Сабақтың тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторы. Мәтіндік редактор терезесі. Мәтінді енгізу және редакциялау.
Сабақтың мақсаты: Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс істеуді үйрету. Тақырып бойынша алынған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету. өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Бұл сабақты блоктау арқылы, тірек схемаларын пайдаланып түсіндіру. Word Pad мәтіндік терезесінің ашылуын, оның элементтерін таныстырдым. Терезеге мәтінді теріп жазу, мәтіндік редакторының Word Pad батырмаларының түрлері мен қызметі айтылады. Мәтінді теру мен редакциялау түсіндіріледі. Материал толық түсіндіріліп болған соң, оны бекітуді компьютермен жеке жұмыс жасауға үйрету мақсатында үлестірме бетшелер тапсырылады. Бетшедегі тапсырмаға өлең шумағын аламыз.
1-тапсырма.
Берілген өлең шумағын сауатты теріп жазу.
2-тапсырма.
Оқушыларға тәрбиелік мәні бар мақалдарды өз ойларынан теріп жазуды тапсырдым.
3-тапсырма.
Бір әріпті екі рет қолданбай «Пиктограмма» деген сөздің ең ұзын мағыналы сөз ойлауды ұсындым.
4-тапсырма.
«компьютер» немесе «процессор» сөздерінің әріптерінің орнын ауыстыра отырып, осы әріптерден сөз құрастыру керек.
Өтілген тақырып бойынша мынадай сөзтізбекті шешуге ұсындым.
Ақпараттық процестерді үйрететін ғылым.
Графикалық немесе мәтіндік мәліметтерді тікелей оқитын құрылғы.
Файлдар көлемін кішірейтіп сақтауға арналған программа.
Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны.
Есеп шешудің алгоритмін компьютерге түсіру жолы.
Ақпараттың өлшем бірлігі.
Мәліметтерді сақтау үшін қажет құрал.
Ақпаратты шығару құрлғысы.
Осы сабақты бағалап, қорытынды баға қойылады. Бұл сабақтың артықшылығы мен тиімділігі мынадай:
Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытады, сөз байлығын жетілдіреді.
Компьютерлік сауаттылығын қалыптастырады.
Оқушының пәнге деген қызығушылығын және өзіндік жұмысын, шығармашылығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |