Мамыр Назерке Болысбекқызы Оқу жұмыс жоспары мамандық бойынша негізделген : 0306000 «Фармация» жұмыс бағдарламасы


3.8.5. Клиникалық сабақтардың тақырыптық жоспары : жоспарланбаған



бет22/23
Дата10.05.2024
өлшемі419 Kb.
#500828
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
ФАП СИЛ

2

3.8.5. Клиникалық сабақтардың тақырыптық жоспары : жоспарланбаған





р/с


Тақырып

Қысқаша мазмұны

Сағат көлемі

1










2










3.9. Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар.



  1. Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері.

  2. Бассүйектің жастық және жыныстық ерекшеліктері.

  3. Шеміршек тінінің жасқа байланысты ерекшеліктері.

  4. Бұлшықет тің жасқа және өмір сүру салтына байланысты өзгеруі.

  5. Қан мен лимфа жасқа байланысты ерекшеліктері

  6. Лимфатикалық жүйенің физиологиясы. Микроциркуляция.

  7. Невроздар

  8. Организмнің ноцицептивті және антиноцицептивті жүйелері

  9. Ми бағаны ретикулярлы формациясының физиологиясы. Лимбиялық жүйе

  10. Г.Сельенің күйзеліс туралы ілімі.Эмоциялық стресс.

  11. Жүйке тінінің жасқа байланысты ерекшеліктері.

  12. Нейрондық теорияның даму тарихы.

  13. Дәрілік тератогенез.

  14. Лейкоздар, түсінігі, түрлері, этиологиясы, патогенезі, алдын алу мен емдеудің патофизиологиялық ұстанымдары

  15. Артериялық гипо- және гипертензиялар, түрлері, этиологиясы, патогенезі, салдарлары, алдын алу мен емдеудің патофизиологиялық ұстанымдары

  16. Ұйқы және түс көру физиологиясы

  17. Адамның репродуктивті функциялары.

  18. Бүйректердің сыртқа шығарудан басқа функциялары (эндокринді, метаболизмдік, гомеостаздық, реттеуші және т.б.)

  19. ЖИТС, этиопатогенезі, сатылары, көріністері.

  20. Маскүнемдік, нашақорлық, токсикоманияның патофизиологиялық аспектілері

3.10.1. Негізгі әдебиеттер
1. Х. Қ.Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б.Нілдібаева «Адам физиологиясы» Алматы 2016ж
2. Х.Қ.Сәтбаева, Ж.Б.Нілдібаева, Ө.А. Өтпергенов «Адам физиологиясы» 2006ж.
3. Ж.К. Ермаханұлы «Тәнтану» 2004 жыл.
4. Ә.Күзенбаева «Адам анатомиясы» Алматы 2001 ж.
5. Ә.О. Кузенбаева, Д.А. Дәулетбаев «Адам анатомиясының атласы» Алматы 2011 ж.
6. Р.Д. Синельников «Атлас анатомии человека» 2001ж.
7.Патологиялық анатомия мен патологиялық физиология
В.С.Пауков,П.Ф.Литвицкий,Ж.Сұндетов,М.,«ГЭОТАР-Медиа» 2014.-256 б
8.Патофизиология. Нұрмахамбетұлы Ә.Н. Алматы 2000.-568 б
9.Патофизиология:рук.к практическим занятиям: учебное пособие /под ред. В.В.Новицкого,
О.И.Уразовой–М: ГЭОТАР-Медиа,2011-336 с
10.Контрольные задания по патологической физиологии. Ударцева Г.Алматы.2007.
11.Патологическая физиология в схемах и таблицах. Под ред. проф.Нурмухамедова А.Н. Алматы 2004ж.
12.Патологическая физиология. Под ред. Зайко Н.И. и проф. Быця Ю.В.-М., 2006 г.
13.Патологическая физиология: учебник + CD. Литвицкий П.Ф. – М., 2010.-469

3.10.2. Қосымша әдебиеттер (электронды оқулықтар, интернет ресурстар)


1. А. Рақышев «Адам анатомиясы» 2001 ж.
2. А.Рақышев Международная антомическая номенклатура Алматы 2003 ж
3. М.Р. Сапина «Анатомия человека» В 2 томах. 2004 ж.
4. Б.Н. Нурмуханбетова «Функциональная анатомия лимфатической системы» 2000ж.
5. Т.М. Досаев «Анатомия и эмбриогенез иммунной системы» 2000ж.
6. У.Ж. Жумабаев «Бас ми нервтерінің функциональды анатомиясы» 2002ж
7. Основы патологической физиологии. Михайлов В.В. Москва Медицина 2005
8. Патофизиология. Основные понятия: учебное пособие. – М., 2009.- 256с.
9. Патологическая физиология. Ударцева Г. (учеб-методическое пособие) 2006.
10. Патофизиология. Задачи и тестовые задания: учебно-методическое пособие/ под ред. П.Литвицкого. –
М., 2011. – 384с.
11. Тестовые задания по патологической физиологии. Ударцева Г. Алматы.2007.
3.1. Үйрету және оқыту әдістері:
3.2 Оқыту әдістері – активті және интерактивті оқыту әдістері; (шағын топтар, пікірталас, презентация, жағдайды зерттеу, жобалау және а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.)
Әңгіме –
• әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер ету;
• әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
• ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
• әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
• әңгіменің әсерлілігі;
• тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
• мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.,
Баяндау -,
Түсіндіру –
• сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;
себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
• салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
• жүйелілік.

  • конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;

  • мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;

  • тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;

  • цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;

  • аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;

  • рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;

  • справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады;

  • формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;

  • тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру.

  • Әсерлендіру , есте қалдыру,

  • Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.

  • Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.

  • Танымдық ойындар.

  • Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады.

  • Жауапкершілікті қалыптастыру әдістері.
    Тәсілдері:
    • оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру;
    • талап қою;
    • талаптарды орындауға үйрету;
    • өз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау;
    • керек жағдайда жазалау әдісін қолдану;
    • оқушыға кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге көмектесу.

3.3 Оқу нәтижелерін бақылау келесі үлгілерді қамтиды: ағымдық бақылау үлгерімі мен аралық аттестациясы (емтихан сессиясы) ;


Білім алушылардың ағымдық бақылау үлгерімі әрбір оқу пәні бойынша өткізіледі және аудиториялық, аудиториядан тыс сабақтардағы білімін бақылауды қамтиды: лекциядағы ауызша сауал, семинар сабақтарындағы сауалдарға жауап беру, үй тапсырмаларын орындау, СӨЖ жұмыстарын қорғау, коллоквиумдар тапсыру, ауызша және жазбаша жұмыстар орындау және т.б.;
Әрбір оқыту пәні бойынша емтиханды өткізу үлгісі мен тәртібі жоғары мектептің ғылыми кеңесімен академиялық кезеңнің басында бір ай көлемінде бекітіледі.
3.4. Оқытушының талаптары:
3.4.1 Студент семестр бойы оқытушы ұсынатын тапсырмаларды орындауы керек, оның тізімін оқытушы белгілейді, ал тапсырмалар саны пән бойынша кредит көлемімен анықталады.
3.4.2 Ағымдағы аптада тапсырмаларын дер кезінде орындамаған жағдайда бағасы 20% төмендетіледі.
3.4.3 Студент қатыспаған сабақтарын кафедрада бекітілген ОСӨЖ кестесіне сәйкес тапсырады.
3.5. Курс саясаты мен үрдістері:
3.5.1 СӨЖ тапсырмалары семестрдің бірінші аптасында беріледі.
3.5.2 Тапсырмалар төмендегілерді қамтиды: лекция (конспектілері), семинар сабақтар (тапсырма орындау, жауап беру және пікірталас сауалдарын талқылау және т.б.), СӨЖ орындау және т.б.;
3.5.3 ОСӨЖ кезінде оқу пәні бойынша күрделі сұрақтарға кеңес беру, үй тапсырмаларын, орындату, есеп беру және СӨЖ жүргізіледі.
3.5.4 Әрбір тапсырманы оқытушы 100% көлемінде бағалайды.
3.5.5 30-дан кем емес балл жинаған студент емтихан тапсыруға жіберіледі.
3.5.6 Аралық аттестация (емтихан) кезінде қорытынды бақылау бағасы 40 % құрайды.
3.6. Мүгедек тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету
3.6.1 Оқу үрдісін ұйымдастыру барысындағы арнайы оқыту тапсырмалары
3.6.2 Барлық сабақ түрлеріндегі арнайы оқыту тапсырмалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет