Мазмұны Кіріспе І тарау. Геронтология ғылымы туралы түсінік. Қартаң адамдардың проблемалары. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде. ІІ тарау. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы


Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың техналогиясы



бет18/22
Дата06.03.2024
өлшемі451.5 Kb.
#494571
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Дип Геронтология ғылымы туралы түсінік

Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың техналогиясы.
Әлеуметтік қызмет мекемесінің жүйесі
Қазақстан Республикасындада қарт адамдар мен мүгедектер Қазақстан Республикасының Конституциясы бекіткен, сондай-ақ құрамына басқа заң қабылдаушы актілер кіретін республика конституциясы бекіткен әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтарға ие. Алайда, қарт және мүгедек адамның әлеуметтік статусының қоғамдық және еңбек қызметінің тоқтауына; құндылық ориентирлерінің трансформациясына, өмір салты мен қарым-қатынасына әлеуметтік-тұрмыстық және психологиялық жаңа шарттарға бейімделудің қиындығына байланысты өзгеруі айтарлықтай әлеуметтік мәселелерді туындатады.
Қарт адамдар мен мүгедектердің өмір қызметінің шектелуі – ең өткір мәселе болып табылады. Өмір қызметінің шектелуі барысында адамда өзіне қызмет көрсету мүмкіндігінің, қимыл-қозғалысының, жөн сілтеуінің, қарым-қатынасының, өз мінез-құлқына бақылау жасауының , сондай-ақ еңбек қызметімен айналысу мүмкіндігінің болмайтындығы байқалады.
Бұл мәселені шешуде бірінші деңгейдегі мағынаға қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен әлеуметтік реабилитация жүйесі жоғары деңгейге жетіп отыр.
Әлеуметтік реабилитация әлеуметтік-экономикалық, медициналық, юристік, кәсіби және басқа шараларға әкеледі. Олар қажетті шарттарды қамтамасыз етуге және осы топтардың қоғамда толыққанды өмірге келуіне бағытталады.
Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың құрамды элементі – заң қабылдаушы үкімет бекіткен әлеуметтік кепілдеме есебімен, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша қызмет немесе жеңілдік түрінде, ақшалай немесе табиғи формада қамтамасыз ету. Оған ереже бойынша, зейнетақы мен жәрдемақыға периодты және бір мезгілде қосымша төлем осы категорияларға дифференцияланған, адресті әлеуметтік қолдау көрсету мақсатындағы қызмет табиғи сома, жағымсыз әлеуметтік – экономикалық шарттарға әкелетін критикалық өмірлік жағдайлардың жойылуы немесе бейтараптылығы кіреді.
Сонымен, әлеуметтік қамтамасыз ету дәстүрлі формасын жеткізу: ақшалай төлем (зейнетақы, жәрдемақы); табиғи қамтамасыз ету; қызмет пен жеңілдік, қызмет көрсетудің стационарлы және стационарлы емес түрі - әлеуметтік көмектің шұғыл формасында еңбекке қабілетсіздерге, Қазақстанның мұқтаж азаматтарына беріледі.
Қарт адамдарға әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету құрамына зейнетақы мен әртүрлі жәрдемақы, жергілікті арнайы әлеуметтік қорғау орган мекемелерінің қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетуі және оларды асырауы; ротездеуі; мүгедектерге жеңілдік; үйсіздерге көмек көрсету.
Әлеуметтік қамтамасыз етуді мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, жеке адамдар еңбек етушілер есебінен жасайды. Соңғы жағдайда фондтан төлеу еңбек салымы немесе стажы арқылы емес, төлем көлемі арқылы анықталады. Мұндай тәжірибе батыс елдерінде кең таралған.
1995 жылы әлеуметтік қорғау жүйесінде біздің елімізде қарт адамдар мен мүгедектерге арналған 959 стационарлы мекеме, 700-ден аса әлеуметтік қызмет орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 900 бөлім, сонымен қатар, басқа да әлеуметтік көмек көрсететін мекемелер қатары (психолого-педагогикалық, шұғыл психологиялық көмек және тағы басқа) болды.
Әлеуметтік қызметтің ең кең дамыған жерлері Тараз қаласында барлығы 140 қарт адам бар. Олардың 28 адамы қазақтар.
Тараз қаласында № 1 ардагерлер мен мүгедектерге арналған үйі бар.
Алматы қалалық қарттар мен мүгедектер интернат үйі бар. Оның ашылғанына 37 жыл, 120 қарт бар.
Автор жұмыстың мазмұны әлеуметтік қызмет орталығын (қарт жастағы және мүгедек азаматтар үшін) қарастыруды ұсынады.Оған бірнеше бөлімдер кіреді.Күндізгі бөлімде (кемінде 30 зейнеткер мен мүгедектерге есептелген) тамақтану, медициналық және мәдени қызмет көрсету ұйымдастырылады.Қосымша шаруашылықта немесе шеберханада шамаға шақ еңбек қызметіне қатыстыру қарастырылған.
Уақытша болу бөлімі (кемінде 15 адамға есептелген) емдеу-сауықтыру және реабилитациялық шараларды, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді, тәулік тамақпен қамтамасыз ету шартын жүзеге асырады.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде (ол қалада 120 адамға, ауылды жерде 60 адамға қызмет көрсетеді) үнемі немесе уақытша (6 айға дейін) зейнеткерлер мен мүгедектерге, басқаның көмегіне мұқтаж адамдарға (ақылы немесе ақысыз түрде) үйде әлеуметтік – тұрмыстық қызмет көрсетеді.
Үйде әлеуметтік көрсетудің негізгі тапсырмасы еңбекке қабілетсіз азаматтарды, үйде қызмет көрсетуге мұқтаждарды табу болып табылады.
Әлеуметтік көмек орталығының шұғыл қызметі қызметтің кең тізімін қарастырады. Тегін астың тамаққа немесе азық-түлік жиынына мұқтаждарды қамтамасыз ету; киіммен, аяқ киіммен және бірінші қажеттілікпен қамтамасыз ету, әр түрлі материалды көмек көрсету; уақытша баспана алуға көмектесу; шұғыл психологиялық көмек, соның ішінде «сенім телефоны» арқылы: өз компенсациясында юристік көмек көрсету; региондық және басқа ерекшеліктермен шартты көмектің басқа түрлерін және формаларын көрсету.
Қарт адамдарды адресті қорғау Қазақстанда айтарлықтай дағдарысты жағдайда. Ол біріншіден ең көп қажетсінулерге: жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, 80 жастан жоғарыларға көрсетіледі.
Біздің еліміздегі әлеуметтік зерттеулер қарттарға жағымды жағдайды қамтамасыз етудің негізгі бағыттары: зейнетақының көтерілуі, зейнеттік қамтамасыз етудің жоғары деңгейге жетуі, оларға үйде қызмет көрсетуді дамыту қарттарға арналған үйлердің көбеюі және өмір сүру жағдайының жақсаруы.
Қазіргі мемлекетте әлеуметтік қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі зейнеткерлік қамтамасыз етудің жоғарлауы болып табылады.
Қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет етушіге баса назар аудару керек. Бұл жерде, өзіне қызмет ету қабілетін жоғарлатқандықтан арнайы жайлы аяқ киіммен, киіммен, қарт адамдарға көшедегі қозғалыстарды жеңілдететін, үй шаруасын жүргізетін, кейбір гигиеналық процедураларды орындайтын әртүрлі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
Бұл мәселені шешу үшін, архитектуралар, дизайнерлер, гереонтологтар баяғыда-ақ осыған сәйкес тұрмыстық техника жасап шығаратын перспектива бағыттарын анықтаған.
Бұл ұсыныстар мыналардың туындауына әкеледі.

