Негізгі сұрақтар: 1) математиканы оқытуда есепті рөлі; 2) қазіргі математиканы оқытуда есептің міндеттері; 3) есеп шығаруға үйрету;
9 сыныпқа арналған геометрия оқулығының мазмұны.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 5, 14, 15, 20, 25, 27, 28, 33, 37, 39, 40, 41, 48, 49,
50, 51], сонымен қатар геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар, мұғалімдерге арналған оқулықтар (9 сынып).
тапсырма. Есеп шығаруға төмендегідей талаптар қойылады: қатесіз шығару, негіздеу, толық шығару, мүмкіндігінше тиімді жолмен шығару. Әр талаптар бойынша түсініктеме беріңіздер.
тапсырма. Мектепте математика есептерін дәстүрлі шешудің кемшіліктерімен танысып, олардың негіздерін айтыңыздар. Оларды жою жолдары қандай?
тапсырма. Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау болып табылады. Олар көбінде бір-бірімен байланысты. Барлық есептер оқыту міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер және қандай түрлерге бөлінеді?
тапсырма. Есептер арқылы тәрбиелік міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбы бойынша есептерді қарастырыңыздар. Қандай есептерді шешуде тәрбиелік мәні зор?
тапсырма. Математиканы оқытуда есептерді дамыта шешу міндеттерін қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбының есептеріне осы көзқарас бойынша талдау жасаңыздар.
тапсырма. Бірнеше есепті бір тәсілмен шешуден гөрі, бір есепті бірнеше тәсілмен шешу пайдалы екені белгілі. Мысалы, кестені пайдаланбай, өрнектің мәнін табу керек:
тәсіл.
2 cos 45 0 sin15 0 sin(45 0 15) sin(45 0 15 0 )
3 1 .
2
тәсіл.
2 cos 45 0 sin15 0 2sin 45 0 sin15 0 (cos 60 0 cos 30 0 )
3 1 .
2
тәсіл.
2 cos 45 0
sin15 0
2 .
2
тәсіл.
2 cos 45 0 sin15 0 2 cos 45 0 sin(45 0 30 0 )
3 1 .
2
Бір не екі мысалдар келтіріп, шешу тәсілдерін көрсетіңіздер.
тапсырма. «Үшбұрышты шешу» (9сынып) тақырыбы бойынша танымдық сипатта есептерді қарастырыңыздар және сабақта тәрбиелік мәнін талқылаңыздар.
тапсырма. Геометриялық есептерді шешу әдістерімен танысыңыздар. Төменгі сыныптарда геометрия курсы бойынша осы әдістердің қайсысы кең қолданылады?
тапсырма. Төменде берілген есептерді шешудің әдістемелік жұмыс нұсқаларын көрсетіңіздер:
Параллелограмның қабырғалары 10 см-ге және 3 см-ге тең. Үлкен қабырғаға ірегелес жатқан екі бұрыштың биссектрисалары қарама- қарсы қабырғаны үш кесіндіге бөледі. Осы кесінділерді табыңыз.
Тік призманың табаны-тең бүйірлі үшбұрыш. Оның тең қабырғаларының арасындағы бұрыш α-ға тең. Жоғары табанының төбесінен тең бүйірлі жақтарының диагональдары жүргізілген, олардың арасындағы бұрыш β-ға тең. Пизманың бүйір бетін табыңыздар.
тапсырма. 9 сыныпқа арналған геометрия оқулығымен танысыңыздар. Мұнда қандай тараулар мен тақырыптар оқытылады? Оқу материалының үлестірімі қандай? Қанша бақылау жұмысы қарастырылған. Емтиханға дайындақ мақсатында қайталау материалдары қалай жоспарланған?
Достарыңызбен бөлісу: |