«Ақыл-ойы кем балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшелігі»



бет1/5
Дата17.05.2023
өлшемі28.31 Kb.
#473861
  1   2   3   4   5
Ақыл-ойы кем балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшелігі


Мазмұны

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  • «Ақыл-ойы кем балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшелігі»

  • Кіші жастағы ақыл-есі кем оқушылардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізмі


Кіріспе

Қоғамдағы экологиялық, әлеуметтік, экономикалық және т.б. жағдайлар адамның жан-жақты дамуына ықпал етуде. Бұл ең алдымен дүние есігін жаңа ашқан балалар үшін аса қолайсыз болып отыр. Жан-жағымызға көз жіберсек, дене және психикалық дамуында әртүрлі бұзылулары бар балалар саны өте көп екенін байқауға болады. Бірақ олардың қоғамның бір мүшесі екенін ескеру аса маңызды. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып тәрбиелеудің заңдылықтарын, қағидаларын, әдістерін, оқытуды ұйымдастырудың формаларын дефектология ғылымы қарастырады. Дефектология мамандығы аса үлкен жауапкершілігі бар мамандық. Осы тұрғыда дефектолог маманының негізгі міндеті мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу болып табылады. Яғни дефектолог- бұл осы категориядағы балаларды оқыту, тәрбиелеу және кемістіктерін түзетумен айналысатын, ең негізгісі әлеуметтік ортаға қосуды қарастыратын арнайы маман болып табылады.


Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бағдарлау, бейімдеу, кәсіптік және еңбектік реабилитациялау-қоғам алдында тұрған күрделі міндет болып табылады. Бала бойындағы қандай да бір кемістік оның толық дамыуына кедергі келтіреді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды бағдарлау, бейімдеу және қайта қалпына келтіру психологиялық көмек, қолдау және арнайы оқытуға байланысты. Бейімдеу міндеттерінің ішіндегі аса күрделі үрдіс әлеуметтік бағдарлау болып табылады. Бұл міндеттер арнайы ұйымдастырылған мекемелерде жүзеге асырылады.


Негізгі бөлім
«Ақыл-ойы кем балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшелігі»

Зиятының ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстары жүйелік сипатқа ие. Ондай балалардың сөйлеу тіл әрекетінің барлық операциялары әр деңгейде қалыптаспаған болып келеді: мотивациясының әлсіздігі, сөз арқылы қатынас жасау қажеттілігі төмен, сөйлеу бағдарламасын іске асыруының бұзылыстары байқалады. С. Я. Рубинштейіннің пікірі бойынша, зиятының бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының негізгі себептері – бас ми қабығының тұйықтауыш функциясының әлсіздігі, барлық анализаторлардағы жаңа дифференциалды байланыстардың баяу дамуы.


Сөйлеу-есту анализаторларының саласындағы дамып келе жатқан дифференциалды шартты байланыстардың себебінен бала сөйлеу тілі дыбыстарын көп уақытқа дейін ажырата алмайды, естіген сөйлеу тілін оның және дәл қолдануы әлсіз. Аналитикалық-синтетикалық әрекеттің төмендігі фонематикалық қабылдаудың бұзылысында байқалады.
Зиятының бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілінің дыбыс айту ақаулықтары жиі таралған. Сөйлеу тілінің фонетикалық жағынын бұзылыстарының негізінде төмендегідей себептер жатыр:
-танымдық әрекетінің жетілмеуі,
-сөйлеу-есту дифференциясының қалыптаспауы,
-жалпы және сөйлеу тіл моторикасының әлсіздігі.
Зерттеулер бойынша қазақ тіліне тән дыбыстырдың бұзылуы: а, ө, ү, ұ, ң, ғ, қ дыбыстарының айтылуы бұзылады. ү, ұ-дыбыстарының орнына – у; ө -дыбысының орнына -о айтылады.
Интеллектісі зақымдалған балалардың дыбыс айту ерекшеліктері болып дыбыстар бұзылысының вариативтілігі табылады. Бір дыбыс кейде дұрыс айтылғанымен, сөздердің дыбыстық-буындық құрамына қарай кейде қате айтылады. Интеллектісі бұзылған балаларда дыбыс айту кемістіктері, әсіресе дыбыстарды алмастыруы, зияты қалыпты балаларға қарағанда, жазуында көрініс алады.
Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының бұзылыстары симптоматикасы бойынша да, патогенез, себебі күрделілігі бойынша полиморфты болып келеді. Бір балада бір уақытта сөйлеу тілі моторикасының жетілмеуімен қатар дыбыстарды естіп ажырату бұзылыстарыда кездесуі мүмкін. Дыбыс айту бұзылыстары симптоматикалық тұрақтылығымен де сипатталады.
Дыбыс айту бұзылыстарын түзетуді балалардың танымдық әрекетін дамытумен, анамнез, сөзсіз, салыстыру операцияларын қалыптастырумен байланыстыру керек. Сөйлеу тілі моторикасын, естуін қабылдау, зейінді, есте сақтауын дамытуға, яғни сөйлеу тіл дыбыс айту жағының бұзылысы негізінде жатқан барлық факторларды қалыпқа келтіруге ерекше назар бөлінуі керек.
Интеллектісі бұзылған балалардың сөз қоры сапалық жағынан сандық жағынан да жетілмген – сөз қорының аздығы, сөздерді нақты қолданбай, белсенді сөз қорынан гөрі енжар сөз қоры көп, сөздікті нақтылауындағы қиындықтар, сөз мағынасы құрылымының қалыптаспауы байқалады.
Сөйлеу тілінің лексикалық жағының жетілмеу себептері интеллектуалды дамудың төмен деңгейімен, қоршаған өмір туралы түсініктерімен білімдерінің шектелгендігімен, қызығушылықтарының аздығымен, сөз арқылы және әлеуметтік қатынастарға түсу қажеттілігінің төмендігі, вербальді есте сақтауының әлсіздігімен байланысты болып келеді. Балалар заттардың көбінің атауларын білмейді, заттардың жеке бөліктерін атауда қиналады. Балалардың сөйлеу тілінде семантикалық ұқсастық бойынша сөздерді алмастыру жиі кездеседі. Ұқсас сөздерді, түрлі сөздерді шатастыру белгілері бар. Балалар заттардың айырмашылықтарын меңгере алмайды, ал атауларын ажырата алмайды.
Екіншілік орында қолдану жиілігі бойынша етістіктер тұрады. Белсенді сөз қорында қимыл-қозғалыстардың тәсілдерін белгілейтін етістіктер жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет