«Текелі қаласының экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
Текелі қаласының 2013 жылға әлеуметтік – экономикалық паспорты
Текелі қ, 2014 жыл
МАЗМҰН
1. Жалпы мәлімет
1.1. Қала тарихы
1.2. Географиялық Жағдайы
1.3. Табиғаттық-климаттық жағдайы
1.4. Пайдалы қазбалар
1.5. Су қорлары
1.6. Соңғы 10 жылдың қала даму нәтижесі (2004-2013ж.)
2. Есепті жылдың қорытындылары бойынша қаланың әлеуметтік–экономикалық дамуының қысқа нәтижесі
2.1. Өнеркәсіп
2.2. Ауыл шаруашылығы
2.3. Шағын және орта бизнес
2.4. Құрылыс
2.5. Негізгі капиталға инвестициялар
2.6. Инфрақұрылым
2.7. Жұмыспен қамту
2.8. Білім
2.9. Денсаулық сақтау
2.10. Бюджет
2.11. Әлеуметтік сала
3. Кестелер, диаграммалар
4. Текелі қаласының 2011-2015 жылдарға дамуының негізгі нысаналы индикаторлары
5. МОНОҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
6. Текелі қаласының картасы
-
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
-
ҚАЛА ТАРИХЫ
Текелі қаласы 1952 жылдың 29 қаңтарында құрылған.
1927 жылдан бастап жоспарлы түрде зерделеніп, Жоңғар Алатауының тауларынан пайдалы қойнаулар іздестірілді. 1933 жылы құрамында қорғасын, мырыш, күміс, кадмий, жерманий қоспаларымен аса үлкен полиметалл рудасы бар қойнау ашылып, ал 1935 жылы тау-кен жұмыстары толассыз басталды, 1937 жылға қойнаудың болашақта өнеркәсіп үшін қажеттілігі анықталып расталды. 1939 жылдан бастап Текелі қорғасын-мырыш комбинаты мен рудник және кен байыту фабрикасының құрылысы басталды. Бір мезгілде Текелі жұмысшы поселкесінің құрылысы мен көркейуі жүргізіледі, кейін Текелі қаласы бұл статусты 1952 жылы 29 қаңтарда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес Президиумінің Жарлығымен алған.
-
ГЕОГРАФИялық орналасуы
Текелі қаласының 6133 га немесе 0,1 мың шаршы км көлемімен Талдықорған қаласының оңтүстік-шығысына 39 км қашықтықта, Алматы қаласынан 285 км шығысқа қарай орналасып, олармен темір және тас жолдарымен байланысқан.
Текелі қаласының және оның әкімшілік-территориялық шекарасына кіретін Рудничный ауылымен бірге жалпы халык саны 30,8 мың адамды құрайды.
Қала Жоңғар Алатауының солтүстік жағындағы етегінде орналасқан, Текелі, Чажа, Қора, Қаратал өзендері сайдан төмен құлай өтіп қаланы екіге жарып, ұзындығы 32 км. болып созылады. Чажа, Қора өзендері Қаратал өзеніне келіп қосылады, ал Текелі сол жақтан Чажа өзненіне келіп қосылады.
Текелі - өндірістік қала. Қала кәсіпорындарында –мәр-мәр ұнтағы, құрылыс кірпіші, ашытқы, габбро мен шунгит, мәр-мәр өндіру мен қайта өңделеді.
-
табиғи-КЛИМАТтық Жағдайы
Текелі қаласы өңірінің климаты қоңыр салқын континентальды типті. Агроклиматтық ауданға бөлгенде қоңыржай ылғал ауданға жатады. Ауаның максималды және минималды температуралары + 36,4 градус (1939ж.) және -36 градус (1951ж.) белгіленген. Бірінші үсіктің орта мерзімі - 5 қазан. Аязсыз мерзімнің аралығы -141 күн. Жаңбырдың жылдық саны, жердің биіктігіне байланысты, 1943 мм 636 мм дейін өзжереді.
-
Пайдалы қазбалар
Қала аумағында Текелі қатпарлы тастары шунгит шоғыры, ауыр металдар қатарын көрсететін, соның ішінде ақ алтын бар. Осы металдарды қамтамасыз ету 1 тонна шунгитқа ондаған және жүздеген граммнан қол жеткізіледі. Сонымен қатар ақ алтыннан басқа бағалы болып скандий, рубидий, жерманий және сирек жер металдары болып табылады.
Құмды-тастар шөгінділері дамыған. Олардың қойнауы су жағаларында тараған, бірінші қолданылған терраса болып ерекше аллювиалды құрылымдар болып табылады.
Қала аумағында иілімді батпақ қосындысымен немесе онсыз, шектеусіз көлемде саздар, кірпіш дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылады.
Жалатылған тастар мәрмәр, гранит, габбро шығаратын жерлері бар.
Табиғи құрылыс тасының қойнау зерттеліп, зерделенді.
Аумақта кенінен тараған минералды мақта мен тас құймасының өндіру үшін - базальт, сонымен қатар жасанды перлит өндірісі үшін (құрылыс тіректерін толтырғыш)- липарит аса қызығушылық танытады.
Көк-Су кенті аумағында кварцит жер қойнауы бар. Оның құрамының 96% кремнезден тұрады. Кварцит флюс, отқа төзімді шикізат, абразива және шыны шикізаты ретінде жарамды.
Өңірде минералды емес пайдалы қазбалардың мәрмәр әк тасы жеткілікті көлемде тараған. Әк тас өзінің қасиеті бойынша әр түрлі мақсаттарға жарамды-өзінен әк сығу, құрылыстық мақсаттар үшін (шойынды тас, қабырға тасы).
Текелі, Рудничный кенті және Биғаш ауылының 20 шаршы км. аумағы аралығында әк тас кені үлкен көлемде шоғырланған.
-
Су РЕСУРСтарЫ
Қалада Текелі, Шажа, Қора, Қаратал өзендері ағып өтеді. Шажа өзенінің сол жақ құйылуы Текелі өзені, Шажа және Қора өзендірінің құйылуы Қаратал өзені болып табылады.
-
Соңғы 10 жылда қаланың даму нәтижесі (2004-2013ж.)
2004-2013 жылдары өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,5 есеге өсіп, 10368,1 млн. теңге құрады (2004 жылы – 4185,6 млн. теңге). Жалпы облыс үлесінде қаланың тауар өндірісі 1,8% құрайды.
2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1885,3 млн. теңгені құрады немесе 2004 жылдың деңгейінен 4,7 есе өсті (398,0 млн. теңге).
2004 жылмен (1217,0 млн. теңге) салыстырғанда негізгі капиталға инвестиция көлемі 2,2 есеге артып, 2692,5 млн. теңгені құрады. Жалпы облыс үлесінде қаланың инвестиция көлемі 0,6% құрайды.
2013 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 1455,7 млн.теңге құрап, 2004 жылдан (539,6 млн. теңге) 2,7 есеге өсті.
Тұрғын үйлерді енгізу 3,0 есеге жуық өсті немесе 1,2 мың. шаршы метр құрады.
2.ЕСЕПТІ 2013 ЖЫЛ БОЙЫНША ҚАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
-
ӨНЕРКӘСІП
2013 жылы өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі 10368,1 млн. теңге, физикалық индекс көлемі – 103,8% құрады.
Жалпы облыс үлесінде қаланың тауар өндіру бойынша басым бөлігі солод, мәрмәр, табиғи тас өндірісі алады.
-
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ
2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1885,3 млн. теңге құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 32,3% жоғары, оның ішінде өсімдік шаруашылығы-1168,0 млн. теңге (151,3%), мал шаруашылығы – 717,3 млн. теңге (109,8%).
Ет, сүт және жұмыртқа өндіру көлемі былтырғы жылдың деңгейінде сақталған.
2013 жылы шаруа қожалықтарына 23,6 млн. теңге сомасында субсидия бөлінді.
Жасанды қолдан ұрықтандырылатын 2 пунк жұмыс жасайды, 2013 жылы 1093 бас қолдан ұрықтандырылды.
Қалада 1 мал сою алаңы жұмыс жасап, бір жылда 381 бас мал сойылды. 150 бас қаңғыбас иттер ұсталынып, жойылды.
«Green House - Зеленый дом» ЖШС жылыжай кешенінде 546 тонна қияр өсіріліп, сатылды.
-
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Халық қаражаты есебінен 1203 шаршы метр тұрғын үй енгізілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1455,7 млн. теңге, физикалық индекс көлемі – 107,8 % құрады.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен қаланын 10,6 км жолы қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, көшелерге жарықтандырғыштар орнату, қоқыс шығару, стихиялық қоқыс орындарды жою бойынша жұмыстар атқарылды.
