«Математика алғырлары» Мақсаты



бет1/3
Дата20.02.2023
өлшемі58 Kb.
#469791
  1   2   3
Математикадан интеллектуалды сайыс "Математика алғыры"


«Математика алғырлары»


Мақсаты:Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.
Білімді дарынды озық болуға тәрбиелеу.
Сайыс барысы: Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі сайысымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайын: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Осы сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады.
Ғылымдардың патшасы атанған, Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған Төзбейтін өтірікке жалғандыққа Ақыл ойды тәртіпке келтіретін Нағыз пән ғой математика, – дей келе, «Математика алғырлары» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Командаларды ортаға шақырайық.
1 топ - _______________________
2 топ -_______________________
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,


Оның әрбір сөзіне нанарсыз.
Ел сенімін ақтай білер төрдегі,
Ұстаздардан әділдікті табарсыз, – дей отырып, төрдегі әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:
1. 
2. 
3. 
Сайысымыздың алғашқы кезеңі – Таныстыру

Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,


Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз,
2-кезең -«Бәйге»!

Бұл кезең бойынша сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Қай топ бірінші белгі берсе, сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай.


Сұрақтар :
1. 9 + 9 * 9 – 9 : 9 = ? (89)
2. 80 санының 25%-і неге тең? (20)
3.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау) 
4.Жанар мен Анар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (4 баласы бар.) 
5. Қарға 3 секундта 15 метр қашықтыққа ұшады. 7 секундта қанша жерге ұшады? (35)
6. 8 жарым таяқтың неше ұшы бар? (18)
7. 20 метр матаны 10 бөлікке 2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек? (9)
8. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)
9. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді) 
10. Алма ағашта 8 бұтақ, әр бұтақта 5 бұтақша, әр бұтақшада 5 алма бар. Алма ағашта барлығы неше алма бар? (200)

3-кезең



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет