№ 38 жалпы білім беру мектебі
Тәрбие сағаты:
Тақырыбы:
Орындаған: Уалиева А.Р.
Павлодар 2012 жыл
Мақсаты: оқушыларды Отансүйгіштік, адамгершілік тәрбиесі арқылы ел рәміздерінің мемлекеттік мәртебесін арттырып, қастерлеуге итәрбиелеу.
Көрнекіліктер: рәміздер, плакаттар.
Өту барысы: Қызығушылығын ояту.
Барысы: оқуышылар шеңбер айналып тұрғаннан кейін, мұғалім оқыған мәтін бойынша әрбір оқушы өз қалауынша мәтінді қимылмен бейнелейді.
«Қазақстан Республикасы – кең байтақ, тәуелсіз мемлекет. Әрбір мемлекеттің төл белгі – рәміздері бар. Біздің рәміздеріміз – көкте желбірегенкөк ту, алып таңба және асқақтаған әнұранымыз».
Мағынаны тану. Жер бетінде мемлекет атаулының қай – қайсысында да мемлекеттік белгілері - рәміздері бар. Рәміздер дегеніміз - белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге жанама сипаттап көрсетуден туатын сырт таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Мысалы: ақ көгершін – бейбітшілік символы. Тәуелсіз елдің елдігін, еркігдігін танытып тұратын айрықша мәнділері – Елтаңба, Ту және Әнұран.
Ендеше бүгінгі сайысымыздың басты мақсаты – Ел рәміздері туралы не білеміз, не білу керек деген сұрақтарға жауап табу. Ендеше сайысымызды бастайық.
1 – бөлім: «Тарих толқынында». Әр топ 3 белгі жасырылған картаны суырады. Үй тапсырмасы бойынша өздеріне түскен рәміздер тарихынан не білеміз? Қазақ тарихында қандай белгілер болған?
Таңба: Қазір кең қолданып жүрген «герб» деген термин немістің «Ербо» деген сөзінен шыққан екен.ал дәл осы ұғымды өз тіліміздегі «Таңба» деген сөз анық жеткізді. Ол осыдан бірнеше ғасыр бұрын көне Түркі қағандығында дүниеге келген. Білімпаз М. Қашқари өзінің әлемге әйгілі сөздігінде «Таңба» сөзіне «ел билеушілердің ерекше белгілері» деген мағына береді. Бұл сөзді бергі 17 ғасырға дейін орыс князьдары да пайдаланған. Шәкәрім қажы шежіресінде түркі халықтарының таңбалары туралы дерекетер 5 ғасырдан белгілі екендігі көрсетілген.қазақ руларының таңбалары осы күнге дейін сақталған. Бұл таңбалар республика аумағынан табылған тас жазулар да, құрал – жабдықтар мен өрнектер де жиі кездеседі. Таңбалар мен белгілерді зерттейтін ғылымды «геральдика» деп атайды.
Ту: Таңба белгілердің ең ертеден келе жатқандарының бірі – тулар, жалаулар. Ту – матадан жасалағн белгі. Туды адамдар ертеден – ақ пайдаланған. Тіпті ежелгі аңшылар мен жауынгерлердің де сол кезге лайық тулары болған. Келе – келе ту жасау ісі жетіле түскен. Оның ұзындығы бір метрден алты иетрге дейін жеткен. Матадан жасалған тулар бұдан 3 мың жылдай бұрын алғаш рет қытайлықтар мен үндістерде болған деген пікір бар. Шындығында, ту көтерген батыр бабаларбейнесі сонау ерте замандарда қазақ жеріндегі жартастарда салынған суреттерде айқын бейнеленген. Көне ұғымдарды былай қойғанда, аттары бүгінге жеткен Жәнібек пен Керей, Қасым хан мен Есім хан, Тәуке хан, Әбілқайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің, қол бастаған батырларымыздың қай – қайсысының да өз байрағы болғаны тарихтан мәлім.
Әнұран: Гимн – ежелгі грек тілінен енген сөз. Әрбір мемлекеттіңөз гимні – Әнұран болды. Елтаңба және мемлекеттің туымен бірге ел тәуелсіздігін білдіретін ең басты рәміз – Әнұран. Тарихы ежелгі дәуірден басталады. Патшалар жауын жеңіп еліне оралған кезде олардың құрметіне арналып салтанатты мадақтау әні орындалатын болған.
2 –бөлім. «Мұны әркім білуі тиіс». Қай топ жауапты тез білсе, сол топ бірінші жауап беріп, ұпай алады.
-
Таңбалар мен белгілерді зерттейтін ғылым қалай аталады? (Геральдика).
-
Мемлекеттік рәміздер жобасы қандай әдіспен таңдалады? (Байқау).
-
Гимнді грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (Ұран, ұран салу).
-
Мемлекеттік ту қай жылы қабылданды? (1992 жылы).
-
Алматы қаласының бас суретшісі, Чехословакияда өткізілген халықаралық дизайнерлер байқауының бас жүлдегері, мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков).
-
Ең көне гимн қай елде? (Жапонияда).
-
Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші Жандарбек Мәлімбекұлы Мәлімбеков ненің авторы? (Елтаңбаның).
-
Әнұран авторы Н. Назарбаевтың қандай әндері бар? («Үшқоңыр», «Менің елім»).
-
«Балауса», «Жарық пен жылу», «Мезгіл әуендері», «Ақ шағыл», т.б. кітаптарының авторы Жұмекеннің толық аты – жөні? (Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов).
3 – бөлім. «Сөзжұмбақ сыры». Берілген 4 минут ішінде әр топ өздеріне берілген сөзжұмбақты шешеді.
4 – бөлім. «Рәміздер сөйлейді». Әр топ өз рәміздері рөлінде сөйлейді.
5 – бөлім. «Рәміздерім – егемендік нышаны». Әр топ берілген рәміздер тарихынан жабық тестімен жұмыс.
-
Мемлекеттік тудың өлшемі: Ұзындығы..... метр, ені..... метр. (2;1).
-
Мемлекеттік ту ұдайы ілінетін жерлер: (ҚР Парламентінің, Үкіметінің, министрліктердің, мемлекеттік комиттері мен өзге де атқарушы органдарының, Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарының, ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының, конституциялық мекемелер ғимаратында үнемі ілінеді).
-
Мемлекеттік рәміздердің тұсаукесер салтанаты Абай атындағы опера және балет театрының әсем ғимаратында ..... жылы ...... айының ...... күні өтті. (1992 жылы 6 маусым).
-
Алғашқы мемлекеттік әнұран мәтіні 1992 жылы ..... айының ..... күні бекітілді. (11 желтоқсан).
-
Мемлекеттік туымыз ..... түсі. (Аспанкөк).
-
Туда ..., бүркіт .... астында бейнеленген. (Қыран, күн).
-
Елтаңбадағы қыран қанатты ..... бейнеленген. (Қос тұлпар).
-
Мемлекеттік елтаңбада пайдаланған негізгі бояу .... түсті рең. (Алтын).
-
ҚР Мемлекеттік әнұран музыкасының авторы, көрнекті сазгер, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері Шәмші Қалдаяқов, .... жуық ән шығарағн. (30 – ға жуық).
Қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |