Мазмұны Кіріспе І тарау



бет9/10
Дата19.05.2022
өлшемі381.44 Kb.
#457212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-62115

Қорытынды
Қорытындылай келетін болсам, сүзбе – белокты сүт қышқылды өнім. Құрамында толық құнды белоктардан басқа минералды заттар бар. Оның құрамына белок 14-17 %, май 3-18 %, минералды заттар 1-1,5 % кіреді. Сүзбе қарт адамдарға, сонымен қатар өкпе және сүйек туберкулезінде, асқазан, бүйрек ауруларына пайдалы.
Сүзбе өңдірісінде пастерленген және пастерленбеген сүт қолданылады.Пастерленген сүттен алынған сүзбені тікелей тамаққа қолдануға және одан сүзбе өнімдерін дайындауға қолданылады. Пастерленбеген сүттен алынған сүзбе тек жартылай фабрикаттарды (сырник, варениктер), балқытылған сырларды және қолданар алдында термиялық өңдеуді қажет ететін сүзбе өнімдерін өңдіруде қолданылады. Сүзбе қышқыл – мәйекті және қышқылды әдістермен өңдіріледі.
Сүзбені қышқыл мәйекті әдіспен өңдіргенде сүтті пастерлейді, суытады да, сүт қышқылды бактериялар және мәйекті ферменттен тұратын ашытқы қосады, алынған ұйытындыны текшелерге кесіп сығымдайды. Сүзбені қышқылды әдіспен өңдіргенде сүтті сүт қышқылды ашытқымен ашытады, ұйытындыны кеседі, ал сарысудың бөлінуін тездету үшін қыздырады. Бұндай әдіспен майсыз сүзбе алынады. Бастапқы шикізат түріне байланысты сүзбе майлы, жартылай майлы және майсыз деп бөлінеді.
Ақуызды сүт қышқылды өнімдерге сүзбені, сүзбелік сырларды, сүзбе массасын, сүзбелік торттарды, сүзбелік пасталарды, альбуминдік сыршаларды, тағамдық ақуызын жатқызамыз. Сүзбе сүт қышқылды бактериялардың таза дақылдарын қосып және мәйек ферментін қосып сарысуын бөлу арқылы өңдіреді. Ұйытындыны сусыздандыру нәтижесінде өнімге ақуыз бен май көлемі концентрленеді. Осыған байланысты сүзбені ақуызға бай сүт өнімдеріне жатқызамыз. Сүзбенің негізгі бөлігін казеин құрайды.
Сонымен қатар сүзбе витаминдерге, минералды заттарға (Ca, F, Mg) т.б. бай болады. Сүзбеден әртүрлі сүзбелік өнімдер әзірленеді және түрлі кулинарлық тағамдарда қолданылады.
Сүзбе және сүзбе өнімдері пастерленген сүтке мезофильді сүт қышқылды бактерияларды қосып өңдіргендіктен диетикалық қасиеттерге ие. Қазіргі заманда халықтың тамақтануында тағамдық және биологиялық құндылықтардың бірдей мөлшерде жүргенін қажет етеді. Заманауи үйлестірілген тағамдану концепциясына сәйкес толық құнды тағамдармен адамдарды қамтамасыздандыру соның ішінде тағамдық ақуыздарды қолдану мәселесі өзінің өзектілігін әлі күнге дейін сақтап тұр. Сүт сарысуының ақуызын қолдану оның құрамындағы құнды ақуыз көміртекті қосылыстары бар шикізаттарды ауыспайтын амин қышқылдарымен үйлестірілген түрде тағамның биологиялық және тағамдық құндылығын жоғарылатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет