсінік.



Тақырып 3. Педагогикалық және психологиялық зерттеулер әдістері

Әдіснама ғылыми танымның әдістері туралы философиялық білім ретінде. Педагогикалық ғылым әдіснамасы. Экспериментальды-эмпирикалық деңгей әдістері. Теориялық деңгей әдістері. Психологияның негізгі әдістері туралы түсінік. Бақылау, лабораториялық және табиғи эксперимент. Анкета және сұхбат, материалды жинау мен өңдеудің басқа да әдістері. Педагогқа қол жетімді психологиялық зерттеу әдістері. Психодиагностика, психологиялық тесттер және психологиялық зерттеудің нақты әдістемесі.


Тақырып 4. Психика және сана

Психикалықтың рефлеклы табиғаты жүйке жүйесінің қасиеті ретінде. Психологиялық заңдылықтардың объективті сипаты. Ми және психика. Психика эволюциялық дамудың өнімі және факторы ретінде. Антропогенез үдерісінде психикалық іс-әрекеттің сапалық өзгеруі. Психика және сана. Сана және тіл. Сана құрылымы және оның негізгі психологиялық сипаттамасы.



Тақырып 5. Психикалық танымдық үдерістер

Таным. Танымдық іс-әрекет. Психикалық танымдық үдерістер. Түйсік пен қабылдау туралы түсінік. Түйсік бейнелеу теориясы негізінде. Рецепторлар және анализаторлар. Түйсікте ақпаратты таңдау. Түйсік түрлері мен классификациясы. Қабылдау түрлері мен классификациясы. Бақылау және оның тиімділік шарты.Ес туралы түсінік. Ес теориясы. Ес және іс-әрекет. Естің физиологиялық негізі. Ес түрлері. Үдерістер.Танымдық іс-әрекеттің ең жоғарғы формасы ретінде ойлау туралы түсінік. Ойлаудың әлеуметтік табиғаты. Ойлау және тұлға. Түсінік. Ойлау операциясы. Ойлау үдерісінде талдау мен синтез. Ойлау мен сөйлеу. Ойлау түрлері және оның жеке ерекшеліктері. Оқушылардың ойлауын зерттеу әдістері.Қиял туралы түсінік және оның әлеуметтік табиғаты. Қиял түрлері. Фантазия. Арман және тәжірибелік іс-әрекет. Баланың ойын іс-әрекетінде және ересектің шығармашыл іс-әрекетіндегі қиялдың ролі. Зейін туралы түсінік. Зейіннің теориялық концепциясы. Зейін түрлері. Зейін қасиеттері. Мектепте оқу үдерісіндегі зейін. Оқушы зейінін оқуға шоғырландыру және ұстап тұру жолдары.



Тақырып 6. Балалардың жеке және жас ерекшеліктері, олардың оқу-тәрбиелік үдерісте есепке алу

Психология тұрғысынан жас сипаттамасы. Кіші мектеп жасы. Жасөспірімдік жас. Тұлғаның жеке ерекшеліктері және оны педагогикалық үдерісте есепке алу.



Тұлға іс-әрекетте және қарым-қатынаста

Тақырып 7. Іс-әрекет

Іс-әрекет түсінігі. Адам іс-әрекетінің пәндік сипаты. Қажеттілік адам белсендігінің қайнар көзі ретінде. Адам іс-әрекетінің құрылымы. Әрекет мақсатқа қол жеткізуге бағытталған үдеріс ретінде. Әрекет және қимыл.



Тақырып 8. Қарым-қатынас

Қарым-қатынас туралы түсінік. Қарым-қатынас пен іс-әрекет біртұтастығы. Сөйлеу механизмдері және оның бұзылыстары. Бала тілінің дамуы.Қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті және персептивті жақтары. Қарым-қатынас ақпарат алмасу ретінде. Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас. Қарым-қатынас тұлғааралық өзара әрекеттесу ретінде. Педагогикалық қарым-қатынас және оның әлеуметтік-психологиялық механизмдері. Тұғааралық қарама-қайшылық және оны шешуде мұғалімнің ролі. Адаммен адамды қабылдаудың психологиялық механизмдері. Қарым-қатынастағы кері байланыс.



Тақырып 9. Кіші топтар мен ұжымның психологиясы

Топ түсінігі. Кіші топ психологиясы және оның түрлері. Топ дамуының деңгейі бойынша оның типологиясы.Ұжым топ дамуының ең жоғарғы деңгейі ретінде. Ұжымда тұлғааралық қарым-қатынасты әрекеттік. Топ және ұжымдар дифференциация. Тұлғааралық таңдау. Социометрия. Сынып ұжымындағы басшылық. Ұжымдық идентификация. Топ, ұжым ауызбіршілігі және коллективизм тәрбиелеу үдерісінде.



Тақырып 10. Тұлға

Психология мен педагогикада тұлға түсінігі. Индивид, тұлға және жеке даралық. Тұлға құрылымы. Тұлғаның биологиялық және әлеуметтік құрылымы. Тұлға адамның әлеуметтік сапасы және оның жүйелік құрылымы ретінде. Тұлғаның негізгі параметрі. Тұлға бағыттылығы. Түрткілер мен қызығушылықтар. Тұлға идеалдары, сенімдері мен дүниеге көзқарасы. Тұлға түсінігі. Субъект іс-әрекеті тұлға дамуының факторы ретінде. Өзіндік сана, өзін-өзі бағалау және оның тұлға қалыптасуындағы ролі. Психология мен педагогикада тұлға қалыптасуының түсінігі. Тұлға дамуының қозғаушы күштері. Оқушы тұлғасын зерттеу әдістері.



Мектепте оқыту-тәрбиелік үдерістің теориясы мен тәжірибесі

Тақырып 11. Мектептегі оқыту-тәрбиелік үдеріс мұғалім іс-әрекетінің объектісі және біртұтас құбылысы ретінде

Оқыту-тәрбиелік үдерістің біртұтастығы. Оқыту-тәрбиелік үдеріс мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде. Біртұтас педагогикалық үдерістің белгісі, қасиеттері мен сапасы. Қарама-қайшылық үдерістің қозғаушы күші ретінде.



Тақырып 12. Тәрбие педагогикалық үдерісте

Тәрбие мақсаты мен оның әлеуметтенуі. Жан-жақты үйлесімді тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының өзара байланысы. Мектептегі тәрбиелік жүйе.



Тақырып 13. Оқыту-тәрбиелік үдерісте тәрбиелеу әдістерінің формасы, құралдар жүйесі

Тәрбиелеу құралы, формасы және әдісі туралы түсінік. Сананы қалыптастырудың әдістері. Іс-әрекетті ұйымдастыру әдстері және тәртіп тәжірибесін қалыптастыру.



Тақырып 14. Оқыту-тәрбиелік үдерісте мұғалім мен балалар ұжымының өзара әрекеттесуі және өзара байланысы

Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері. Оқушылар ұжымы дамуының негізгі заңдары. Оқушылар ұжымы қалыптасуының түрлі кезеңінде іс-әрекет және қарым-қатынастың өзара байланысы. Балалар ұжымымен жұмыс істеуде мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері. Балалар ұжымының жағдайын зерттеу әдістері.



Тақырып 15. Заманауи мектепте білім беру мазмұны

Білім беру. Өсіп келе жатқан ұрпақты дайындаудағы әлеуметтік талаптар. Білім беру мазмұны туралы түсінік. Ғылым негіздерін таңдау үшін критерийлер жүйесі. Білім беру мазмұны компоненттерінің сипаттамасы. Білім беруді стандарттау. Нормативті құжаттар. Жалпы орта білім беру стандартына талаптар.



Тақырып 16. Мектепте оқыту. Заманауи сабақ

Оқыту мәні, мақсаты, міндеттері, қызметі, заңдылықтары, ұстанымдары және кезеңдері. Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың психологиялық негіздері. Оқытуды ұйымдастыру формасы туралы түсінік. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы. Заманауи сабаққа талаптар.



Тақырып 17. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіруде заманауи тұрғылар.

Оқыту үдерісін белсендіру. Таным теориясы оқу белсенділігінің әдіснамалық негізі ретінде. Белсенді оқу мәні. Танымдық белсенділік мәнін түсінудегі екі тұрғы. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіруде әрекеттік тұрғы. Тұлғалық-бағытталған тұрғы. Оқу үдерісін зерттеушілік тұрғы. Мәселелік оқыту. Оқытуды алгоритмдеу. Дифференциялық оқыту. Ұжымдық-танымдық іс-әрекет. Танымдық қызығушылықты қалыптастыру. Педагог новатор тәжірибесінде оқыту іс-әрекетін белсендендіру.



Тақырып 18. Оқыту-тәрбиелік жұмыс нәтижесін есептеу және бағалау.

Басқару және есептеу мәні. Мектепішілік басқару. Басқару түрлері. ИДБ тексерудің негізгі әдістері. Оқушылардың үлгермеу себебі. Тәрбиелік жұмыс нәтижелерін бағалау. Оқушының тәрбиелі болуы және оның критерийі. Оқыту және тәрбиелеу үшін сабақ нәтижелілігін талдау сызбасы.



Мектепте оқыту-тәрбиелік үдерісті басқару

Тақырып 19. Нормативті құжаттардың және ҚР – да білім беру жүйесінің сипаттамасы

«Білім беру туралы» ҚР Заңы (2011). "Ғылым туралы" ҚР Заңы. Білім беру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары. Білім берудің мемлекеттік стандарты. Білім беру жүйесін ары қарай жетілдірудегі маңызды факторлар. 2020 ж. дейін білім беру дамуының мемлекеттік бағдарламасы.



Тақырып 20 Мектептің оқыту-тәрбиелік үдерісін диагностикалау басқарудың негізі ретінде

Оқыту үдерісінің өту сапасын және жағдайын диагностикалау. Педагогикалық үдеріс диагностикасының мәні. Педагогикалық ақпарат. Шығыс, ағымды және оперативті ақпарат.



Тақырып 21. Оқушының интеллектуалды және тұлғалық потенциалын диагностикалау оқыту мен тәрбиелеу субъектісі ретінде

Оқыту-тәрбиелік үдерісті тиімді басқару. Әлеуметтік шынайылық объектілеріне технологиялық тұрғы. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары. Оқытудың дәстүрлі технологиясы. Оқытудың дәстүрлі технологиясының әдістері. Жаңа педагогикалық технологиялар. Біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясы.



Тақырып 22. Педагогикалық технологиялар мен психологиялық техникалар негізінде оқыту-тәрбиелік үдерісті тиімді басқаруды ұйымдастыру

Оқушы интеллекті. Интеллектуальды потенциал. Өзекті даму аймағы. «Жақын даму аймағы». Тұлғалық қасиеттер мен сапалар. Оқушының психикалық танымдық үдерісін диагностикалау. Оқушының тұлғалық қасиеттерін диагностикалау.



Ғылым философиясы және тарихы

Тақырып 23. Ғылым философиясы және методологиясы

Ғылым философиясының пәні. Ғылыммен және философиямен байлынысы.Әдістемелік концепциялармен мәселелерінің көпшілігі. Ғылым философиясының негізгі тақырыптары.



Тақырып 24. Мәдениет пен цевилизация үшін ғылымның рөлі.

Мәдениет жүйесіндегі ғылым. Ғылымның әлеуметтегі функциясы мен рөлі.Ғылым және философия. Философия мен ғылымынң байланысының тарихы.



Тақырып 25. Ғылымның пайда болуы. Ғылым дамуының негізгі кезеңдері.

Ғылымның пайда болуының тарихы. Миф және ғылым. Технология және ғылым.



Тақырып 26. Ғылым білімінің құрылымы

Ғылым білімі дамитын жүйе ретінде. Ғылымдағы теоретикалық, эмпирикалық, фундаметалды және тәжірибелік



Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Андреева Г. М. Социальная психология: учеб. для вузов. - М., 2010.

  2. Асмолов А.Г. Психология личности: культурно-историческое понимание развития человека. – 3-е изд., испр. и доп. – М., 2007.

  3. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., 2008.

  4. Общая психология: учеб. для студентов вузов: в 7 т. / под ред. Б. С. Братуся. - М., 2007.

  5. Психология индивидуальных различий: Тексты / под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М., 2008.

  6. Психология личности: Тексты / под ред. Ю.Б.Гиппенрейтер, А.А.Пузырея, В.В. Архангельской. – М., 2009.

  7. Теории личности в западно-европейской и американской психологии / под ред. Д.Я. Райгородского. – Самара, 2006.

  8. Хмелл Л., Зиглер Д. Теории личности (основные положения, исследования и применение). – СПб, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

















  1. Дерябин, В. С. Психология личности и высшая нервная деятельность:психофизиологические очерки.-М.:Изд-во ЛКИ.-2010.-202 с

  2. Давыдов В.В. Виды обобщения и обучения.М.,2001

  3. Талызина Н.Ф. Практикум по педагогической психологии: Учебное пособие для студ. высш. учеб. заведений. - М.: Издательский центр «Акаде­мия», 2002.- 192 с.

  4. Шапарь, В. Б.  Практическая психология:тесты, методики, диагностика.-Ростов н/Д:Феникс.-2010.-662 с.

  5. Бурова Е.Е. Соизмеримость в социогуманитарной дисциплинарности. Алматы: Казак, университет, 2000.

  6. В.С. Степин. Теоретическое знание. - М., 2000.

  7. Койре А. Очерки истории философской мысли. О влиянии философских концепций на развитие научных теорий. - М.,2001.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет