ІІІ тарау. 3.Егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі
Кәрілік (қартаю) мәселесі ХХ ғасырдың, әсіресе, соңғы оонжылдықтардың жаңа әлеуметтік феномені болып отыр. Кәрілік жеке дамудың ұзақ та маңызды кезеңі болып, әрі макроқұрылымды деңгейдің әлеуметтік процесстеріндегі өзгерістер бағытының индикаторы, ғасырлар шенінде әлеуметтік саясаттың негізін тұжырымдап береді.
Егер 1990 жылдары Батыс елдерінде халықтың 18 % зейнеткурелік жаста болса, бұл көрсеткіш 2030 жылы 30%-ға көбеюі мүмкін. 1939 жылы Ресейде егде жастағы адамдар 4%-ды құрса, 1996 жылы 12%-ға жеткен.
Біріккен ұлттар ұйымының сараптамасына ден қойсақ, егде жастағы адамдар 165 мемлекетте 4 % болса, ол мемлекет – жас мемелекет деп есептелінеді екен, ал 7%-ды құрса кәрі деп есептелеінеді екен.
Дамыған елдерде 65 жастан жоғары жастағы бір тұрғынға 4-5 еңбек ететін келеді. Осындай жағдайдан кейін 1991 жылы БҰҰ-ның егде жастағы адамдарға қатысты ұйымның қағидаларын қабылдап 1992 жылы кезегіндегі кәрілік мәселесіне байланысты үлкен мақсаттар айдарымен он жылдық стратегиясын белгілейді.
Ал 1999 жылды Халықаралық қарттар жылы деп аталады.
Қазіргі кездегі қарттық туралы әлеуметтік ғылымының дамуының негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады:
Қартаюды биологиялық және писхологиялық процесс ретінде меңгеру (игеру);
Егде жастағылармен әлеуметтік орнын және әлеуметтік-экономикалық статус мәселесін сипаттайтын институтционалды қатынас;
Әр халықтың өзіне тән кәрілік туарлы әр қилы тарихи мәдени сараптамасы.
Қазіргі қоғамдағы қартаюдың салдарын үш топқа бөліп қарауға болады. Бііріншіден, бұл төмендегідей жағдайлармен сипатталатын әрі демографиялық және макроэкономикалық салдар:
Екіншіден, әлеуметтік қарым-қатынас аумағында айтарлықтай өзгерістер болады:
жанұялық-туысқандық қарым-қатынас құрылымында;
әртүрлі ұрпақтардың бір-бірін қолдау жүйесінде;
потенциалды еңбекпен айналысушылық құрылымында;
Үшіншіден, еңбек нарығында демографиялық құрылым өзгерісі байқалады:
еңбеккерлерді егде жаста қайта біліктіліктен өткізу қажеттілігі туындайды;
егде жастағы зейнеткерлер мен жұмыс берушілер арасында еңбек іс-әрекетіне байланысты қатынастар өзгереді, яғни зейнетке шығу мәселесі;
әйелдер мен ерлер арасындағы еңбекпен шұғылданушылық пропорциясы өзгереді, себебі егде жастағы әйелдер саны ерлерден айтарлықтай көп.
Достарыңызбен бөлісу: |