  • тамақ дайындауда операцияларды бағдарламалайтын автоматтандырылған асханалық комплекстер.

  • Төсек тартып жатып қалған ауруларға қарауда көптеген тететіктер жүйесі және оларға санитарлы-гигиеналық көмек көрсету.

  • Қарттардың жасерекшелік спецификасы тіркелген бастаманың тазалайтын арнайы жинақ және механизмдер, сондай-ақ қарт адамдарға тұрмыстық іс-әрекеттің қауіпсіздігін жоғарлататын және оларға жайлы тиетін қарапайым, бірақ өте керекті құрылымдар.

  • Қарт адамдарға ванна қабылдауға арналған тұтқалық және тірегіш тұтқа жүйесі.

  • Аяқ киімді киетін арнайы тіреулер.

  • Табалдарықтың орнына жалпақ пондустар қою.

Ұсыныстар жақсы, алайда біздің елімізде олар қанағаттанарлықсыз жағдайда жүзеге асады.
Біздің елемізде 1986 жылдан бастап, құрамына үйде әлеуметтік көмек көрсетумен қатар, тіпті жаңа бөлімдер күндіз келіп кететін бөлімдер кіретін зейнеткелерге қызмет көресету орталығы деп аталатын орталықтар ашыла бастады.
Мұндай бөлімдерді ұйымдастырудың мақсаты – жанұясымен бірге тұратын немесе жалғызбасты қарттардың қолыбос кездеріне арналған өзіндік орталықтар жасау. Мұндай бөлімдерге адамдар таңертең келіп, кешке үйлеріне қайтады деп қарастырылған: олар күні бойы жайлы ортада болуға, қарым-қатынас жасауға, уақытты мағыналы өткізуге, әртүрлі мәдени іс-шараларға қатысуға, бір мезгіл тамақ және керек болған жағдайда дәрігерге дейінгі медициналық көмек алуына мүмкіндік алады.
Мұндай бөлім қызметтерінің негізгі тапсырмасы қарт адамдарға жалғыздықты өткеруіне, тұйық өмір сүру салтына, жаңа мағыналардың пайда болуына, белсенді өмір сүруінің қалыптасуына көмектесу болып табылады.
Басында мұндай орталықтар қарттарға арналған интернат-үйлерінде пайда болды, өйткені бұл мекемелердің келушілерді ыстық тамақпен қамтамасыз ететін жабдығы бар, бөлімге сәйкес алаңы бар.
Бөлім күніне 25-50 адамға есептеген. Алғашында бөлімде уақыт өткізу уақыты шектелмеген еді. Тамаққа төлейтін ақша зейнетақы байланысты әртүрлі болды.
Алғашқы орталықтар ашылған кезде олардың келіп кету уақыты белгіленбеді. Бірақ, бұл мекемелердің тәжірибесі оларды зейнет жасындағылары арасында әйгілі етті, бөлімге күндіз келіп кеткісі келетіндер көбейді. Орталықтың қызмет көрсету зонасында тұратын және бөлімге келіп кетуге арыз беріп тіркелген зейнеткелердің санына қарап, көптеген территорияларда жыл бойына барлық қолдаушылар орталықта 2 немесе одан да көп рет болу үшін, бір топ жиналатын мерзім есептелді.
Бөлімге өзіне қызмет ету және белсенді қозғалу қабілеті сақталған, олардың жанұялық жағдайларынан тәуелсіз зейнеткерлер мен мүгедектер жеке арызы мен бөлімге қабылдауға болады деген медициналық мекеменің анықтамасы негізінде қабылданады.
Бөлімде дәрігерге дейінгі медициналық көмекке, клуб жұмысына, кітапханға, шеберханаға және тағы басқа кабинеттер берілген.
Осындай жолмен, Ресейде еңбекке қабілетсіз азаматтар көмек қызметін жасау мен дамытуда, әлеуметтік жұмыс бойынша жаңа кадрлар келіп одан әрі дами түседі деген болжам жасауға негіз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет