«СПИД – ХХІ ғасыр дерті»
Мақсаты:
1. Оқушыларды салауатты өмір салтына бағыттау.
2. Рухани дүниесін байыту.
3. Жаман әдеттерден аулақ болуға,зиянды әдеттерден сақтануға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ішкі құрылыстардың макеттері,бет плакаттар,тақпақтар, көрініс,ауру адамның макеті.
Бейне таспа, мақалдар.
Барысы:
І.СПИД-иммунитет жетіспеушілік синдромы.
ІІ. Өте қауіпті жұқпалы ауру.
1. Қан тапсыру кезінде щприцтің таза болмауынан
2.Анасы ауырса,анасы арқылы туған сәтте берілуі мүмкін.
3.Нашақорлықпен айналысатын адамдарда.
4.Дәрігерлік құралдардың бірнеше рет пайдаланылуынан.
ІІІ.СПИД-ті жұқтырған адамдарда:
1.Ауруды жұқтырған адамдар шамалы уақытта бақыламайды.
2.Ауру меңдеген жағдайда дәрігер көмектесе алмайды.
3.Өзімізді-өзіміз сақтандыру керек.
ІҮ. Мақалды талдау.
1.Ішпеген,шылым шекпеген,
Жасайды жылдар көптеген.
2.Маскүнемнің сусыны арақ.
Мұғалімнің түсінігі:
1.Зиянды әдеттерден аулақ бол.
3.Темекідегі улы зат никотин.
1-Оқушы: Қазақпын мен жеті жұтты өткерген,
Аман-есен өтіп келген өткелден.
СПИД-деген аждаһар бар сақ болайық!
Дүниені орап келер беткейден.
2-Оқушы:Обасы ол ХХІ ғасырдың,
Айырмаған досы менен қасын кім?
Мың миллиондап,жеп келеді жегі құрт,
Қиылуда қыршынынан қызыл гүл.
3-Оқушы: Таңдамайды талғамайды кімді де,
Қазақ,орыс,америка,үнді ме?
Тыңдаңыздар,оқыңыздар,көріңдер!
Жұтпақшы ол тіршілікті де ,күнді де.
Мұғалім: Уа,жаратылыс! адамдарға өмір берген құдіреттің қайнар көзі , сен естисің бе мені?
Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын жұмырқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт.
Сахнада ауру адамның макеті:
Ми:
Ей,бауырларым! мына адамға қараңдаршы,бізсіз ештеңе істей алмайды.Менсіз ойлау қабілеті де болмайды.
Жүрек:
Менсіз адам баласы еш нәрсе сезебейді,өмір сүре алмайды.Мына сияқты адамдар анаша,темекі шегіп менің жұмыс істеуімді қиындатады.
Бауыр:
Адамда бауыр болмаса,адам өмір сүре алмайды.Ал мені бұл адам арақ ішіп, менің құрамымды ластайды.
Өкпе:
Менсіз адам да, жүрек те жұмыс істей алмайды.Міне ағайын осы темекі,арақтың зардабынан маған ауа жетпей барады.
Асқазан:
Адам жеген асын асқазан арқылы қорытпаса не істер еді? Адам мені арақ тәрізді түрлі улы заттар арқылы улап келеді
Хормен: Үрейлі СПИД-деген ғасыр дерті
Айрылған сұлулықтан адам көркі.
Қорытындылау:
Хормен:
Денсаулықты сақта түзу өсесің,
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалма,
Сақта өзіңді,Жақсылыққа жетесің!
М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп
Тақырыбы:
«СПИД – ХХІ ғасыр дерті»
Өткізген: Серғалиева Б.Е.
2010 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |