2-жүргізуші: Олар: (Әділ-қазылармен таныстыру)
Құрметті әділ-қазылар, сіздерден кафенің «бухгалтерлік мекеме» деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңыз сұралады.
1-жүргізуші: Қымбатты тарих пәнінің жанкүйерлері мен осы залға жиналған кафе қонақтары! Бүгінгі « Тарихи кафеге» қош келдіңіздер. Біздің кафеде бүгін тарих ғылымының алғырлары, тапқырлары күш сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар. Ендеше, олармен таныс болыңыздар.
2-жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар, Жүректе от, көздерінде жалын бар, «Абылай хан » тобын, халайық қол соғып қарсы алайық! Ортаға «Абылай» қомандасы шығады.
1-жүргізуші: Үлгілі тәртіп, жақсы оқу, Алға қойған мақсаты. Әрқашанда мектепте, Шығып жүрген жақсы аты деп 9-10 класс оқушыларынан құралған «Әл-Фараби» тобын қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столға жайғасыңыздар. Сіздер біздің кафеде уақыттарыңызды қызықты да, мазмұнды өткізесіздер деп сенім білдіреміз. Кафе мәзірінен ыстық және салқын тағамдарды, сонымен бірге тіл үйіртетін, мәңгі есіңізден кетпес, десерт пен сусындарды таба аласыз. Сонымен бірге, біздің кафеде өз қызметін көрсететін, ас мәзірін ұсынатын даяшылар әрқашанда сіздердің қастарыңыздан табылады. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын!