Мазмұны : I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Жұмыстың хронологиялық шеңбері



бет2/7
Дата25.12.2022
өлшемі114.03 Kb.
#467889
1   2   3   4   5   6   7
бөж тмт

Жұмыстың хронологиялық шеңбері : Зеттеу жұмысы XV – ғасыр мен XVII-ғасырлар аралығын қамтиды . Осы кезең аралығында Астрахан хандығының құрылуы , дамуы , шаруашылығы , Ресей құрамына кіру жайлы қарастырылады .

Жұмытың құрылымы : БӨЖ жұмысы кіріспеден , негізгі бөлімнен ( бес тарау ), қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі ,электрондық қорлардан тұрады .


II. Негізгі бөлім
2.1 Хандықтың құрылуы. Территориясы.
Астрахань хандығы Алтын Орданың түбегейлі ыдырауынан сəл алдын 1459 жылдан бастап ерекшеленіп шыға бастады. Хандықтың бөлініп шығуы Алтын Орда ханының туысы Махмудтың атымен байланысты болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін, 1481 жылы оның соңғы ханы Ахмет ханның өлімінен соң Астрахань хандығы түгелдей дербес мемлекетке айналды.
Астрахань хандығының территориясы батысында Кубан өзені мен Дон өзенінің төменгі ағысына дейін, шығысында Бузан өзеніне дейін жетіп, Ноғай Ордасымен шектесті, оңтүстікте Терек өзеніне дейін, солтүстікте Еділ мен Донның ең тар сағасына дейінгі жерді алып жатты. Астрахань хандығы Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі құрылған мемлекеттер ішіндегі ең кіші мемлекет болды. Оның территориясында далалық аймақтар көп болды. Оның тұрғындары, негізінен Еділ бойында шоғырланып, көшпелі мал шаруашылығы жəне саудамен айналысты. Тұрғындарының саны, шамамен 15-20 мың адам болды. Ханның қарулы күштері ары кеткенде 3 мың адамды құрады. Дəл сол себепті Астрахань хандығы өзінің бейбітшілік сүйгіштігін көрсетіп отыруға əрекет жасады жəне соғыстарға қатысудан қашып, анағұрлым күштірек көршілері Ноғай Ордасы, Қырым хандығына тəуелді болып отырды.
Хандықтың орталығы ортағасырлық Астрахань болды. Қоныс Еділ жағалауында сонау IX-X ғасырлардан өмір сүріп келе жатқан жəне бірнеше рет орнын ауыстырып, Каспий жағалауына жақындай түсті. Алғашқыда бұл қазіргі Астраханьнан 70 шақырым жоғарырақ орналасқан Итиль қаласы болды. ХІІІ ғасыр соңында қазіргі Астраханьнан 12 шақырым жоғарыда Еділдің оң жағалауында Алтын Орданың ірі қалаларының бірі, саяхатшылар Аш-тархан (орыс деректерінде Асторокань) деп атаған жаңа қала пайда болды. «Астархан» деген атау (аңыздардың бірі) бұл аймақтарда сармат тайпаларының ұрпақтары астар өмір сүріп, олар ұлы хан Батудан «тархан» атағын алып тұрған деген мағынаны білдіреді. Дəл сол Бату ханнан тархан атағын алып отырған асстар қалаға өз атын берген деп жорамалданады.
Астрахань халықаралық сауданың үлкен орталығы болып саналды. 1395 жылы Əмір Темір Астраханьды Алтын Орданың басқа қалалары сияқты тонап, жағып жібереді. 1966 жылы Алтын Ордалық Астрахань орнына (қазір онда заводтар салынып кеткен) жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нəтижесінде онда кедейлердің көшеге созылған жертөлелері табылды. Жертөлелердің бірінен ХІV ғасырдың теңгелерінің көмбесі табылып, онда жалпы саны 208 дана монета болған. 1473 жылы Астраханьда Персияға кетіп бара жатқан «Қасиетті Венециан Республикасының» елшісі Амброзио Контарини болған. Оның естеліктерінен ол кезде Астраханьның биік емес қабырғалармен қоршалған кішігірім қала болғандығын білуге болады. Венециандық, хорезмдік, бұхарлық, қазандық, қырымдық жəне орыс көпестері Астраханьда сауда жасады немесе өз тауарларын осы қала арқылы басқа елдерге тасымалдады. Мəскеуге мақта-мата, жүннен жəне жібектен жасалған бұйымдар, қант, сабын, əшекей бұйымдар жəне басқа тауарлар жөнелтілді.
Хаджи-Тарханның солтүстікте Алтын Орда астанасы Сарай-алМахрус пен оңтүстікте Кавказ жəне Иранмен шекараласа орналасуыарқасында Оңтүстік-Шығыс Еуропамен саудада маңызды рөл атқарды. Басқа да ортағасырлық қалалар сияқты Астрахань да XIV ғасырда Каспий мен Қара теңіздегі обадан үлкен зардап шекті. 1391 жылы бұл қаланың билеушісі болып, Темір-Кутлуг жарияланды, осы кезден Астраханьдағы татар патшаларының əулеті басталған.
ХVІ ғасырдың бірінші жартысынан Астрахань хандығына Түркия, батысынан Қырым хандығы, шығысынан Ноғай Ордасы қызығушылық танытып, олардың арасындағы талас-тартыстың аймағына айналады. Астраханьның қолайлы географиялық орналасуы, соған байланысты стратегиялық жəне сауда мақсатында Еділдің сағасында нығайтуға əрекет жасауы олардың мүддесін осы аймақта түйістірді. Қырым хандығы Астрахань хандығын таққа қырымдық Гирей əулетінің өкілдерін қою арқылы бағындыруға ұмтылды. Ал бұл жағдай өз əулетінің өкілдерін отырғызуға тырысқан Ноғай Ордасының қарсылығын туғызды. Күшті татар көршілерінен өз тəуелсіздігін сақтап қалуға тырысқан Астраханьдық үкімет өздеріне мүлде қаупсіз көрінген алыстағы Мəскеумен байланыс жасауға əрекет жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет