«Машина бөлшектері» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы



бет1/3
Дата27.09.2022
өлшемі31.37 Kb.
#461450
  1   2   3
Mashina-b lshekteri




«Машина бөлшектері»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
тест спецификациясы
(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)


1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.


2. Міндеті:
М103 Металл өңдеу және механика бағыты бойынша магистратураға түсушінің білім деңгейін анықтау

3. Тест мазмұны:





Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі

Тапсырмалар саны

1

Машиналарды құрастыру негіздері.
Машина бөлшектері мен тораптарын есептеу және жобалаудың жалпы сұрақтары. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Жобалау кезеңдері. Машиналардың жоғары тиімділігін алу және оны көтеру жолдары. Машина бөлшектері туралы жалпы мәліметтер және оларға қойылатын талаптар. Тораптар мен бөлшектер механизмдерінің жіктелуі.

A

1

2

Механизмдерді жобалау негіздері, оларды құрастыру кезеңдері. Машина бөлшектері мен тораптарына қойылатын талаптар. Жұмысқа қабілеттілік критерийлері. Машина бөлшектерінің беріктігі. Беріктік модельдері. Машина бөлшектерінің қаттылығы, тозуға төзімділігі, жылуға төзімділігі және дірілге төзімділігі туралы түсінік.

2A


5

3

Механикалық берілістер.
Берілістің атқаратын қызметі және кинематикасы. Тісті берілістер. Тісті берілістердің сипаттамасы мен жіктелуі. Тісті доңғалақтарға арналған материалдар. Контактілі кернеу туралы түсінік. Зақымдану түрлері және берілістің жұмыс істеу қабілеттілігінің өлшемдері. Цилиндрлік тік тісті берілістер. Ілініске әсер ететін күштер және оларды есептеу.

А

1

4

Қиғаш тісті берілістер. Геометриялық және пайдалану ерекшеліктері. Есептеу ерекшелігі. Конустық тісті берілістер, олардың жіктелуі және қолдану саласы. Геометриялық және пайдалану ерекшеліктері. Есептеу ерекшелігі. Ілініске әсер ететін күштер және оларды есептеу.

C

1

5

Червякті берілістер, олардың сипаттамасы, қолданылу саласы. Червяк түрлері. Червякті берілістің стандартты параметрлері. Червякті беріліс материалдары. Жұмыс істеу қабілеттілігінің критериилері және істен шығу түрлері. Рұқсат етілген кернеуді есептеу

C

1

6

Белдікті, шынжырлы, фрикциялық және винттік берілістер, геометриясы, атқаратын қызметі, қолданылу саласы.

C

1

7

Берілістерге қызмет көрсететін бөлшектер мен тораптар. Біліктер мен осьтер. Біліктер мен осьтердің атқаратын қызметі және жіктелуі. Конструкциясы және материалдары. Біліктер мен осьтерді беріктікке есептеу. Біліктерді қатаңдыққа есептеу.

B

2

8

Тіректер. Тіректердің жіктелуі.
Сырғанау подшипниктері. Жіктелуі. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Жұмыс режимдері.

B

2

9

Бұрандалы қосылыстар. Сипаттамасы және қолданылу саласы. Бұранда түрлері. Бекіту бөлшектері және қосылыстар түрлері. Бекіту бөлшектерінің материалдары.

A

2

10

Шпонкалы және шлицті қосылыстар. Шпонкаларды таңдау, шпонкалы қосылыстарды есептеу. Шлицті қосылыстарды таңдау және тексеру есебі. Профильдік қосылыстар.

C

3

11

Қосылыстар. Қосылыстардың жалпы сипаттамасы және мақсаты. Пісіріп қосу қосылыстары. Сипаттамасы және қолданылу саласы. Қосылыстардың негізгі түрлері. Тұрақты жүктеме кезіндегі беріктікке есептеу. Пісірілген қосылыстар үшін рұқсат етілетін кернеулер.

B

1



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет