Мақсаты : Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту



Дата12.02.2024
өлшемі18.09 Kb.
#491663
Біртұтас жер сын сағ


Тәрбие сағаты
Қазақстан біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек
Күні: 12.12.23
Сынып жетекшісі:Танатарова Д.Т.
Мақсаты : 1. Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.

  1. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушы бойында саналы тәртіп,сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту.

  2. 3. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Әдісі: Баяндау, түсіндіру. Көрнекілігі: Еліміздің рәміздерінің суреттері, нақыл сөздер, тірек-сызбалар
Барысы: Амандасу, түгелдеу.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе. Мұғалім сөзі: Қазақстан–ежелгі ел,бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ .Біз– қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз. Біздің Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бүгінгі «Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.


  1. Жүргізуші. Маниха

Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы!
Ынтымақ, бірлік, достық, татулық,
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

  1. Жүргізуші Шыңғыс: Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.

  1. жүргізуші: Алғашқы президентіміз Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»! деп сөйлеген сөзінде: «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды» деді.

  2. жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

  1. жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта білуіміз керек, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі бауырмал қазақ елі!

  2. жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен. Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.
 Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!

Мұғалім сөзі:
Дүниеде өзара сенім мен ынтымақтастық негізінде шешуге болмайтын проблемалар жоқ екеніне сенімдімін. Мұны ұғыну үміт ұялатып, болашаққа деген сенімді нығайтады. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
ІІІ. "Додекаэдр" әдісі арқылы Сұрақ-жауап ұйымдастырылады.

  1. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.

  2. Тудың авторын атаңыз.

  3. Елтаңбаның авторы кім?

  4. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)

  5. Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

  6. Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)

  7. Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл?(1995ж.30тамызда,16 жыл) 10.Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз?(1996ж. 16 желтоқсанда).

IV. Маниха:
«Желтоқсан – ел тарихы, ерлік тарихы!» (Слайд)
Президент жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық Қаһарманы” атағы беріліп, ата – анасына “Алтын жұлдыз” айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды.
Сәбира, Ләззат, Ерболдарға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді.
Желтоқсан оқиғасына түбегейлі баға беру туралы комиссияның 24 томдық материалдары әзірленді.
Құйынның құрбандарының ерліктеріне арналған “Аллажар” фильмі түсірілді.
Алматы төрінен “Тәуелсіздік ескерткіші” бой көтерді.
V. Шыңғыс: «Желтоқсан» (Слдайд)
Желтоқсан-жеңіс, Желтоқсан-ұлы жаңалық,
Нохот деп оны нәубетке қойған саналық.
Жәнібек, Бұхар, Абылайдан қалған бар болсын,
Азаттық! Еділдік! Даналық!
Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің
Азаттық күйі қашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.
Мұғалім: Ал барлығымыз ата бабамыз аңсап өткен «Тәуелсіздік» деген сөздің әрбір әріпіне жылы сөздер айтайық.
“Тәуелсіз Қазақстаным” диафильмнен үзінді көру.
Барлығы бірге «Атамекен» әнін орындайды.

Соңы: “Бес саусақ” әдісімен әр саусаққа тілек жазып тақтаға іледі.


Қорытынды: Мұғалім сөзі: Қазақ халқы ғасырлар бойы өз еркіндігі мен бостандығы жолында жанқиярлықпен күрес жүргізіп келгені белгілі. Сондықтан уақыт талабына сай білімді де, парасатты, жан дүниесі кемел, намысшыл, ұлт жанды ұрпақ, отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, оны қорғауға әрқашан дайын тұрайық.
Еліміздің егемендігі кеңейіп, көк байрағы желбірей берсін! Қазақстан жері ешқашан бөлшектенбейтін біртұтас жер, еліміз тату, бірлігіміз жарасқан біртұтас халықпыз және келешегіміз кемел, барлық ұлт біріге құратын біртұтас болашағымыз жарқын болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет