СМЖ 08. ҚЕ 02.
Қосымша 4
Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігі
БҚО ӘББ «Орал политехникалық колледжі» МҚКК
|
БЕКІТІЛДІ
Директордың ОТЖЖ орынбасары
___________ Таубаева Г. Р
«_____» ___________ 2023 ж.
|
Тәрбие сағаты
№24 тобына арналған тәрбие сағаты: «Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл»
Тақырып бойынша сынып сағатының жоспары: «Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы» тәрбие сағаты.
Мамандығы: 07320700 – Автомобиль жолдары мен аэродомдар құрылысы және пайдалану
Біліктілігі: 3W07320702 - Жол-құрылыс машиналарының машинисі (Автомобиль кранының машинисі)
Орал қ, 2023 жыл.
Ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл.
Мақсаты: Білім алушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап,іздендіру, топтастыру
Көрнекі құралдар: Ақын кітаптары, кітап көрмесі, ақын суреті, тірек-сызба.
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушылармен амандасып, сабаққа дайынықтарын байқау. Білім алушыларға сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Ал, енді Білім алушылар, бүгінгі сабағымызға назар аударалық.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?-
- Бұл өлең жолдарының авторы кім, қане, есімізге түсірелік.
- Мағжан Жұмабаев.
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл. Толығырақ есімізге түсіру мақсатында бейнетаспаға назар аудару, одан соң өмірдерек кестесі.
Өмірдерек кестесі
Тарихи күн Болған оқиғалар
1893ж. 25. 06. Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл басында туған.
1909 ж. Мағжан Абайдың Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, содан сусындайды.
1910 - 1913жж. Уфада Ғалия медресесінде оқиды.
1913 - 1917жж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны алтын медальмен тәмамдайды.
1917 - 1923жж. "Бостандық туы", "Ақжол","Шолпан" газет - журналдарында жұмыс жасай жүріп, халық ағарту ісіне белсене араласады.
1923 - 1926жж. Мәскеуде көркем - әдебиет институтында оқиды.
1927 - 1929жж. Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызмет атқарады.
1912ж. Қазан қаласында алғашқы "Шолпан" атты өлеңдер жинағы басылды.
1922ж. Келесі өлеңдер жинағы Қазанда, Ташкенде басылады. Атақты "Батыр Баян" дастаны дүниеге келеді.
1922 - 1923жж. "Педагогика"
1925 ж. "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайы" еңбектері жарияланады.
1927 ж. Қызылжар педагогикалық техникумы мен совет партия мектебінде сабақ беріп жүреді.
1929 ж. Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалады. Содан 10 жылға сотталып, Карелияда 10 жыл айдауда болады.
1935 ж. М. Горькийге хат жазып, ұлы жазушының көмегімен абақтыдан босайды.
1937ж. 18. 03 С. Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға келеді. Бірақ
1937ж. 30. 12. қайтадан тұтқынға түседі. Сөйтіп аяулы ақын сталинизмнің құрбаны болады.
Мағжанның әкесі Бекен мен анасы Гүлсімнен тараған 7 ұл мен 2 қыз да қуғын – сүргінге ұшырайды. Олардың айыбы біреу ғана – олар Мағжанның іні - қарындастары болғандары үшін.
Қазіргі заманда Мағжаннан басқасының бәрінің де арттарында қалған ұрпақтары бар. Ал Мағжан жасында мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін, Қызылжар қаласында тұратын Шоқан Тастеміров деген кісінің қызымен ( Зейнеп ) қосылады. Бірақ 1 - 2 жылдан соң Зейнеп қайтыс болады. Азамат соғысы заманына қатысты атын Граждан деп қойған кішкентай нәрестесі де келесі жылы көз жұмады. Сол жылдары ақын қаламынан жары мен ұлына арналған талай мұң мен зарға толы өлеңдері дүниеге келеді.
- Мағжан Шығыс поэзиясы, Батыс, орыс әдебиеті және фольклор (халық ауыз әдебиеті) арқылы сусындап, мол тәлім алды.
- Есімізге түсірелік, Мағжанды қандай қырларынан тануға болады ?
Топтастыру стратегиясын қолдану
Мағжан:
Прозашы
Аудармашы
Ақын
Абайдың ізбасары
Лирик
Поэмашы
Бес арыстың бірі
Осы айтылған қырларының ішінде ерекше тоқталатынымыз: ақындығы, поэмашы.
Мағжанды бүгін ақындық қырынан танытатын өлеңдері:
«Жазғы таң», «Толқын», «Туған жер», «Сен сұлу», «Шолпы», «Мені де өлім, әлдиле» өлеңдері. Ал поэмашы қырынан «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы.
Достарыңызбен бөлісу: |