Математиканы оқытудың мақсаттары



бет1/9
Дата25.03.2022
өлшемі37.04 Kb.
#456470
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 лекция


§3. Математиканы оқытудың мақсаттары

Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін үйрену болашақ мұғалімдерді мектеп математикасын оқытуда нақты білімдермен қаруландырып, студенттердің педагогикалық ой-өрісін кеңейту, студентке шәкірттердің математиканы оқытудағы ұйымдастыру әдісі мен оның түрлері туралы жалпы жағдайларды дұрыс меңгеруіне көмектесу, оның математикалық ойының дамуы, математиканы оқыту әдістемесінің философиямен, математикамен, психологиямен, педагогикамен байланысын үйрену мақсатын көздейді. Математиканы оқыту әдістемесі студенттерді орта мектеп математикасының мазмұнымен, оқытудың ғылыми-дәстүрлі әдістермен, мектеп мұғалімдерінің озат іс-тәжірибелерімен теоремаларды дәлелдеу әдістерімен, есептерді шешуді үйрету әдістерімен, математикалық мәліметтерді баяндау әдістерімен, жалпы алғанда орта мектепте математиканы оқытуды ұйымдастырудың түрлерімен таныстырады. Математиканы оқыту әдістемесі орта мектеп математикасының, жоғарғы мектеп математикасының әдістемесі және орта мектепте математиканы оқыту әдістемесі болып бөлінеді.


Мектепте өтілетін пәндер арасында бөлінетін сағат санының көптігі жөнінен математика, ана тілі мен әдебиеттен кейінгі екінші орында тұр. Сондықтан да ол аса маңызды пәндердің бірі ретінде жан-жақты дамыған, білімді және тәрбиелі жас жеткіншектер дайындауда жалпы білім беретін мектептер алдында тұрған жалпы міндеттерді орындауға үлкен үлес қосуға міндетті.
Математиканы оқыту бүкіл мектепке тән үш жалпы мақсатты көздейді. 1. Білім беру. 2. Тәрбиелеу. 3. Өмірлік практикалық білім-дағды дарыту.
1. Математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық, сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыру болып табылады.
2. Математиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат – математиканы үйрету барысында оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін барлық қолайлы мезеттерді пайдалану болып табылады.
Тәрбиенің кейбір негізгі түрлерін көрсете кетейік. Олар: а) оқушылардың ғылыми дүние танымын қалыптастыру. Бұл тұрғыда тарихи математикалық мағлұматтардың берері мол. Тарихи құжаттар өндіргіш күштердің даму деңгейі математика ғылымдарының мазмұны мен формасына және математиканың механика, физика, астрономия және техникалық ғылымдарға әсер ететінін көрсетеді; ә) шәкірттерде озық моральдық қасиеттер қалыптастыру. Математиканы оқыту процесінде мұғалім оқушыларды саналы тәртіпке, белсенділікке, қиындықты жеңе білуге, бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге, табандылыққа, адалдыққа, жауапкершілікке т.б. адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуге міндетті.
Математика сабағында жастарды патриотизм және интернационализм рухында тәрбиелеуге мүмкіндік беретін мүмкіншіліктер мол.
б) эстетикалық тәрбие. Математиканың табиғатының өзі оқушыларды әдемілікке тәрбиелеуге бай мүмкіндік туғызады.
Математикалық объектілердегі симметрия, дұрыс көпбұрыштардың, дұрыс көп жақтардың қасиеттері фигуралардағы гармоникалық (қасиеттер) қатыстар т.б. олардың бойында туа біткен эстетикалық сезімді оятады. Эстетикалық тәрбиелеу ісінде кейбір есептердің ең «әсем» шешуін табуға баулудың да маңызы кем емес.
Математиканы оқыту барысындағы іске асырылуға тиіс тағы бір негізгі міндет – ол оқушылардың математикаға деген ынтасын арттыру.
3. Математиканы оқытудың бір мақсаты – өмірлік-практикалық мақсат болып табылады. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:
а) математика пәнін оқыту барысында алған білімдерді өмірлік практиканың қарапайым есептерін шешуге, физика, химия, сызу, ақпараттану (информатика) және есептеу техникасы негіздерін т.б. пәндерді оқып үйренуге пайдалана білу;
ә) математикалық құралдар мен аспаптарды пайдалана алу;
б) шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету (мысалы, оқулық және ғылыми-көпшілік әдебиетпен жұмыс істей білу);
в) политехникалық оқуды жүзеге асыруға қолғабыс тигізу (мысалы, есептеу әдістерін, геометриялық фигуралар қасиеттерін, формулаларды, функцияларды, сызбаларды, кестелерді т.б. өндіріске, өмірге қолдана білу).
Мектепте математиканы үйретудің жалпы мақсаттарымен қатар тек математика пәніне тән арнайы, ерекше мақсаттары болады. Математика басқа ғылымдар ішінде ең дәл қатаң ғылым, оңың әдістерін қолдана білу басқа ғылым салаларының ғылыми деңгейін жоғарылатады. Математика ғылыми танудың әдістерін кең және терең қолданады. Бұл пәнді оқыту оқушыларды ғылыми ойлау әдістерімен қаруландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет