Мазмұны Кіріспе 4



Дата22.02.2016
өлшемі385.5 Kb.
#8


Мазмұны
Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------4
I. Жүмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары---------6

1.1. Жүмыссыздықтың теориялары ( Дж. Кейнстің, К. Маркстің)--------------6

1.2. Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері-------------------------------9
II. Еңбек нарығы------------------------------------------------------------------------12

2.1. Жүмыспен қамту және еңбек нарығы--------------------------------------------12

2.2. Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметтері----------------------------21
III. Жүмыссыздықты Қазақстан экономикасында шешу жолдары------24

3.1. Қазақстандағы жұмыссыздық пен кедейшілікті жою мәселесі—----------24

3.2. Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасы, Президенттің жолдауындағы жүмыспен камту мәселелері-----------------------------------------25
Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------27
Қолданылған әдебиеттер--------------------------------------------------------------29

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы құрылымдық даму стратегиясы бір - бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде колдап - дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру біріншіден, көптеген жүмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады; екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.

Зерттеудің мақсаты: Еңбек нарығының экономикадағы рөлін, яғни еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама -қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.

Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен камтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - теңдік үлесімділігіне жету.

Зерттеудің құрылымы. «Жұмыссыздық себептері, түрлері, реттеу әдістері» атты курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан түрады.

I. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның

теориялары

1.1. Жұмыссыздықтың теориялары ( Дж. Кейнс, К. Маркс)

Жұмыссыздық экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелердің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын түрғындардың тым артып кетуінен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің геориясы жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясының қазіргі өкілдері - «монетаристер» - осы көзқарасты құптайды.

К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден - капиталдың қорлануымен, екіншіден, - техника прогресімен болатындығын айтады.

Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1934) жасаған. Ол 1798 жылы «Халық саны туралы заңның тәжірибесі» кітабын шығарған. Онда ол былай деп жазған: «Жер шарындағы тұрғындар теометриялық прогрессиямен өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі; яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалык прогрессиямен өседі: халық саны -1,2,4,8,16,32 ж.т.б.».

Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу каркыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қортындыға келген: тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі кайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады.

Түрғындардың қарқынды өсуін Мальтус (әрбір 25 жылда екі есе өсуі) ХҮІІ-ші ғасырда АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген, бірақ ол

кезде АҚШ-да тұрғындар саны тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар легінің келуімен да өскенің ескермеді.

Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынының тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі Джон Бернал өзінің 1954 жылы шыққан «Қоғам тарихындағы ғылым» кітабында былай жазған: «Қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде ядролық энергия алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық негіз бар, себебі тамақ өндірісін ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді».

Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға сұранымның төлем қабілеттілітінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұрамының жеткіліксіздігінің ол адамдардың кор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың кор жинауға бейімділігін жоюы қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырған дүрыс.

Батыс мектебінің өкілдері ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жүмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық - жолдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің профессоры А. Пигу өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан «Жұмыссыздық теория» кітабында баяндады. Алайда ХХ-шы ғасырдың 30-жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала түсті.

Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс (1914 ж.) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ал «Филлипс қисығы» аталды (1 суретте көрсетілген).


Сурет 1. Филлипс қисығы

К. Маркс қорлану теориясын жасады. Осы теорияға сәйкес капиталдың қорлану процесінде, яғни қосымша құнының капиталға айналуында (қосымша ғимараттар, алып құрылыстар, машиналар, жабдықтар және өндіріс көлемін ұлғайту үшін қажетті қосымша жұмысшыларды сатып алу), капиталдың техникалық және құндық (органикалық) құрылымында өзгерістер болады. Бұның өзі қосымша құннын еңбек құрал - саймандарын көбірек алуға үлесі артады, ол қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді. Осының салдарын жұмыс күшіннің бір бөлігі артырақ болып, өндіріс саласынан ығыстырылып шығарады.

«... жұмысшы халық капитал қорларын өндіре отырып, - деп жазды К. Маркс, - құрал - жабдықтар өндіруді үдеуші мөлшерде көбейтеді, сөйтіп оны салыстырмалы артық адамдар етіп жасайды».

Егер капиталға материалдық - заттық түрінің көзқарасымен қарасақ, онда өндіріс құрал - жабдығы массасының оларды қозғалысқа келтіретінжұмысшылар санына қатынасы капиталдың техникалық кұрылымы деп аталады. Мысалы:

100 станок: 100 жұмысшы, немесе 100 станок / 100 жұмысшы

Капитал тек қана материалдық - заттық түрге ие болып қалмай, сондай - ақ кұндық түргеде ие болады. Осы түрғыдан мынандай тепе - теңдікті құрамыз:

100станок = 800с 100 жүмысшы - 200 v, немесе 100 с / 100 ж - 800 с / 200 v

Капиталдың 800 с: 200 v (С:У) катынасы құндық құрылымы деп аталады. Капиталдың техникалық құрылымындағы өзгерістер капиталдың құндық кұрылмының, өзгеруіне алып барады. Капиталдың органикалық құрылымы - бұл капиталдың техникалык құрылымының құндық байқалуы. Қоғамдық өндірістің дамуына қарай капиталдың органикалық құрылымы барынша арта түседі яғни тұрақты капитал үлесі артады және өзгермелі капитал үлесі азаяды.

Өндірістің мануфактуралық кезеңі жағдайында капиталдың органикалык құрылымы 9с:1ү бастап 13с:ІҮ дейінгі аралығында тербеледі, сөйтіп жұмыс күшіне сұранымды салыстырмалы түрде төмендетуге алып барады. Соның салдарынан адамдардың көп бөлігі өз еңбегінің колдану саласын таба алмайды. Сөйтіп салыстырмалы адамдар артықшылығы пайда болып, олар резервті өнеркәсіп еңбек армиясын, жұмыс күші нарығын кұрайды.

1.2. Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері

Шетелдік мамандар жұмыссыздың себептерін талдай отырып, оның әртүрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай саналуан нысандары болады: жасырып, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық және т.б.



Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.

Фрикциондъщ жумыссыздық -еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жоқтығынның нәтижесінде болады.

Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кейбір

салаларында, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде қолданылғанда болады.



Құрылымдық жұмыссыздық өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай - ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.

Технологиялық немесе өшпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстыру нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсібін өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді қажет етеді.

АҚШ Конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізген зертеуінің мәліметі бойьшша қазір шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке жуық нысандары және олардың болуның ерекше себептері бар екен. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі. Біріншісіне жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын жұмыссыздықты (фрикциопдық, маусымдық, құрылымдықщ, технологиялық және басқа нысандары) жатқызады.

Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарык қатынастарының калыптасу барысында жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады. 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап түұды. Осындай кәсіпорындардын 2 мыңнан астам жұмыскер еңбектен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді. Жұмыссыздықтың зардабын бәсендететін факторлардың бірі ғылыми - техникалық прогресс. ҒТП, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар түрғындарды жұмыспен камтуды көбейтеді. Жалпы, ғылыми техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағанда жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады.

Қандай да жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде жұмыссыз болу - тек қана жұмысты жоғалту ғана емес, сонымен бірге адам өзінің ар - намысын, абырой - беделін жоғалту деп те есептеледі.

Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен. Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіктеріне кері әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды. Осының бәрі еңбек тәртібінің шұғыл құлдырауына әкеліп соқтырды. Осының бәрі еңбек тәртібінің шұғыл кұлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді.

II. Еңбек нарығы

Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сату - сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификация еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.

Еңбек нарығында барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жүмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жүмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады.

Еңбек нарығын мойында жұмыс күшінің әлеуметтік - экономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал жабдықтарымен косылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде, біздің коғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми да негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал - жабдықтармен қосу нарықтық тәсілмен жүзеге асады.



2.1. Жұмыспен қамту және еңбек нарығы

Жұмыс күші болашақ тауар ретінде өзін еңбек нарығына өткізеді, өзінің әлеуметтік - экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайдалануды көрсетеді. Нарықта еңбекақы мөлшері және жұмыспен қамтылу

бұл еңбекақы алу (еңбек табысы) негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты адамдардың іс - әрекеттері еңбек нарығының мөлшері қалай еңбек ресурстары, солай өндіріс күшінің даму ауқымы арқылы анықталады. Кез келген тауарлы нарық өзіне тән кез келген өзге тауарлы нарыққа қарағандағы өзгешелігінің өзгеше белгісі ол жалдау және жұмыс күшін пайдалану негізінде қалай кызметкерлердің, солай жұмыс беретіндердің еркіндігі, сонымен қатар мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілділікті кдмтамасыз ету пайда болады.

Жұмыс күші нарығы инерциялық және қағида бойынша ол өндіріс сияқтанған жылдамдықпен кайта құрылуға қабілетсіз. Кәсіпкерлік құрылымы, сыныптаманың деңгейі және еңбек нарығының басқа да сипаттамасы біршама баяу өзгереді, өндірістің қажеттілігінен артта қалады. Осының нәтижесінде институционалдық жұмыссыздықтың ерекше алуан түрлілігі байқалады. Институционалдық бос жұмыс орындары жөнінде жетілдірілмеген ақпараттың болуынан пайда болған жұмыссыздықты айтуға болады.

Еңбек нарқы кез келген тауарлы нарық сияқты сұраныс пен ұсынысқа негізделген. Сұраныс - бұл жағдайда қажеттілік нысаны ретінде бос жұмыс орындары мен жұмыстың орындалуында бой көтереді, ал ұсыныс қамтылмаған жұмыс күшінің немесе жұмыс орнын өзгерту тілектерінің болуы.

Сұраныс пен ұсыныс қызметкерлер арасында осы немесе басқа да жұмыс істейтін жұмыс орындары және жұмыстарды орындау, сол сияқты жұмыс берушілердің арасында керекті жұмыс күштерін жұмылдыру, қалай өзінің сандық, солай сапалық құрамы жағынан бәсекелестік күрес арқылы іске асады.

Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса аса күрделі өтпелі кезеңді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін тигізуде. Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы

басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтан да еңбек наркы жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді.



Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси -экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылык салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - тендік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда, республикамызда еңбек нарығын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сүраныстың кемуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік - экономикалык процестер салдарынан халықтың еңбекке жарамды бөлігінің жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы жұмыссыздық мынадай сипатқа ие. Біріншіден, болып жатқан технологиялық жағдайлар мен компьютерлендіру жүмысшы күші мен жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға жұмыс орны ғана емес, жұмыс күшінде лайықты, орынды пайдаланып, қолдануға мүмкіндік береді. Екіншіден жұмыссыздық экономикалық өркендеу мен халықты жұмыспен қамтудың арасындағы тікелей байланыссыз - ақ өсуді көрсетеді.

Дегенмен, жұмыссыздықтың ауыр жүгімен қатар бағаның босатылуы және жеке меншік пен кәсіпкерліктік пайда болуы жұмыссыздықтың бірте -бірте азая бастауына себепкер болмақшы.

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең

алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама - карсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.

Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы - тұрғындарды толық бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Бұл қардарлық интенсивті типтігі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендегінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.

Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне сұраным еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін колдануына тек қана мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.

Кадрларды тұрақтандыруда «жас маман» институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде беру, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды.

Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқүжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні - адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек, ал ол, үнемі өзін - өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.

Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлігі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен. Батыс Европада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ - тағыдан төмен. Бұл процесс, нарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. мысалы Финляндияда өндірісте және басқа салалада жұмыс істейтіндердің үштен бірі мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады.

Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайында қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейіңн созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді.

Бұл жағдайлар, қазірде нарықты экономикаға өту кезеңін басынан кешіріп жатқан біздің елімізге де тән бола бастады. атап өту керек - бұл

процесс өте шиеленісті жағдайда өтуде. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол, өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты камтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және басқа да шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы, жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың қардарлығы өндіріс куатының толық пайдаланылмауына, көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Қорыта айтқанда жұмыссыздық нарықты экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып немесе кеміп кетсе нарықты экономикаға залалын келтіреді. Ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек ресурстары және халықтың жалпы санының 55 процентін құрады. Халық шаруашылығы қызметінің салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81 проценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар қазіргі еңбекпен қамту қатынастары, әкімшілдік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдырысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдырысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады.

Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз - қоғамдық кажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.

Өндірісі дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, тиімді еңбекпен қамту тек еңбек нарығы өмір сүрген жағдайда ғана болатындығын көрсетті.

Осы уақытқа дейін, біздің елде жұмыссыздық жоқ және бұның өзі ұлы жетістік деп есептелді. Еңбекпен қамту кызметіне жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді оның 785 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты. Бірінші 5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 проценті әйелдер болды. Ал ресми түрде 70,5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. олардың 54 проценті жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алды. Жұмыссыздардың 80 процентіне дейінгісі әйелдер, ал олардың жартысына жуығы 29 жасқа дейінгі жастар. Әрбір жұмыссыздың бесеуі жоғары білімді, әрбір екеуі - орта кәсіпті маман, әрбір үшеуі - жалпыға бірдей орта білімді.

Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250-600 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет, дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйренуі қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін соңғы 20 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің әртүрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі оның құқықтық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған мекемелердің, экономикалық түтқалардың кең жүйесін қолдануды қажет етеді. Осылармен бірге мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс оындарын құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыруы кажет.

Жұмыссыздыққа берілетін жәрдем ақшаның мөлшері мен оны төлеу мерзімі: АҚШ - та 26-34 апта бойына жалақының 50 процентін, кейбір штаттарда 47 аптаға дейін; Жапонияда - жұмыссыздық жасына және басқа көрсеткіштеріне қарай 3-12 ай бойына жалақының 60-80 процентін; 18

Францияда - 1-2,5 жыл бойына жалақының 42 процентін, оған қосымша күніне 40 франк жәрдем - ақіпа; Ұлыбританияда - 52 апта бойына 28,58 фунт стерлинг құрады. Жұмыс істейтіндердің еңбек ақысынан ұстап қалу есебінен арнаулы қорлар құру арқылы да жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақша беріледі.

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жұмыстан босап қалып жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрынғы жұмыс орнындағы негізгі жалақысының 50 проценттен кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өнім сүру минимуміне төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.

Осылармен бірге мемлекет жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммиграцияны (шетел азаматтарының келуі) шектеу, шетел жұмысшыларының репатриясын (отанын қайту) ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтығын кысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімінен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту саясатын жүргізеді. Мемлекет қосымша жұмыс орьндарын жасау үшін қаржы бөлу бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар мен үнемі жұмыссыз болатындарға жәрдем көрсетеді.

Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді, және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толык өз мойынына алады.

Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар, әдетте, олардың еңбегіне деген сұранымнан хабардар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын кала

шеңберіндегі бос жұмыс орны туралы да білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы одан да аз біледі.

Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және тепе - теңдік жағдайымен сипатталады. Психологиялық тұрғыдан алғанда еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті ұсыным қисығы қызметкердің (жұмысшының) тілегін көрсетеді. Жекелеген еңбек нарығы, әдетте, бізге бұрыннан белгілі графикпен бейнеленеді.

3

еңбектің саны

Сурет № 2. Жекеленген еңбек нарығы.

2 - ші суретте еңбекке сұраным мен ұсыным және жалақының тепе -теңдік деңгейінің графигі көрсетілген. Сұраным мен ұсыным шарттарының ауытқуы 88 және ДД қисык сызықтарының жылжуына және жалақының тепе - теңдік мөлшерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады (ЛҮ/Р).

Еңбекті ұсыным жалақы динамикасына кері пропорционалды тәуелділікпен әсер етеді. Басқаша айтқанда, егер жұмыс күшін ұсыну басқа өндіріс факторларын ұсынумен салыстырғанда шектеулі болатын боса, онда

жалақының өсуі орын алады. Еңбекті ұсыну мынадай факторлармен анықталады:

- халықтың мөлшерімен;

- тұрғындардың жалпы санындағы еңбек етуге қабілеті бар халықтың үлесімен;

- жұмысшының бір жыл ішінде атқарған жұмыс сағатының орташа санымен;

- жұмсалатын еңбектің саны және сапасымен, жұмысшының мамандық деңгейімен / квалификациясымен /.

Жалақының тепе теңдік деңгейін орнықтырудың автоматты тенденциясы болады. Тепе - теңдікке жету механизмі болып, жұмыссыздық көлемінің өзгеруінің ықпалымен және тауарлардың нарыкка әсер етуімен болатын жалақының ақшалай мөлшерінің ауытқуы қызмет етеді; ақшалай жалақы өскен жағдайда бағаның жалпы деңгейі өседі, төмендеген жағдайда азаяды.

Барлық экономика үшін біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты өмірде, біз көптеген, жеткілікті дәрежеде оқшауланған сегменттермен кездесеміз. Еңбек нарығы мамандықтар, салалар және территориялар бойынша бөлінеді. Бір сегменттен басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты. Еңбек нарығындағы тепе - теңдік жағдайы көбінесе мемлекеттің араласуымен анықталады. жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына әсер етеді. Жалақының ең төменгі мөлшері нарықтың сұраным мен ұсыным қозғалысына автоматты түрде бейімделу әрекетіне шек қояды. 21

2.2. Еңбек биржасы және оныц атқаратын қызметтері

Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғын-дардың жұмыспен қамту қызметі айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды.

Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды есепке алу және бос жұмыстарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру; жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау.

Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. еңбек биржасы беретін жұмысқа жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады, себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға құқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асырылады.

Адам факторының ықпалы кәсіпорын жұмысының икемділігін арттырудағы негізгі аспектілеріне мыналар жатады: кадрларды іріктеу және жылжыту; кадрлар дайындау және үздіксіз оқыту; қызметкер құрамының тұрақтылығы және икемділігі; қызметкерлер еңбегін материалдық және ағлақтық бағалылығын жетілдіру.



Еңбек рыногы бұл рыноктың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек рыногы экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби биліктілік, демографиялық және басқада көрсеткіштерінің кұрылымын байқатады.

Қазақстан Республикасында осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған жоқ. Рыноктық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек рыногы - бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жуйесі. Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек рыногында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі. Рьнок еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшандығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты ынталандырады.

Рынокта сұраным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға әсер етелді. Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, яғни өзінің жұмысқа қабілеттілігін сатушылар болып табылады. Біздің елімізде еңбек рыногын мойындау үшін жұмыс күшінің әлеуметтік - экономикалық табиғаты мен оның өндіріс құрал - жабдығымен қосылу әдісін түбегейлі өзгерту керек. Жұмыс күшінің өндіріс құрал - жабдығымен қосылуы рыноктық әдіспен -сатып алу - сату жолы арқылы жүзеге асады.

III. Жұмыссыздықты Қазақстан экономикасында шешу жолдары

3.1. Қазақстандағы жұмыссыздық пен кедейшілікті жою мәселесі

Қазақстан Республикасының статистика және сараптау комитеті ай сайын Қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстан -2030» ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау, жумыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік мәселе ретінде атап көрсетілген. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда 2001 жылы орташа табыс деңгейі 34024 теңге болған және 2000 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өскен. 2001 жылдың соңында (желтоқсан айы) орташа табыс деңгейі 13 195 теңгеге жеткен, бұл 2000 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштен 15 % жоғары. 2000 ж. тұтыну шығындары орта есеппен 33 193 теңге болған екен. Бұл мәліметтер нені көрсетеді? Орташа табыс (2001 ж.) 34024 теңге болса, оның 33 193 теңгесі тұтынуға және басқа төлемдерге шығындалған, яғни сақталған табыс деңгейі 831 теңгені құраған.

Жалпы 2000 - 2001 жылдары Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны өндірісте - 20712 мың адамға, ауыл шаруашылығында - 287 мыңға, транспорт пен байланыс саласында - 68 мыңға, құрылыста - 747 мыңға өскен.

Сонымен, жұмыссыздық халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы құрылымдық даму стратегиясы бір - бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялык өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде қолдап - дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады; екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.

Әрине бұл Қазақстанның ұзақ мерзімдік әлеуметтік - экономикалық және құрылымдық даму бағдарламасы екені түсінікті. Ал нақты әлеуметтік жағдайлар, оның ішінде, жұмыссыздықпен табыс табу мәселесі күнделікті және тоқтаусыз шешімдер мен іс - әрекеттерді қажет ететіні де белгілі. Сондықтан, Президенттің Үкімімен орталық Үкімет пен жергілікті әкімшіліктер алдына басым міндет ретінде жұмыссыздық пен кедейшілікті жоюдың жалпы мемлекеттік және әрбір жеке аймақтың орта мерзімдік (2001 2003 жж.) және қысқа, әрбір кезекті жылға арналған арнайы бағдарламаларын жасау, олардың орындалуын қамтамасыз ету, Үкімет пен президент Кеңестерінің кеңейтілген мәжілістерінде есеп беру тәртібі белгіленді.
3.2. Қазақстан - 2030 стратегиялык бағдарламасы, Президенттің Жолдауындағы жұмыспен қамту мәселелері

Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі өзге де шаралармен катар 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың басымен салыстарғанда күнкөрісі кедейшілік деңгейінен төмен азаматтар саны екі еседен астамға азаюы тиіс.

Біз еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңнаманы жетілдіре береміз, Еңбек кодексінде заңдастырылған еңбекпен қамтылуды ынталандыруды көздейміз, еңбекпен қамтудың қазіргі заманғы үлгісін қалыптастырамыз.

18 ақпан күні 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында былай деп айтты:

«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық: біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәріпен де бурып балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір суруіді қаладық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік.

Өзіміздің төл теңгеміз айналысқа енген, экономикалық тәуелсіздігіміз аныққа шыққан 10 жыл кезеңді алайықшы. Бүл 10 жыл - елімізді тұрақты еткен, экономикамыздың да мүшелді мерекесі».

Ал, жұмыссыздық жөніндегі динамикаға тоқталатын болсақ, соңғы жылдары республиканың көптеген аймақтарында жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады. Мәселен, Атырау облысындағы жұмыссыздық деңгейі 2003 жылдың қорытындысы бойынша 9,4 пайыз төмендеді. Қызылорда облысындағы аталмыш көрсеткіш осыған сәйкес 10,8 пайыз, Жамбыл обылысында - 10,7 пайыз - ды құрады.

2003 жылғы жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі Шығыс Қазақстан (7,6 пайыз) және Қарағанды (7,6 пайыз) облыстарында байқалды.

Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тартудың ең жоғары көрсеткіші Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.

Оқуға тартылған жұмыссыздардың ең көп саны Қарағанды (4,8 мың адам), Алматы (4,0 мың адам), ІПығыс Қазақстан (2,5 мың адам), ал ең азы Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады.




Қорытынды

Жұмыс күші - адамның табиғи және ой кабілеттілігінің жиынтығы, оның еңбекке деген қабілеттілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында «еңбекке қабілеттілігі» жұмыс күшін тауарға айналдырады.

Еңбек нарығында барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол енбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады.

Сонымен, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі.

Нарықтық жағдайда кәсіпорындарда еңбек ресурстарына деген көзқарастар өзгереді. Жұмыскер өндіріс процесінде бір ғана факторына емес, ал кәсіпорын басшылығы тарапынан түпкілікті камқорлықтың мақсаты мен көзіне айналып отыр.

Әрбір кәсіпорында кадр саясатының бағдарламасы болғаны жөн. Оның негізгі бағыттары мыналарды камту қажет: жұмыс күшінің саны және кәсіпқой біліктілік жағынан қажеттілікті анықтау; нысандарды тарту, кадрларды пайдалануды жақсарту жөнінде шаралар әзірлеу.

Егер де бұрын кәсіпорындарда кадрларды іріктеу, орналастыру және

еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға қамқорлық жасалынған болса, ал қазіргі кезде аса маңызды әлеуметтік проблема ең алдымен түрлі себептермен босап қалғандарды жұмысқа орналастыру.



Қорыта айтқанда, Республикамызда еңбек нарығын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сұраныстың кемуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік - экономикалық процестер салдарынан халыктың еңбекке жарамды бөлігінің жұмыспен камтамасыз етілмей отырғаны белгілі.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы -2001.

2. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2002.

3. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері», Алматы - 2000.

4. Жүнісов Б, МәмбетовҮ, Байжомартов Ү. «Нарыктық экономика негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /

5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудін өзекті мәселелері», Алматы - 2002.

6. Куликов А. «Экономикалық теория негіздері», Алматы - 1997.

7. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. «Қаржылық есеп», Алматы - 2001.

8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003.

9. Радостовец В.К., Шмидт О.Т. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы -2003.

10. Райханов Н. «Қазастанның экономикалық реформа жолы өзінше» / Ақиқат -1996ж/

11. Тасмағанбетов Т.А. «Бизнестегі есеп пен талдау», Алматы-2002. 12.Тасмағанбетов Т.А, Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А. «Қаржы есебі»,



Алматы-2000.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет