Лекция мақсаты: ҚР өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның ерекшеліктерін талдау. Лекция сұрақтары



бет1/2
Дата18.05.2022
өлшемі14.37 Kb.
#456922
түріЛекция
  1   2
Пустой



Лекциялық кешен құрылымы
 
 
 
1- тақырып. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым
Лекция мақсаты: ҚР өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның ерекшеліктерін талдау.
Лекция сұрақтары:
1.1 Өндірістік инфрақұрылым мәні және құрамы
1.2 Өндірістік инфрақұрылымның функциялары.
1.3 Әлеуметтік инфрақұрылым міндеттері
1.4 Әлеуметтік инфрақұрылымның ерекшеліктері.
 
Өндірістік инфрақұрылым дегеніміз – барлық саладағы қоғамдық өндірістің іс-әрекетіне бірдей қажет, өндірістің, халық өмірінің функциялардың атқаруына жалпы жағдай туғызатын және іске асыратын шаруашылық жүйесі.
Өндірістік инфрақұрылымның аумақтық дамуы және функция атқаруы оның географиялық зерттеу аспектісі үшін ерекше маңызды.
Өндірістік инфрақұрылымның аумақтық даму аспектісі материалдық – техникалық базасының ерекше сипаттамасында және кеңістіктік ұйымдастыруда орын алады. Ол инфрақұрылым салаларының атқаратын қызметімен, орынмен және функциялармен қалай ерекшелінсе, солай да техникалық – экономикалық жағынан ерекшеленеді.
Өндірістік инфрақұрылымның басқа салалардан бөлінуі аумақтық интенсификациялық еңбек бөлінісінен басталады, оның салдарынан өндірістік бөліну үрдісі жаңа сатыға көтерілді.
Өндірістік инфрақұрылымның дамуы кәсіпорындарда жаңа еңбек күштердің көбеюіне, халықтың әлеуметтік және аумақтық активтілігіне әкеледі. Сондықтан ол географиялық еңбек бөлінісін әрі қарай іске асыратын ұйымдастырылған экономикалық кеністіктің факторы ретінде байқалады. Инфрақұрылымның белгілі бір даму жобасы болмаса, жаңа территорияларды игеру мүмкіндікке аспайды. Ал экономикалық жағынан дамыған инфрақұрылым, керісінше, кері байланыс орнатып, сол аймаққа жаңа кәсіпорындардың ашылуына, табиғи ресурстардың игеру аймағының кеңейтілуіне, өңдейтін өндірістің дамуына, халықта тұрақты серпілістің пайда болуына әкеледі.
Өндірістік инфрақұрылымның функциялары.
Бейнелеп айтқанда, қазіргі заманның өндірісне осы функциялар «қан айналымы жүйесіндей» маңызды болып келеді. Олар келесі түрдей анықталады:
1. Материалдық құралдар қозғалысының қамсыздандырылуы:
- табиғи ресурстарды;
- энергиямен;
- дайын өнімдермен.
2. Жұмыс күші (еңбек ресурстарын) қозғалысының қамсыздандырылуы.
3. Өндірістік қаржы қозғалысыының қамсыздандырылуы.
4. Өндірістік ақпарат қозғалысының қамсыздандырылуы.
 Өндірістік инфрақұрылымның классификациясы.
 Өндірістік инфрақұрылым негізінен кеңістік-өндірістік және салалық болып ажыратылады.
Кеңістік-өндірістік белгісі бойынша:
Салалық белгісі бойынша:
Қазіргі ғылымда инфрақұрылымның салалық классификациясы өзекті орын алуда, себебі ол көпшілік мемлекеттерде мен әлеуметтік-экономикалық ғылымдарда қабылданды.
Экономиканың, ғылыми-техникалық прогресстің және қарым-қатынастың эволюциясының дамуына байланысты өндірістік инфрақұрылымның салалық құрамы қолданылады. Дамыған мемлекеттерде өндірістік инфрақұрылымға телекоммуникацияларды, қызмет көрсету туралы ақпаратты, іскерлік қызмет салаларын және т.б. жатқызады
Әлеуметтік инфрақұрылым міндеттері
Қоғамның әлеуметтік сфера өмірі деп, біз халық өмірінің сапасы мен деңгейін қамтамасыз ететін халық шаруашылық салалары кешенін айтамыз. Әлеуметтік сфераның әрбір саласының іс-әрекеті аймақтық сипатта болып келеді және халық сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, қала мен елді мекенді эстетикалық рәсімдеуімен аббаттандырылуы, архитектуралық кеіпін қалыптастырумен айналысады.
Әлеуметтік инфрақұрылым - өзінің функцияларын әлеуметтік сфера салалары арқылы орындалуын қамтамасыз етуге арналған материалдық-техникалық база.
Әлеуметтік инфрақұрылымның функциялары әлеуметтік сфера функцияларымен тығыз байланысты және келесідей болып сипатталады:
1. Материалды игіліктердің таралуы мен алмасуы;
2. Тұтынушыға қызмет көрсету;
3. Халық денсаулық сақтау;
4. Ғылыми көзқарас пен қоғамдық сананың қалыптасуы;
5. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен басқару.
Әлеуметтік инфрақұрылым элементтерінің құрамы:
Әлеуметтік құрылым:
· Таралу мен алмасу (сауда, несие, сақтандыру);
· Тұтынушыларға қызмет көрсету (үй шаруашылығы, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет ету, байланыс);
· Денсаулық сақтау (денсаулық сақтау, санитарлы – курорттық қызмет ету және демалыс);
· Ғылыми көзқарас пен қоғамдық сананың қалыптасуы (білім беру, ағарту, кадрларды дайындау, өнер, дін);
· Қоғамдық тәртіпті сақтау мен басқару (мемлекеттік басқару, қоғамдық ұйымдастырулар, қорғаныс полиция).
Әлеуметтік инфрақұрылым мәдениетке тура байланысы бар салалардан тұрады. Сондықтан да оны құрамында білім, ғылым, мәдениет салалары сияқты әр түрлі жоспарлы салалардан тұратын әлеуметтік – мәдени инфрақұрылым деп атауға болады.
Әлеуметтік инфрақұрылым басқа да инфрақұрылым сияқты территориялық құрылымды болып келеді. Қарқынды даму мысалдары ретінде Алматы және Астана қалаларын алуға болады.
Әлеуметтік инфрақұрылымның территоиялық элементтері:
· Мемлекеттік деңгей;
· Аймақтық деңгей;
· Жергілікті деңгей.
Әлеуметтік инфрақұрылымның ерекшеліктері.
Бұл ерекшеліктер инфрақұрылымның құрлықта, суда немесе ғарышта (ауада) орналасуына байланысты болып келеді.
Әлеуметтік инфрақұрылым элементтері (судағы және ғарыштағы):
Суда:
· Судағы жұмысшыларға тұрмыстық қызмет ету жүйесі;
· Теңіз жолаушылар көлігі;
· Теңіздегі байланыс;
· Теңіз жағалауында емделу мен демалу;
· Теңіз спорты;
· Әскери – теңіздік инфрақұрылым.
Ғарышта (ауада):
· Әуе жолаушылар көлігі;
· Ғарыштық байланыс;
· Әскери – әуе және әскери – ғарыштық инфрақұрылым.
Яғни, құрыдағы инфрақұрылым адам әрекетінің әрбір сферасында кездеседі және басқа кеңістіктегі инфрақұрылымдарға базалық болып келеді.
Әлеуметтік инфрақұрылымның теориялық мінездеме элементтері
Сауда – тауарлардың өндіріс сферасының тұтыну сферасына өту қозғалысын қамтамасыз ететін халық шаруашылығының саласы. Өзінің функцияларын орындау арқылы халық өмірінің материалдық және мәдени деңгейін көтереді.
Бірінші функция – тауар айналым үрдісін қызмет ете отырып, оның тұтынушыға жетуін қамтамасыз ету.
Екінші функция – баға формасының ауысуы, яғни, тауар ауысуы – сату-сатып алу, тауарды ақшаға және ақшаны тауарға айырбастау.
Сауда сыртқы, ішкі және халықаралық болып бөлінеді.
Сыртқы тауардың мәні болып, бір мемлекет екінші мемлекетпен сауда жүргізгені келеді. Негізгі көрсеткіштеріне экспорт және импорт жатады.
Ішкі сауданың екі түрі белгілі, олар: көтерме және жекелеп сататын сауда.
Халықаралық сауда негізінде мемлекет басқа мемлекеттермен сауда операцияларын жүргізеді.
Сауда инфрақұрылымы көтерме және жеке сауда желілерінен, сыртқы сауда ұйымдастыратын арнайы мекемелерден тұрады. Сауда желісі дегеніміз – жергілікті халық пен сауда мекемелеріне тауар сату мен оларды тауарлармен қамтамасыз ететін кәсіпорын жиынтығы.
Көтерме сауда желісіне көтерме базарлар, қоймалар, тоңазытқыштар, жабдықтап өткізетін базарлар жатады.
Жеке сауда желісіне ірі, орташа және кіші фирмалар, жеке кәсіпкерлер және қоғамдық тамақтану кәсіпорындары жатады. Сонымен қатар жеке саудаға тізім арқылы саудалау және жіберу саудасы жатады. Сауда инфрақұрылымы жәрмеңкелерден, тауар биржалардан, аукциондардан, дилерлерден, маркетингтік, жарнамалық мекемелерден тұрады.
Жаңа ғимараттардың салуына байланысты Алматы қаласының инфрақұрылымы, нақтылай айтсақ, сауда инфрақұрылымы жаңартылуда. Солай Оңтүстік астанада 70 астам ірі сауда орталықтары жұмыс істеуде. Қазіргі кездегі кәсіпкерлер ол сауда кешендерін ойын-сауықты етуге тырысады. Мысалы, 2006 жылы ашылған Қазақстандағы ірі, ауданы 80 000 квадрат метрлі «Mega Center Alma-Ata» сауда – ойын-сауықтыру кешені. Үлкен сауда залынан басқа, бұл жерде боулинг, скалодром, үлкен мұз айдыны және 8 кинотеатр бар. Оның құрылысын салуға 60 миллион АҚШ доллары несиеге алынған.
Орталық Азия ірі халықаралық туристік орталық айналуға байланысты туризмнің сауда инфрақұрылымын жасау қажет. Өйткені адам қозғалысы барысында пайда болатын сауда, туристерді қабылдау саласында жүрген жергілікті халықтың экономикалық қызмет бастамасы болып келеді. Жалпы Қазақстанда және Алматыда туризм сауда инфрақұрылымын жарату арқылы мемлекеттің туристік имиджін көтеретін негізгі жұмыс.
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет