Мамандырылған темір жол контейнері – құрылымы жекелеген және соған байланысты жүктің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған контейнерлер.
Мамандарылыған контейнерлер брутто массасының ең жоғары көрсеткіші бойынша былай жіктеледі:
- шағын тонналық контейнер (брутто массасының ең жоғары көрсеткіші 2,5 тоннадан аз);
- орташа тонналық мамандырылған контейнер (2,5 тоннадан 10 тоннаға дейін);
- ірі тонналық мамандырылған темір жол контейнері (брутто массасының ең жоғары көрсеткіші 10,0 тоннадан жоғары);
Құрылымынң ерекшелігі бойынша мамандырылған контейнерлер былайша жіктеледі:
- параметрлері бойынша әмбебап контейнерлермен сәйкес келетін;
- құрылым бойынша әмбебап контейнерлермен сәйкес келмейтін;
- с.і. қатты, жұмсақ және құрастырылған.
Мамандырылған контейнерлердің әмбебап контейнерлерден құрылымдық ерекшелігі - салмақ түсетін қаңқа ішінде цистерна, бункер немесе жүк жайластырылатын басқа ыдыс орналасады.
Танк-контейнерлер (цистерналар) — сұйықтықтар мен сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған. Танк-контейнер арматурамен және салмақ күшімен де, қысыммен де түсіру құрылғыларымен жасақталған қаңқа (жақтау элементтері), цистерна түрінде болады.
Жүктің қолайлылығы және сақталуы
Танк-контейнерлер тасымалдауларды әлдеқайда жеңілдете түседі – олар тиеу және тасымалдау үшін өте қолайлы. 20 футтық контейнер (20’x 8’x8’6") негізгі көліктік модуль болып табылады, сондықтан танк-контейнерді автомобиль, темір жол және су көлігінде қолдануға болады. Танк-контейнерлерді пайдалану арқылы жүктерді тасымалдағанда олардың сақталуы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Танк-контейнерлерде тасымалдауға және сақтауға ұсынылатын азық-түліктер:
Азық-түлік өнімдері– спирті бар сұйықтықтар (сыра, шарап, коньяк, арақ), тамаққа арналған майлар, тамақ дәмдегіштері, құнарландырылған жеміс шырындары, минералды сулар, сүт.
Өнеркәсіптік өнімдер – мұнай және мұнай өнімдері, майлар және майлағыш заттар, сұйытылған газдар, химиялық заттар, бояулар, тұзды еріткіштер, майлы қышқылдар.
Сенімділік және сапа
Танк-контейнерлер тасымалданатын өнімдер әсеріне төзімді материалдардан жасалған және оларға әсер етпейді. Олар жылу оқшаулағыш және бумен жылытқыш жүйемен жасақталғандықтан, қысқы уақыттта түсіруді едәуір жеңілдетеді.
Танк-контейнер
Презентацияның мақсаты танк-контейнерлерді (цистерналарды) әртүрлі құйма өнімдерді тасымалдау және сақтау үшін пайдалану мүмкіндіктерін бағалау есебімен сипаттауға бағытталған.
Танк-контейнерлердің (цистерналадың) жалпы құрылымы:
Танк-контейнерлер сұйықтықтарды автомобиль немесе теңіз көлігімен тасымалдау, сондай-ақ өндіріс өнімдерін сақтау үшін қолданылады.
Контейнерлер 2 негізгі бөлімнен тұрады:
- қаңқа
- танк (цистерна).
Қаңқасының құрылымы:
Танк-контейнерлер құрылымының өлшемдері мен механикалық шектеулері басқа жалпы мақсаттағы дәстүрлі контейнерлер (құрғақ) сияқты МЕМСТ және ISO нормативтік құжаттардың негізінде анықталып, төмендегідей өлшемдері бар:
- ұзындығы20 '(20 фут = 6,06 м)
- ені 8 "(8 фут = 2,44 м)
- биіктігі 8'6''(8 фут 6 дюйм = 2,59 м)
Танк-контейнерлердің (цистерналардың) өндірісінде қаңқаның әртүрлі құрылымдары пайдаланылады. Олар өндірушіден өндірушіге қарай өзгеріп отырады. Дегенмен барлық танктер бірдей өлшемдерге ие болады.
Танк-контейнердің материалдары:
Танк-контейнерлердің (цистерналардың) көбісі тот баспайтын 316 Ti (кейде 304 Ti) болаттан жасалады.
Сыйымдылығы мамандануына, қажет болуына қарай өзгереді, алайда екінші реттік нарықта қол жетімді танктердің көп бөлігі 20000 литрден 21 000 литр аралығында болады.
Қысым тудыруы мүмкін химиялық заттарды тасымалдауға арналған барлық цистерналар қысымды шығаратын қысымтығындармен (сақтандырғыш қысымтығындар) жабдықталып, тасымалданатын өнімге байланысты әртүрлі мәнге келтірілген.
Бактың механикалық құрылымы өзімен тасымалданатын өнімдерге байланысты болады.
Өнімдер және жіктеу:
Өнімдер Лондондағы Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) өндірістің қауіпті жүктерін тасымалдаудың халықаралық кодексіне (МКМПОГ) сәйкес жіктеледі және танктер өнімнің механикалық нормативтеріне сәйкес құрылған.
Өнімдер мамандануына сәйкес IMO0 (азық-түлік тауарларынан) бастап IMO7 (криогенді газдарға) дейін әртүрлі санаттарға жіктеледі. Бұл презентацияда сұйық химиялық заттарға арналған IMO0, IMO1 және IMO2 танктері және газдарды тасымалдауда қолданылатын IMO5 танкі қарастырылады.
IMO0 Санаты:
IMO0 санаттың танктері азық-түлік (тамақ өнімдері) сияқты зиянсыз өнімдерді тасымалдау үшін пайдаланады. Бұл танктер басқа санатты танктерге қарағанда құрылымы тасымалдау кезінде тууы мүмкін ішкі қысымға төзімсіз болғандықтан, жоғары қысымға арналғандарға жатпайды. Бұл цистерналар негізінен су, сүт, шарап, өсімдік майын тасымалдауда қолданылады.
IMO1 Санаты:
IMO1 санат жұмыс қысым әлдеқайда жоғары болатын «қауіпті химиялық заттарды» тасымалдау үшін арналған цистерналарды қамтиды. Бұл өнімдер қауіпті болғандықтан, көліктер қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін танктер өндірістің қатаң ережелеріне сәйкес әзірленген. Танктердің бұл түрі жанармай, авиациялық жанармайды тасымалдау үшін қолданылады.
IMO2 санаттары
IMO2 санат жұмыс қысымы төменірек, алайда әлдеқайда қыздырылған өнімдерді - «қауіпті емес химиялық заттарды» тасымалдау үшін пайдаланылатын цистерналарды қамтиды. Танктердің бұл түрі өндірістік мұнай өнімдері: жанармай /дизель, майлағыш материалдар, керосинді тасымалдау үшін қажет.
IMO5 санаттары
IMO5 санаты жұмыс қысымы әдетте 7 бардан жоғары болатын сұйытылған немесе қысылған газды тасымалдау үшін қолданылатын цистерналарды қамтиды. Мұндай танктерде тасымалданатын газдың түрлері өте көп, сондықтан жұмыс қысымы бойынша мұндай танктер үшін «стандартты» мамандануы жоқ. Танктің түрі тасымалданатын өнімнің техникалық сипаттамаларына байланысты болады. Барлық жағдайларда өнімнің нақты сипаты қажетті жұмыс қысымын анықтау үшін алдын ала белгілі болу керек. Мұндай танктер бутан, пропан, сұйытылған мұнай газы сияқты өнімдерді тасымалдауда қолданылады.
Тасымалдау үшін цистерналарды тағайындау:
IMO0 танктері тек қана азық-түліктерді тасымалдау үшін қолданылу керек. Мұндай цистерналарды оларда химиялық заттарды тасымалдаған соң, азық-түліктерді ластаудың жоғары көрсеткіші салдарынан пайдалану мүмкін болмайды. Цистерналардың азық-түліктерді тасымалдауға жарамдылығы бос танк ішіндегі ауаны химиялық талдау жолымен анықталады.
IMO1 өнімдері үшін танктерді IMO2 өнімдері үшін, бірақ керісінше емес, бірдей дәрежеде және қауіпсіз қолдануға болатынын атап өту керек. Тек болжанбаған жағдайларда ғана цистерналардың тот баспайтын болатын мұқият тазалау кезінде азық-түліктердің ластануын болдырмауға болады.
Газдар үшін қолданылатын IMO5 цистерналары өнімнің басқа түрі үшін қолданыламау керек.
Цистерналардың тасымалдауға жарамдылығы халықаралық ережелерге (МКМПОГ) сәйкес маманданған ұйымдармен сынақтарды жүргізген кезде инспекциямен анықталады. IMO0 танктері тасымалданатын өнімнің қатерсіз сипатына байланысты қандай болмасын реттеуші органдардың рұқсатын талап етпейтіндігін ерекше атап өту керек.
Бұл сынақтар төмендегіден тұрады:
- саңылаусыздығын сынау немесе гидравликалық сынақ (цистернаның тұтастығын тексеру үшін);
- қысым астында сынау (танк-контейнердің механикалық мықтылығын тексеру)
- бак қабырғаларының қалыңдығын тексеру ( МКМПОГ сақталуын тексеру)
- жоғары қысымның қысымтығынын тексеру
- құрылымның сыртқы қарауы
- сыртқы белгілерді тексеру (танкты сәйкестендіру)
Барлық тексерулерден соң IMO санаты бойынша тасымалдау үшін тауарлардың түріне «Куәлік» беріледі.
Бұл сертификаттау халықаралық тасымалдаулар үшін міндетті болып табылады және танктер 2 жылда ½ немесе 5 жылда бір рет кезеңдік сынақтардан өту керек. IMO сертификаттауы, әдетте, МПОГ /ДОПОГ ережелері немесе сақтау ережелерімен аса қатаң реттелмейтін ішкі тасымалдар үшін міндетті емес.
Операциялар, тиеулер, түсірулер:
Цистерналар өнімді тасымалдайтын дәстүрлі контейнерлер сияқты пайдаланылады. Оларды бос немесе бос еместігіне тәуелсіз, сақтауға қолайлы болу үшін бірінің үстіне бірін қоюға болады.
Өнімнің тиелуі және түсірілуі автоцистернадағыдай жүргізіледі:
- тиеу: өтетін тесіктен немесе тұрғының жоғарғы бөлігінде арналған тесік арқылы
- түсіру: гравитация (өздігінен түсіру) немесе астыңғы шығыс шұра арқылы түсіру арқылы
Түсірудің су түбіндегі қысымтығындары сұйық өнімдерді тасымалдауға арналған және әдетте 3''(3 дюйм) болады.
Мәндері
|
IMO0 типі
|
IMO1 типі
|
IMO2 типі
|
IMO5 типі
|
Өнімнің типі
|
Су, Шарап, Май,Сүт
|
Жанармай/керосин
|
Жанармай /, Керосин
|
Сұйытылған Газдар, Бутан, Пропан
|
Көлемі
|
ең азы 20m3
|
ең азы 20m3
|
ең азы 20m3
|
ең азы 13m3
|
Ыдысы
|
3.5 тоннадан
|
3.5 тоннадан
|
3.5 тоннадан
|
5.5 тоннадан
|
Ең жоғ.
салмағы
|
24 т-дан 30 т. дейін
|
24 т-дан 30 т. дейін
|
24 т-дан 30 т. дейін
|
24 т-дан 30 т. дейін
|
Тиеу
|
approx. 20.5 tons
|
approx. 20.5 tons
|
approx. 20.5 tons
|
approx. 18.5 tons
|
Ең жоғ. қысымы
|
0.6 Bar
|
4.5 Bar
|
2.62 Bar
|
16.89 Bar
|
Жұмыс қысымы
|
0 Bar
|
3.0 Bar
|
1.75 Bar
|
11.24 Bar
|
Түсіру
|
Астынан 3''
|
Астынан 3''
|
Астынан 3''
|
Астынан немесе үстінен
3''
|
Тоңазытқышы бар контейнер
Рефконтейнерлер белгілі бір температураны талап ететін тауарларды тасымалдауға және сақтауға арналады. Тоңазытқышы бар контейнерді тоңазытқыш камера және жылытылатын қойманы біріктіретін мобильді қойма ретінде пайдалануға болады.
Тоңазытқышы бар контейнер деген не?
Өзінің жылудан оқшауланған тұрқысы ішінде +25ºС –тан –25ºС-қа дейінгі аралықта берілген температураны сақтай алатын контейнер.
Тоңазытқышы бар контейнерді не үшін қолданады?
Контейнерді белгілі бір температуралы режимді талап ететін өнімді сақтау үшін пайдаланады. Сонымен қатар оны жылытылатын қойма немесе тоңазытатын камера ретінде қолданады. Сондай-ақ тасымалдау кезінде өнімді сақтауда да пайдалануға болады.
Тоңазытқышы бар контейнерлердің түрлері:
Тоңазытқышы бар контейнерлер екі негізгі параметрі – өлшемі және тоңазытатын агрегаты бойынша түрлерге жіктеледі:
Өлшем бойынша тоңазытқышы бар контейнерлер:
Тоңазытқышы бар контейнерлердің ұзындығы 20 және 40 фут болатын түрі болады. Сонымен қатар көлемі жоғары тоңазытқышы бар контейнерлер бар - HiCube (көлемсіз).
20 футты контейнер:
20-футты тоңазытқышы бар контейнер
Биіктігі: 2,6 м., көлемді
Ұзындығы: 6 м.
Ішкі көлемі: 28 куб. м.
|
|
40 футты контейнер:
40- футты тоңазытқышы бар контейнер
Биіктігі: 2,6м, көлемді
Ұзындығы: 12 м.
Ішкі көлемі: 59,81 куб. м.
|
|
40 футты контейнер HiCube:
40- футты көлемі жоғары - HiCube
Ұзындығы: 2,9м, көлемсіз
Ұзындығы: 12 м.
Ішкі көлемі: 68.03 куб. м.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |