Мазмұны кіріспе 3 1 тарау қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді


ТАРАУ Кеден баждарын төлеуді бақылау тәжірибесі



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
1   2   3   4   5

2 ТАРАУ Кеден баждарын төлеуді бақылау тәжірибесі

2.1 Кеден баждарын төлеуді бақылау механизмі

Кедендік төлемдер мен салықтарды алу үшін заңнама базасы болып: ҚР Кеден Кодексі, “Салықтар және бюджетке түсетін басқа міндетті төлемдер туралы” Салық Кодексі саналады.

Қазақстан Республикасы шекарасынан өтуде тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеуге дейін кедендік орган қызметкерлері әкелінетін/әкетілетін тауарлардың тауарға ілеспе құжаттарымен сәйкестілігін тексереді. Кедендік постыларда, кедендерде сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдары құжаттарының дұрыс толтырылуы және толықтығы тексеріледі. Шекарадан өткенде жеткізуді бақылау құжаты (ЖБҚ) толтырылады. Бұл құжатта тауарлар мен көлік құралдарының жеткізу орын мен мерзімі көрсетіледі. Жеткізуді бақылау тауарларды жеткізуді бақылау бөлімі (ТЖББ) арқылы жүзеге асырылады.

Соңғы жаңа енгізілім болып, көлік құралдарының шекара арқылы өтуін визуальды түрде бақылауға, ЖБҚ-да шынайы ақпарат (сканер, таразы) көрсетуге мүмкіндік беретін ТЖБАЖ бақылау жүйесі саналады. Бұл жүйе “Қорғас” кеденінде құрылған.

Құжаттар мен мәліметтерді тексеру.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші немесе кедендік органдар бақылауындағы қызметті жүзеге асырушы тұлғалар бақылауға қажетті барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсынулары қажет.

Кедендік бақылауға қажетті мәліметтерді кедендік органдар салық және басқа бақылау олргандарынан ала алады. Заң шығарушы кедендік органдарға Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құраладарын өткізетін тұлғалардың, кедендік брокерлердің немесе бақылауы кедендік органдарға жүктелген қызмет түрлерімен айналысатын басқа тұлғалардың операциялары және шоттарының жағдайы туралы банктерден және басқа несиелік мекемелерден ақпараттар мен анықтамалар алу құқығын берген.

Кедендік бақылауға қажетті құжаттар өздерінің тағайындалу ерекшеліктеріне қарай келесі топтарға жіктеледі:

Сауда құжаттары: шарттар, шот-фактуралар, орау құжаттары, спецификациялар және басқалар;

Көлік құжаттары: жөнелтпе құжаттары, коносаменттер, жол ведомстволары, вагон парақтары, жүк түбіртектері, көлік құралының паспорты және басқалар;

Кедендік құжаттар, олар кедендік орган қызметкерлерімен беріледі және куәландырылады: кеден декларациялары, жеткізуді бақылау құжаттары, лицензиялар, біліктілік аттестаттары және басқалар;

Кедендік бақылауға қажетті басқа құжаттар: сапа сертификаты, фитосанитарлық сертификат, тауардың шығу тегі туралы сертификат, сәйкестілік сертификаты, тауардың шығу тегі туралы акт, әскери рұқсаттамалар, сыртық экономикалық қызметпен айналысуды растайтын құрылтайшы құжаттар, жеке тұлғаның тіркелуі туралы куәлік және басқалар.

Аталып өтілген құжаттар кедендік органдардың лауазымдық тұлғаларымен таңдалған кедендік режимге сәйкес, тауарлар мен көлік құралдарын шығару және пайдалану туралы шешім қабылдағанға дейін зер салып тексеріледі.

Құжаттарды тексеру мәні қолданыстағы кедендік заңдар ережелеріне сәйкес және олардың толық ресімделу тұрғысынан зерделеуде болып отыр.

Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу және кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кедендік органымен КЖД қабылдау және кедендік мақсатқа қажетті барлық құжаттарды ұсыну сәтінен бастап 10 күн ішінде жүргізіледі.

Орындалуын бақылау кедендік органдарға жүктелген Қазақстан Республикасының заңнамалары және Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттар орындалмады немесе жеткілікті түрде орындалмаған деген негіздеме туындап жатса, онда тұлғалардың қаржылық-шаруашылық қызметіне тексерсеру жүргізілетін болады.

Тексеру кезінде кеден қызметкерінің мыналарға құқығы бар:

кеден ісіне және кедендік органдар қызметіне қатысы бар кез-келген құжаттар және ақпараттарды өтеусіз талап етуге және танысуға;

лауазымдық тұлғалардан және басқа қызметкерлерден анықтамалар, жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға;

ғимараттарды сүргішпен мөрлеп тастауға;

Қазақстан Республикасының орталық кедендік органымен белгіленген формасы бойынша құрылған актілерді, құжаттарды, егер олар басқа жерде тексерілетін болса, қайтып алуға.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеруде осы заттарға өкілеттіліктері бар декларанттар және басқа тұлғалардың немесе олардың өкілдерінің қатысуына құқылары бар.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру.

Кедендік тексеру мынадай түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін:

идентификациялық тексеру – тауарлардың декларанттың жасаған сипаттамасына, санына нақты түрде сай болуы, тауарлардың шыққан елін анықтау мақсатында жеңілдетілген тәртіппен жүргізілген тексеру түрі, яғни бұл тауарлардың сыртқы идентификациясы жөнінде мәлімет алуды білдіреді;

орын сандарын оларды ашпай-ақ есептеу, таңдаулы түрде ашу арқылы, барлық жүк орындарын ашу арқылы тексеру;

жүк орындарындағы (таңдаулы түрде немесе барлығын) заттар санын есептеу арқылы тексеру;

сынамалар мен үлгілер алу немесе оларсыз тауардың сипаттамасын өлшеу және анықтау арқылы тексеру;

құпия, жасырын жерлерді, контрабандаларды анықтауға бағытталған тексеру.