«Достық» шағын ауданында 120 орынға арналған жаңа бала-бақшаның құрылыс жұмыстары басталып, 2014 жылдың қаңтар айында іске қосу жоспарланған. Орталық стадионға күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілді.
-
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 2571 азамат жұмыспен қамтылып, былтырғы жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда 89,7% құрады.
Шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі 6773,5 млн. теңге, бюджетке түсімдер – 488,0 млн. теңге құрап, жалпы бюджет түсімдері 48,0 % құрады.
Жыл басынан өндіріс қуаттылығы жылына 300-400 мың тонна шойын өндіру бойынша «Bapy Mining» ЖШС-нің инновациялық технологиялар бойынша «Темір кенін шығару және өңдеу арқылы шойын өндірісі» жобасы жүзеге асырылады. Аталған жоба 2013-2015 жылдарға арналған индустрияландыру картасына енгізілген. Жобаны іске асыру «Текелі кенді қайта өндеу кешені» ЖШС-нің ғимараты және барлық инфрақұрылымның түрі бар өндірістік алаңында іске асырылады. Нақты уақытта домна пеші мен агломерациялық желісін сатып алуға аванстық төлемдер төленді. Жоба жүзеге асырылғаннан 1,6 млрд. теңге инвестиция игерілді.
-
НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2013 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2692,5 млн. теңге құрайды. Физикалық индекс көлемі 161,1%.
Инвестицияның қаржыландыру көзі болып қарыз қаражаттар (59,8), бюджеттік қаражаттар (27,6%), кәсіпорындар мен халықтын өзіндік қаражаттары (12,6%).
-
БЮДЖЕТ
Мемлекеттік бюджетке 1016,1 млн. теңге түсті немесе жоспарға 124,3%, оның ішінде республикалық бюджетке - 431,5 млн. теңге (101,7,0%), жергілікті бюджетке - 584,7 млн. теңге (148,6%), оның ішінде қалалық бюджетке - 148,5 млн. теңге (114,4%).
2014 жылдың 1 қаңтарына берешек қарыз 1,0 млн. теңге құрап немесе 0,2 млн. теңгеге азайды.
Жергілікті бюджеттін шығыстары 2078,5 млн. теңге құрап, 99,6% орындалды.
-
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Қалада 8 орта мектеп, оның ішінде 6 орта мектеп шағын орталықтарымен, 4 мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелер, балалар шығармашылық орталығы және кәсіптік лицей жұмыс істейді.
Мектепке дейінгі тәрбиемен балалардың қамтылуы 72,2% құрады.
Спорт сарайы, стадион, 7 мектеп спорт залдары, ашық және жабық жүзу бассейні бар.
Қалада үш филиалы орналасқан кітапхана жұмыс істеп, оның кітап қоры жыл сайын толықтырылуда. Сонымен қатар, мәдениет үйі жұмыс істейді. Ал, 2013 жылы Металлург шағын ауданындағы клубқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәдениет үйіне ағымдағы жөңдеу жүргізіліп, веб-панель сатып алынды.
Қалада 3 денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде 2 аурухана, 1 емхана жұмыс істейді. 2013 жылы қалалық аурухананың материалдық-техникалық базасы нығайтылды.
Жұмыспен қамту сұрағы бойынша уәкілетті органда 788 жұмыссыз тіркеліп, жұмыссыздық деңгейі 5,2 % құрады. Жұмыспен қамту қызметінің көмегімен 710 азамат жұмысқа орналастырылды.
Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 297 адам жолданды. Кәсіптік даярлау, қайта даярлаумен 50 адам қамтылды. 2013 жастар тәжірибесіне 35 азамат жолданды. Жалақысын субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарына 52 азамат орналастырылды. Қала бойынша орташа жалақы мөлшері 64073 теңге құрады.
2013 жылы әртүрлі әлеуметтік көмек түрлері 916 адамға 25,3 млн. теңгеге көрсетілді.
Жыл басынан 230 жаңа жұмыс орындары құрылып, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,6 % көп.
-
ТАБЛИЦАЛАР, ДИАГРАММАЛАР
Текелі қаласы бойынша жалпы мағлұматтар
Құрылған жылы |
1952 жылғы 29 қаңтар
|
Территорисы, мың. шаршы. км.
|
0,1
|
Халық саны, мың. адам. (2013 жылдың 1 желтоқсанына)
|
30,8
|
оның ішінде,
|
|
Ұлттық құрам, % (2010 жылдың басына)
|
| |
43,5
| |
47,6
| - басқада этностар |
8,9
|
Әкімшілік – территориялық бөлінуі
|
|
- қала: Текелі
|
|
- поселок: Рудничный
|
|
Жергілікті өкілетті органдардың депуттары, барлығы:
|
13
| |
1
| |
12
|
Қаланың әкімшілік-аумақтық бөлінуі (негізгі көрсеткіштер)
|
Қалалардың, аудандардың аталуы
|
Облыстық/аудандық орталық
|
Ауданы, мың.шаршы.км.
|
Селолық және поселкілік пунктер саны
|
Талдықоған қаласына дейінгі қашықтық,
км.
|
Селолық және поселкілік округтер саны
|
Текелі қаласы
|
Текелі қаласы
|
0,1
|
2
|
39
|
1
|
2004 – 2013 жылдарға Текелі қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
2004 ж.
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011
ж.
|
2012
ж.
|
2013
ж.
|
Өнекәсіп өнімінің көлемі,
млн. теңге
|
4185,6
|
6417,2
|
6823,1
|
7441,6
|
10960,7
|
5951,7
|
7840,0
|
9265,8
|
9374,9
|
10368,1
|
Өндеуші өнекәсіп өнімінің көлемі,
млн. теңге
|
2130,7
|
2699,6
|
2450,4
|
4527,1
|
7857,9
|
4654,5
|
5348,2
|
6553,2
|
5891,7
|
6338,5
|
Ауыл шаруашылық өнімі,
млн. теңге
|
398,0
|
388,3
|
420,3
|
481,2
|
683,0
|
824,3
|
1019,6
|
1208,7
|
1425,0
|
1885,3
|
Негізгі капиталға инвестиция көлемі,
млн. теңге
|
1635,0
|
1217,0
|
316,0
|
461,0
|
1129,0
|
1556,0
|
2332,4
|
2909,9
|
1603,7
|
2692,5
|
Мемлекеттік бюджет түсімінің көлемі,
млн. теңге
|
458,9
|
428,8
|
406,7
|
880,5
|
1009,2
|
614,0
|
689,6
|
755,0
|
1016,8
|
1016,1
|
2004-2013 жылдарға Текелі қаласының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы
|
|
10 жылда өсу қарқыны
|
Есепті жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіштердің мәні
|
Өңірдің облыстағы үлес салмағы
|
1
|
Өнеркәсіп өнімінің көлемі
|
2,5 есе
|
10368,1 млн. теңге
|
1,8%
|
2
|
Ауыл шаруашыық өнімі
|
4,7 есе
|
1885,3 млн. теңге
|
0,5%
|
3
|
Негізгі апиталға инвестиция көлемі
|
2,2 есе
|
2692,5 млн. теңге
|
0,6%
|
4
|
Мемлекеттік бюджет түсімінің көлемі
|
2,2 есе
|
1016,1 млн. теңге
|
0,6%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өнекәсіптін дамуының негізгі көрсеткіштері
|
|
Сәйкес жылдағы бағалармен (тауар, қызмет) өнімінің көлемі, млн. теңге
|
Өндіріс көлемінің жалпы облыстағы үлес салмағы, %
|
Өнімнің физикалық индекс көлемі, %
|
2011
ж.
|
2012
ж.
|
2013
ж.
|
2011
ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2011
ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Текелі қаласы
|
9265,8
|
9374,9
|
10368,1
|
2,2
|
1,7
|
1,8
|
101,0
|
100,1
|
103,8
|
Ауыл шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері (барлық шаруашылық категориясы)
Көрсеткіштер
|
2012
|
2013
|
Мал шаруашылығы өнімінің өндірісі, тонна
|
Мал және құс (өткізілгені, сойылған салмағында)
|
957
|
958
|
Сүт
|
3185
|
3185
|
Жұмыртқа (млн. дана)
|
1320
|
1320
|
Жыл сонына құс және мал басы, мың. бас
|
Ірі қара мал
|
4,2
|
3,7
|
Қой және ешкі
|
3,7
|
3,7
|
Шошқа
|
1,9
|
1,9
|
Жылқы
|
0,3
|
0,3
|
Барлық құс түрі
|
54,6
|
54,6
|
|
Ауыл шаруашылығының өнімі
№
|
Аудан және қалалар
|
2013 жыл көлемі, млн. теңге
|
2012 жылға % сәйкес
|
Үлес салмағы, %
|
1
|
Текелі қаласы
|
1885,3
|
132,3
|
0,5
|
Достарыңызбен бөлісу: |