Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы


Аңсатовтың «Болмысы» - қазақтың болмысы



бет13/15
Дата15.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#136590
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Аңсатовтың «Болмысы» - қазақтың болмысы
Өткен жұмада Ә.Тәжібаев атындағы облблыстық әмбебап ғылыми кітапханасында обблысқа белгілі азамат, ел ағасы, Құрмет орденінің иегері Сәпен Аңсатовтың жуырда жарық көрген «Болмыс» атты кітабының тұсаукесер кеші болып өтті. Бұған дейін де жарық көрген «Мәуелі мезгіл» атты ғұмырнамалық кітабын оқырман қауым жылы қабылдаған С Аңсатовтың бұл кітабы да сөреде шаң басып қалмай қолдан-қолға өтер, қадірлі, пайдалы кітап боларға ұқсайды. Мұны кеш барысында қойын дәптердің қалыңдығындай ғана жұп-жұқа, дегенмен мән-мазмұнға бай кітапты қазір де оқып үлгерген оқырмандар қуаныса, құлшыныса білдірісті.

Кітап оқырмандарының журналист, ақын Шәкизада Әбдікәрімов, Қорқыт ата университетінің ректоры Қьшышбай Бисенов, оқытушы ғалым Қазыбай Құдайбергенов, әртіс Бақытбек Алпысбаев т.б. сөз қадірін білетін жұртшылық екендігі бұл бағаның шүбәсіздігіне сендіреді. Оқырмандар кеші қатарынан сондай-ақ ардагерлер Сейілбек Шаухаманов, Ернияз Омаров, облыстық мәслихат хатшысы Бекмырза Еламанов, кітаптың жарық көруіне демеушілік еткен кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты Қайрат Ерназаров т.б. Қызылорданың белгілі адамдарының елеулі қатары көрінді Ел болшағы жастар үшін ұлттық бағытта таным-тағлымды деп баға берілген кітаптың тұсау кесеріне кітапхана оқырмандары - студент жастар да шақырылыпты.

Кешке арнап безендірілген зал төріне автор құрметпен төрлетіліп, кешті жүргізу үши сөз тізгінін алған Қазыбай Құдайбергенов жаңа кітаптың жаңалықты мән-мазмұны жөнінен мағлұматтап өтті. Жүргізушінін «Кітапты оқып шықтым. Тартымды оқылады. Кітапта тарихымыз, салт-санамыз, жер-су аттары, Сыр бойында өткен батыр, билер есмдері жанғьртылған кітаптың ерекшелігі

жыраудың, Қадыр Мырзалиевтің өлеңдерімен әдіптеліп отырады. Кітаптың ұлттық педагогиканы жаңғыртуда маңызы ерекше. Жастарға үстел үстіне қойып оқитын кітап» - деген пікірін сөз алған өзге окырмандар да қостап, іліп әкетісті.



Ш. Әбдікәрімов, ақын, «Қоғам» теле ариасының құрылтайшысы:

Әдебиетте ұлы адамдардың хаттары, жазбаларын эпистолярлық жанр деп атайды. Сәпен ағаның «Болмысы» ауыздан ауызға жеткен хаттар, эпистолярлық жанрдың бір тармағы деп түсінем. Алыстан сермемей, көнеден тербемей, айналамыздағы құнарлы топырақта ұйысқан әкелеріміздің аузынан шыққан логикалық қисынға толы сөздері, іс-әрекеттері жастарға ұлттық педагогикадан сабақ. Адамның адам болатыны оның жан дүниесіндегі ділі мен рухы. Сәпен ағаның кітабын саралап оқыған жастардың бойына рух ұя салары анық.

Кітап ұзын-сонар емес, жинақы, түйінді, новеллалық сипатта, ой түбінде қалатыидай әсерлі, әдемі әңгімелер жалықтырмаиды.

Қылышбай Бисенов, Қорқыт ата университеттің ректоры:

«Болмыс» кітабының тағылымы мол рухани дүние екені көрініп тұр. Сыр топырағында ғұмыр кешкен батырлар. тұлғалардың тағызымға толы ғумырнамаларын кейінгі ұрпаққа жеткізе отырып, олардың бойына адамгершілік пен имандылық дәнін себеді. Қара қылды қақ жарған әділетшіл, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық, жомарттық, қонақ- жайлылық сынды ұлттық қасиеттер өзек болған мұндай туындының бүгінгі жаһандану кезіндегі қоғам үшін маңызы ерек. Бұл кітап сіздің елағасы ретінде жастар тәрбиесіне қосқан қомақты үлесіңіз.



Ғабит Тұяқбаев, филология ғылымдарынын каидидаты, ҚМУ оқытушысы:

Кітап парақтаған сайын оқырмандарды жетелеп алып кетеді. Шытьрман оқиға, қилы тағдыр, көркем образдар көп кездесе бермейтін кітапта оқырманды жетелейтіні жазылған дүниенің бәрі ұлттық рухты ұлықтайтындығы. әдебиетші көз-қарасымен қарағанда кітапты негізмен портреттік очерк жанрында жазылған деуге болады. Бұл журналистика мен көркем шығарманың арасындағы өзіндік әдемілігі, өзіндік қиындығы бар туынды. Өйткені әрбір портретті сомдау үшін белгілі бір деңгейдегі шеберлік керек. Автор осы жанрды керемет игерген, көркемдік деңгейі жоғары.



Бақытбек Алпысбаев, театр әртісі:

Кітапты оқығанымда Сәпен аға жанымда отырып әңгіме айтып отырғандай болды. Аяғына дейін демалыссыз оқып шықтым. Демалайын десем әңгіме үзіліп қалатындай, Сәпен аға әңгіме айтпай қоятындай көрінді. Кітаптың жастарға үлгісі мол. Мысалы, бұрынғылардың сөзге тоқтау қасиеті. Қалдан батырдың Кете Бекмырза бидің асында, түсетін қоңырлау үйді қорашсынып кетіп бара жатқанда кете руының бір кісісінің «Қалдеке,

қараңғы деп көрге кірмейсің бе?» деген сөзіне тоқтағаны. Мұндай сөзді осы отырған жастар түгілі, олардың әке-анасы да біле бермес.

Қысқаша мазмұндағанда осындай жылы пікірлер білдірліп, кеш өнерпаз студент жастардың ән-күй тартуларымен шырайлана түсті. Қорқыт ата университетінің студенттері Азамат Тәуекеловтің арнау өлеңі, Сәдуақас Әдепов. жетекшілік ететін «Жауқазын» студенттер Жастар театрының орындауындағы кітаптан сюжеттік| қойылым, Жасұлан Базарбеков орыидаған күйлер, М.Сүгірбай айтқан терме, Төлебай Жарасқан сырнаймен салған ән қешті әсем, өрлеп, көрермендердің көңіл хошын көтерді төрінде кешке қатысып отырған кітаптың, алғы сөзінде автор «Осы кітапты жазуыма себепші болған сынықшы З.Жаңабаев ағаның әңгімелері, құйма құлақ ағадан Мухатдам інім» деп атап өткен, кітаптың жарық көруіне себепкер де болып. та, кейіпкер ретінде де көрінген З Жаңабаевқа, М.Серікбаевқа кітаптың жарыққа шығуына демеушілік болған Қайрат Ерназаровқа, кешті ұйымдастыруга, ұйтқылық еткен кітапхана директоры Нұржамвл Мырзамұратоваға автор атынан рахмет айтып, «Қор» мұнай компаниясынан гүл шоқтары, естелік сыйлықтар табысталды.

«Менің деңгейімдегі жағдайда кітаптың тұсаукесерін өткізу жараспайтын сияқты» деп қарапайымдылық танытқан кеш кейіпкері де кітап жайынан «кітапқа мүмкіндігім келгенше бұрын баспа бетін көрмеген, ел арасындағы әңгімелерді енгізуге тырыстьм. Олай емес еді дегендер болса дауымыз жоқ. Алыстан жеткен әңгіме алба-жұлба жетеді дейді, соларды жамап-жасқап жеткіздік. Қажеттеріңізге жарап жатса рахмет» деп жиналған журтшылыққа ризашылығын білдірді.

//Ақмешіт Ақшамы.-2013.-22 мамыр.- 6 б.



Арман КАРЖАУБАЕВ, облыстық балалардын құкықтарын қорғау департаментінін дирскторы.

ФИЛОСОФ-ҒАЛЫМ МҰСТАФА МАТАЕВ ЖАЙЛЫ СЫР

Қызылорда мемлекеттік университетінің кұкықтану кафедрасының іргесін калаған Мұстафа Матайұлы жайлы бір үзік сыр.

¥стаз - деген қадірлі де, қасиетті ұғым. Әрбір салада еңбек етіп жүрген маманды оқытқан, үйреткен, жол көрсеткен ұстазы болады. Мейлі ол өнерде, ғылымда болсын, оны - ұстаз дейміз.

Бұл өмірде адам баласы ұлағаты мол ұстаздың алдынан алған тәрбиесі мен білімін ешқашан жадынан жоғалтпайды. Ұстаз-дегенде ұлағат сөзінің қосарлана жүретіні де сол себепті шығар. Жоғары оку орнының қабырғасында жүргенде сондай жайсаң жандардан тәлімді дәріс алғанымды мақган тұтамын. Осындай жанның бірі емес, бірегейі, есімі елімізге кеңінен танымал, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құқықтану кафедрасының іргесін қалаған, профессор, Қазақстанда әлеуметтік ғылымдар саласының академигі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, өзімнің ұстазым Мұстафа Матайұлы. Біреу табиғатынан — ұстаз, біреудің кәсібі — ұстаздық. Алғашқысын туа бітгі ұстаз, соңғысы жүре келе қалыптасады. Ал, философия, құқық философия, мемлекет және құқық теориясын көптеген ғылыми еңбектердің авторы, көрнекті ғалым Мұстафа Матайұлы туа бітгі мейірімнен жаралған шынайы-ұстаз. Ұстаздықтың өлшемі - мейірім болса, екінші өлшемі - адалдық. Біздер Мұстафа ағанын дәрісін тыңдап, ол кісінің терең білімді, көңілге алғаны мол, зиялы азамат екенін ұққандай болдық. Содан болар, ол оқыған дәрістерін әрбір шәкірттері барынша зейін қойып тыңдайтын. Ұстаздың жадымызға токыған тәлімінің жемісін бүгінгі күні көріп уақыт атты ұлы көш жалғасып, жыл артынан жыл өтіп, біздің студентгік өмірінің тарих қойнына әлдеқашан сұңгіп кеткенімен біздің есімізде мәңгілік қалғаны аз емес. Соның бірін тілге тиек еткеніміз артық болмас. Студенттер болып ұстазымыздың «Мемлекет және құқық теориясы» атты алғаш рет дәрісіне катысқан болатынбыз. Мұстафа ағайымыз аудиторияға кірісімен біздермен амандасты. Басқаны қайдам, алғашқы дәрісі мен керемет әсер қалдырды. «Заңгер боламын» деп талпынған маған үлкен ліс берді. Әрбір ұстаз сөз саласын терең білсе, шәкіртінің қызығушылығын арттыра түсетіні анық екен. Жалғыз мен емес, басқа студентгер де, Мұстафа Матайұлының дәрісінен қалмауға тырысатын. Ұстаз талантты студенттерді бірден тани білетін. Қырық жылдан астам уақыт бойы ҚМУ-дың кұқықтану кафедрасында табан аудармай еңбек етті. Оған әрбір шәкіртінің мінез-құлқы, қабілет-қарымы бірден белгілі болатын. Ол кісі сөйлегенде залда қанша студент отырса да, бірінің қыбыр еткен дыбысы естілмейтін...

Мен ұстазымның әрбір сабағы өзінше бір мектеп деп айта аламын. Бірінші курста ол кісінің алғашқы емтиханы болған. Келесі емтихан қабылдаушылар «Мұстафа Матайұлынан үш алған, төрт алған балаға «бес» қоя алмаймыз» деп әзіл-шыны аралас ойларын ашық айтатын. Бұл, әрине, Мұстафа ағайымыздың сол кездегі беделі мен білігін танытатын, айбыны мен абыройының көрсеткішін байкататын. Біздің студенттік шағымыз тоқсаныншы жылдардың орта тұсында өтгі. Бұл кезең ел еңсесі қайтсе тіктелер деген шақ еді. Сол уақытта жоғары оқу орнына келген жастардың көбісі заңгерлік мамандыққа жолай бермейтін. Сондықтан да болар құқық қорғау салаларында мамандар тапшылығы байқалып қалатынды. Біз заңгерлік білім алуға.ерекше құлшыныс білдірдік. Сол кезде Сыр топырағында жаңа кафедраның іргесін қалауға, оны жоғары деңгейге көтеруге атсалысқан абзал азаматтардың көш басында осы Мұстафа Матайұлы тұрды. Оның алдында бұл мамандыққа баулу тек еліміздің үлкен қалаларындағы жоғары оқу орындарының еншісіне тиетін. Ұлағатты ұстазымыз өзі ашқан кафедраның еңсесін тіктеп, буынын бекітуге барынша қызмет етті. Қолды байлаған оқулық тапшылығы мәселесін де шешті. Соның арқасында еліміз бен аймақтың өркендеуіне сүбелі білікті мамандар тәрбиелеп шығарды, Олардың арасында қазір қаншама ғылым кандидаттары да бар. Осылайша университетте Мұстафа ағадан тәлім алған талай жас Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, құқықтық саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып отыр деп айта аламын.

Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы: "¥стаздық — ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашактың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз әсіреді" деген екен.

Менде Мұстафа ағайымыздан алған білімімнің арқасында, халыққа абыройлы қызмет етіп келемін. Қызмет етіп отырған саламда заңгер ретінде қаншама балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда кішкентай да болса өз үлесімді қосып отырмын. Осы орайда, қаншама ата- аналардың айтқан алғыстары, маған дәріс берген Мұстафа ағайымның ұстаздық жемісі мен жетістігі деп ойлаймын. Байқасаңыз, үнемі ұстаз бен шәкірт арасында сабақтастық жүріп отырады. Мен өзімнің өмірдегі өнегемді айрықша қадірлейтін Ұстазым Мұстафа Матайұлы берген тәлім-тәрбиесінің арқасында деп білемін.

Француз ағартушысы Жан Жак Руссо: «Ұстаздық ету - уақыт ұту емес, өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау!» дейді. Жүзінен шуақ, әр сөзінен жылылық төгіліп тұратын, біз үшін ұлы ұстазымыздың дәрісін тыңдау, оған жүрекжарды жылы лебізін білдіру — әрбір шәкірттің азаматтық парызы. Өмірінің бүгінде сексеннің сеңгіріне келген Мұстафа ағайымызды шығармашылық тұлға есебінде ғана емес, өз кәсібінің кемеліне айналған тұлға деп түсінеміз. Ең шәкірті көп ұстаз атанған Мұстафа Матайұлынан дәріс алған кешегі ұл-қыздардың өздері, бүгінде елге сыйлы, мемлекеттік қызметке, ғылымға, өз үлестерін қосып жүрген танымал азамат иелеріне айналған.Бір замандасы Ескендір Зұлқарнайын патшадан: «Осы сіз әкеңіз Филипп ағзамға қарағанда ұстазыныз Аристотельге көбірек ілтипат танытатын сияқгасыз. Соның сыры неде?» - деп сұрапты. Сонда әлемді аузына қаратқан даңқты қолбасшы: «Әкем менің тәнімді тәрбиелеп, жерге түсірді, ал ұстазым, жанымды тәрбиелеп, көкке көтерді емес пе?» - деген екен. «Жақсы адам шырақ секілді» деген рас сөз. Ол — алыстағы жарық, жақындасаң жылылық береді. Мұстафа Матайұлы өмірде сондай, жарық шамдай азамат. Сондықтан да, мен ол кісінің шәкірті болғанымды әрдайым мақтан етемін.


//Ақмешіт апталығы.-2013.- 23 мамыр.- 3 б.

Ә.НАЖМАДИН



Ісі кенеулінің – есімі елеулі

Ұстаз болу - өз уакытын аямау,өзгенің бақытын аялау»,-дейді француз ойшылы ЖЖ.Руссо. Білім беру жолында аянбай еңбек етіп, жоғары деңгейлі заңгер мамандарын даярлауда өлшеусіз үлес қосқан ұлағаттардың бірі - Мұстафа Матаев. Ұрпаққа ұлағатты тәрбие беріп, халқына қалтқысыз қызмет ету М.Матаевтың ұлы мақсаттарының бірі болатын. Үздіксіз ізденіс пен қарқынды еңбегі көздеген мақсатына жетуге бірден-бір себеп болды десек, артық айтқандық емес. Ол Қорқыт Ата атындағы Қызылордамемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының құрылуына ат салысып, құқықытық білім берудің жарқын үлгісін қалыптастырды.

Алғашқы еңбек жолын ол Қазалы ауылшаруашылық техникумынан бастады. Білім мен ғылымға деген құштарлығы оның талай белестерді бағындыруға септігін тигізді. Бұдан кейін М.Матаев Қызылорда облыстық комитеті лекторлар тобының жетекшісі бола жүріп, ғылымға өзіндік дара қолтаңбасын қалдырды. Содан соң КПСС ОК жанындағы Қоғамдык Ғылымдар Академиясының аспирантурасын тәмәмдап,небәрі 34 жасында кандидаттық диссертациясын қорғап, Қоғамдык Ғылымдар Академиясының шешімі бойынша философия ғылымдарының кандидаты атанды. Ғылым жолына бел шеше кіріскен талапты азаматтын осыдан кейінгі еңбек жолы да сәтті қадамдарға ұласты. Н.В.Гоголь атындағы институтта филология факультетінің деканы, кейін «Құқықтану», «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының меңгерушісі қызметгерін аткарды. «Ісі кенеулінің—есімі елеулі». Биыл Сыр жұртшылығының ардакты азаматы 80 жасқа толып отыр. Ұлағатты ұстаздың бұл мерейлі мерекесі жуырда Қорқыт Ата атындағы ҚМУ дың Студенттер сарайында өткізілген профессор М.Матаевтың ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған «Қоғам, мемлекет және тұлға: Қазақстанның бүгіні мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты. Жиынға ҚР премьер-министрінің кеңесшісі А.Абдакимов, облыс әкімшілігінің орынбасары А.Әлназарова және өзге мемлекеттердің беделді ғалымдары қатысты. Олардың ішінде Ресей Ғылым академиясының академигі, Д.Михайлович, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы Ж.Мүбаракұлы және ҚазҰУ-дың профессоры А.Нүсіпәліұлы бар. Конференция бүгінгі құқық мәселесі, мәдениет және философия ұғымдары туралы мазмұнды баяндамалар оқылып, тақырыпқа қатысты ұтымды ой-пікірлер айтылды. Жасыратыны жоқ, бүгінде құқығын білмей, талай мүмкіндіктерін қолдан жіберіп алып жүрген азаматтар көп.

Сондай-ақ, қоғамда өзіндік ролі бар барлық саланы заңдастыру кейбір кері кеткен жүгенсіздіктерге тосқауыл болар еді. Конференцияда сөз алған заң ғылымдарының докторы А. Нүсіпәліұлы осындай пікірді ортаға салып, мәселені мезетінде қолға алу кажеттігін алға тартты. Бұдан бөлек, Ресейден арнайы ат арытып келген философия ғылымдарының докторы Д.Михайлович әлемдік философияның бүгінгі жай-күйі мен саясат мәселелерін сарапка салды.

Қызылорда қаласында мұндай халықаралық дәрежеде өткізіліп отырған конференцияның ұйымдастырылуы шындығында үлкен дәрежені білдіреді. Жалгіы, жиын барысында талкыланған мәселелер әлі күнге дейін өзектілігін жойған емес,- дейді ол.

Университет ректоры Қ.Бисенов ұстаздың көп жылғы еңбегі және білім бёру жүйесін дамытумен өскелең ұрпақгы тәрбиелеуге коскан үлесі мен тәрбиелеу ісіндегі жеткен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасын, сондай-ақ ҚР ЖОО қауымдастығы президенті Р.Алшановтың атынан «Байтұрсынов» атындағы алтын медалі табысталды. Сондай-ак, мерей той иесіне ҚРПарламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина, ҚРПрезиденті жанындағы мемлекеттік басқару университетінің ректоры Б.Абдрасилов, Х.Домұхамедов атындағы АМУ ректоры Б.Мамраевтан келген құттықтаулар-жеделхаттар табысталды. Халықаралық статус иеленген ғылыми конференция Мұстафа Матаевқа университет Ғылыми Кеңесінің шешімімен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің құрметті профессоры» атағын берумен аяқталды.

//Халық .-2013.-23 мамыр.-6 б.

Ғабит ТҰЯҚБАЕВ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

АЗАТТЫҚ АҢСАҒАН АҚЫН

Халықтың сөз өнерінде дара сипат, өзіндік өрнек қалдырған Сыр сүлейлері ақындық, жыраулық, жыршылық өнердің тізгінін ұстап қана қоймай, ел азаттығы жолында күрескерлік танытты. Жауһар жырлары арқылы ұлттық сананы оятуды мұрат тұтты. Солардың бірі биыл туғанына 140 жыл толып отырған Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы болатын.

Әрине, мерейтой атаулыны ат шаптырып, ас беріп, дүбірлетіп той өткізіп атап өту міндетті емес шығар. Бірақ саналы ғұмырын ел болашағына арнаған ұлт зиялыларының есімі ұмыт қалмағаны да абзал.

Ұлттық саяси элита, ұлт зиялылары сөз болған тұста біз белгілі Алаш арыстарын ғана біліп, танып келеміз. Қалың елдің ортасында заманның ауыртпалығын бірге көтеріп, ел күйзелген тұста жалын жырымен демеу болған, алаш азаттығы үшін отты өлеңімен қалың бұқараны күреске шақырған ел зиялыларының есімі де естен шықпағаны абзал. Мұндай тұлғалар Қазақстанның әр өңірінде бар. Ел басына түскен қайғыны өз қайғысындай сезініп, заманның ащы шындығын айтып, қалың бұқараны ауызбіршілік пен азаткерлікке үндеген сөз зергерлерінің бірі, Сыр сүлейі Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы болатын.

Ақын 1873 жылы Қызылорда облысы қазіргі Сырдария ауданы Асқар Тоқмағамбетов ауылында дүниеге келген. Алғаш ауыл молдасы Темір қожадан дәріс алған Жүсіп, 1890 жылдары Бұхара медресесінде білім алады. Орысша да сауатты болған ол ел билеу ісіне де араласқан.

Бұрын біз Қаңлы Жүсіптің айтыстары мен дидактикалық сарында жазылған өлеңдерін ғана тілге тиек етіп келдік. Оның ақындық-азаматтық келбетін тұтастай танытатын саяси-әлеуметтік шығармалары туралы сөз ете алмадық. Ол мүмкін де емес еді. Қаңлы Жүсіп саяси-әлеуметтік оқиғаларды, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді, сондай-ақ, замана қайшылықтарын шынайы суреттей білген ақынның бірі. Ақын қаламынан туған «Ту көтер тұтас болып, дараланбай», «Заман», «1916 жыл», «Ерлерім хикаясын еттім дастан» сияқты саяси-әлеуметтік лирикалары мен «Бірлік туына», «Сауранбайға» атты арнау өлеңдері шоқтығы биік шығармалар. Ақын – халық ұлы. Елдің сөзін сөйлер, мұңын мұңдап, жоғын жоқтар жыршысы. Әдебиет, ұлт тарихында ел қамын жеген ақын ұлдарымыз аз емес. Олардың өмір жолы біз үшін «соқтықпалы соқпақсыз» болып көрінгенімен, олар елді ауызбіршілікке, күрескерлікке шақыруды, заманның ащы шындығын кейінгі ұрпаққа жеткізуді ақындық-азаматтық парыз деп білді, перзенттік бақыт, ақындық мұрат деп ұқты. Осыдан болар сөз зергерлері басына қиын-қыстау күн туғанда да ел сөзін сөйлеуден тартынған жоқ. ХІХ ғасырдың аяқ кезеңі мен ХХ ғасырдың басы қазақ даласында қайшылыққа толы өзгерістер кезеңі болды. Қазақ даласындағы осындай саяси өзгерістердің арасындағы ең ірісі – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі. 1916 жылғы қазақ жастарын майдандағы қара жұмысқа алу жөніндегі патша Жарлығына байланысты ел ішіндегі жағдайлар ақындық поэзияның өзегіне айналды. Қазақ поэзиясында бұл оқиғаны жырламаған ақын кемде-кем. Елді дүр сілкіндірген осы оқиға Қаңлы Жүсіпті де бей жай қалдырмаса керек. Ақынның «1916 жыл» атты туындысы заман күйін шерткен лирикалық толғаныс. Өлеңде қазақ даласындағы парақорлық, зымияндық, әділетсіздік сынды келеңсіз қылықтардың патшалық Ресейдің ықпалымен келіп отырғандығын ақын ашына айтады. Сайлау әкелген дүрдараздық, парақорлық ащы сынға алынады. Ғасырлар бойы қалыптасқан басқару жүйесінің де күшпен өзгертілуін:

Патшалық шығарды «заң-зәкүн» деген,

Жүргізді жол-жобасын әкімменен.

Сайлаумен елге басшы қоямыз деп,

Жар-досты жауластырды жақынменен,– деп, бір ауыз сөзбен-ақ жеткізеді. Сыншылдық көзқарасы қалыптасқан, заман ағымынан дұрыс қорытынды шығара білген ақын сүттей ұйып отырған қазақ даласындағы ауызбіршіліктің, ынтымақтың жойылуының бірден-бір себебін нақ басып айтады.

Қаңлы Жүсіп түсінігінде күрес жолындағы ең басты қару – ел намысы. Қолындағы қаруынан айрылған қара халықты азаттық жолындағы күреске алып шыққан да осы – рухани күш. Ақынның:

Ерлердің талабы зор, ызасы мол,

Қара үйден қамал жасап құрған жабдық,– деуі осы ойының дәлелі. Өлең жолдарынан сол күндердегі халықтың ашу-ызасы, намыс пен жігер, қайрат пен күш, жаңа өмірге деген ұмтылыс пен бұлқыныс бәрі-бәрін көруімізге болады. Отаршылық қамытын әлі толық мойындай қоймаған халықтың рухани күш-жігері де ақын өлеңінен толық көрініс табады. Ақын халық жүрегіне күрескерлік рухын себе отырып, ел басқарып, қол бастар әділ, іскер басшыларға үлкен аманат жүктейді. Өлеңнің әрбір жолынан, әрбір шумағынан ақынның ішкі сезімі, көңіл-күйі, ақ ұрған жалыны сезілетіндей. Құр баяндау емес, ерекше толғаныс сезімімен жазылған бұл шығарма:

Білгірлер басшылық ет, басқар жұртты,

Игерген елдер құсап етек, жеңін.

Ерлерім, ел болудың жабдығын ет,

Қуларға құр олжалы болмай тегін.

деген ақындық-азаматтық тілек-ниетпен, өсиет-ғибратпен түйінделеді.

Ал «Заман» деп аталатын тарихи шежіре үлгісінде жазылған өлеңінде ғасырлар бойы найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып келе жатқан туған далаға сыртқы жаулардың баса көктеп кірген кезеңі суреттеледі. Құр баян ету емес, осының барлығы ауызбіршіліктің, ел басқарар даналардың, қол басқарар батыр ұлдардың жоқтығынан деген түйін жасайды. Патшалық Ресей отаршылдарының қазақтың шұрайлы жерлерін иемдене бастауын күйзеле жырлайды.

Алды орап алды-артыңды қамалменен,

Құлдыққа айналдырмақ амалменен.

Темірден құрсау салды, айла қандай?

Кез болдық патша дейтін заманменен, –

десе, бірде:

Әуелі мынау орыс еліңді алды,

Пайдалы ел қонысы көліңді алды.

Нең қалды сорлы қазақ алдырмаған,

Ақыры қазынадай жеріңді алды, – деп шер күйін төгеді. Сөйте тұра болашаққа үмітпен қарап, Алаш ұлдарына сенім арта отырып, “Кез келсе ерік өзіңе Алаш ұлы, Түп-түгел төнген бұлт көшер бір күн” деп күрес жолына шақырады. Күйреуік, жасық жырлар емес, алдағы күнге үміт арту, халық сенімін ояту. Тек үміт арту емес, қалың қауымға ой тастау, бірлікке, азаттық жолындағы күрескерлікке үндеу, ел, жер, ұлт тағдырына деген жауапкершілікке шақыру.

Ей, Алаш, қамыңды қыл, қалма қапыл!

Өшеді бүйте берсең елдің аты.

Тақырға таласам деп қалма отырып,

Ойланып алды артыңды тапсаң ақыл.

Жалпы Қаңлы Жүсіптің осы тақырыптағы өлеңдеріне зер сала отырып байқағанымыз, ақынның Алаш ұлдарын бірде ашық, бірде астарлы түрде бас біріктіріп, ел намысы, тәуелсіздік жолындағы күреске шақыруы. Оны тек ұраншылдық қалыпта емес, бірде ел жігерін қайраса, бірде алдағы күнге үміт арту түрінде жеткізеді. Қалай болғанда да, ақын ойынша азаттық пен тәуелсіздік өзінен-өзі келмейді.

Ақынның ерекше тоқталуды керек ететін туындыларының бірі – «Бірлік туына» деп аталатын арнау өлеңі. Арнау 1917-1918 жылдары Ташкентте шығып тұрған «Бірлік туы» газетіне арнағандай болып көрінгенімен, астарында газет айналысында жүрген Алаш ұлдарына сенім, үміт бар. Қалың қазақты осы Алаш маңына топтастыру туралы ақындық идея анық көрінеді.

Жан еніп жаңа шөпке, өсер шалғын,

Көктемде көтеріліп нұрдың буы.

Жаз күні сол мысалы кезегінде,

Бектердің керек берік бел бууы,- деген өлең жолдары үлкен ойға жетелейді. «Бек» сөзінің «зиялы», «ел басшылары» деген мағынада қолданылып тұрғанын ескерсек, «берік бел буу» мәселесі қандай да бір күреске үндейтіндей. Осы ойын:

Көтер бас халқың үшін көздеп пайда,

Ғапылдың, сірә, қалмайды көз жұмуы.

«Бірлік ту» көркеймекке анық себеп,

Алаштың баласының бірігуі, – деп нақтылай түседі. Саяси ортадан алыста, Сыр бойында жатып-ақ ақынның ел өміріне араласуы, қаламымен халықтың қамын жеуі оның ақындық арынын ғана емес, саяси көзқарасын да танытатындай. Осы кезеңдердегі ұлт зиялыларының өзінің көзқарастарының барлығы бірдей болған жоқ. Ал, «алашшыл» басылымға арналған Қаңлы Жүсіп өлеңі өзінің идеялық салмағымен дараланатынын ескеруіміз қажет.

Ақынның саяси-әлеуметтік лирикаларындағы байқалатын азаматтық идеясы – Алаш баласының басын біріктіру. Бірде тұспал, бірде көркем образбен үнемі осы позициясын аңғартып отырады.

Саналы ғұмырын ұлт тәуелсіздігіне арнап, ел азаттығын аңсап өткен ақынның туғанына биыл 140 жыл толып отыр. Кеңестік кезеңде мерейтойын атап өтпек түгіл, әдеби мұралары шаң басқан архивтерге жіберіліп, есімі ұмытылуға айналған ақынға құрмет көрсетіліп жатса, Сыр өңірінің рухани әлемінде тағы бір игілікті істің атқарылғаны болар еді.

//Сыр бойы.- 2013.- 25 мамыр.- 7 б.

Г. ОРАЛОВА, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет