МАҚта қозасының солма (вилт) ауруына қарсы күресудің агротехникалық іс – шаралары. О. Биғараев, С. Хантураев. «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институты»



Дата29.02.2016
өлшемі107.44 Kb.
#32863
ӘОЖ 632.614.4
МАҚТА ҚОЗАСЫНЫҢ СОЛМА (ВИЛТ) АУРУыНА ҚАРСЫ КҮРЕСУДІҢ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ІС – ШАРАЛАРЫ.
О. Биғараев, С. Хантураев.

«Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институты».

Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде республикамыздағы ең ірі өңірлерінің бірі болып саналады.

Мақта өсіруші шаруашылықтар табысының негізгі көзі болып табылатын мақта егістіктері осы аймаққа шоғырланған. Қазіргі нарық кезеңінде мақта шаруашылығы обылыс экономикасының ауыл шаруашылығы тоқыма, жеңіл және тамақ өнеркәсіп саласында үлкен орын алады.

Қазіргі таңда мақташылардың алдына қойған негізгі мақсаттарының бірі, мақта қозасынан мол өнім алу және мақта талшығының сапасын арттыру болып саналады. Мақта қозасынан мол өнім алуға бір қатар кері әсерін тигізетін жәйіттерде кездеседі, бұл түрлі мақта зиянкестері мен аурулары. Орташа талшықты мақта қозасының кеңінен тараған аурулардың бірі, бұл вертициллездік солма ауруы.

Бұл өте қауіпті ауру, қатты белең алса өнімнің 40 – 50 пайызын жойып жібереді.

Солманың қоздырушысы Verticillim dahliae Klebahn саңрауқұлақ бактериялары шит жарғағы ашылуынан бастап өсіп – жетіліу кезеңінің аяғына дейін зақымдай береді. Вилт әсіресе ересек өсімдіктерде гүлдеу, түйнектеу кезінде алдымен төменгі содан соң үстінгі жапырақтарда ашық жасыл, кейінірек сары дақтар түрінде анық байқалады. Дақтар дөңгеленген немесе бұрыштылау түрінде болып жапырақтардың шетінде және оның талшық жіптерінің арасында орналасады және бір- біріне жете жайылып, жапырақтың бүкіл бетін жауып кететін кезіде аз болмайды. Жапырақтар құрғап төменнен жоғарыға қарай біртіндеп түсіп, өсімдік сабақтары жалаңаштанып қалады. Ауырған өсімдік дамудың бастапқы кезеңінде-ақ жапырақтарынан айрылады, өсуін тоқтатып, кеуіп қалады. Кейбір сабақтары қайтадан жапырақтайды, алайда бұл өсімдікті бұрынғысынанда нашарлатып жібереді. Аурудың бірте-бірте белең алатын созылмалы түрімен қатар, бірден тез күшейетін өткінші түрі де кездеседі. Бұл түрі әдетте тамыз- қыркүйек аралығында белең алады. Ауырған өсімдіктер 2-3 күннің ішінде солады, жапырақтары сарғайып қурап қалады.

Солма белгісі – ауруға шалдыққан қозаның өзегі қарайып кетеді, бұл оны ұзынынан және көлденеңінен кесіп көргенде байқалады.

Мақта қозасы бұл ауруға негізінен тамыр жүйесі арқылы шалдығады. Бұған тамырдың кез – келген жерінің зақымдануы себеп болады. Өсімдіктің бойына еніп алған саңырауқұлақ бактериясы, сабақтардың, бұтақтардың, сабақшалардың, жапырақтардың су жүретін жолдары арқылы тарайды. Алқаптағы немесе топырақтағы өсімдік қалдықтарында сақталып қалған уақ саңырауқұлақтары ауру таратудың тұрақты көзі болып табылады.

Саңырауқұлақ бактериясының дамуына қажетті ең төменгі температура 5-7 , оңтайлысы- 23-26 , жоғары шегі- 31-32 градус. Бұл ауру мақта өнімін төмендетіп қана қоймай, оның сапасын және мақта талшықтарының технологиялық қасиетін жоғалтуына әкеліп соғады.

Қазіргі таңда мақта шаруашылығымен айналысатын елдердің ғылыми-зерттеу мекемелері, вертициллездық солма ауруына қарсы күрес шаралары ғылыми негізінде жетілдіріп, оны кеңінен қолдану бағытын қарастыруда. Көптеген химиялық және биологиялық препараттарын осы ауруларға сынақталып, мақта қозасының солма ауруына қарсы тұратын, жаңа отандық төзімді сорттар шығаруда, және агротехникалық тәсілдерді тиімді қолдану барысында үлкен ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Соңғы жылдарда жүргізілген ғылыми - зерттеулердің нәтижелерін сараптай келіп, солма (вилт) ауруына қарсы бір қатар агротехникалық іс шаралар өндіріске ендірілді.

Бұл шараларға мыналар жатады.


  1. Егістікті қозапаядан тазалау.

  2. Ауыспалы егіс жүйесін өз тәртібімен дұрыс құру.

  3. Қатар аралығын дұрыс өңдеу.

  4. Суару мерзімі мен ережесін дұрыс жүргізу.

Егістікті өсімдіктер қалдықтары мен қозапаядан тазалау вертициллездық солма ауруымен күресуде маңызды роль атқарады. Уақ саңырауқұлақтар алғашқыда ауырған өсімдікте көбейеді. Егістікті күзде сүдігер жыртқан кезде, ауырған өсімдік топырақ астынна түседі де барлық инфекция сонда қарқынды түрде көбейеді. Солма ауруының көбейуіне жол бермеу үшін, күзде сүдігер жыртудан алдын егістікті қозапаядан тазалап, егістіктен тыс жерге шығарып өртеп жойып отыру олармен күресудің бірден-бір шарасы.

Солма ауруын төмендетуде мақталық-жоңышқалық ауыспалы егісінің маңызы зор. Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми –зерттеу институты ғалымдарының көп жылдық тәжірибе жұмыстары, ауыспалы егістіктерді игермейінше, егіншіліктің ғылыми тұрғыдан негіздеген жүйесін жүргізу мүмкін емес екендігін дәлелдеді. Солма ауруымен қарсы күресудің экономикалық тиімді шараларының бірі, ауыспалы егіс тізбектеріне жоңышқа және агромелиоративті алқаптардан тұратын дәнді дақылдарды енгізу.

Шағын шаруа қожалықтарында мақталық егіс көлемдерінің аздығынан (5 – 10 га) ауыспалы егістің 3:6, 3:7 тізбектерін енгізу мүмкін емес. Мұндай 9-10 танапты ауыспалы егіс тізбектерін енгізгенің өзінде топырақ құнарлығын төртінші, бесінші жылдары төмендетіп, мақта қозасының солма (вилт) ауру пайызын жоғарылатады соның салдарынан минералды тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде енгізуге тура келеді.

Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері іріленген шаруа қожалықтарында ауыспалы егістің 3:4:1:2 тізбегігінің тиімді екенін көрсетті.Ол 3 жыл жоңыршқа, 4 жыл мақта, 1 жыл жүгері, бидай, арпа, 2 жыл мақта.

Жоңышқаны суғарған сайын топырақтағы зиянды тұздар жердің төменгі қабатына сіңіп азайып отырады. Бір танапқа мақта 5-6 жыл егілсе, мақта солма (вилт) ауруымен ауыра бастайды. Бұл әсіресе тамыз айында жақсы білінеді. Ал жоңышқадан кейін егілген мақта, вилт ауруымен 4-5 есе кем ауырады.

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егісінің алғы дақыл ретінде жоңышқа мен қатар жүгері, арпа және бұршақ тұқымдас дақылдардың айрықша маңызы бар.

Ауспалы егіс тізбектерінің мақта қозасының солма ауруына тигізетін әсерлерін анықтау үшін Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институт ғалымдары мақта қозасының солма ауруына төзімді, жаңа отандық бәсекеге қабілетті мақта сорттарын шығарумен қатар, олардың агротехникалық тәсілдерін жетілдіру бағытындағы тәжірибе-зерттеу жұмыстары М-4005 мақта сортының егіс алқабында жүргізді. Осы ғылыми - зерттеулер мақта қозасының алқаптық және вегетациялық тәжірибелік жұмыстарын жүргізу әдісі бойынша ( акад. А.И.Имамалиев 1981) жалпы көлемі 3225,60 м2 алқапта, 3-нұсқада, 4 қайталауда 12 бөліктен тұратын нұсқаларда жүргізілді.

Жүргізген тәжірибе нәтижесінде ауыспалы егістік нұсқаларының мақта қозасының солма ауруына шалдығуының тигізетін әсері 1-ші кестеде көрсетілген.


Кесте -1- Ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты солма ауруының

көрсеткіштері.



Нұсқалар


Есептеу жүргізілген өсімдіктер саны, дана

Солма аурумен ауырған

өсімдік саны, дана



Залал

дануы %



1

2

3

4

жалпы

1

2

3

4

жалпы



1


«Бақылау»

М-4005

47

50

40

45

182

3

4

3

2

12

6,6

2


М-4005 3-жылдық жоңышқадан кейін 1-жылғы мақта

40

30

40

55

185

1

-

-

1

2

1,0

3

Сорт М-4005

3-жылдық жоңышқадан кейін 2-жылғы мақта



60

55

40

65

220

1

2

-

1

4

1,8

4


Сорт М-4005

3-жылдық жоңышқадан кейін 5-жылғы мақта


60

55

40

65

220

2

3

1

2

8

3,6

Бұл кестедегі мәліметтерге қарағанда: 3-жылдық жоңышқадан кейін 1-ші жылғы мақта егістігінде ауырған өсімдіктің саны 1,0 %-ды ғана құрады, 3-жылдық жоңышқадан кейін егілген 2-ші жылғы мақта егістігінде, ауырған өсімдік саны 1,8 % болса, 3-жылдық жоңышқадан кейін, қатарынан 5 жыл егілген мақта егістігінде, ауырған өсімдіктің саны 3,6% ды құрады. Ал бақылау нұсқасында ауырған өсімдіктің саны 6,5% шамасында болды.

Сонымен, кестедегі салыстырмалы мәліметтерден байқағанымыздай, солмамен күресудің ең тиімді жолы, 3-жылдық жоңышқадан кейін 1-ші жылғы мақта егістігінде солма ауруына төзімді М-4005 сорты егілген мақта егісі болып табылды.

Мақта қозасының солма ауруына қарсы күресудің және бір жолы мақта қозасының қатараралығын сапалы баптау.

Қатараралық өңдеуді тым терең жүргізу қозаның тамыр жүйесіне зақым келтіре отырып, оны кесіп кетеді. Соның себебінен мақта қозаның тамыр арқылы минералдық қоректік заттармен және сумен қамтамасыз етілуі төмендейді.

Сонымен бірге тамыры қиылған, бүлінген қоза солма ауруын жұқтыруына барынша бейім тұрады, және өсіп жетілу жағынан көп кешеуілдеп артта қалады. Қозаның өсіп жетілуінің алғашқы кезеңінде бірінші қатар аралықты өңдеуді 6-8 см тереңдікте жүргізе отырып кейінгі қатараралық өңдеуде, шеткі органдады 10 см-ге тереңдікте, ортасындағы органдары 14-16 см тереңдікте қопсытса оң нәтиже береді. Мақта шаруашылығында қозаның қатараралығын өңдеудің тиімді және сапалы жүргізілуі, егістіктің арамшөптерден таза болуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге мақта қозасының өсіп жетілуіне және жоғары сапалы мол өнім алуға игі ықпалын тигізеді.

Мақта қозасының солма ауруымен залалдануына суару жиілігі мен мерзімдері белгілі дәрежеде әсер ететіндігі анықталды. Әр түрлі суғару жүиелерінің мақта қозасының солма ауруына шалдығуының тигізетін әсері 2-ші кестеде көрсетілген. Суару мөлшері барлық нұсқаларда бірдей-1300 м3/га.


Кесте-2 - Мақта қозасының солма ауруына, суару ережесінің әсері.





Нұсқалар

Суару ережесі

Суару мөлшері

Өсімдіктің ауруы. %

1


«Бақылау»

М-4005

1-1-1

1300

3,8

2


М-4005 3-жылдық жоңышқадан кейін 1-жылғы мақта

0-1-0

1300

-

3


Сорт М-4005

3-жылдық жоңышқадан кейін 2-жылғы мақта


0-1-0

1300

1,3


4

Сорт М-4005

3-жылдық жоңышқадан кейін 5-жылғы мақта


0-1-1

1300

1,5

2-ші кестеден байқағанымыздай 0-1-0 суару кестесінде солмамен тек 1,3% залалданса, 4-ші нұсқада 0-1-1 суару кестесінде солмамен залалданған өсімдіктердің мөлшері 1,5%, бақылау нұсқасында 1-1-1 суару ережесінде 3,8%-ға көтеріледі, мақта қозасының вертициллездік солмамен ауру дәрежесі суару жиілігі, және суару мерзімдері сияқты факторларға да байланысты екені ғылыми тұрғыда айқындалды.

Мақта қозасы қанша көп суарылса, сонша көп өсімдік солмамен залалданғандығы байқалды.



Жүргізілген ғылыми–зерттеу нәтижесіне сүйене отырып агротехникалық іс шаралардың солма ауруына қарсы күресуде, ең әсерлі және тиімді факторлардың бірі болып саналатыны анықталды. Сонымен агротехникалық іс шараларды дер кезінде, сапалы және тек дұрыс қолданылған жағдайда ғана, мақта қозасының, солма ауруымен залалдануын, төмендете отырып шитті- мақтаның өнімділігімен талшық сапасын көтеруге және жыл сайынғы өнім шығындылығын азайтуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет