Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ
Тақырып: Астрахань хандығы құрылуы және дамыуы
Қабылдаған: Джандарбаев Е
Дайындады:Рахматуллаева М
Тобы: ЖФЗ-011
Мазмұны :
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Хандықтың құрылуы. Территориясы
2.2 Астрахань хандығының шаруашылығы ,əлеуметтік құрылысы.
2.3 Ресейдің жаулап алуы.
2.4 ІV Иванның Астраханьға екінші жорығы.
2.5 Ресей қол астындағы Астрахань
III. Қортынды
IV . Пайдаланған әдебтиеттер
I.Кіріспе :
Астрахан хандығы — Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған дербес мемлекеттердің (1465 – 1556) бірі. Оның аумағына Каспийдің солтүстік-батыс жағалауы, төменгі Еділ бойы, Солтүстік Кавказ енді . Астанасы - Алтын Орда орталығы Сарай қаласы аймағында Еділ өзенінің Каспий теңізіне құярлығындағы Астрахан қаласы. Бұл аймақты Еждерхан, Астархан, Кажы Тархан секілді аттармен аталуына байланысты хандық та осы сияқты түрлі атаулармен аталған. Сауда түрғысынан маңызды бір жерде құрылғанына қарамастан қабілетсіз хандардың кесірінен дамымай қалған хандық Дон-Еділ (Волга)-Кубан өзендері арасына сығылысып қалды.
Мақсаты: Астрахан хандығының тұрмыс салтымен танысу . Ресейге қарсы жасаған жорықтары жайлы білу . Ресей қол астына кіру туралы білім беру .
Міндеті : - Хандықтың құрылуы және территориясы жайлы мәлімет беру
-Астрахань хандығының шаруашылығы мен əлеуметтік құрылымы туралы білу
- Ресейдің жаулап алуы және ІV Иванның Астраханьға екінші жорығымен танысу
-Ресей қол астындағы Астрахань жайлы білу
Зерттелу деңгейі :
1991 жылы тарихшы-өлкетанушы М. Джалжанов Хаджы-Тархан атауы Хаджаркан сөзінің негізінде пайда болған деген гипотеза ұсынды. Ол «Бұл сөз екі бөліктен тұрады: «хаджар» жəне «кан». «Хаджар» сөзі «хазар» деген сөзді білдірсе, ал «кан» сөзі «кент» дегенді білдіріп, қала деген мағына береді дейді. Көне Астрахань туралы көптеген қызықты аңыздар бар. Олардың көпшілігі қаланың атын түсіндіруімен байланысты. Аңыздардың бірінде қыпшақ ханының ұлының поляндық Астраға ғашық болуы туралы айтылып, осыдан келіп қаланың атауы Астрахань деп аталған делінеді. Астрахань жерінде болған араб саяхатшысы Ибн-Батутта оны егжей-тегжейлі суреттеген. Ол өзінің жазбаларында қаланы Қажы-Тархан деп атаған. Жəне «Бұл қала өз атауын түрік тілінен алғанда Қажы, қажылыққа барған адам қоныстанған жер деген мағына береді. Сұлтан оған тархан атағын сыйлаған, сол жерде қоныс пайда болып, кейін үлкейіп қалаға айналған», – деп жазды. Кейбір деректерде Астрахань түркілеріне жататын алабұғаттар - Ресей Федерациясына қарасты Қалмақ республикасы Каспий ауданының Манғыт, Улан-Холл елді мекендерін мекендейтін аз санды түркі ұлысы. Олар ды алабұғат татары деп атап келген. Зерттеушілер алабұғат этникалық тобын ноғай, қазақ, қазан татары, түрікмен, өзбек, қалмақ халыктары өкілдерінің араласып кетуінен қалыптасқан деген тұжырымға келді. Бұлардың ішіндегі көбірегі ноғайлар болған. Жалпы саны - 4220 адам (1989). Бұдан бір жарым ғасыр бұрын 1852 жылы олардың саны 4212 адам болған екен. Антропологиялық жағынан алабұғаттар тұран өтпелі нәсіліне жатады. Олар ислам дінінің суннит тармағын тұтынады. Алабұғаттар ертеректе көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданып, киіз үйде тұрған.
XVII ғасырда Астраханьда атақты неміс ақыны Пауль Флеминг болып, қалада болғаны туралы естелік ретінде керемет өлеңдер жазып қалдырған. Голштинский посланник Адам Олеарий Астраханьда болып Кремльдің құрылысы туралы жазып қалдырған. Ол Астрахань бекінісін салуда қаңырап бос қалған Алтын Орданың екінші астанасы Сарай-Бату қаласының тастары пайдаланғандығы туралы айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |