Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.
Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке,
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Оқушылардың өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген
патриоттық сезімдерін ояту. Ел рәміздерін тарихын білу.
Көрнекілігі: қазақ елі рәміздерінің суреттері. Интерактивті тақтада жазылған нақыл сөздер.
Түрі : тәрбие сағаты
Әдісі: сұрақ - жауап
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Әнұран орындалады. (мультимедиялық көрініс – Менің Қазақстаным!)
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар,оқушылар! Бүгінгі 4-сынып оқушыларының «Менің Қазақстаным-менің болашағым» тақырыбындағы тәрбие сағаты ашық деп жариялаймын. «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса,мақтаныш алауын маздатады.
Менің туған өлкем – кең –байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны ардақтаймын. Шексіз сүйемін. Әрқашан аялап, қорғап жүремін.
Мұғалім: Сұрақ - жауап
1.«Отан деген не?» сұрақ көрсетіледі. (Слайд)
Мұғалім: Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың қағазға жазыңдар.(2мин.). Енді көрші отырған балалар бір-біріңмен ойларыңмен алмасыңдар. (1мин.). Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді. (Оқушылар өз ойларын айтады).
Мұғалім «Отан деген не» екенін түсінік ағашының көмегімен оқушылардың ойын қорытындылайды.
Мұғалім: Ендеше балалар мына сұрақтарға жауап берейікші.
• Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев қай жылы сайланды?
• Еліміз тәуелсіздігін қашан жариялады?
• Қашан Қ.Р. Туы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қ.Р.заңына қол қойылды.
• Қ.Р. Ата заңы қашан қабылданды?
• Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы кім әңгімелеп береді?
• Экранда мультимедиялық бейнефильм «Қазақ елі туралы» көрсетіліп тұрады. Оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат беріп өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |