Әлеуметтік -педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады.Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен білім алудағы жетістіктері өзін- өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан- жақты жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан- жақты негіздеген.Олардың пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тэжірибелік іс- әрекетінің алғышарты болып табылады және ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен білім алады.Өзіндік іс- әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды.
Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы болып келді.Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын тапты.Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл азамат тәрбиелеу талабы туындады.Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды.
Дидактикалық - әдістемелік бағыт Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады.Оның «¥лы дидактика» еңбегінде жазылған дидактикалық принциптерін ұсына келіп, оқушылар өз бетінше істейтін белсенді әрекетін ұйымдастыру және оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселелерін қарастырады.Бүл бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, одан әрі дамыды.Бұл Ж.Ж.Руссоның, И.Г.Песталоццидің, А.Дистервергтің еңбектерінде дами түсті.
Психологиялық- дидактикалық бағыт К.Д.Ушинский,Ы.Алтынсарин еңбектерінен бастау алады.Оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана оқытудыңпедагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай - ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен сипатталады.
К.Д.Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, "өзіндік жұмыс -оқытуды жетістікке жеткізудің бірден- бір жолы" деп есептеді.Осы жұмыстың нәтижесіне жету үшін мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі еңбегін дұрыс бөлуі деп түсіндірді.К.Д.Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық тұрғыда талдау жасайды.
Ы.Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой -әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің ролін жоғары бағалады.Ал К.Д.Ушинский мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.К.Д.Ушинскийдің пікірін П.Ф.Каптерев одан әрі дамытты, оның пікірінше, сабақта мұғалім бағыттаушы ғана, ал оқушының білімді игеруі өзіндік ішкі мүмкіндіктеріне байланыстылығын атап көрсетті.Бұл бағытта П.Ф.Каптерев, А.П.Вахтеров, Ы.Алтынсариннің және т.б. педагогикалық ойларын жатқызуға болады.В.П.Вахтеров оқушының оқу танымдық белсенділігін арттыратын әдіс- тәсілдерді көрсетіп көптеген эксперименттер жүргізді.
Достарыңызбен бөлісу: |