«МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА, ФИЗИКА» АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА АРНАЛҒАН СЦЕНАРИЙ
Мақсаты:
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру. Мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру;
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
• Математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдету;
• Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру;
Жүргізуші: Қайырлы күн аяулы ұстаздар мен құрметті оқушылар ! Бүгінгі«Квант» онкүндігінің жабылу салтанатына қош келдіңіздер.Жәнеде бүгінгі «Ғылым» күні құтты болсын.
Жүргізуші:
Информатика, математика, физика сырлары,
Қызықтырдыбіздерді.
Онкүндікті бірге қорытындылауға,
Шақырамыз сіздерді.
1-жүргізуші:
Дайын болсақ бастайық. Оқушыларымызды қолдап, қошеметтеп отырайық!
Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер бар сенің қасиетің,
Бір емес бір нешеі сатқарсаң
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарсаң-дейкеле
Информатика пәні мұғалімі Достаева Гульзат апайдың оқушысы Таубалдиева Жанель Бағдаршам бағдарламасын қолданып «Ардуино» ны құрастырады.
Жүргізуші
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Математика пәні мұалімі Муратова Зульфия Аманбаевна көрермендерге «Ғылым» күніне арналған «Кім жүйрік» викториналық сұрақтарды ұсынады.Кім көп жауап берсе бағалы сыйлықтармен бағаланады.
1.Сызықтың функцияның графигі қалай аталады?(тузу)
2. Z әрпімен қандай сандар жиыны белгіленеді (бүтін)
3. -4 және -3 сандардың қосындысы неге тең? (-7)
4.Тік бұрыштың өлшемі неше (90 градус)
5. Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым (теорема)
6.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (1800 )
7. Үшбұрыш төбесінен қарсы қабырғасының ортасына жүргізілген кесінді( медиана)
8. Негізгі геометриялық фигуралар (нүкте, түзу, жазықтық)
9.Вертикаль бұрыштар қандай (тең)
10.Үшбұрыштың бір іщкі бұрышына сыбайлас бұрыш (сыртқы бұрышы)
11.Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле? (биссектриса)
12. 1800 - қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)
13..Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)
14.. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)
15.. Тек 6 цифрын үш рет пайдаланып 30 санын өрнекте? (6*6 - 6))
2-жүргізуші:
Физика – тілдесертабиғаттыңтіліекенғой,
Көз тартар табиғаттың сыры екенғой,
Салғаннан айтылған сөз ішілген ас,
Бәрінің бағынары физика ғой.
Сондықтан табиғаттың сырын терең,
Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең болсын егер еңбегі ңеш,
Негізі бар ғылымның физика,
Жалықпай оқып үйрен тек қана,
Білімнің есігін аштык өзін тауып,
Ньютон, Эйнштейн, Архимедтер.
Физика пәні мұғалімі Мукашева Гулгара Ауесханованың 7а –сынып оқушылары «Архимед туралы аңыз» көрінісін тамашалаңыздар.
1 жүргізуші:
Пахраддин Ағзумның орындауында күй.
1-жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Математика пәні мұғалімі Усеров Адилбек ағайдың «Коохот» платформасында «Кім жылдам» сайысына 9-11 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.Сұрақтар математика,информатика,физика пәндерінің логикалық сұрақтарынан құрастырылған. 1-2-3 орындар алған оқушыларға бағалы сыйлықтарымыз бар.
2жүргізуші:
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
1 жүргізуші:
Информатика пәні мұғалімі Токенбаев Кайсар ағайдың орындауында тамаша ән тыңдаңыздар
Мықты болсаң- алдағыны басып оз.
Мықты болсаң- арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң- шоқалаққа сүрінбе,
Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда
Мықты болсаң- бөгеттерді бұзып өт!
Мықты болсаң- заманыңды көктеп өт!
2жүргізуші:
«Математика, физика, информатика» құрметтеугелайық.
Дүниеде құбылыстың мәнінде,
Зерттейдіол өзгерістің бәрінде.
Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,
Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде
Математика пәні мұғалімі Усеров А.А,Муратова З.А және олардың оқушылары 9а сынып оқушысы Жақыпбай Айгерімнің математикалық лайфхакын тамашалаңыздар.
1 жүргізуші:
Түсіріп аспан заңынжұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге,
Жансызға жан бітіріп қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Физика пәні мұғалімі Сураужанова Ш.А ның 10 а-сынып оқушылары «Физикалық тәжірибе әлаңы» ын көрсетеді
1 жүргізуші:
Хор бірлестік мұшелері орындауында «Атамекен»
2жүргізуші:
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Құрметті көрермен сау тұрындар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
1 жүргізуші:
Көңіл бөліп бұл кешке ,
Келгендерге мың алғыс,
Шын сезінген көрермен,
Кездесеміз әлі біз –дейкеле Квант он күндігінің жабылу кеші өз мәресіне жетті, келгендеріңізге көп рахмет! Қош сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |