Мақсаты:Оқушылардың алған білімдерін жинап,жүйеге келтіру,нарықтық бәсекеге қабілетті,
экономиканың дамуына өз үлесін қоса алатын,болашақта өзін жеке
тұлға ретінде өмір сүрудің дұрыс жолын таңдай алатын,кез келген
жағдайда дұрыс шешім қабылдай білетін,білгір де білімді маман
дайындау,баулу.
Жүргізуші:Құрметті оқушылар,ұстаздар!Бүгін біз физика-математика-информатика онкүндігінің «Білімдіге биіктен орын» сайысын «Апта кz» ойынымен танысасыздар.Біз математиканың қаншалықты қызықты,әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.Ойынымызды өткізу үшін ойынның жалпы ережесімен танысып алайық.Ойынымыз апта сияқты 7 күннен тұрады.
Күндер
|
Тапсырмалар
|
Оқушылардың әрекеті
|
Дүйсенбі
|
Таныстыру
|
Әр топ өз дерін таныстырады
|
«Уақыт-ақша»-ойыны
|
Берілген уақыт ішінде оқылған сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.Әр дұрыс жауапқа 10 теңге төленеді
|
Сейсенбі
|
Фабрикада шляпа жасайды
|
Берілген уақыт аралығында шляпа жасау керек.Әр шляпаны 30 теңгеден дүкенге апарып тапсырып орнына
ақша алады
|
Есептер шығару
|
Есепті дұрыс шығарса,100 теңге береді
|
Сәрсенбі
|
«Кім жылдам?» ойыны
|
Берілген тапсырманы тез дұрыс орындау керек. Бағасы 100 теңге
|
Бизнес жоспар
|
|
Бейсенбі
|
Банктен қарызға ақша алуға болады.
|
Банкіден алған ақшаны пайызымен қайтарады
|
«Таңдау-табыс» -ойыны
|
Дұрыс шешкен жауаптарына көрсетілген ақшаны алады.
|
Жұма
|
Есептер шығару
|
Есепті дұрыс шығарса,100 теңге береді
|
Сенбі
|
Көңіл көтеру
|
Оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.Залда отырған көрермендер қолдарындағы ақшаларын өнерлері ұнаған топқа береді
|
Жексенбі
|
Демалу
|
Оқушылар өздеріне демалыс ұйымдастырады.Бағаны әділқазылар алқасы береді.100 теңге
|
Жүргізуші:Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
«Апта кz»-ойынына кеп тұрған,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
Тіл көзінен сау болсын деп басқаның,
Аластаған барлық Алаш аспанын.
Азиаданың алауындай қарыштап,
Тапсырманы тез орындап тастағын.
Дүйсенбі.1. Таныстыру.Әр топ өз командасын таныстырады.Таныстыруға қазылар алқасы 50 теңге көлемінде ақша береді.
Міне нағыз сыналатын кез келді,
Қарап қалма сен үлес қос тез енді.
Шапшаңдықпен білімділік танытып,
Оза шауып,таң қалдырып біздерді.
2. «Уақыт-ақша».Берілген уақыт ішінде оқылған сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.Берген жауаптарға 10 теңгеден ақша төленеді.Мақсаты:Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,есте сақтау қабілетін шыңдау.
1.Алманың жартысы неге ұқсас? (екінші жартысына)
2. Жарты қарбыз 20 теңге тұрады,бүтін қарбыз қанша тұрады? (40 теңге)
3. Отбасында 7 қыз және әрқайсысында бір-бірден інісі бар.Отбасында неше бала бар? (8)
4. Қандай сандардың жазылуында қанша әріп болса,сонша цифр бар? (10 он,100 жүз)
5.Екі адам бірігіп дойбыны 4 сағ ойнады,әрқайсысы неше сағаттан ойнайды? (4 сағ)
6. Ешқандай амал қолданбай –ақ 666 санан жарты есе арттарғанда шығатын сан? (999)
7. Еттен ішекке тығылып жасалатын тағам (шұжық немесе қазы)
8. Алғаш рекеорд жасаған адамдардың есімі жазылатын кітап? (қызыл кітап)
9. Күн мен түннің арасында не бар? (Ү әрпі)
10. Кітапханада қандай кітаптар көп,ертегілер ме,әлде кітаптар ма? (кітаптар)
11. Орманның үстінде екі қолтырауын жарысып ұшып келеді.Біреуі көк,екіншісі жасыл.Қайсысы белгіленген жерге тез келеді? (қолтырауын ұшпайды)
12. Бір жылда неше күн бар? (365 күн)
13. Үш мүшел жас нешеге тең? (37)
14. Мұзқа бөлініп ойнайтын спорт түрі (хоккей)
15. Тауықтың ортасындағы ата (әтеш)
16. Алтын айы бар қыздың аты (Алтынай)
17. Ол болмаса ештең айтпас едім (ауыз)
18. Батпан неше килиграмға тең? (100 кг)
19. Санды белгілейтін таңба (цифр)
20. Мұсылман халықтарының жаңа жыл тойлайтын айы? (наурыз)
Сейсенбі. Шляпа жасау.
Мақсаты:Оқушыларды шапшаңдыққа,ізденімпаздыққа,ұйымшылдыққа,бір-біріне көмекке тәрбиелеу.Әр топ оқушылары шляпа жасайтын қағазды 5 теңгеден сатып алады.Одан шляпа жасайды.Жасалған шляпаны базарға 40 теңгеден,дүкенге 30 теңгеден өткізуге болады.Базар аз шляпа алады.
Экономикалық білімін арттыру үшін «берілген санның пайызын табуға» есептер шығару. Есеп бағасы 100 теңге.
Сәрсенбі. «Кім жылдам?» бағасы 100 теңге.
Мақсаты: Шығармашылық танымдық қабілеттерін дамыту,сенімділікті бойларына қондыру,оқушылардың жылдамдық реакцияларын дамыту.
Математикалық терминдердің аттарын табу.
1.Апрцетяи-трапеция
2. Еңшбре-шеңбер
3. Шұбршүы-үшбұрыш
4.трұбышрөт-төртбұрыш
5. Рвадкат-квадрат
6. Ртоекв-вектор
7.дапимаар-пирамида
8.дапимаир
9.ритмерпе
10.анимеда
«Бизнес» жоспар жасайды.
Мақсаты:Экономикалық сауаттылыққа,ой ұшқырдлығын,таным қабілеттерін сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Мысалы: Шляпа жасау үшін бізге не қажет?
Материал,қайшы,жұмысшы.
Материалды 5 теңгеден 20 дана сатып аламыз.Оны қиятын қайшыны 50 теңгеден 2 дана сатып аламыз.Берілген уақыт ішінде 20 дана шляпа жасаймыз.
Сонда бізде жұмсалатын ақшы 5*20=100 2*50=100
Материалға 100 теңге,қайшыға 100 теңге,барлығы 200 теңге.Біз 20 шляпа жасадық,оның 5-уін базарға 58 теңгеден,15-ін дүкенге 40 теңгеден өткіздік.
5*58=290 15*40=600 Барлығы 890 теңге. Жұмсалған ақша 890-200=690. Біздің пайдамыз 690 теңге.
Оқушылар биснес жоспар жасайды.Мысалы,анасының мерекесіне сыйлық алу үшін табыс табу.
Бейсенбі. Ақшасы аз топ банктен 2 пайыз үстемемен ақша алуға болады.Соңынан қайтару керек.
«Таңдау-табыс».Әр топ өздеріне берілген тапсырманы дұрыс орындап нәтижесі бойынша ақша алады.Әр сөз 10 теңге.
«Теорема» және «бөлшек» сөздерінен сөздер құрау.
«Теорема»-ар,ор,ер,мама,тер,ара,арала,терме,ем,ерме,тор,тар, т.б.
«Бөлшек»-бөшке,бөлке,бөле,өкше,өлше,бөл,шек,бел,лек,кел,шөл,шөк,шел,кеш,ек,ел,өш, т.б.
Жұма. Есептер шығару
І-топқа
1.Теңдеуді шешіңдер:
3х2+5х-2=0
-
y=x2 функциясының графигіне жасалған түрлендіруден шыққан парабола теңдеуін жазыңдар:
у
2
-1 0 х
y=-(x+1)2+2
ІІ-топқа
1.Теңдеуді шешіңдер:
-4х2-12х+7=0
-
2. y=x2 функциясының графигіне жасалған түрлендіруден шыққан парабола теңдеуін жазыңдар:
y
0 3 x
-4
y=(x-3)2-4
Сенбі. «Көңіл көтеру». Оқушылардың өнерлерін тамашалау.Көрермендер ұнаған өнер тобына қолдарындағы ақшаларын береді.
Мақсаты:Оқушыларды әсемдікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Жексенбі. «Демалу». Бұл кезде әділ-қазылар қоытындысын шығарады,сайыскерлер демалады.
Жүргізуші:
Осымене бұл қызықты тамадасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.
Достық пене бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін дарындардың әділ сына!-деп қорытындылау бағасын шығаруға сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Әділ қазылар қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау.
Құланды орта мектебі мемлекеттік мекемесі
Білімдіге биіктен орын
8 сыныптар арасындағы сайыс
Жарылғасова Шолпан
Достарыңызбен бөлісу: |