Кедендік тексерудің негізгі міндеттері тауарлар мен көлік құралдарының кедендік шекара арқылы өтуін заңдастыру; әкелінуге, әкетілуге тыйым салынған тауарларды, кедендік шекарадан өтуге сәйкес ережелерді орындау арқылы ғана жол берілетін тауарларды анықтау, және олардың заңсыз өтуін алдын-алу; құжатсыз кедендік шекарадан өткен тауарлар мен көлік құралдарын анықтау; тауардың тарифтік атауын СЭС ТН, оның бағасына, санына, сапасына сай анықтау болып табылады.

Кедендік нарядтың лауазымдық тұлғалары немесе оған өкілетті басқа мемлекеттік органдардың лауазымдық тұлғалары көлік құралдарын тоқтатқаннан кейін жүк жөнелтпе құжаттары мен кедендік құжаттары тексеріледі. Тексеру барысында мыналар анықталады:

нормативтік құқықтық актілермен қарастырылған жүк жөнелтпе қағаздарының және кедендік құжаттарының болуы;

кедендік мөрлер мен мөртабандардың түпнұсқалығы;

көлік құралының бағытта қозғалуының белгіленген жеткізу орнына сәйкестілігі (егер мұндай бағыт жөнелтуші кедендік органмен белгіленсе);

тасымалданатын тауарлардың атауының жүк жөнелтпе құжаттарында және кедендік құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі.

Құжаттарды тексеруден кейін көлік құралының жүк бөлімшелеріне сырттай тексеру жүргізіледі, мұндай тексеру барысында мыналар тексеріледі:

Кедендік мөрлер мен пломбалар, басқа кедендік идентификация құралдары;

Көлік құралының жүк бөлімшесінің техникалық жағдайы.

Жүк жөнелтпе құжаттарында кедендік нарядтың лауазымдық тұлғаларынан құралған (кем дегенде екі адамнан) тексеру топтарымен таңбалауға жататын акциздік тауарлар немесе алкогольсіз ішімдіктер көрсетілген жағдайда, тасымалданатын тауарларға идентификациялық тексеру жүргізіледі. Таңбалауға жататын акциздік тауарларға тексеру жүргізу кезінде тауарларда маркалардың болуы, сондай-ақ тауарларға жапсырылған маркалардың ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі тексеріледі.

Қазақстан Республикасы заңдарын бұзушылық болды деуге негіз табылып жатса, идентификациялық тексеру басқа тауарларға да жүргізіледі.

Кедендік нарядтың лауазымдық тұлғасында ұсынылған құжаттардың, кедендік мөрлер мен мөртабандардың шынайылығы тұрғысында күмән туып жатса, сонымен қатар тексеру жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда кедендік нарядтың аға қызметкері тауарлар мен көлік құралдарын кедендік органға кедендік алып жүру арқылы құжаттарды, мөр мен мөртабандарды қосымша тексеруге жібереді.

Тексеру тексеру жүргізу тәртібіне сәйкес және қауіпсіздік шараларын орындау арқылы жүзеге асырылады.

Тексеру уақытын қысқарту үшін кедендік тәжірибеге жоғары тиімді техникалық бақылау құралдары енгізілуде. Олардың бірі – инспекциялық-тексеру кешені (ИТК) – контейнерлік терминалдың кедендік аймағында, авто өткізудің жүк алаңында, халықаралық әуежайда, теңіз, өзен порттарында орналастырылған жеке бокс-ғимараты. ИТК контейнерге, машинаға жүктерін түсірмей-ақ, саналған минуттарда “жарық түсіруге” мүмкіндік береді.

Аппаратура әртүрлі түстердің көмегімен бақылау пунктінің телемониторында органикалық және бейорганикалық материалдарды шектеуге және анықтауға, “күдікті” салымдар мен ашық жерлердің координаттары мен желілік мөлшерлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Тексеру нәтижелері кедендік тексеру актісіне тіркеледі.

Көрсетілген акт белгіленген формада екі данада толтырылады. Кедендік тексеру актісіне тексеру жүргізген кедендік нарядтың лауазымдық тұлғалары, мүмкіндік болса көлік құралының жүргізушісі (немесе аталған тасымалға қатысы бар тұлға) және тексеруге қатысқан басқа тұлғалар қолдарын қояды. Жүргізуші (немесе аталған тасымалға қатысы бар тұлға) кедендік тексеру актісіне қол қоюдан бас тартса онда сол туралы қажетті жазба жүргізіледі.

Кедендік тексеру актісінің бірінші данасы жүргізушіге немесе тасымалға жауапты тұлғаға беріледі. Кедендік тексеру актісінің екінші данасы аға нарядта қалады.

Көлік құралдарының жүк бөлімшелеріне (жүк орындарына) тексеру жүргізгеннен кейін кедендік идентификацияның жаңа құралдары жөнге салынады. Мұндайда жүн жөнелтпе құжаттарында, тауарға ілеспе құжаттарында және кедендік құжаттарда жаңадан қолданылған идентификация құралы және кедендік тексеру актісінің нөмірі жөнінде мәліметтер көрсетіледі.

Қосымша тексеру мерзімі тауарлар мен көлік құралдарының кедендік органға келіп жетуінен бастап үш жұмыс күнінен аспауы қажет. Тексеру кезінде тауар мен көлік құралы кедендік бақылау аймағында болуы қажет немесе тексеру жүргізу кезінде уақытша сақтаумен байланысты шығындарды тасымалдаушы өз мойнына алмау шартымен уақытша сақтау қоймасы иесінің келісімі бойынша осы қойманың төңірегінде орналастыруы қажет. Қосымша тексеру жүргізетін кедендік органдардың сұранымы бойынша жауаптар басқа кедендік органдарға ақпаратты жедел жеткізу құралдарын пайдалану арқылы жылдам жеткізіледі.

Тексеруді жүзеге асыруда немесе келесі тексеру кезінде дайындалған, жасалынатын немесе жасалынған әкімшілік заң бұзушылықтар белгілерін анықтау барысында немесе осы белгілерді көрсететін жеткілікті деректері бар материалдарды алуда Қазақстан Республикасының әкімшілік заң бұзу туралы Кодексінің 638 бабына сәйкес әкімшілік заң бұзушылық туралы хаттама толтырылады.

Ішкі транзиттік декларацияда жеткізу орны туралы нақты емес және қате мәліметтер берілген жағдайда, кедендік нарядтың лауазымдық тұлғасыішкі кедендік декларацияға жеткізу орнының тізбесіне сйәкес мәліметтер енгізіледі.

Кедендік нарядтың жеткізу орны туралы мәліметті қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда, нақты жеткізу орны туралы мәліметтер кедендік органның жедел байланыс қызметі арқылы алынуы қажет.

Бақылауды жүргізгеннен кейін көлік құралының қозғалысын жалғастыруы туралы шешім қабылданған жағдайда, кеден нарядының лауазымдық тұлғасы жүк және кедендік құжаттарға жазба жасайды:

“Кедендік бақылауды кедендік наряд (кедендік орган атауы) жүргізді ”, бұл жазба бақылау жүргізген аға кедендік нарядтың және кедендік нарядтың лауазымдық тұлғасының қолымен және жеке нөмірлік мөрлерімен куәландырылады.

Жеке адамды тексеру.

Адам құқықтары бойынша халықаралық-құқықтық актілерге (1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей мәлімдемесі), Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адам мен азаматтың негізгі құқықтарының бірі болып жеке адамға қол сұқпау саналады. Сондықтан да жеке адамды тексеру Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен немесе кедендік бақылау аймағында тұрған иә болмаса халықаралық хабарлар үшін ашық әуежайдың транзиттік аймағында орналасқан жеке тұлғаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кедендік органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының заңдарын немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бұзу объектілері саналатын тауарларды жасырған немесе бермеген жағдайларына жеткілікті түрде негіздеме табылған кейбір жағдайларда ғана жүргізіледі.

Жеке адамды тексеруге ұшырамайтындар: Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы аумағында иммунитетке ие тұлғалар және басқалар.

Жеке адамды тексеру туралы шешімді кедендік органның бастығы немесе оның орнындағы лауазымдық тұлға қабылдайды. Тексеруді бастамас бұрын кедендік органның лауазымдық тұлғасы жеке тұлғаға шығарылған шешім туралы хабарлауға, оны тексерілетін адамның құқықтарымен және міндеттемелерімен таныстыруға, сондай-ақ жасырын тауарларды өз еркімен беруге ұсыныс жасауға міндетті.

Жеке адамды тексеруге қатысушылар кәмелетке толғандар болуы тиіс.

Жеке адамды тексеруді жүргізетін кедендік органның лауазымдық тұлғасы тексерілетін адаммен бір жынысты болуы, сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған ғимаратта жүргізілуі қажет.

Жеке адамды тексеру адам намысын қорлауға жол бермейтін және денсаулығына және жасырын тауарларды анықтау шегінде мүлкіне нұқсан келтірмейтін нақты формада жүргізілуі қажет.

Осы ғимаратқа басқа жеке тұлғаларды кіргізу және олардың тарапынан тексеру процесін бақылауға тыйым салынады. Ал тексерілушінің денесін қарауды тек медицина қызметкері ғана жүргізе алады.

Киім мен аяқ киімді тексеруде жөндеу жұмыстары іздеріне, қолөнер өндірісіне, ортопедиялық аяқ киімге, бас киімге, тігістеріне, жамауларына, жеңіне, иықшаларына, киім астарына, белбеулеріне, аяқ киім өкшелеріне көп көңіл аударған жөн.

Жеке адамды тексеру туралы хаттама жасалады, оған тексеру жүргізген кедендік органның лауазымдық тұлғасы, тексеруге жататын жеке тұлға, куәлар, ал тексерушінің денесін қарауда медицина қызметкері қолдарын қояды.

Хаттамаға: өз еркімен берілген заттар; жеке тексеру барысында анықталған және алынған заттар; жеке тексеру барысында жасалған фотосуреттер мен негативтер, киноленталар, аудио- видеожазбалар; тексерілушінің, медицина қызметкерінің, басқа тұлғалардың түсініктемелері мен өтініштері; байқаулар, өлшемдер, зерттеулер, дәрілік заттарды қолдану нәтижелері тіркелген құжаттар телінеді.

Тексерілушіге хаттамада өтініш білдіруге рұқсат етіледі, лауазымдық тұлғалардың әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым беруге болады.

Жеке тексеру жүргізілген жеке тұлғаға жеке тексеру жүргізу туралы хаттаманың көшірмесі, тауарларды қайтып алу туралы акті беріледі.

Кедендік төлемдер мен салықтардың сыпайы түсімдерін негізгі бақылау тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде жүзеге асырылады.

Ресімдеу сәтінде кедендік бақылаудың келесі процедуралары жүргізіледі

Кедендік декларацияларын қабылдау, тіркеу және есепке алу. Ресімдеу кезінде:

- алдын-ала операцияларын өткізу тәртібін орындауды тексеруді қоса алғанда, кедендік декларацияны қабылдауға қажетті шарттардың орындалуын тексеру;

- ҚР кедендік органдарына міндетті түрде ұсынуға жататын кедендік декларацияларды және басқа құжаттарды, сондай-ақ кедендік декларацияның электрондық көшірмесін қабылдау,

- кедендік декларация мен оның электрондық көшірмесін жалпы тексеру;

- кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін кедендік декларациялар мен оған қатысты құжаттарды жинау және оларды кедендік органдардың сәйкес бөлімшелеріне беру;

- кедендік ресімдеу жүргізілмей қалған кедендік декларацияларды есепке алу.

Кедендік декларация мен оның электрондың көшірмесін тексергеннен кейін 1 кезеңді жүргізген лауазымдық тұлға кедендік декларацияның 1 парағының артқы бетіне “1” санының астына “Тексерілді” деген жазба қалдырады, күнін, тексерістің аяқталған уақытын, қолын, жеке нөмірлі мөрін қояды және декларацияны келесі кезеңге жібереді.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына және шығарылған еліне сәйкес тауардың кодын дұрыс анықтауды бақылау, сонымен қатар СТЭИ бөлімінде жүргізілетін тарифтік емес реттеу шараларын орындау жүргізіледі:

- тауарды идентификациялау, сондай-ақ СЭС ТН сәйкес тауарларды жіктеу мақсатында кедендік декларацияда жарияланған мәліметтердің шынайылығын және толықтығын бақылау;

- кедендік декларацияда белгіленген талаптарға сай тауарлардың дұрыс сипатталуын тексеру, кедендік ресімдеуге ұсынылған тауарларға осы сипаттамалардың сай болуы, сондай-ақ тауар туралы сандық деректерді тексеру;

- СЭС ТН сәйкес тауардың кодын дұрыс анықтауды бақылау;

- кедендік өкілетті органдардың тауарларды алдын ала жіктеуді жүзеге асыру жағдайында СЭС ТН сәйкес тауарларды жіктеу бойынша құжаттарды тексеру, сондай-ақ тауарлар туралы жарияланған мәліметтердің тауарларды алдан ала жіктеу бойынша құжаттарда берілген деректермен сәйкестігін тексеру;

- тауардың шығарылған елін анықтау және осыған байланысты тарифтік жеңілдіктер мен преференциялар беру үшін кедендік декларацияда жарияланған мәліметтердің шынайылығы мен толықтығын бақылау;

- тарифтік емес реттеуді орындау мақсатында кедендік декларацияда жарияланған мәліметтердің шынайылығы мен толықтығын бақылау;

- экономикалық саясат шараларының орындалуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді тексеру;

- тауарларды сәйкес кедендік режимге орналастыру шарттарының орындалуын бақылау;

- кедендік бақылауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді тексеру;

- ҚР ҚМ КБК белгіленген тәртібіне сәйкес құжаттарды кедендік органдардың арнайы бөлімшелеріне жіберу;

- белгіленген тәртіппен кедендік ресімдеуге берілген құжаттардың толық пакетін тарифтік емес реттеу шараларына қатысты шешімдер қабылдау үшін кедендік органдардың арнайы бөлімшелеріне жіберу. Тауарлардың шығу тегі мен олардың жіктелуі СЭС ТН сәйкес жүргізіледі;

- экономикалық саясат шараларын қолдану жөніндегі шешімдер негізінде, тауарлардың шығу тегі мен олардың жіктелуі СЭС ТН сәйкес тауарлар қатысында шешімдер қабылдау;

- кедендік органдардың арнайы бөлімшелеріне тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтер жіберуге дайындалу;

Тексеруді жүргізгеннен кейін лауазымдық тұлға кедендік декларацияның 1 парағының артқы бетіне “2” санының астына “Тексерілді” деген жазба қалдырады, күнін, тексерістің аяқталған уақытын, қолын, жеке нөмірлі мөрін қояды және декларацияны келесі кезеңге жібереді.

ВББ және КП жүргізілетін кедендік бағаны валюталық бақылау жүргізіледі:

- валюталық бақылау мақсаттарына қажетті құжаттардың болуын тексеру,

- олардың негізінде кедендік бақылау жүргізілетін сыртқы сауда шарттары мен басқа құжаттардың сәйкестігін тексеру,

- кедендік декларацияда жарияланған мәліметтердің, валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін ұсынылған құжаттардағы ақпараттардың сәйкесітігін тексеру,

- кедендік мақсаттарда декларанттың тауарды бағалау әдісін дұрыс таңдауын тексеру;

- кедендік бағаны анықтаудың таңдалған әдісіне сәйкес және оны растайтын құжаттарға сәйкес тауарлардың кедендік бағасын дұрыс жариялауды тексеру, сондай-ақ тауарлардың жарияланған кедендік бағасын растау үшін, барлық кедендік бағаларды растау үшін олардың шынайылығы мен жеткілікті болуы тұрғысынан, декларанттың ұсынған құжаттарын талдау;

- мәміле құнына ықпал ететін мәміле жайттарын анықтау үшін қажетті қосымша ақпараттар жинау;

- кедендік ресімдеу барысында кедендік баға мен кедендік төлемдерді түзету;

- декларанттың ұсынған кедендік баға және оның компоненттерін растайтын қажетті құжаттардың болмауы кезіндегі шартты баға, кедендік баға мен кедендік төлемдерді түзету;

- белгіленген тәртіппен кедендік ресімдеуге берілген құжаттардың толық пакетін тауарлар бағасы мен валюталық бақылауға қатысты шешімдер қабылдау үшін кедендік органдардың арнайы бөлімшелеріне жіберу.

- тауарлардың кедендік бағасы жөніндегі шешімдер негізінде тауарларға қатысты шешімдер қабылдау;

- кедендік органдардың валюталық бақылау жөніндегі арнайы бөлімшелеріне анықталған валюталық заң бұзушылықтар туралы ақпараттар жіберу;

Тексеруді жүргізгеннен кейін лауазымдық тұлға кедендік декларацияның 1 парағының артқы бетіне “3” санының астына “Тексерілді” деген жазба қалдырады, күнін, тексерістің аяқталған уақытын, қолын, жеке нөмірлі мөрін қояды және декларацияны келесі кезеңге жібереді.

Кедендік төлемдерді бақылау ВББ және КП жүргізіледі. Бұл келесі кезеңде тексерулер жүргізіледі:

- кедендік төлемдерді жүргізуге жауапты тұлғаның кедендік төлемдерді төлеуде қарызының болуы, бұрын жеткізілген тауарлар үшін кедендік төлемдер жүргізуде пайдаланған мерзімін шегеру немесе ұзарту үшін %, кедендік ережелерді бұзуда айыппұл салу, кедендік төлемдерді төлеу мерзімінен асып кеткендігі үшін өсімақы төлеуі тексеріледі.

Қарыздары болған жағдайда тауарлар мен көлік құралдары сол қарыздарды толығымен өтеп болғаннан кейін ғана шығарылады;

- кедендік декларацияны беру мерзімін декларанттың бұлжытпай орындауы;

Кедендік декларацияны беру мерзімін бұзған жағдайда кедендік төлемдерді төлеу мерзімінен асп кеткені үшін өсімақы саылнады;

- кедендік декларация мен оның электрондық көшірмесінің дұрыс толтырылуы және ондағы кедендік төлемдерді төлеуге ықпал ететін мәліметтердің толықтығы және шынайылығы;

- кедендік төлемдерді бақылайтын және есепке алатын кедендік органның арнайы бөлімшелерінің сәйкес куәліктерінің болуы кезінде кедендік төлемдерді есептеу және төлеудің ерекше тәртібін белгілейтін жарияланған тарифтік және салықтық жеңілдіктердің, преференциялардың, құжаттардың негізделуі.

Тарифтік және салықтық жеңілдіктер беру немесе кедендік төлемдерді төлеудің ерекше тәртібін қолдану көрсетілген бөлімшенің сәйкес куәлігінің болуы кезінде ғана жүзеге асырылады.

Кедендік төлемдерді бақылау және есепке алуды жүзеге асыратын кедендік органның арнайы бөлімшелеріне тарифтік және салық жеңілдіктерін беру мүмкіндігі туралы немесе кедендік төлемдерді төлеудің ерекше рәтбібін қолдану туралы шешім қабылдау үшін кедендік ресімдеуге құжаттардың толық пакетін жіберу ҚР ҚМ КБК сәйкес нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады:

- кедендік төлемдерді төлеуде немесе олардың төленуін қамтамасыз етуде жарияланған кедендік режим шарттарын орындау;

- кедендік төлемдерді дұрыс есептеу;

- кедендік төлемдерді төлеуге қажетті төлем құжаттарының реквизиттерін толтыруды және жүргізілген төлемдерді, сондай-ақ кедендік төлемдер түрлері бойынша төлем құжаттарында көрсетілген сомалардың сәйкестігі көрсетілген төлеушінің жеке шотынан төлеуші банктің көшірмесінің болуын қоса алғанда, кедендік төлемдерді дұрыс жүргізу;

- кедендік органдар басшыларының кедендік төлемдердің мерзімін шегеру немесе ұзарту туралы, сондай-ақ кедендік төлемдерге бақылау жүргізетін кедендік органдардың арнайы бөлімшелерінде белгіленген тәртіпте тіркелген кедендік төлемдердің жүргізілуін қамтамасыз етуін растайтын құжаттардың болуы туралы шешімдерінің болуы.

Бұл кезеңде лауазымдық тұлғамен келесі тексерулер жүргізіледі:

- ақша қаражатының нақты төленуін тексеру. Мұндай ақша қаражаттарының жағдайында, кедендік декларация аталған кезеңде қала береді, ол жөнінде СЭС қатысушысына жазбаша түрде хабарланады;

- төлемдерді уақытылы жүргізбеген жағдайда кедендік төлемдердің мерзімінен асып кеткендігі үшін өсімақы тағайындалады.

Тексеруді жүргізгеннен кейін лауазымдық тұлға кедендік декларацияның 1 парағының артқы бетіне “4” санының астына “Тексерілді” деген жазба қалдырады, күнін, тексерістің аяқталған уақытын, қолын, жеке нөмірлі мөрін қояды және декларацияны келесі кезеңге жібереді.

Тексеру және шығару кезінде мына процедуралар іске асырылады:

- кедендік ресімдеу мен бақылаудың алдыңғы кезеңдерден өтуін тексеру;

- тексеру туралы шешім қабылдау;

- тексеру және тексеру нәтижелерін тіркеу.

Еркін айналым үшін кедендік шығару режимі арқылы алыс шет елдерден тасымалданатын тауарлардың барлық партиялары қатысында идентификациялық тексеру жүргізіледі. Кедендік Одаққа қатысушы елдерден әкелінетін тауарлар ТАБ және КК бастығының шешімі бойынша таңдаулы түрде тексерілетін болады.

- тауарлар мен көлік құралдарын шығару жөнінде немесе оларды шығару мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдау арқылы кедендік ресімдеуді аяқтау.

Шығару туралы шешім ТАБ және КП бастығымен қабылданады, және кедендік декларацияға, сондай-ақ жоғарғы оң жақ бұрышында кедендік декларация нөмірі қойылған көлік құжатына “Шығаруға рұқсат етілді” мөртабанын басылып, расталады. Мөртабан мен нөмір лауазымдық тұлғаның жеке нөмірлік мөрімен және жеке қолымен куәландырылады.

Кедендік декларация және оған қосымша құжаттарды шығарғаннан кейін олар тіркеуге қабылдау және кедендік декларацияларды есепке алу кезеңіне жіберіледі.

Тауарлар мен көлік құралдарын шығару тексеруден кейін де, тексеру жүргізбей-ақ ЖКК бастығының жазбаша рұқсатымен дежүзеге асырылады.

Тексеру жүргізген жағадайда кедендік декларацияның 1 парағының артқы бетіне “5” санының астына тауарды шығарған лауазымдық тұлға “Тексерілді...” деген жазба қалдырады, онда тексеру нәтижелері, тексеру нәтижелері тіркелген құжаттың атауы мен нөмірі, уақыты, қолы және жеке нөмірлік мөрі қойылады.

Тексеруші топ тексеруден басқа мыналарды жүзеге асырады:

- тауарларды және оның орауларын қарау;

- тауарларды, көлік құралдарын, ғимараттарды және тауарлар мен көлік құралдары орналасқан немесе орналастырылуы мүмкін басқа орындарды кедендік идентификациялық құралдары арқылы идентификациялау;

- сондай-ақ кедендік ресімдеудің алдын ала операциялары.

Тексеруді аяқтағаннан кейін оны жүргізген лауазымдық тұлға шығаруға жауапты лауазымдық тұлғаға тексеру нәтижелерін растайтын құжаттар мен мәліметтерді береді.

Тауарлар мен көлік құралдарының құжаттарын тексерудің мәні кедендік істің қолданыстағы ережелерінің сәйкестігін белгілеу және олардың толықтай түзілуі тұрғысынан оларды зерделеуде болып отыр. Кедендік мақсаттарға қажетті құжаттар өздерінің тағайындалуына қарай келесі топтарға жіктелуі мүмкін: көліктік, сауда, кедендік және басқалар.

Көлік құжаттарына тауарларды темір жол, автомобиль, су, әуе көліктері арқылы кедендік шекарадан өткізетін жөнелтпе құжаттары, коносаменттер, вагон парақтары, жүк түбертектері, тапсыру тізімдемелері және басқалар жатады.



Сауда құжаттарына: тауар жабдықтаушыларының жасаған келісім-шарттары, шот-фактуралары, спецификациялары, инвойстары, буып-түю құжаттары және басқалар жатады.

Кедендік құжаттарды кедендік органдардың лауазымды тұлғалары береді және куәландырады – бұлар кедендік декларациялар, жеткізуді бақылау құжаттары, кедендік мөрі мен поломбасы басылған тауарларды тасымалдау үшін көлік құралдарын (контейнерлерді) жіберу туралы куәліктер, әр түрлі лицензиялар және біліктілік аттестаттары және басқалар.

Кедендік бақылауға қажетті басқа құжаттар: сапа сертификаттары, тауардың шығу тегі, әскери рұқсаттамалар, сыртқы экономикалық қызметтпен айналысуға құқық беретін құрылтайшы құжаттар және басқалар.

Тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік тексерумен посткедендік бақылау бөлімдері айналысады.

Аталған тексеруді камералық деп атауға болады. Кедендік жүк декларациясының дұрыс толтырылуы тексерілуде. Заңнама бойынша қажетті барлық құжаттардың болуы. Кедендік заңнамаларда қателіктер мен заң бұзушылықтар анықталып жатса, ЖКТ бойынша материалдар сотқа беріледі.

Тексерулерді кедендік органдар Қазақстан Республикасының кедендік органдары орналасқан жерінде, тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тасымалдануы кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ұсынылған құжаттарды зерделеу және талдау негізінде жүргізе алады.

Құжаттарды тексеру арқылы анықталған жеткілікті негіздемелер болып жатса, кедендік орган орындарға барып тексерулер жүргізеді.

Тексеруші тұлға ұсынған қосымша ақпараттар мен мәліметтерді алу қажеттілігі туған жағдайда, кедендік орган үшінші тарап қатысында қарсы тексеру жүргізеді.

Тексеру жүргізу туралы шешімді Кедендік Комитет немесе Қазақстан Республикасының аймақтық кедендік органының бастығы қабылдайды. Тексеру шаралары қатаң есептің болуы және бланкіде ресімделген белгіленген формадағы жазбаша өкімге сәйкес екі данада толтырылуы кезінде жүзеге асырылады және ол келесі реквизиттерден тұрады:

Қазақстан Республикасының кедендік органындағы жазбаша өкімінің тіркелген күні мен нөмірі;

Жазабаша өкім шығарған Қазақстан Республикасының кедендік органының атауы;

Тексеру объектісінің толық атауы;

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

Тексеру негіздемесі және мақсаты;

Тексеруші тұлғалардың, оның ішінде тексеруге жұмылдырылған мамандар мен сарапшылардың лауазымдары, фамилиялары және есімдері;

Тексеру жүргізу мерзімі.

Жазбаша өкімге қол қойылып, кедендік органның елтаңбалық мөрімен куәландырылуы қажет және белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының аумақтық органдарында тіркелуі тиіс.

Тексеру жүргізу туралы жазбаша өкімдерді кедендік органдар нөмірленген, тігінделген және Қазақстан Республикасының кедендік органының мөрімен бекітілген арнайы тіркеу журналына тіркейді.

Жазбаша өкім тексерілуші адамға беріледі, оны алғандығы жөнінде белгі көшірмеде көрсетіледі. Тұлға жазбаша өкімді алудан бас тартқан жағдайда кедендік органның лауазымды өкілі тексерілуші тұлғаның өкілінің немесе куәгерлердің қатысуымен жазбаша өкімді алудан бас тартқандығы жөнінде акт жасайды. Актіні алудан бас тарту тексеру жүргізуді тоқтатуға негіз бола алмайды.

Берілген жазбаша өкімде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы керек. Тексеру жүргізу мерзімдері негізделген себептерді көрсеткен тексерушінің мәлімдемесі негізінде ұзартыла алады. Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы тексерілетін кәсіпорын басшысы хабардар етіледі. Тексеру жүргізу мерзімі кедендік органның құжаттарды ұсыну жөніндегі талаптарын тексерілуші тұлғаға ұсыну сәті және сұранылған құжаттардың нақты ұсынылуы сәті арасындағы уақыт ішінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік органының сұранымы бойынша мәліметтер мен құжаттарды алу сәтінде тоқтатылады.

Кедендік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, кедендік органдар құзырына жатқызылатын тексерулер жүргізу үшін құқық қорғау және бақылау жүргізуші органдар мамандарын, кез-келген мемлекеттік және келісім шарт негізіндегі мемлекеттік емес заңды тұлғаларды, сондай-ақ тексеру жүргізуге көмек көрсетуші сараптамашыларды тексеруге тартуға құқылы.

Тексеруге тартылатын тұлғалардың, егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерілетін аумаққа немесе тексерілетін объект ғимаратына жіберуге қажет болып жатса, арнайы рұқсаттары болуы тиіс.

Қаржылық және сыртқы экономикалық қызметке тексеру жүргізуде Қазақстан Республикасының кедендік органдарының лауазымдық тұлғаларының мыналарға құқықтары бар:

Жазбаша өкімге сәйкес бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдары орналасуы мүмкін аумақ пен үй-жайға тексеруші адамның кіру рұқсаты;

Тексеру мақсаттарына қатысы бар кез-келген құжаттамалар мен ақпараттарды өтеусіз ұсыну және олармен танысу;

Белгіленген тәртіпке сәйкес лауазымдық тұлғалардан, тексерілуші тұлғадан, Қазақстан республикасының азаматтарынан, шет ел азаматтарынан және азаматтығы жоқ азаматтардан анықтамала, мәліметтер алу;

Сыйымдылықтар мен үй-жайларды сүргішпен мөрлеп тастау;

Белгіленген формадағы акті бойынша құжаттарды қайтып алу.

Кедендік органның лауазымдық тұлғасы тексеруді жүргізіп болғаннан кейін келесі мәліметтер көрсетілген тексеру актісін жасайды:

тексеру жүргізілген орындар, акт жасау уақыты;

тексеру жүргізген Қазақстан республикасының кедендік органының лауазымдық тұлғаларының лауазымдық қызметі, аты-жөні;

тексерілуші тұлғаның аты-жөні немесе толық атауы;

тексеру объектісінің орналасқан жері, банктік реквизиттері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

басшының және тексерілуші тұлғаның салық және бухгалтерлік есебін жүргізуге жауапты тұлғаның аты-жөні;

тексеру жүргізу кезеңі және тексеру жүргізу үшін салық төлеушінің ұсынған құжаттары туралы жалпы мәліметтер;

бақылауы Қазақстан Республикасының кедендік органына жүктелген сәйкес заңнамалық нормаларға жүгінген заң бұзушылықтарды анықтауды егжей-тегжей сипаттау;

тексеру нәтижелері.

Тексерудің аяқталған күні болып тексерілуші тұлғаға тексеру актісін ұсынған күн есептеледі. Тексерудің аяқталуы кезінде қандай да бір заң бұзушылық анықталмаған болса, онда тексеру актісінде тиісті белгі жасалады.

Тексеру актісіне қажетті құжаттар көшірмелері, Қазақстан Республикасының лауазымдық тұлғасымен жүргізілген есептеулер, және тексеру барысында алынған басқа материалдар қосымша беріледі.

Акт екі данада жасалады және тексеру жүргізген кедендік органның лауазымдық тұлғасының қолы қойылады. Актінің бірінші данасы кеден ісіне жіберіледі, екінші данасы тексерілуші тұлғаға оның қолхаты бойынша беріледі. Соңғысы актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайдабұл данасы пошта арқылы жіберіледі.

Тексеру актісін кедендік органдар нөмірленген, тігінделген және Қазақстан Республикасының кедендік органының мөрімен бекітілген арнайы тіркеу журналына тіркейді.

Актіге тіркелген тексеру нәтижелері, кедендік және валюталық заңдарды бұзушылық байқалған жағдайда кедендік ережелерді бұзғандығы жөнінде іс қозғау үшін, контрабанда немесе кедендік іс саласында қылмыс жасау жөнінде қылмыстық іс қозғауға негіз бола алады.

Тексеру нәтижесінде анықталған тәртіп бұзушылықтарға кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту Қазақстан Республикасының кедендік органдарының құзырына кірмейді, актілердің көшірмелері сәйкес мемлекеттік органға жіберіледі.

Тексеру нәтижелері жөнінде тексеру жүргізілген тұлға Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларына сәйкес тәртіппен шағымдана алады.

Тексеру нәтижесінде алынған барлық ақпарат құпия болып табылады және кедендік мақсаттарда ғана пайдаланыла алады. Мұндай ақпарат жарияланбайды, Қазақстан Республикасының кедендік органдарының лауазымдық тұлғалары жеке мақсаттарында пайдалана алмайды, Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде тура көрсетілген жағдайларды санамағанда, үшінші тұлғаларға, басқа мемлекеттік органдарға берілмейді.

Кедендік органдардың лауазымдық тұлғаларының тексеру жүргізудегі әрекеті тексеру жүргізіліп отырған тұлғаға заңға қайшы нұқсан келтірмеуі қажет.

Тексеру кезіндегі заңға қайшы шешімдер, әрекеттер нәтижесінде тұлғалар мен олардың мүліктеріне келтірген шығындар мен зияндары үшін кедендік органдар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртібі бойынша жауапкершілікке тартылады.

Аумақ пен үй-жайларды тексеру.

Кедендік органдардың лауазымдық тұлғалары жазбаша өкім негізінде кедендік бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдары, осындай тексеруге қажетті құжаттар немесе бақылауы кедендік органдарға жүктелген қызметті жүзеге асыратын құжаттар орналасуы мүмкін кез-келген аумаққа және кез-келген үй-жайға кіруге құқылы.

Мысалы, теңіз кемесін кедендік тексеру кезінде кеденнің талап етуі бойынша сол кеме капитаны (оның орнындағы тұлға) кемедегі барлық үй-жайларды ашып көрсетуге міндетті.

Кеден қызметкерлері кедендік қоймалар, УСҚ, бажсыз сауда дүкендерінің аумағына және т.с.с. аумақтарға еш кедергісіз кіре алады.

Аумақты тексеру кезінде кейбір жағдайларды кедендік бақылау кедендік тексерумен де жалғасып жатады (көліктің сыртын немесе ондағы тауарларды тексеру).

Егер сыртқы тексерудің жеткіліксіздігі туралы шешім қабылданып жатса, онда көлік пен тауарларға тексеру жүргізіледі.

Жеке және лауазымдық тұлғаларға ауызша сауалдама жүргізу.

Кедендік бақылаудың бұл формасы, мысалы, кедендік шекарадан өтуші азаматтардың заттарын бақылау үшін арналған, кедендік орган қызметкері валютаны және басқа заттарды әкелуге/әкетуге тыйым салған заттарды анықтау мақсатында сауалдама жүргізгенде қолданылады. Кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кедендік органдары орналасқан жерлерде құрылатын кедендік бақылау аймақтарында жүргізіледі. Тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау күндіз және түнгі уақытта, Қазақстан Республикасы аумағындағы сүрлеу және айналым жолдарына тірелген шекаралық кедендік постылар мен рұқсаттама пунктілерінің дисклокация межесі бойынша кедендік шекараны бойлай жүргізіледі.

Егер орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кекдендік органдарға жүктелген заңдар бұзылатын болса, онда тауарлар мен көлік құралдарының шығарылуына байланысты оларға кедендік бақылау кез келген уақытта жүргізіледі.

Кедендік бақылау – бұл тәжірибеде қолдануда бір-бірімен өзара байланысты және ұқыпты зерделеуді қажет ететін белгіленген ережелер, әдістер мен формалар бойынша жүзеге асырылатын процедура.
2.2 Жылдар бойынша және жеке баждар бойынша кеден төлемдерін бақылау нәтижелері
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары жедел экономикалық өсімді қамтамасыз етуге белгілі үлесін қосып отыр. Үш жыл ішінде орта есеппен ІЖӨ 42,9%-і экспорт есебінен алынған. Таза экспорт сомасы 3675,9 млн. АҚШ долларына жеткен. Оның ІЖӨ қосқан үлесі жылына орта есеппен 6,4%-ті құрады. Сондай-ақ экспорттың жоғарғы өсімі бюджетке және Қазақстанның Ұлттық банкінің валюталық қорына түсімдерді едәуір арттыруға мүмкіндік туғызды.

Экспорттық тауарлар ішінде басым орынды мұнай алып отыр. Оның экспорттағы үлесі 42%-ті, ал ІЖӨ 18%-ін құрап отыр.

Қазақстан әлемнің 175-185 елімен саудаласады, оның ішінде өз тауарларын орташа есеппен алғанда 118 елге экспорттайды, ал әлемнің 164 еліне тауарларын импортқа шығарып отыр. Негізгі сауда серіктестері – Ресей, оның үлесіне 2004 жылы экспорттың 20,2%-і және импорттың 45,4%-і , ЕҚ елдері – 23,3%-і және 23,7%-і, Қытай – 7,6% және 2,7%-і құрап отыр.

2004 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының республикалық бюджетіне кедендік төлемдер мен салықтардың болжанған 21,7 млрд.теңгенің 22,5 млрд.теңге сомасындағы мөлшері түскен. 2003 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, 45,0 млрд.теңге немесе 22,7% (1 қосымша) өндіріліп алынған.

Кедендік статистиканың 2004 жылғы бастапқы деректері бойынша импорт көлемі 12 165,8 млн. АҚШ долларын құраған, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегі импорт көлемінен 4 110,0 млн. АҚШ долларына немесе 51,0%-ке көп.

2004 жыл бойынша берілген жеңілдіктер сомасы 233,4 млрд. теңгені құраған, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегіден 61,1 млрд.теңгеге артық немесе өсім 35,5%-ті құрап отыр. Сондай-ақ есептеу және мерзімін шегеру әдісі арқылы төленген ҚҚС сомасы да 15,8 млрд.теңгеге немесе 54,9%-ке өскен.

2004 жылғы мемлекеттік бюджет табысының жалпы сомасындағы кедендік төлемдер мен салықтар түсімінің үлесі 17,3%-ті, ал республикалық бюджеттегі бұл көрсеткіш 54,9%-ті құраған.

2004 жылдың қаңтар-қараша айларындағы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша алым коэффициенті ҚҚС мөлшерлемесін 15%-ке дейін түзетуді, есептеу әдісі арқылы төленген ҚҚС босатылған сомаларды есепке ала отырып , ҚҚС бойынша ұсынылған шегерімдер 13,4%-ті құраған, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңінен 0,1 пайыздық пунктке артық (3 қосымшаны қараңыз).

Осы жылдың басынан бастап, кедендік органдардың контарбандамен күрес жөніндегі бөлімшелерінің көмегімен 883 млн.теңге сомасындағы тауарлар мен валюталардың заңсыз өту және 1 млрд. 175 млн.теңге сомасында кедендік төлемдер мен алымдар төлеуден жалтару әрекеттері анықталып тыйылған. Анықталған 631 қылмыстық және 21951 әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша республика табысына өтемақы, тауарларды тәркілеу және шығындарды өтеу түрінде 1 млрд. 357 млн.теңгеден артық мөлшерде кіріс кірген.

2004 жылы кедендік төлемдер мен салықтар түсімі құрылымында қосымша құнға салынатын салық ерекше орын алып отыр. Оның жалпы сомадағы меншікті салмағы 76%-ті құрап отыр: Ресейсіз импортқа ҚҚС – 48,6%, Ресеймен бірге импортқа ҚҚС – 27,4%.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен байланысты кедендік алымдар мен салықтардағы шығындарды есепке алуда түсімдердің жалпы көлеміндегі импорттық баждар мен Ресеймен бірге ҚҚС үлесінің аса жоғары деңгейін есепке алған жөн.

2002-2004 жылдардағы кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсу динамикасы өтеп алынған сомалардың жыл сайынғы өсімін көрсетіп отыр.

Кеден төлемдері мен салықтардың бюджетке түсу динамикасы (млрд.теңге)





Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 5 1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
2013 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің
2013 -> Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама
2013 -> 1 «Алаш» партиясының құрылуы
2013 -> Шымкент институты
2013 -> Информационные материалы
2013 -> 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет