Мазмұны кіріспе 6 1 электрондық ОҚулықтарды пайдалану 8


“СИ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ” БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫН ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет4/6
Дата05.03.2016
өлшемі9.02 Mb.
#42503
1   2   3   4   5   6

2.3 “СИ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ” БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫН ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ.

Электрондық оқулықтарды дайындау үшін HTML (HyperText Markup Language), FrontPage Express, Microsoft Publisher программалары және Delphi, Visual Basic, C++, JavaScript және т.с. сияқты программалау тілдері қолданылады.

Бұл дипломдық жұмыста электрондық оқулықты құру үшін Delphi программалау ортасы мен Microsoft Word және MS Paint программалары қолданылды. Электрондық оқулықтың негізіне Камардинов О. «TURBO C және TURBO C++ тілдерінде программалау» деген кітабі қойылды. Бұл кітаптың тиражы өте аз – тек қана 300 экземпляр.

Програмалау тілін үйрену үшін негізінде келесі тақырыптар оқып шығуы тиіс: 1) сызықтық алгоритмдер; 2) тармақталу алгоритмдер; 3) қайталау алгоритмдер; 4) массивтермен жұмыс істеу; 5) символдық шамалармен жұмыс істеу; 6) процедуралар мен функциялар; 7) файлдармен жұмыс істеу.

Бірақ, Си тілінің өзгешелігіне байланысты бұл тақырыптар тізімін былай өзгертіп шықтық:


  1. Кіріспе

  2. Алфавит. Кілттік сөздер

  3. Тұрақтылар

  4. Қарапайым программа

  5. Си тілінің операциялары

  6. Тармақталу алгоритмдер

  7. Қайталау алгоритмдер

  8. Массивтермен жұмыс істеу

  9. Символдық шамалармен жұмыс істеу

  10. Графикамен жұмыс істеу

  11. Блогтық функция мен # define нұсқауы

  12. Файлдармен жұмыс істеу

Электрондық оқулықта көрсетілетін мәтіндерді алдын ала MS Word программа арқылы дайындап, жеке шағын файлдарға бөліп қойямыз. Олардың кейбіреулерін *.rtf форматында сақтаймыз, себебі Delphi ортасында оларды көрсету үшін RichEdit компонентімен қолданамыз.

Бірақ, RichEdit компоненті мәтіндегі кестелер мен суреттерді шығара алмайды, сондықтан кейбір сондай шағын тақырыптарды алдымен экранға шығарып, клавиатурадағы PrintScreen клавишаны басып, одан кейін Ctrl+V клавишалар арқылы Paint программаның ішіне тастап *.bmp форматтағы сурет файлдарына сақтаймыз. Ал мәтіннің арасында кестелер мен формулалары бар файлдар үлкен болса, онда оларды WebBrowser компонент арқылы көрсету үшін *.doc файлдарға жазамыз .

Delphi 6 ортасында File-New-Application команда арқылы жаңа тіркеме ашамыз. Ашылған форма проекттің бас формасы болады (3 сурет). Форманың Caption қасиетінің ішіне «Электрондық оқулық "Си программалау тілі"» деп жазамыз –форманың жоғары жағында осы жазу пайда болады.

3 сурет. Электрондық оқулықтың бас терезесі.

Алдымен бас форманың үстіне екі Panel компоненттерін қоямыз. Panel компоненттердің тақырыптарын алып тастаймыз – ол үшін бұл компоненттердің Caption қасиеттерінің ішін босатып қоямыз. Әр панельге түс береміз - Object Inspector терезесінен олардың Color қасиеттер арқылы керек түсті таңдап қоямыз. Бірінші панельдің үстіне үш Label компоненттерін орнатып, олар арқылы электрондық оқулықтың атын, бағдарламаны құрастырған студенттің атын, оқу тобын, ғылыми жетекшінің аты-жөнін көрсетеміз. Бас форманы безендіру үшін Image компонентті панель үстіне орнатып, ішіне сурет салып қоямыз. Image компонентке сурет орнату үшін Object Inspector терезесінен осы компоненттің Picture қасиетін таңдап алып, оның жанындағы көпнүктелікті шертеміз. Сонда 4 суретте көрсетіліп тұрған сұхбат терезесі ашылады. Сол терезе арқылы “Load” батырмасын шертіп, ашылған терезенің ішінен керек суретті таңдап аламыз. Сурет алдын ала дайын болу керек. Сурет таңдап алынған соң, “OK” батырманы шертіп, терезені жабамыз.

4 сурет. Бұл терезе арқылы Image компонетке салатын суретті таңдап алады


Электрондық оқулықтың мазмұнын осы форманың үстіне шығарып қоямыз. Ол үшін екінші панельдің үстіне 15 button компоненттерін орнатамыз. Бұл компоненттер арқылы электрондық оқулықтың мазмұнын жасаймыз. Сонда сол компоненттер әрі мазмұнын құрады, әрі көрсетіліп тұрған тақырыпты шақыратын батырмалар болып келеді. Мазмұнды бас форма суретінен (3 сурет) көруге болады.

Button, Label, Panel компоненттер Delphi ортаның VCL кітапхананың Standart бетінде, Image компоненті – Additional бетінде орналасып тұрады. Button компонентін формаға алып келген соң, оның үстіне Caption қасиет арқылы мазмұн тақырыбын шығаруға болады.




5 сурет. Электрондық оқулықтың мазмұны

Батырманың үстінен шерткен кезде сәйкес тақырыбы бар терезе ашылатын болу үшін Код Редакторының ішіне мына командаларын жазылады:

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

begin


Form2.Show;

Form3.Close;

Form8.Close;

Form6.Close;

Form7.Close;

Form9.Close;

Form10.Close;

Form5.Close;

Form16.Close;

Form17.Close;

Form18.Close;

Form20.Close;

end;

Бұл командалар бойынша Form2 терезе ашылады да, ал басқа терезелер жабылады. Жоғарыдағы аталған он екі тақырыптар мазмұнға кіргізілген (5 сурет), әр тақырыпқа сәйкес он екі жаңа терезелер ашылған. Жаңа терезені ашу үшін Delphi 6 ортасында File-New-Form командасын орындау керек. Әр терезені қалай дайындалғанын төменде көрсетеміз.



Бас форманың төменгі жағына жылжымалы қатар жүргізілген. Оны ұйымдастыру үшін алдымен 'Bitmap.bmp' сурет Paint графикалық редактормен дайындалды. Одан кейін осы Form1 формаға Timer1 компонентін қойып, оның Interval қасиетіне 50 мәнін береміз. Timer1 компоненттің onTimer оқиғасына мына процедураны жазамыз:

procedure TForm1.Timer1Timer(Sender: TObject);

begin

Canvas.CopyRect(dRect, pic.Canvas, sRect); // суреттің бөліктерін



көрсету

inc(t);


if t = TP // роликтің ұзындығы

then t:=0;

sRect := Bounds(t,0,WB,pic.Height); // келесі кадр

end;
ал бас форманың (Form1) onCreate оқиғасына мынаны жазамыз:

procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);

begin


pic := TBitMap.Create;

pic.LoadFromFile('Bitmap.bmp'); // суретті енгізу

dRect := Bounds(0,608,WB,pic.Height); // қатардың жүретін облысы

sRect := Rect(0,0,TP,pic.Height); // осы сәтте көрсетіліп жатқан

// суреттің бөлігі

t:=0;


end;
Енді “Кіріспе” жазуы бар бірінші батырманы шерткен кезде, сәйкес терезе ашылады. Оның түрін 6 суреттен көруге болады. Жаңадан ашылған форманың Caption қасиетінің ішіне “КІРІСПЕ” жазуын енгіземіз. Бұл терезені құру үшін форманың үстіне RichEdit, button, GroupBox және 3 RadioButton компоненттерін орнатып қоямыз.

6 сурет. Кіріспе терезесінде RichEdit компонентімен қолдану


Енді RadioButton батырманың қасиеттерін қарастырайық. Caption қасиетімен батырманың жанында көрсетіліен жазу анықталады. Alignment –бұл қасиет жазу батырманың қай жағынан шығатынын белгілейді – taLeftJustify – сол жағынан, taLeftJustify - оң жағынан (үнсіз бойынша беріледі). Checked - бұл қасиет пайдаланушы батырманы таңдағанын анықтайды. Егер батырманы басқалардың арасынан таңдап алу қажет болса, онда оның Checked қасиетін true-ға тұрғызып қою керек. Батырмалардың біреуі ақ таңдап алынатын себебінен, олардың тек қана біреуінің Checked қасиеті true-ға тең болу мүмкін. GroupBox панелінде орналастырылған RadioButton батырмалар еркін тұрады. Негізінде бұл батырмаларды кез келген контейнердің ішіне, мысалы, форманың үстіне, қоюға болады. Форманың үстіне орналастырып қойылған батырмалар бір топ болып жұымс істейді, яғни олардың тек біреуінің Checked қасиетін true-ға апарып қоюға болады.

Сонымен GroupBox панеліне батырмаларды орналастырып қоямыз. Бірінші RadioButton батырмаға Caption қасиет арқылы “Кіріспе” тақырыбын береміз. Батырманы шерткен кезде RichEdit редакторына «Введение.rtf» файлын шығару үшін программалау модульдің ішіне мына командаларын жазамыз:

procedure TForm2.RadioButton1Click(Sender: TObject);

begin


RichEdit1.Lines.Clear;

RichEdit1.Lines.LoadFromFile('C:\Dip_Ci\Progr\Линейн\Введение.rtf');

end;

Екінші RadioButton батырманың Caption қасиетінің ішіне “Әдебиеттер” тақырыбын жазамыз. Батырманы шерткен кезде RichEdit редакторына «Литер.rtf» файлы шығарылатын болу үшін программалау модульдің ішіне мына командаларын жазылады:



procedure TForm2.RadioButton2Click(Sender: TObject);

begin


RichEdit1.Lines.Clear;

RichEdit1.Lines.LoadFromFile('C:\Dip_Ci\Progr\Линейн\Литер.rtf');

end;

Үшінші RadioButton батырманың Caption қасиетінің ішіне “Turbo C программамен жұмыс істеу” тақырыбын жазамыз. Батырманы шерткен кезде RichEdit редакторына « ТУРБО_СИ.rtf'» файлы шығарылатын болу үшін программалау модульдің ішіне мына командаларын жазылады:


procedure TForm2.RadioButton3Click(Sender: TObject);

begin


RichEdit1.Lines.Clear;

RichEdit1.Lines.LoadFromFile('C:\Dip_Ci\Progr\Линейн\ТУРБО_СИ.rtf');

end;

7 сурет. “Кіріспе”-де Turbo C программамен жұмыс істеу тақырыбы көрсетілуде


Терезені жабу үшін әр терезеге “Шығу” жазуы бар button батырмасын орнатып оның onClick оқиғасына терезені жабатын командасын жазып қоямыз:

procedure TForm2.Button1Click(Sender: TObject);

begin

Close;


end;

Келесі терезеге тұрақтылар мен түсініктеме жайлы мәтіндерді шығарамыз. Бірақ бұл жерде мәтіндерді шығару үшін WebBrowser компоненті қолданылады. Сонымен жаңадан ашылған форманын үстіне WebBrowser, RadioGroup, 4 RadioButton және button компоненттерін орнатып қоямыз. Олардың орналасуын 8 суреттен көруге болады. Бұл жерде 4 RadioButton компоненттері RadioGroup компоненттің үстіне орналасқан.



8 сурет. Мәтінді WebBrowser компонент арқылы шығару


RadioButton компонентті шертіп, керек файлды ашып көрсету үшін программалық модуліне мына командаларды жазу керек:

procedure TForm18.RadioButton1Click(Sender: TObject);

begin

WebBrowser1.Navigate('C:\Dip_Ci\Progr\Линейн\1_4.doc');



end;

WebBrowser компоненттің өлшемдерін форма өлшемдерімен бірге өзгерту үшін форманың onResize оқиғасына мына командаларды жазу керек:

procedure TForm18.FormResize(Sender: TObject);

var wm, hm, w,h: integer;

begin

Form18.Refresh;



wm:= Form18.ClientWidth;

w:=wm - 10;

hm:= Form18.ClientHeight;

h:=hm - 72;

WebBrowser1.Width:=w;

WebBrowser1.Height:=h;

end;

Бұл жерде h:=hm - 72; команданың орнына



h:=hm – RadioGroup.Height; - деп жазуға болады.

Осындай WebBrowser компоненттің өлшемдеріне әсерін тигізетін командаларын әр WebBrowser компоненті бар формада жазу керек.

Келесі формаға (9 сурет) WebBrowser, RadioGroup, 6 RadioButton, 2 button және PageControl компоненттерін орнатып қоямыз. Олардың жайғасуы

9 сурет. Қарапайым программа жөніндегі терезе

алдыңғы формадағы компоненттердің жайғасуына ұқсас. 9 суретте PageControl компоненті жасырылып тұр. Оны жасыру үшін PageControl компоненттің visible қасиетін false –қа орнатып қоямыз. “Мысал” жазуы бар батырманы шерткен кезде PageControl компонентті көрсетеміз (10 сурет), ал WebBrowser–ді жасырып қоямыз. Бұл жағдайды ұйымдастыру үшін RadioButton1 батырманың onClick оқиғасына мынадай командаларын жазамыз:

procedure TForm17.RadioButton1Click(Sender: TObject);

begin

PageControl1.Visible:=false;



WebBrowser1.Visible:=true;

WebBrowser1.Navigate('C:\Dip_Ci\Progr\Линейн\1_5.doc');

end;

10 сурет. Бұл мысал PageControl компонент арқылы көрсетіліп тұр


10 суретте PageControl компонент арқылы мысал көрсетіліп тұр. PageControl компоненттің үстіне RichEdit, Image, 2 Label және Button компоненттері қойылған. Бірінші Label компоненті есептің тақырыбын, ал екінші Label компоненті блок-схемаға түсініктеме береді (Caption қасиеті). RichEdit компоненттің Lines қасиетіне шертіп мәтін жолы редакторын шақырып, оның ішіне 11 суретте көрсетілген программаны жазамыз. Жазып болған соң “OK” батырмасын шертіп, бұл терезені жабамыз.

11 сурет. RichEdit редакторының ішіне


“Есепті орындауға жіберу” жазуды Caption қасиет арқылы Button компоненттің үстіне шығарамыз. Бұл батырманы шерткен кезде, есеп орындалуға жіберіледі. Есептің exe – файлын Turbo C программалау ортасында дайындап қоямыз. Бұл батырманың программалық коды:

procedure TForm17.Button3Click(Sender: TObject);

begin

winexec('C:\Dip_Ci\Progr\Линейн\Ex_ln1.exe',1);



end;
Есептің орындалу терезесі 12 суретте көрсетіліп тұр.

12 сурет. Есептің орындалу терезесі


Image компоненті - Delphi графикалық файлдардың үш түрін қолдайды – пиктограммалар, метафайлдар және биттік матрицалар. Барлық файлдардың үш түрі сүреттерді сақтайды. Олардың айырмашылығы – файлдың ішінде суреттерді сақтау және сол суреттерді алып көрсету жолдарында.

Электрондық оқулықта схемалар мен суреттерді көрсету үшін Image компонентпен қолданамыз. Image компоненттің негізгі Picture қасиеті арқылы суреттердің барлық үш түрін көрсетуге болады. Autosize қасиетін true-ға апарып қойған кезде Image компоненттің өлшемдері оның ішінде салынған суреттердің өлшемдеріне автоматты түрде сәйкес келеді. Stretch қасиет суретті компоненттің өлшемдеріне сәйкес қылады. Бірақ, Stretch қасиет пиктограмма суреттеріне әсерін тигіземайды, себебі пиктограмма өзінің өлшемдерін өзгертпейді.

Блок-схеманың суретін алдын ала MS Word редактордың ішінде дайындап алып, оны Paint графикалық редакторыңда *.bmp форматында сақтап қоямыз. Одан кейін формаға Image компонентін қойып, оның Picture қасиет арқылы суретке жол көрсетеміз. Autosize қасиетін true-ға апарып қоямыз.

“Си тілінің операциялары” терезенің ұйымдастыруы алғашқы терезелердің ұйымдастыруына ұқсас. Сондықтан, бұл терезе туралы айтудың қажеті жоқ.

“Тармақталу операторлар” терезесі 13 суретте көрсетілген. Бұл терезе алғашқы терезелер сияқты ұйымдастырылған. Бірақ, бұл терезенің “Мысалдар” батырмасын басқан кезде осы тақырып бойынша мысалдар терезесі ашылады (14 сурет).

13 сурет. Тармақталу операторлар терезесі

Мысалдар терезесін көрсету үшін “ Мысалдар ” жазуы бар Button батырманың onClick оқиғасына программалық модулінің ішіне былай жазу керек:

procedure TForm9.Button1Click(Sender: TObject);

begin

Form11.ShowModal;



end;

Мысалдар терезесін құру үшін Delphi ортасында File-New-Form команданы орындап, жаңа форманы ашып аламыз. Бұл Form11 форманың жоғары жағына “Тармақталу операторлардың мысалдары” жазуды шығарамыз. Ол үшін форманың Captiion қасиетіне осы жазуды енгізіп қоямыз.



14 сурет. PageControl компоненттің көмегімен бірнеше мысал көрсету

Бұл Form11 форманың үстіне PageControl1 компонентін VCL библиотеканың WIN32 бетінен алып қоямыз. Одан кейін PageControl1 компоненттті белгілеп қойып, тышқанның оң кнопкасына басып NewPage командасымен жаңа парақтарды қосып аламыз. Әр қосылған парақ TabSheet1, TabSheet2, . . . болып келеді. Олардың әр қайсысын жеке белгілеп, Caption қасиет арқылы тақырыптарды жазамыз Мысал1, Мысал2, .... 14 суретте көрсетіліп түрған мысалды құру үшін Мысал1 – бетін белгілеп, бұл беттің үстіне Label, RichEdit, Image және Button компоненттерін қоямыз. Программа жұмыс істеп тұрған кезде RichEdit редактордың ішіне мысалдың программасың шығару үшін TabSheet1 –нің onShow оқиғасына мына командаларды жазамыз:

procedure TForm11.TabSheet1Show(Sender: TObject);

begin

RichEdit1.Visible:=true;



RichEdit1.Lines.Clear;

RichEdit1.Lines.LoadFromFile('C:\Dip_Ci\Progr\Разветв\Ex1_if.rtf');

end;

TabSheet2 және TabSheet3 үшін дәл осы сияқты командаларын жазамыз, тек соңғы командаға басқа файлдардың аттары қойылады. Label компонентіне есептің мазмұны жазылады. Бірақ бұл компонент арқылы формуланы көрсету мүмкін емес. Сондықтан, формула суретін MS Paint программасында дайындап алып, Image компонент арқылы экранға шығарамыз. “Программаны орындауға жіберу” батырмасын шертіп, 15-ші суреттегідей терезені ашып аламыз. Бұл батырманың программалық модуліндегі командалары мұндай болады:



procedure TForm11.Button1Click(Sender: TObject);

begin


winexec('C:\Dip_Ci\Progr\Разветв\Ex\Ex1_if.exe',1);

end;


15 сурет. Мысал программасы орындалып жатыр


Электрондық оқулық мазмұнының келесі батырмасы – “Циклдер”. Бұл батырманың программалық коды келесі:

procedure TForm8.Button1Click(Sender: TObject);

begin

Form13.ShowModal;



end;

Программа жұмыс істеп тұрған кезде “Циклдер” батырмасын шертіп, 16 суреттегідей терезені ашып аламыз. Бұл терезенің Form8 формасының үстіне WebBrowser, GroupBox, 5 RadioButton және 2 Button компоненттері оқойылған. Олардың орналасуы 16 суретте көрсетіліп тұр. Керек RadioButton батырманы шертіп “Қайталау операторлар” тақырыбының керек бөлімін WebBrowser терезесіне көрсетуге болады.



16 сурет. Қайталау операторлар терезесі

Мысалы,

procedure TForm8.RadioButton2Click(Sender: TObject);

begin

WebBrowser1.Navigate('C:\Dip_Ci\Progr\Циклы\2_3_2.doc');



end;

командаларды RadioButton2 батырмаға жазып, программа жұмыс істеп тұрған кезде осы батырманы шертіп, 16 суретте көрсетілген файлды экранға шығарамыз.

“Мысалдар” батырманың программалық модульге жазылған командалары келесі:

procedure TForm8.Button1Click(Sender: TObject);

begin

Form13.ShowModal;



end;
“Шығу” батырманың программалық модуліне мынадай командалар жазылады:

procedure TForm8.Button2Click(Sender: TObject);

begin

WebBrowser1.Stop;



Close;

end;
Бұл жерде WebBrowser1.Stop; команда арқылы WebBrowser1 өзінің жұмысын тоқтатады, ал Close; команда терезені жауып қояды.

“Мысалдар” батырманы шерткен кезде 17 суретте көрсетіліп тұрған терезе ашылады. Бүл терезеге программада Form формасы сәйкес келеді. Бұл форманың үстіне екі компонент қойылған, олар – PageControl және Button компоненттер. “Мысалдар” терезенің ішінде төрт мысалдар көрсетілген – 3 мысал бір есептің шешуінің 3 жолын көрсетеді. Бір есеп 3 әртүрлі қайталау операторлар арқылы шешілген, олар – параметрі бар цикл for операторы (17 сурет), шарт денесінің while операторы, шарт денесінің do…while операторы. Ал төртінші мысалда факториалды есептейтін программа көрсетілген. Есетердің программаларын алдымен тексттік редакторында дайындап аламыз. Оларды *.rtf форматында төрт файлға сақтап қоямыз. Әр мысалдың программасын Turbo C программалау ортасында компиляциядан өткізіп алып, олардың *.exe файлдарын дайындап аламыз.

PageControl компонентті белгілеп қойып, тышқанның оң жақтағы батырмасын басып, контекстті менюін ашамыз. Сол менюдің NewPage командасын таңдап алып, PageControl-ға төрт бетті қосып аламыз. Олардың тақырыптарын Мысал1, Мысал2, Мысал3 және Мысал4 деп жазамыз. Бұларды PageControl беттердің ярлыктері деп айтамыз. Сол ярлыктерін үстінен шертіп, керек бетті таңдап алуға болады. 17 суретте Мысал1 парағы көрсетіліп тұр. Бұл бетті құру үшін осы парақтың үстіне 2 Label, 1 RichEdit, 1 Image, GroupBox, 2 RadioButton және Button компоненттері VCL кітапханасынан әкеліп қойылған.



17 сурет. Қайталау операторлар мысалдарының 1 мысал терезесі


Бұл бетте орналасқан компоненттеріне қандай өзгеріс беріліп және қандай командалар жазылатыны жоғарыда көрсетілген мысалдардан түсінікті.

18 сурет. Мысалдың блок-схемасын көрсету

Бұл беттің – өзгешілігі RadioButton батырмаларын ауыстырып басып, есептің программасы мен блок-схемасын ауыстырып көрсетуге болады. Бірінші RadioButton батырмаға жазылған командалар:

procedure TForm13.RadioButton1Click(Sender: TObject);

begin

Image1.Visible:=RadioButton1.Checked;



RichEdit1.Visible:=RadioButton2.Checked;

end;


Екінші RadioButton батырмаға жазылған командалар:

procedure TForm13.RadioButton2Click(Sender: TObject);

begin

Image1.Visible:=RadioButton1.Checked;



RichEdit1.Visible:=RadioButton2.Checked;

end;


Бұл командалардың жұмыс істеуі түсінікті болу үшін RadioGroup, GroupBox және RadioButton компоненттер қасиеттеріне тоқтап шығайық. Радиобатырмалар өз ара байланысқан индикаторлар тобын құрады. Әдетте олардың арасынан тек қана біреуін таңдап алуға болады. Оларды бір бірімен қосылып тұрамайтын альтернативалардың біреуін пайдаланышуға таңдау қажет болған жағдайда қолданадады.

Алдымен Radiogroup компонентін қарайық. Ол - радиобатырмалар тобының панелі. Бұл панельде тек қана қатарлар немесе бағаналар бойынша радиобатырмалар тұру мүмкін. Бұл панельдің сол жақтағы жоғарғы бұрышындағы жазуын Caption қасиет арқылы береді. Ал батырмалардың жазбалары мен олардың саны Items қасиет арқылы анықталады. Бұл қасиеттің түрі Tstrings болады. Object Inspector терезеде осы қасиеттің жанындағы көпнүктелікті шертіп мәтін жолдарының редакторының ішіне кіреміз. Бұл редактор RichEdit компоненттің редактор терезесіне ұқсас. Бұл редактордың ішіне радиобатырмалардың жанында бір қатардан тұратын жазуларды енгізу керек. Қаншама қатарлар жазылатын болса, соншама радиобатырмалар шығады. Мысалы Items қасиеттің ішіне былай жазылатын болса:

Мысал 1

Мысал 2


Мысал 3

Мысал 4


Бір бағанада тұратын 4 радиобатырмалар пайда болады. Columns қасиетіне белгілі мән беріп, оларды бірнеше бағаналарға жазуға болады (бағаналардың саны 17 аспайтын болу керек). Үнсіз бойынша бағаналар саны Columns = 1, яғни батырмалар бір бірінің астында орналасады.

Пайдаланушы батырманың қайсысын таңдағанын ItemIndex қасиет арқылы білуге болады. Delphi –де индекстер, әдеттегідей, 0-ден басталады.

Radiogroup компоненті қанша да ыңғайлы болса да оның кейбір кемшіліктері бар. Мысалы, радиобатырмалардың жанындағы жазулардың ұзындығы әртүрлі болса, немесе бағаналарда батырмалардың саны әртүрлі болса, онда Radiogroup компонентінің орнына GroupBox панель арқылы жинақталған RadioButton компоненттері қолайлы болады. Сол жақтағы жоғарғы бұрыштағы жазу Caption қасиетімен анықталады. - өз бетінше – бос. Бұл компонент басқа басқару компоненттер, мысалы RadioButton компоненттер үшін, контейнер қызметін атқарады. Жеке RadioButton батырманың еш қандай маңызы жоқ. Бірлесіп әрекет қылғанда ғана RadioButton батырмалардың мағынасы болады. Бұл топты біріктіріп тұратын GroupBox панелі.

Енді RadioButton батырманың қасиеттерін қарастырайық. Caption қасиетімен батырманың жанында көрсетіліен жазу анықталады. Alignment –бұл қасиет жазу батырманың қай жағынан шығатынын белгілейді – taLeftJustify – сол жағынан, taLeftJustify - оң жағынан (үнсіз бойынша беріледі). Checked - бұл қасиет пайдаланушы батырманы таңдағанын анықтайды. Егер батырманы басқалардың арасынан таңдап алу қажет болса, онда оның Checked қасиетін true-ға тұрғызып қою керек. Батырмалардың біреуі ақ таңдап алынатын себебінен, олардың тек қана біреуінің Checked қасиеті true-ға тең болу мүмкін. GroupBox панелінде орналастырылған RadioButton батырмалар еркін тұрады. Негізінде бұл батырмаларды кез келген контейнердің ішіне, мысалы, форманың үстіне, қоюға болады. Форманың үстіне орналастырып қойылған батырмалар бір топ болып жұымс істейді, яғни олардың тек біреуінің Checked қасиетін true-ға апарып қоюға болады.

Енді мына команданың Image1.Visible:=RadioButton1.Checked; мағынасыны түсінікті болады - RadioButton1 компонент таңдап алынған болса, онда оның Checked қасиетінің мәні true –ға тең болады, яғни Image суретті көрсету қажет. Онда RadioButton2 компонент таңдап алынған жоқ. Демек, оның Checked қасиетінің мәні false –ке тең болады. RichEdit1.Visible:=RadioButton2.Checked; команда орындалған кезде RichEdit1 компонент көрсетілмей, жасырылынып қойылады.

Программаны орындауға жіберу үшін 18 суретте көрсетілген сәйкес жазуы бар батырманы басу керек. Онда 19 суретте көрсетілген терезе ашылады. Бұл терезеде программа арқылы ұйымдастырылған сұхбатта сандарды енгізіп, есептің нәтижесін осы жерден көруге болады.



19 сурет. Программа орындалу барысында


- бұл батырманың программалық коды мынадай болды:

procedure TForm13.Button2Click(Sender: TObject);

begin

winexec('C:\Dip_Ci\Progr\Циклы\Ex\Ex_for_2.exe',1);



end;

Қайталау операторлар мысалдар терезесінде факториал есебінің шешімін көру үшін “Мысал4” ярлыгіне шертіп, 20-суретте көрсетілген терезеге көшеміз. Бұл терезе жоғарыдаға мысалдар терезелері сияқты ұйымдастырылған. Бұл беттің үстіне 2 Label, RichEdit және Button компоненттері қойылған. Label компоненттер арқылы 4-ші мысал бетіне екі жазу шығарылған – “Шешімі. Параметрі бар цикл арқылы”, “N!-ды есептеңіз.”



20 сурет. Факториал есептеуін көрсететін мысал терезесі


“Программаны орындауға жіберу” батырманы шерткен кезде мысал программасы орындалуға жіберіледі. Программаның жұмыс істеуі 21 суретте көрсетіліп тұр.

21 сурет. Факториал есептеу программасының жұмыс істеу барысында

Электрондық оқулық мазмұнының келесі пункті – “Массивтермен жұмыс істеу”. Бұл тақырыптың терезесінің жұмыс істеуі жоғарыда айтылып шыққан терезелер жұмысына ұқсас. “Массивтермен жұмыс істеу” терезеден мысалдар терезесін шақыруға болады. Ол терезенің суреті төменде көрсетіліп тұр (22 сурет).

22 сурет. Массивтермен жұмыс істеуіне мысалдар терезесі.


Бұл терезенің ұйымдастырыу жоғарыда көрсетілген 17 суретте көрсетілген терезенің ұйымдастырыуна ұқсас. 22 суретте екі векторды қосатын программаның мысалы көрсетілген. Оның программасын орындалуға жіберген кезде 23-ші суретте көрсетілген терезе ашылады. Екі массивтердің элементтерін енгізіп, нәтижені осы терезеден көріп алуға болады.

23 сурет. Екі вектордың элементтерін қосатын программасы жұмыс істеп тұрған кезде

Мазмұнның басқа тарауларын жоғарыда көрсетілген жолдарымен құрып аламыз.

24 сурет. “Графикамен жұмыс істеу” терезесі

“Графикамен жұмыс істеу” тақырыбына арналған терезенің түрін 24 суреттен көруге болады. Бұл терезені ұйымдастыру үшін форманың үстіне RichEdit, GroupBox, RadioButton және Button батырмалары қойылып шыққан. “Мысалдар” батырмасын шертіп 25 суреттегі терезені ашамыз.

25 сурет. Графикамен жұмыс істеу мысалдар терезесі
Бұл терезеде 7 мысалдардың мазмұндары мен 7 батырмалары орнатылып қойылған. Әр батырманың қасында мысалдың мазмұны тұр. Батырманы шертіп, мысал программасын орындауға жібереді. Мысалдардың программалары алдыңғы терезеде жазылған. 24 суретте көрсетілген «Графикамен жұмыс істеу» тақырыбына арналған терезесінде «Фигуралар салу программалар» радиобатырмасын көруге болады. Программаның жұмыс істеу барысында сол радиобатырманы шертіп, текстік редактор терезесінен осы мысалдардың программаларын көруге болады. Ал графика мысалдар терезесінде «Мысал6» батырманы басып, функцияға графигін құрылуын көреміз (26 сурет).

26 сурет. функцияға графигі Турбо Си программада құрылып тұр


«Файлдармен жұмыс істеу» тақырыбының терезесі 27 суретте көрсетілген. Бұл терезені құру үшін Button, 6 RadioButtob, RichEdit және GroupBox компоненттері қолданылған.

27 сурет.


Электрондық оқулықтың мазмұнына шағын тексттік редактор қосылып қойылған. “Тексттік редактор” жазуы бар батырманың программалық модулінде мына код жазылған:

procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);

begin

winexec('textedit.exe',1);



end;

Бұл тексттік редактор өте шағын, көп орын алмайды да және rtf –форматта сақталған мәтіндік файлдармен жұмыс істейді. Электрондық оқулыққа бұл тексттік редакторды қосып отырған мақсатымыз - rtf –форматта сақталған мәтіндік файлдардың ішіндегі қателерді жөндеу және кәдімгі txt файлдармен жұмыс істеу. Бұл редактордың программасын Delphi 6 программалау ортаның мысалдарының арасынан тауып алып, өзіміздің ЭО программасына қосып қойдық. Төменгі суретте тексттік редактор арқылы тесттік программаға енгізілетін сұрақтар теріліп жатқаны көрсетіліп тұр.


28 сурет. Тексттік редакторде тестке енгізілетін сұрақтар тексеріліп жатыр

Тесттік програманы жүктеу (30 сурет) үшін “Бақылау тесті” жазуы бар батырманың программалық модуліне мына командаларды жазамыз:

procedure TForm1.Button12Click(Sender: TObject);

begin

Winexec('TEST1.exe',1);



end;

29 сурет. Тесттік программа жұмыс істеп тұр





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет