Жалпы оралман деген кім? Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 1-бабына сәйкес оралман дегеніміз ұлты қазақ азаматтығы жоқ, Қазақстанда тұрақты мекендеуге келген шетелдіктер болып табылады [5]. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің миграциялық комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстанның бірінші онжылдығында тарихи отанына оралғандар саны 60 мың қазақ отбасын құраған. 230 мыңнан астам басқа елдерден келген адамдар баспана алып, көлік шығындары мен жәрдемақы төлемдері төленді. Жергілікті атқару органдар, кәсіпорын жетекшілері мен ұйымдар айтарлықтай көмек көрсетті, көрсетіп жатыр. Оралмандар басқа иммиграция субъектілері сияқты Қазақстан респу-бликасы территориясына тұрған күннен бастап бес күн ішінде тіркелуі тиіс. Тіркеу жеке куәлігі арқылы жүзеге асырылады. Жеке басын куәландыратын құжаттар қатары мен тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.
Оралман мәртебесі не береді? Оралман мәртебесін алған тұлға Қазақстан Республикасында кең спекторлы жеңілдіктерді алады .
Ондай жеңілдік түрлері мыналар:
-
Жұмысқа орналауға, біліктілікті арттыруға, жаңа мамандық алуға көмектесу;
-
Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруге жағдай жасау;
-
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қарулы күштер қатары қызметінен босату;
-
Орта кәсіби және жоғары кәсіби білім ұйымдарына түсуге квота бөлу;
-
Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерден орын қажет еткендерге орын алып беру;
-
Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу;
-
Бұқаралық саяси репрессия құрбандары үшін өтемақы алатындар қатарындағы азаматтардың хұқын жаңғырту;
-
Қазақстан республикасын кіру үшін берілетін визаға консулдық жинақтан босату;
-
Заңнамаға сәйкес кепілденге көлемдегі тегін медициналық көмек алу;
-
Қазақстан республикасы азаматтарына қарастырылған мемлекеттік адрестік көмек көрсету;
-
Кеден төлемдері мен салық төлемдерінсіз шекарадан өткізу;
-
Тұрғылықты мекен-жайына тегін жету және мүлкін жеткізу (соныңішінде сиыр);
-
Келген жерінен баспана алу мен бірреттік жәрдемақы төлеу үшін қаражат бөлу.
-
Иммиграция квотасы бойынша келген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер; Иммиграциялық квота бойынша келген оралмандар квотаға жатпайтын оралмандардан ерекшелігі бойынша төмендегідей қосымша жеңілдіктер мен төлемдер беріледі :
-
Кеден төлемдері мен салықсыз шекарадан өту ;
-
Тұрғылықты мекендеуге және мүлкін өткізуге кететін шығындарды өтеу ;
-
Баспана алуға және бірреттік жәрдемақы төлеуге қаржы бөліну .
Сонымен қатар қосымша төлемдер республикалық бюджет есебінен бөлінеді Оралман міндеттемелері; Халықты миграциялау туралы заңның 15 бабында Қазақстан Республикасының консулдық немесе дипломатиялық өкілеттіктеріне оралман ретінде танылулары туралы жолдау хат жазушылар мынаған міндетті :
-
Уақытша орналасу орталығына 3 күн ішінде барып қайтуға жолдама алу;
-
Миграциялық жағдайдың территориялық қызметіне сәйкес тұрған жері туралы мәлімдеп, Қазақстан Республикасы заңнамасы бекіткендей ішкі істер органдарына тіркелуі керек;
-
Уақытша орналасу орталығында тұрудың бекітілген тәртібін сақтау;
-
Денсаулық сақтау органдарының талаптар бойынша медициналық тексеруден өту, егілу, сонымен бірге денсаулық сақтау органдарының жазғандарын орындау;
-
Сәйкес миграциялық қызмет орындарына жолдама хатты қарау үшін мәлімет беру.
Жол-көлік шығындары үшін бірреттік жәрдемақы ҚР Үкіметінің 18.08.1999 ж №1194 «Оралмандарға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты мақсаттық пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысы оралмандарды жол-көлік шығындарына бірреттік жәрдемақы төленеді. Республикаға өз бетімен көшу және жүк тасу шығындары квота есебіне төмендегідей мөлшерде беріледі : әр оралманның жол жүру төлемі жол жүру билеттерін көрсеткен кезде тегін , бірақ онреттік жәрдемақы мөлшерінде , жеке мүлкін тасуда оралман отбасына бесреттік жәрдемақы есебінде төленеді. Мемлекеттік құзыреті мекемелерімен бірлесе отырып оралмандарға осындай жеңілдіктер жасалады. Көп жағдай да оралмандар өздерінің құқықтарын жеттік білмеуінен мемлекеттік жәрдем ақыларынан қағылып қалуда. Еліміздегі заңдар мен қауылдар жақсы сөзбен жазылады да бірақ оны жүзеге асыру шабан жүреді. Кейбір оралмандар осындай жеңілдіктерді алу үшін парақорлықтың әсеріне көбі ала алмай жүр. Бұл қаржы әлдекімдердің қалтасында жатқанын немесе айланымдарға салып жіберітін алаяқтардың амалына мемлекет қарсы тұра алмай жатыр. Айтулы бір кезең еліміз тәуелсіздік алған соң, әлемдегі қазақтар ғасыр аяғында тоғысқаны болды. Әлемдегі қазақтар бастарын біріктіріп, алқалы жиын өткізді. 1992 жылы күзде Алматыда дүние жүзі қазақтарының алғашқы I-ші құрылтайы өтті. Осы жиында дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы құрылып, оның төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Тікелей Елбасы қарауына алып, ұлттық миграцияны шешудің жолдарын қарастынды. Он жылдан кейін түркілердің рухани астанасы Түркістанда 2002жылы қазанның 23-24-і күндері дүниежүзі қазақтардың II-ші құрылтай болды. Құрылтайдағы Елбасы сөзі, «Құрметті бауырлар! Сіздерді дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Түркістан төрінде ұлы жиынның өтуі-халқымыздың тарихында ежелден жалғасын келе жатқан жақсы дәстүр. Әйтсе де биылғы бас қосудың бұрынғы жиындардан айырмашылығы бар. Сіздер тәуілсіздіктің он жыл өткен, әлемдік Қауымдастықтан өз орнын алып, әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа сатысына көтерілген Қазақ Еліне келіп отырсыздар. ҚР-ң өсіп-өркендеуі бәріміз үшін де ортақ қуаныш. Сіздердің қай жерде жүрсеңіздер де атамекенді қадір тұтандарыңызды, бабаларымыздан дарыған қазақы қадір-қасиетімізді, ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді, ана тілімізді көздеріңіздің қарашығындай аялап сақтайтындарыңызды біз жақсы білеміз. Атажұртқа келген игі сапарларыңыз сәтті болсын!» - деп айтты [6]. Ал, III-і дүниежүзі қазақтарының құрылтайы 2005 жылы қыркүйектің 28-30 күндері Астана қаласында өтті. Құрылтайға әлемнің 32 елінде тұратын қазақ диаспорасының 300-дей өкілдері шақырылды. Сондай-ақ, бұл жиынға ҚР Президенті Н.Назарбаев,Қазақстан Парламентінің депудаттары, Республика Үкімет мүшелері, барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларының делегаттары, зиялы қауым, түркі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Бұл құрылтайда қазақ болашақағын және оны сақтаудың ой елегіне өткізді. Жалпы құрылтайдың мақсаты әлем қазақтарын диолог жасай отырып, ұлттық миграцияны шешудің механизмдерін жасау, және шет елде тұрып жатқан диаспораларды мәдени-саяси қолдау болып табылады. Қазақ диаспорасын қолдау мақсатында шет елде тұратын қазақтар арасында кіші құрылтай өткізіліп келеді. 1997 жылы Түркияда дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайы өтті. Оған 11 елден 50-ге жуық өкілдер келіп қатысты. Сол елде қазақтардың мәдени орталығы ашылды. 1997 жылы Баян-Өлгейде қазақтардың кіші құрылтайы жалғасын тапты. 2004 жылы Ресей қазақтарының кіші құрылтайы Омбы қаласында болды. Бұл қалада да мәдени орталығы ашылды. Ташкентте де болды. Бұл кіші құрылтай Еуропа қазақтарының арасында да болда. Германияның Кельн қаласында, Швецияның Вестерос қаласында және соның нәтижесінде осы қалаларда қазақтардың мәдени орталықтары ашылды. Саяси және ақпараттық қолдау диаспораны халықаралық талап балып табылады. Елімізде шетелдегі қандастарымыз Қазақстандағы әр бір мәселені жібермейді. Ақпарат мәселесі шешімін тапқан. Қазір КазСат спутнигі арқылы, Caspionet спутник арнасы арқылы Еуропадағы қазақтар еліміздегі оқиғаларды біле алады. Сонымен қатар Хабар, Еларна, Қазақстан телеарнасы Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Ресейдегі қазақтар көре алады. Алтын Бесік, Қазақ Елі, Көш, т.б басылымдарды оқуға мүмкіншілігі бар. Интернет желістері qazaq.kz, kazaktar.kz т.б көптеген сайттар ашылған. Әрине әлемдегі қазақтарды ақпаратпен қамтамас етуді жаңа тәсілдерінде дамыту керек. Ақпараттық байланыстардың қазіргі заманда маңызы өте жоғары. Біз олардың ұлт болып сақталып қалуына міндеттіміз. Және шетелде тұратын қазақтарды мемлекетіміздің сыртқы саяси секторларына пайдалану керек. Сонымен қатар халықаралық бизнес саласында қолдау көрсете отырып өз мүддемізге айландыру. Оларға үлкен саяса қолдау жасау әлемдік тәжірибе болып табылады. Мәселен Ресей, Изриаль мемлекеттер сияқты бізде диаспорасы оңды және тиімді пайдаланудың механизмдерін жасау қажеттіліктен туып тұр.
1.2 Оралмандарды қоныстандырудың ұлттық ерекшеліктері мен бағыттары
Қазақстан әлемде жер көлемінен 9-шы орында 2,7 млн. шаршы шақырым территориясы бар. Халқы 15 млн-нан астым, 1 шаршы шақырымына 5,6 адамнан келеді. Бұндай үлкен кеңістікті игерусіз бос қалдыруға болмайды. Қазақ халқының кең байтақ даласына шетте жүрген бауырларымызды мақсат қойып көшіру маңызды.
Бұл тақырыпта оралмандар туралы нақты қай территорияда тұратынын және берілген нақты мәліметтер бойынша көрсеткіштер берілген, соның ішінде демографиялық ахуалы жайлы, қоныстандырудың географиялық ерекшеліктері және қайталанған көші-қон үрдістері мен ұсыныстар да талқыланған. Сонымен қатар статистикалық көрсеткіштер ресми деректерден және халықтан әлеуметтік сауалнама қою арқылы жауап- тар зерделенген. Демографиялық көрсеткіштер бойынша 2006 жылы қыркүйекте Қазақстанда тұратын жалпы оралмандардың саны 464426 адам болды, ал отбасы бойынша есептегенде 117 698-ні құрады. Жас ерекшеліктеріне арай талдау көрсеткендей оралмандардың шамамен 43% - і жастар, ал 52% -і жұмысқа қабілетті адамдар, ал 5%-і зейнеткерлер болып табылады. Оралмандардың жыныстық құрылымы Қазақстан халқының жын-ыстық құрылымына сай келеді, 48% ерлер және 52% әйелдер. Қазақстан халқының жалпы құрылымы 49% (ерлер), 51% (әйелдер). Көші-қон комитетінің мәліметтеріне қарағанда 163 376 адам (35%) некеге тұрған. Шамамен оралмандардың 76%-і 1992 жылы азаматтық алған. 21%-і азаматтық алуды күтіп отыр. Немесе белгілі кедергілердің әсерінен, яғни тұрақты тіркеудің болмауы, тағы бір себебі еліміздегі тоңмойынды бюрократтардың оралмандарға дұрыс жұмыс істемеу немесе азаматтық алуға өтініш беруге дайын, 3%-і азаматтық алғылары келмейді. Азаматтық алғылары келмейтіндер сауда-саттықпен айналысып жүрген азаматтар. Келесі бір тобы зейнеткерлер болып табылады. Олардың елімізде әлеуметтік статусының төмендігіне байланысты заң бойынша ең төменгі зейнетақы тағайындалған сол себептенде оралман зейнеткерлер азаматтық алудан бастартады. Қазақстандағы келіп жатқан иммигранттардың жалпы санында оралмандар 33% құрайса, 2005 жылы оралмандардың саны елге көшіп келген жалпы иммигранттардың 80% құрады. Яғни тарихи отандарына оралып жатқан ағайындарымыз жылдан-жылға көбеюде.
Оралмандардың көшіп келген елдері. Оралмандардың көшіп келген елдері Шығыс Азия мен Таяу Шығысқа дейін созылып жатқан Батыс Еуропаны қамтиды. 1991-2005 жылдар аралығында оралмандардың көшіп келген елдері Өзбекстан (285 409), Монғолия (71 507), Түркіменстан (41 787), Қытай (22 117), Ресей (18 632). Көшіп келген елдердің ішінде Иранды, Түркияны, Ауғанстанды, Пәкістанды, Қырғызстанды және Тәжікстанды да атауға болады; кейбір оралмандар ТМД елдерінен, Шығыс Еуропадан, Даниядан және Израильден көшіп келді. Соңғы 10 жыл көлемінде көшіп келгендер туралы ақпаратға қарағанда. Жыл сайын Өзбекстан мен Монғолиядан көшіп келіп жатқан оралмандар туралы ақпаратты байқауға болады. 2001 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға 24859 адам, 2002 жылы 87596 адамға дейін көшіп келді. 2004 жылы бұл көрсеткіш 46787 адам болса, 2005 жылы қыркүйекте тағы да күрт өсті (78 123-ге дейін). Олардың көшіп келу себебін сол кезде Премьер-министр Иманғали Тасмағанбетовтың тікелей ықпалы болғанын жасыруға болмайды. Сонымен қатар көштің әсері көшкен елдерінің экономикалық жағдайының тұрақсыздығы мен қатар қазақ ұлтының тұрған жерінде потенцаналдары әлсірей бастауы. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарадағы қақтығыстар. Қазақ мектептері жабылуы, ұрпақ тағдырына алаңдаушылықтан т.б. себептер болды.
1.сурет Оралмандардың көшіп келген елдері
Оралмандар Қазақстанның барлық өңірлерінде тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысында оралмандардың басым бөлігі тұрады (122 131). Бұл шамамен Қазақстанда тұрып жатқан барлық оралмандардың 26%-н құрайды. Екінші орында оралмандар саны бойынша Маңғыстау облысын бөліп көрсетуге болады. Бұл жерде 61 737 барлық оралмандардың 13%-ті тұрады. Алматы және Жамбыл облыстарында 60 770 және 49 365 оралман тұрады. Ең аз оралмандар тұратын облыстарға Батыс Қазақстан, Атырау облысы мен Алматы, Астана қалалары жатады.
Мұндай қоныстандыру жағдайы әр түрлі факторлармен түсіндіріледі. Біріншіден, квота өңірлік бөлініске бағытталған, сондықтан да квота өмір сүру жерлерін шектейді. 90-жылдар квота көбінесе Солтүстік Қазақстанға бағытталған болатын. Бұл етек алған солтүстік және орталық аумақтардағы эмиграциялық ағымдардың халық санын төмендетуге әкеліп соққан залалдарын жабу мақсатында жүргізілген болатын. Миграциядағы өзгерістерге сай квота кейінгі жылдары оңтүстік облыстарға жылжи бастады, бұл оралмандардың ұсынысы мен талаптарына бойынша қоныстандыру үдерісіне (географиялық бағытына) сай келеді. Мысалы, 2005 жылы квотаға енгізілген оралмандардың 73% (15 000 отбасының 10 885-і) Өзбекстаннан көшіп келіп, Оңтүстік Қазақстанға қоныстанды. Квотаға енгізу өтінішін бергендер қай облыста тұрғысы келетіндігін көрсетеді. Таңдау өкілеттігі бар облыстық Көші-қон департементіне өтініш бойынша квота лимитіне негізделген нақты шешім қабылдайды. Белгілі бір облысқа өтпей қалған өтініш берген оралман басқа облысқа квотаға енгізілмейді. Егер оны сол облысқа квотаға енгізбесе, ол тіптен ешқандай квотаға енгізілмейді. Квотаға енгізілмегендер өтінішін тек қана келесі жылы қайта бере алады.
Оралмандарға квотаны анықтау. Оралмандардың иммиграциясының квотасы халық санының өзгеруіне, елдің экономикалық және қаржылық жағдайына байланысты әр жылға анықталады.
Квотаның көлемі ҚР Президентінің жарлығымен бекітіледі. 1993 жылы бірінші рет жылдық квота бекітілген болатын, осы квотаға сәйкес 10000 (шамамен 40000 адам) отбасының көшіп келуіне немесе репатриация жасауға мүмкіндік берді. 90-жылдары квотаның көлемі едәуір өзгерді, 1999-2000 жыл-дары 500 отбасына дейін төмендеді. 2002 жылы экономикалық жағдайдың жақсаруымен байланысты квота көлемі біршама көтерілді. «Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғ 27 желтоқтандағы №1508 Жарлығынан кейін квотасы көбейе түсті. 2005 жылы 15000 отбасына дейін жоғарылады. 2007-2010 жылға дейін әр жыл сайын 15 мың отбасын көшіру бағдарламасы жасалу үстінде.
1. Кесте
Оралмандарға бөлінген квота (жылы, отбасы)
|
1993
|
10000
|
1996
|
4000
|
1999
|
500
|
2002
|
2655
|
2005
|
15000
|
1994
|
7000
|
1997
|
2200
|
2000
|
500
|
2003
|
5000
|
|
|
1995
|
5000
|
1998
|
3000
|
2001
|
600
|
2004
|
10000
|
|
|
Квотаға енгізу өтініші шет елден келген соң немесе келмей тұрып беріледі. Елде тұрып жатқандардан өтініш Астана қаласындағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті арқылы немесе жергілікті департаменттер арқылы беріледі. Сонымен қатар, оралмандар отбасыларының квотаға енгізілу критерилері «Көші-қон туралы» Заңда , нормативтік-құқықтық актілерде нақтыланбаған. Осының салдарынан квотаға енгізілу барысында жемқорлыққа жол ашып, көші-қон қызметкерлер мен бірлесе отырып оралман делдалдар мың доллар көлемінде көшіп келген бір отбасынан квотасын бөліске салу жағдайлары анықталды. Мұндай қылмыстық мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі кездері жиі жазылуда нақты фактілерді де келтіруге болады. Оралмандарды мемлекет тарапынан қолдау. Оралмандарды құқықтық қолдау 1997 жылы шыққан «Халықтың көші-қоны туралы» заңға негізделген. Бұл заңда Қазақстанға көшіп келген барлық оралмандарға байланысты интеграциялық шаралар қарастырылған. «Халықтың көші-қоны туралы» заңнан басқа әр түрлі нормативтік-құқықтық актілер бар. Жыл сайын оралмандардың интеграциясына қаржы мемлекеттік бюджеттен және шетелдік ұйымдардың қаржылық акциялары арқылы квота бөлінеді. Халықаралық ұйымдар еліміздегі көші-қон мәселесін зерттеп, өздерінің қаржылық көмектерін берумен келеді. (БҰҰ-ы, ХКҰ-ы (Дүниежүзілік көші-қон ұйымы)). Мысалы, Германияның көші-қон саласындағы тәжірибесін алып қарайтын болсақ, 1947 жылдан бастап миграцияға арнайы мемлекеттік қор құрған. Осы қор 40-50 жыл ішінде көбейіп, 1990жылы неміс диаспоралары тарихи отанына көшіп барғанда қордағы қаржыны мигранттардың игілігіне жұмсаған. Біздің мемлекетімізде ондай қор енді ғана құрылды осы қаржыны ретімен пайдаланып керек. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржы. 2005 жылы 8 млн тенге болса, мемлекеттік дотациялардың көлемі анағұрлым көбейіп отыр. Мысалы, 2002 жылы мемлекеттік бюджеттен интеграциялық үрдістерге 375 млн. теңге ақша қарастырылды. 2003 жылы бұл көрсеткіш 2 млрд тенгеге өсті. 2006 жылы 11,1 млрд.теңге көтерілді [7]. Бірақ бұл қаржының нақты мақсаттарға жұмсалмауы өзекті проблема болып тұр. Бұл қаржыға жауапты Көші-қон басқармасы бөлінген ақшаны жаратпауы оралмандар мәселесін күрделендіре түсті. Мәселен, 1996 жылы жоспарланған 670млн теңгенің іс жүзінде тек 210 млн-ы ғана бөлінген. Нәтижесінде 3 мыңдай отбасы үйсіз қалды. Бұл мәселе тағы да 2004 жылы 90 млн теңге игерілмей кері қайтты.
Квота Қазақстанға оралмандардың көшіп келуіне шектейді. Басқа елдердің иммиграциялық квоталар жүйелерінен айырмашылығы, (мысалы Германия), Қазақстанда квотаға енгізілуі оралман отбасыларының елге кіруіне және ол жерде тұрақты өмір сүруіне талаптар қоймайды. Осының салдарынан квотаға енгізілмеген оралмандар отбасылары көбейіп жатты. Соңғы жылдары мысалы, көрші мемлекет Өзбекстаннан, соның ішінде Арал теңізінің жағалауында тұратын (Қарақалпақ, Навои облыстары) квотаға енгізілмеген оралмандар отбасылары көптеп көшіп келіп жатыр. Сонымен, оралмандардың екі тобы пайда болды: біріншісі квотаға енгізілгендер және квотаға енгізілмегендер. Қазақ иммигранттарының жалпы санымен квотаға енгізілген оралмандардың айырмашылығы көрсетіліп отыр. 1995 жылға дейін елімізге көшіп келгендер саны бекітілген квотадан төмен болып отыр. Бірақ, 1996 жылдан бастап, оралмандар саны бекітілген квотадан асып түсті, ал 2001 жылда тарихи отанына қайтып келгендер саны бекітілген квотадан 15 есе көп болып отыр. 2002 жылы квотаның 2000 отбасына көбейтілгеніне қарамастан, иммигранттар саны 4 есе көбейді. 2004 жылы квота 10000 отбасына кебейсе де, жалпы иммиграция квотадан 86 %-ке жоғары болды.
Квотаға енгізілген оралмандар мен квотаға енгізілмеген оралмандар, санының айырмашылығын Қазақстанда өмір деңгейінің жоғарылауымен және де этникалық қазақтардың Қазақстанның оралмандар саясатына, қызығушылық таныту белсенділігінің артуы деп түсіндіруге болады. Кейбір саясаткерлер оралмандардың атын сатып нәпақасын тауып жүр. Бұндай оқиға парламент қабырғасынан да кездесіп қалады.
Квотаға енгізілмеген оралмандарды қоныстандыруға көшіп келген елдің жақындығы, жұмыспен қамту деңгейі сияқты факторлар әсер етеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанға көптеген оралмандар Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Түркіменстаннан, Ираннан, Ауғанстаннан, Пәкістан мен Түркиядан көшіп келеді. Олар бұл облысты бұрынғы тұрған жеріне жақын болғандықтан және жылы климатына байланысты, сонымен қатар Оңтүстік өңірі өнеркәсібі дамыған адамдарға қолайлы жағдай жасалған. Көшіп келушілер осы өңірді мекендегісі келеді. Сондай-ақ орыс тілінің үстемдігі аз болғандықтан, облыста қазақтілділердің көптігін де еске алып таңдайды. Облыстарды таңдауда оралмандардың туысқандары болуы және атақоныстарының мекеніне байланысты қоныстанады.
Маңғыстау облысы оралмандар санына байланысты екінші орында тұр. Түркменстаннан, Өзбекстаннан, әсіресе, Қарақалпақ автономдық респуб-ликасынан келген оралмандарға тартымды. Олар осы облыста тұрып жатқан оралмандардың 95%-ін құрайды. Мұндай қоныстанудың негізгі себебі Түркіменстан мен Өзбекстанның тарихи түбірінің жақын болуы, нақты айтқанда кіші жүздер болған соң да бұл өңірге қоныстанғысы келеді. Маңғыстау облысы оралмандарға жоғары жалақы деңгейімен де тартымды. 2002 жылы Маңғыстауда бұл көрсеткіш жалпы ұлттық деңгейден 91,1% -ке көбейді.
Оралмандарды қоныстандырудың ерекшеліктері мен бағыттары, қазір таңда тұрақтап жатқан облыстары
2. сурет
Монғолиядан 1991-1996 жылдарда өзінің тарихи отанына қоныс аударғандар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулерге назар аударсақ. 1991-1996 жылдар арасында 62,8 мың адам қоныс аударған. Бұл 1991-1995 жылдарда республикаға жалпы алыс және жақын шетелдерден қоныс аударушы оралмандардың 45 пайызын, ал алыс шетелден келгендердің 90,0 пайызын құрады. Репатриаттардың негізгі бөлігі Қарағанды 16,6%, Жезқазғанда 9,1 % Павлодарда 13,2%, Ақмолада 9,85, Алматыда 4,5%, Талдықорғанда 9,5%, Семейде 8,7%, Көкшетауда 5,8% облыстарына қоныс тепті. Осындай көрсеткіштерді талдай отырып, көшіп келушілердің солтүстік облыстарға басым көпшілігінің орналасуы ауа райының ұқсастық белгілеріне байланысты болып отыр. Бұл аумақтағы қоныс аударушылырдың 62,5 пайызы Павлодар және Ақмола облыстарының үлесіне тиген. Сондықтан да социологиялық зерттеулер осы облыстарға орналасқан репатриаттарды қамтыды.
Қазақстанға қоныс аударғандың басты мақсаттарын сараласақ, сауалнамаға жауап берушілірдің 73,4%-і атамекенде өмір сүргісі келетіндерін, 69,4%-і ұрпақ тағдыры үшін алаңдайтынын, 45,4%-і тарихи отанға қызмен істеу, республиканың дамуына үлес қосуды, 35,2%-і туыстармен бірге болуды, 23,4%-і отбасын жақсарту үшін. Осы зерттеуде репатриаттардың жаңа ортаға қоныстанып, тұрақты тұрып қалу жағдайына назар салсақ, әлеуметтік зерттеулер «снежни ком» әдісі бойынша жасалды. Респонденттің 27,4%-і бастапқы қоныстарын өзгерткен. Олардың 27,7-і Ақтөбе, 21,1-і Қостанай, 15,3-і Талдықорған, 10,2%-і Семей, 7,3 %–і Көкшетау, 5,8%-і Жезқазған облыстарынан болса, өзге өңірлер бойнша төмендегідей көрсекішті құрады: Алматы-58,0%, Ақмола-43,0, Көкшетау-27,2%, Павлодар-26,6%, Талдықорған-25,4%, Қарағанды-24,8%. Бұдан ішкі ауытқымалы көштің де біршама ауқым алғанын және оған әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және рухани себептер әсері болған. Респонденттердің алғашқы мекендерін қайта қоныс өзгерту себептерін анықтағанда:
-21,3%-і өз туыстанына жақындау үшін;
-18,0%-і жергілікті әкімшілік тарапынан болған түсінбеушілікке байланысты;
-15,6%-і ауа райының жағдайына байланысты;
-13,6%-і мамандықтары бойынша қызметке орналаса алмауына байланысты;
-10,6%–і орналасқан мекенінің шалғай болуына байланысты деген жауаптар қайтарса, 6,5%-і тіл білмеуге, балалардың білім алуы, әлеуметтік мәселелерінің шешілмеуіне байланысты екені туралы пікірлерін көрсетті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «...қазақ үшін, бір елден бір елге көшу тұрмақ, бір ауылдан бір ауылға көшудің өзі қиын. Оның үстіне, шеттегі қазақтардың өскен ортасы, алған тәрбиесі мүлден өзгеше... ».
Он алты жыл уақыттың өзі көші-қон барысындағы жетістіктерімен бастан кешірген қиындықтарға және жіберген олқылықтарға толы кезең болып отыр. Еліміз енді еңсесін түзеп, көші-қон тәжірибесі жинақталмаған. Сонымен қатар ескі жүйенің сан жылдар қалыптасқан бұғауынан шығу, экономикадағы өтпелі кезеңнің құлдырау мен дағдарыстан шығып, келесі бір даму сатыға көтерілуде. Шеттегі қазақ диаспораларының мәдени және әлеуметтік даму деңгейі біршама басқашалау. Қоныстандырудың мәдени-әлеуметтік тәсілін еске ала отырып, мемлекеттік стратегиялық жоспарды мақсат етеп еліміздегі маңызды елді-мекендерге қоныстандыруды қазіргі күні талап етіп отырған мәселенің бірі. Осы проблеманы шешу тек мемлекеттің қатысуымен ғана шешіледі.
Оңтүстік, Шығыс және Солтүстік халықтың ең тығыз қоныстанған аймақтары есептелсе. Керсінше елдің Орталық және Батыс аймақтары қазақтар кем қоныстанған территория болып табылады. Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан басқа облыстарда өсумен болды. 1989-2005 жылдары қазақтар саны 2 млн. 228,3 мыңға 34,2% өсті. Қазақстан 1993 жылы дүние жүзінің 175 мемлекеті ішінде 54 орында ие болса, 1997 жылы 93 орынға төмендесе, 2004 жылы ол көрсеткіш 78 орынға сәл көтерілді [9].
Қазақстан облыстарындағы қазақтардың пайызыдық көрсеткіштері
3. сурет
Осы демографиялық қауіпсіздік проблемасы ҚР-ң 1998 жылдың 26-шы маусынында қабылданған (2000-шы жылдың 28-ші сәуірінде өзгерістер енгізді) «ҚР-ң ұлттық қауіпсіздігіне қатерлер» деген 5-ші бабаның 11-ші тармақшасында демографиялық жағдайдың нашарлауы, оның ішінде туудың күрт төмендеуі, өлім-жітімдің көбеюі, бақыланбайтын миграциялық процестердің пайда болуы ұлттық қауіпсіздігімізге қатер екенін баса айтқан [8].
М.Тәтімовтің: «миргациялық процестерді тиімді түрде реттеуді, ел ішінде басқаруды, дұрыс қоныстандыруды талап етеді. Онсыз Қазақстанның толық дәрежедегі мемлекет болып қалыптасуына кесерін тигізері анық. Сондықтан да бұл бағытта бізге тек миграциялық заң ғана керек»-деген сөздері жоғарғыда айтылғандарға да байланысты өте өзекті. Еліміздегі демографиялық депопулизациядан құтқарудың амалын тек сыртқы қазақ миграциясы арқылы толтырып жатыр.
Осы аймақтарда тұратын азаматтардың оралмандаға қатысты пікірлерін мен қөзқарастары әлеуметтік сауалнаманың зерттеу нәтижесінде алынып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |