2.4. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің басты мақсаты оқушылардың білім сапасын арттыру. Сабақта қолданылатын оқытудың жаңа технологиялары оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге өзіндік дамуына мүмкіндік береді. Оқушылардың өздігінен оқуға үйрену, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуына талдау жасау, алған білімін практикада қолдана білуі олардың оқу бағдарламасын қаншалықты меңгергенін көрсетеді. Мұғалім сабақ уақытын толық, ұтымды пайдаланып тараудағы толық білімге қойылған талаптарды меңгертуде танымдық интеллектуалдық тестерді, кроссворд, сканворд, ребустарды пайдаланғаны дұрыс. Сабақты түрлендіріп өтудің маңызы өте зор. Сабақта әр түрлі ойын элементтерін пайдалану - оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп, олардың өзіне деген сенімі қалыптасады. Төменде информатика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологияларын ұсынып отырмын.
№1 Сабақ
Ескерту: Геймдердің өтілу барысында оқушылар бірден жауап берсе, онда осы үнемдеген уақытын команда басқа тапсырмаларды орындағанда пайдаланады. Әрбір дұрыс орындалған тапсырмалары үшін фишка немесе 1 балл алады.
Мақсаттары: 1.Білімділік. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
2. Дамытушылық. Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Бақытты сәт» ойынына байланысты көрнекіліктер./оқулықтан/
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. «бақытты сәт» оқытуда үйрету ойынына 2 сағат бөлінеді. Сыныпты 2 топқа бөлеміз, әр топта басшысы және аты болады.
ІІ. «Бақытты сәт » ойыны.
І –гейм. «Бой сергіту» Мұғалім топтардағы оқушылардың санына байланысты тапсырмалар береді. Тапсырманы орындап болған соң жұмыстарын қорғалулары керек. 3 мин сурет салады, әр оқушы қорғап шығуына жалпы 7-8 мин уақыт кетеді.
ІІ –гейм. «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар». Команда мүшелері бөшкеден (қапшықтан ) нөмірлері бар шарлар алып шығады. Өз іштерінде талқыланған соң топ басшылары жауап береді. Мұғалім оқушылардың құрып әкелген жұмбақтарын топтар арасында алмастырып жіберуі керек. Әр жұмбаққа ойлануға 1 мин уақыт жұмсайды.
Достарыңызбен бөлісу: |