Логистиканы қолданудың тиімділігі
Қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Бизнес тұрғысынан қарағанда логистика деген корпоративті мақсатқа барлық ресурстардың оңтайлы шығындарымен жету үшін материалды және басқа да (ақпараттық, қаржы, қызмет) ағымдарын тиімді басқару. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізін-де бірікті. Бизнес практикасына логистикалық менеджмент әдістерін енгізу көптеген фирмаларға өндірістегі, жабдықтаудағы және өткізудегі өнімнің барлық қор түрлерін қысқартуға, айналым капиталының айналымдылығын жеделдетуге, өндірістің өзіндік құнын төмендетуге, бөлуге тиісті шығындарды төмендетуге, тауарлар және қызметтермен тұтынушылардың толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпа-ратты жүйелердің ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады. Аталған әрбір функция сәйкес салалық пәнде терең зерттеліп, баяндалған. Логистикалық тәсілдің жаңалығы – негізгі өзара байланыс. Логистикалық әдістің мақсаты – материалды ағымдарды толассыз басқару [3].
Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функциялары-ның біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.
Шет елдердің көпшілігінде логистикалық ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика салыстырмалы түрде жас және белсенді дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып табылады. Шет елде логистика соңғы онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшін логистикалық өндірістік, сауда, көлік және ақпараттық жүйе-лердің қалыптасуы мен дамуы өте маңызды, себебі ол біздің елдің әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке интеграциялануын тездетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Қазақстандағы логистиканың дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындағандай логистиканы игеру және оны кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді.
Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем кабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым кұралдарының жеткіліксіздігі, өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, өткізуді қиындатуда [13].
Әрбір кәсіпорынның нарыққа дұрыс қадам жасау үшін логистика ауадай қажетті нәрсе, бірақ бұл логистика өз бетінше кешенді сала ретінде қызмет етеді деп айту қиын, себебі кәсіпорынға логистиканы жүргізу беймәлім белгісіз зат, оны қалай өткізу, қалай жоспарлау, қандай әдіс қолдану деген сұрақтар туындайды бұл сауалдардың әр бірі өз бетінше тағыда сұрақтар туғызады, ал осының бәрін дұрыс қолданбауы нақты мәліметтердің бетін ашпайды, яғни сондықтан нарықтағы кәсіби маманданған логистиканы жүргізумен айналысатын ұйымдарға жүгіну дұрыс шешім болады.
АҚШ компанияларының 75%-ында осындай логистикалық бөлімшелер бар, онда маркетологтар, статистер, бағдарламашылар, әлеуметтанушылар, психологтар жұмыс істейді сондықтан бұл команиялар нарықтық бәсекеге жақсы бейімделген[5].
Шикізаттың бірінші көзінен өндірістік, тасымалдау және делдалдық звено тізбегі арқылы соңғы тұтынушыға жылжи отырып, материалды ағымдардың құны өсіп отырады. Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, соңғы тұтынушыға жеткен өнім құнының 70%-дан астамы сақтаумен, тасымалдаумен, ораумен және материалды ағымдардың қозғалысын қамтамасыз ететін басқа да операциялармен байланысты шығындар құрайды.
Тауардың соңғы бағасында логистикаға кеткен шығындар үлесінің көптігі материалды ағымдарды басқаруды оңтайландыруда шаруашылық жүргізу субъектілерінің экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың қандай резервтері бар екенін көрсетеді.
Материалды ағымдарды басқаруда логистикалық тәсілді қолданудың экономикалық әсерінің басты қосылғыштарын қарастырып өтейік. Өндіріс және айналым салаларында логистиканы қолдану келесідей мүмкіндіктер береді:
-
материалды ағымдар қозғалысының бүкіл жолындағы қорларды төмендету;
-
логистикалық тізбек бойындағы тауарлар қозғалысының уақытын қысқарту;
-
тасымалдау шығындарын төмендету;
-
қол еңбегінің шығындарын және жүк операцияларының сәйкес шығындарын қысқарту.
Экономикалық әсердің көп бөлігі материалды ағымдар қозғалысының бүкіл жолындағы қорларды қысқарту есебінен жүзеге асады. Европалық өнеркәсіп ассоциациясының мәліметтері бойынша, материалды ағымдардың іштей бақылануы материалды қорлардың 30-70%-ға қысқаруын қамтамасыз етеді (АҚШ-ң өнеркәсіп ассоциациясының мәліметтері бойынша, қорлардың төмендеуі 30-50% шамасында болады).
Қорларды оңтайландырудың жоғары маңыздылығы келесімен түсіндіріледі:
-
логистикаға кететін шығындардың жалпы құрылымында қорларды ұстауға кететін шығындар 50%-ды құрайды, оның ішіне басқару аппаратына кететін шығындар, сондай-ақ тауарлардың бұзылуынан немесе ұрлануынан болған жоғалтулар кіреді;
-
кәсіпорынның айналым капиталының көп бөлігі қорларға бөлінеді (кәсіпорынның барлық активтерінің 10-нан 50%-ға дейін);
-
қорларды құруға кететін өндірістегі шығындар, жалпы шығындар көлемінің 25-30%-на дейін құрайды.
Логистиканы пайдаланудағы қорлардың қысқаруы логистикалық үрдістерге қатысушылардың іс-әрекеттерінің өзара келісулерінің жоғары дәрежесі есебінен, жеткізу сенімділігінің жоғарылауы есебінен, қорларды дұрыс бөлу есебінен, сондай-ақ басқа да бірқатар себептер есебінен қамтамасыз етіледі.
Логистиканы пайдаланудың экономикалық әсерінің келесі құраушысы тауардың логистикалық тізбек бойында қозғалу уақытының қысқаруы есебінен құралады. Бүгінгі таңда қоймалауға, өндірістік операцияларға және жеткізуге кететін уақыт шығындарының үлесі орташа 2-ден 5%-ға дейін құрайды [13].
Сонымен, айналым уақытының 95%-нан астамы логистикалық операцияларға тиесілі болып отыр. Бұл құраушының қысқаруы капитал айналымын жеделдетуге, сәйкесінше уақыт бірлігінде алынатын пайданы өсіруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Логистиканы қолданудың экономикалық әсері, сондай-ақ тасымалдау шығындарын төмендетуден де пайда болады. Көліктің қозғалу маршруттары оңтайландырылады, тәртіптері келісіледі, бос қозғалыстар қысқарады, көлікті пайдаланудың басқа көрсеткіштері жақсарады.
Жоғарыда айтылғандай, логистикалық тәсіл жүк өңдеуші жүйелердің техникалық жабдықталу салаларындағы тауар қозғалысының қатысушыларының жоғары келісу дәрежесін білдіреді. Логистикалық тізбектің барлық звеноларындағы бір типтес механизациялау құралдарын қолдану, бірдей ыдысты, жүк өңдеудің сәйкес технологиялық әдістерін пайдалану логистиканы қолданудың келесі экономикалық әсер құраушысын құрайды - қол еңбегінің шығындарын және жүк операцияларының сәйкес шығындарын қысқарту.
Логистикалық тәсіл материал өткізуші жүйенің қызмет етуінің басқа да көптеген көрсеткіштерін жақсарту үшін жағдай жасайды, өйткені оның жалпы ұйымдастырылуы жетілдіріледі, жеке звенолардың өзара байланысы жоғарылайды, басқару жақсарады.
Логистиканы пайдаланғандағы экономикалық әсер жиынтығы аталған көрсеткіштерді жақсартудан алынатын әсердің сомасынан асады. Бұл логистикалық ұйымдастырылған жүйелердің интегративті қасиеттерінің пайда болуымен түсіндіріледі, яғни жалпы жүйеге тән, бірақ оның элементтеріне жеке-жеке тән емес қасиеттер [3].
Логистикалық жүйелердің интегративті қасиеттері бұл жүйелердің “логистиканың алты ережесі” деп аталатын соңғы мақсатты жүзеге асыру қабілеттілігін білдіреді. Логистиканың алты ережесі:
-
ЖҮК – керекті тауар;
-
САПА - қажетті сапада;
-
САНЫ - қажетті көлемде;
-
УАҚЫТ - қажетті уақытта жеткізілуі тиіс;
-
ОРЫН – керекті орынға;
-
ШЫҒЫНДАР – минималды шығындармен.
Логистикалық іс-әрекеттің мақсаты жүзеге асырылды деп санауға болады, егер осы алты шарт орындалса, яғни қажетті тауар қажетті көлемде қажетті сапада керекті уақытта керекті жерде минималды шығындармен жеткізілген болса.
Материалды ағымдарды басқару бойынша қызметті, өндірістік, сауда және басқа да шаруашылық қызмет түрлері сияқты, оның экономикалық дамуының ерте кезеңінен бастап адамдар жүргізетін. Логистиканың жаңалығы, ең алдымен, түрлі шаруашылық қызметтер арасындағы артықшылықтың материалды ағымдарды басқару бойынша қызметтерге ауысуында. Кәсіпкерлер тек жақында ғана экономикадағы шикізат, бөлшектер және дайын өнімнің қозғалуының барлық сатыларын іштей бақылаудың тиімділікті жоғарылатуда қандай потенциалы бар екенін білді.
Логистиканың концепциясы материалды ағымдарды оңтайландыру арқылы шаруашылық қызметтерді жетілдіруге тиісті көзқарастар жүйесі болып табылады.
Материалды ағымдарды басқару құрылатын негізгі, конструктивті принцип жүйелілік принципі болып табылады. Ол бірыңғай процесс үрдісі ретінде сатып алуларды жүргізу, ұйымдастыру, сақтау, өндіріс, өткізу және тасымалдауды білдіреді [1].
Экономикадағы материалды ағымдар көптеген қатысушылардың қызметтерінің нәтижесінде пайда болады, ол қатысушылардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Егер қатысушылар бірлесіп, басқару объектісін – іштей материалды ағымдарды – рационализациялау мақсатында өз іс-әрекеттерін келісіп жасаса, онда олардың барлығы маңызды экономикалық ұтыс алады.
Материалды ағымдарды рационализациялау тек бір кәсіпорын немесе оның бөлімшесінің шеңберінде ғана мүмкін болады. Бірақ максималды әсерді тек шикізаттың алғашқы көзінен соңғы тұтынушыға дейінгі жолда, жиынтық материалды ағымдарды оңтайландыра отырып немесе оның жеке маңызды учаскілерін оңтайландыра отырып алуға болады. Бірақ материал өткізуші тізбектердің барлық звенолары, яғни макрологистикалық және микрологистикалық жүйелердің барлық элементтері бірыңғай құрылған механизм ретінде жұмыс істеуі қажет. Бұл мәселені шешу үшін техниканы таңдауға, материал жылжитын түрлі учаскілердегі өзара үйлескен технологиялық үрдістерді жобалауға, қарама-қайшы экономикалық мүдделердің үйлесу мәселелеріне және де материалды ағымдарды ұйымдастыруға байланысты басқа мәселелерге жүйелік тұрғыдан қарау қажет [8].
Материалды ағымдарды басқаруға жүйелік тұрғыдан қарау мәселелері толығынан төменде қарастырылады.
Логистиканың бастапқы жағдайына (принципіне) жүйелікпен қатар мыналар жатады: кешендік, ғылыми, нақтылық, конструктивтік, сенімділік және варианттылық.
Аталған логистика принциптерін қысқаша сипаттап өтейік:
- нақты жағдайларда ағымдардың қозғалысын жүргізу үшін барлық қамтамасыз ету түрлерін (дамыған инфрақұрылым) қалыптастыру;
- ресурстар мен өнімдер қозғалысының тікелей және оқшауланған қатысушылардың іс-әрекеттерін үйлестіру;
- фирмалардың логистикалық құрылымының алдында тұрған мәселелердің орындалуына орталықтан бақылауды жүргізу;
- тауар тізбегі бойынша фирмалардың сыртқы әріптестермен тығыз бірлесіп қызмет жасауға ұмтылуы және фирманың түрлі бөлімшелері арасында және ішкі қызмет шеңберінде берік байланыс орнатуға ұмтылыс.
- ағымды басқарудың барлық сатыларында, жоспарлаудан талдауға дейін, есептік бастаманы күшейту, ағымдар қозғалысының траекториясының барлық параметрлерінің толық есебін жүргізу;
- білікті кадрлардың мәртебесін фирманың логистикалық құрылымының ең маңызды ресурсы деп тану.
- техникалық, экономикалық және басқа да талаптарға сәйкес, ағымдар қозғалысының мақсаты ретінде нақты нәтижені дәл анықтау;
- қозғалысты барлық ресурстардың ең аз шығындарымен жүргізу;
- жұмыс нәтижесі алынған пайдамен есептелетін, есептік-калькуляциялық бөлімшелер немесе құрылымдық органдар тарапынан логистиканы басқару.
- ағымды диспетчеризациялау, ағым объектісінің қозғалысын және өзгерісін үзіліссіз бақылап отыру және оның қозғалысын тез арада дұрыстап отыру; тауарлардың тасымалдануының және материалды-техникалық қамсыздануы-ның барлық операцияларының бөлшектерін анықтау.
- қозғалыстың қауіпсіздігін және тоқтаусыздығын қамтамасыз ету, ағым қозғалысының траекториясын қажет жағдайда өзгерту үшін байланыс пен техникалық құралдарды резервтеу;
- қозғалысты басқарудың және қозғалудың қазіргі техникалық құралдарын кеңінен пайдалану; ақпарат келудің жоғары жылдамдығы мен сапасы және оны өңдеудің жоғарғы технологиялары.
- фирманың сұраныс ауытқуларына және басқа да сыртқы ортаның әсеріне икемді бейімделу мүмкіндігі;
- резервтік қуаттарды мақсатты құру, ол фирманың алдын ала жасалған резервтік жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған принциптермен қатар, логистика концепциясы, сондай-ақ төмендегідей жағдайлармен айқындалады:
-
бүкіл логистикалық тізбек бойында логистикалық шығындарды есептеу;
-
технологиялық үрдістерді гуманизациялау, қазіргі еңбек жағдайларын құру;
-
логистикалық қызметті дамыту.
Логистиканың объектісі ішкі материалды ағым болып табылатыны белгілі, дегенмен кейбір учаскілерде оларды басқарудың белгілі бір ерекшелігі бар. Осы ерекшелікке сәйкес логистиканың бес функционалды саласын бөліп қарастырады: сатып алу, өндірістік, бөлу, тасымалдау және ақпараттық, олар оқу құралының келесі тарауларында толығырақ зерттеледі (3-сурет). Бұл бөлімде әр функционалды саланың ерекшелігін көрсетеміз [1].
1. Кәсіпорынды шикізатпен және материалдармен қамтамасыз ету үрдісінде сатып алу логистикасының мәселелері шешіледі. Бұл сатыда жабдықтаушылар зерттеліп, таңдалады, келісім-шарттарға қол қойылады және оның орындалуы бақыланады, жеткізу шарттары бұзылған жағдайда шаралар қолданылады. Кез келген өндірістік кәсіпорынның осы аталған функцияларды жүргізетін қызметі болады. Материалды ағымдарды басқарудың логистикалық тәсілі, ішкі материалды ағымның параметрлерінің қалыптасуымен байланысты осы қызметтің іс-әрекеті оқшауланбаған, керісінше ішкі материалды ағымды басқару стратегиясына тәуелді болғанын талап етеді. Материалды ағымдарды жабдықтаушының дайын өнім қоймасынан тұтынушы-кәсіпорындар цехтарына жеткізу үрдісінде шешілетін мәселелердің белгілі бір ерекшелігі болады, яғни бұл логистиканың оқшауланған бөлімінің - сатып алу логистикасының бөлінуінің себебі болды.
Тәжірибе жүзінде сатып алу логистикасының негізгі мазмұнын құрайтын іс-әрекеттің шеңбері жабдықтаушы мен кәсіпорын ішіндегі жабдықтау қызметінің функциялар құрамы арасындағы келісім-шарттарымен анықталады (3а-сурет).
2. Кәсіпорын ішінде материалды ағымдарды басқару үрдісінде негізінен өндірістік логистиканың мәселелері шешіледі. Бұл сатының ерекшелігі мынада: ағымды жүргізу бойынша жұмыстардың негізгі көлемі бір кәсіпорын территориясының шеңберінде орындалады. Логистикалық үрдістің қатысушылары тауар-ақша қатынастарына түспейді. Ағым бекітілген шарттар нәтижесінде емес, кәсіпорынды басқару жүйесі қабылдайтын шешімдер нәтижесінде жүреді.
Өндірістік логистиканың саласы материалды сатып алу және дайын өнімді бөлу саласымен тығыз байланысты. Бірақ осы саладағы негізгі мәселелер - өндіріс үрдісіндегі материалды ағымдарды басқару (3б-сурет).
3 сурет. Сатып алу, өндірістік және бөлу логистикасының мәселелері шешілетін материалды ағымдар учаскілері.
3. Дайын өнімді өткізу үрдісінде материалды ағымдарды басқару кезінде бөлу логистикасының мәселелері шешіледі. Бұл мәселелерді шешумен өндірістік кәсіпорындар, сондай-ақ сауда-делдалдық қызметті атқаратын кәсіпорындар да айналысады. Бұл мәселелерді шешуге билік құрылымдарының да қатысы бар, себебі аймақ экономикасының жағдайы бөлуді ұйымдастыруға тәуелді. Мысалы, аймақтағы азық-түлік тауарларын бөлу жүйесі қанағатсыз ұйымдастырылған жағдайда жергілікті биліктің жағдайы тұрақсыз болады [3].
3в-суретінде материалды ағым бөлу логистикасының саласына өндірістік цехтарда жүріп-ақ түсетіні көрсетілген. Бұл дегеніміз, ыдыс және орау мәселелері, дайын болуға қажетті топтың мерзімі және мөлшері жөніндегі мәселелер, сондай-ақ өткізу үрдісіне маңызды басқа да көптеген мәселелер материалды ағымды басқарудың ерте сатыларында шешіле бастайды.
4.Тасымалдау учаскілерінде материалды ағымдарды басқаруда тасымалдау логистикасының айрықша мәселелері шешіледі. Материалды ағымның шикізат көзінен соңғы тұтынушыға жеткізілуі үрдісінде орындалатын тасымалдау жұмыстарының жиынтық көлемін екі үлкен топқа бөлуге болады (шамамен тең):
-
арнайы тасымалдау ұйымдарына жататын көлік (жалпы пайдаланатын көлік) орындайтын жұмыс;
-
барлық қалған (тасымалдамайтын) кәсіпорындардың жекеше көлігімен орындалатын жұмыс.
Логистиканың басқа да функционалдық салалары сияқты, тасымалдау логистикасының нақты бір белгілі шегі болмайды. Тасымалдау логистикасының әдістерін түрлі тасымалдауларды ұйымдастыруда қолданады. Дегенмен, бұл бөлімдегі зерттеу және басқарудың бастапқы объектісі жалпы пайдаланатын көлікпен тасымалдау үрдісінде орын алатын материалды ағым болып табылады.
Ақпараттық логистика. Материалды ағымдардың қозғалу нәтижелері ақпараттық ағымдарды дұрыс ұйымдастырумен тікелей байланысты. Соңғы онжылдықта күшті ақпараттық ағымдарды тиімді басқару мүмкіндігі материалды ағымдарды іштей басқару мәселелерін қойып, оны шешуге мүмкіндік берді. Логистикалық үрдістердегі ақпараттық құраушының жоғары маңыздылығы логистиканың арнайы бөлімінің - ақпараттық логистиканың бөлініп шығуына себеп болды. Бұл жерде зерттеу объектісі – ақпараттық ағымдарды (материалды ағыммен кездесетін) ұйымдастырумен байланысты мәселе-лерді, ақпараттық технологияларды, микропроцессорлы техниканы қолданатын материалды ағымдардың басқаруын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер [2].
Ақпараттық логистика логистиканың басқа қалған функционалдық салаларымен тығыз байланысты. Бұл бөлім ақпараттық ағымдардың кәсіпорын ішінде ұйымдастырылуын, сондай-ақ бір-бірімен алыс орналасқан логистикалық үрдістің түрлі қатысушыларының арасындағы ақпарат алмасуды қарастырады (мысалы, спутник байланыс құралдары арқылы).
Сонымен, логистикалық әдістерді қолдана отырып төмендегі артықшылықтарға жете аламыз: сұранысты болжамдау және соның негізінде қорларды жоспарлау, өндіріс пен көліктің қажетті қуаттылығын анықтау, материалды ағымдарды оңтайлы басқару негізінде дайын өнімді бөлудің ғылыми принциптерін жасау, өндіріс пунктінде және тұтынушылардағы тиеу үрдістерін және тасымалдау-қоймалау операцияларын басқарудың ғылыми негіздерін жасау, логистикалық жүйелердің қызмет етулерінің түрлі математикалық модельдерінің варианттарын құру;дайын өнімдерді бірлесіп жоспарлаудың, жабдықтаудың, өндірістің, қоймалаудың, өткізудің және тасымалдаудың әдістерін жасау және т.б. бірқатар мәселелер т.с.с. Өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін камтамасыз ететін жалпы экономикалық кұбылыс пен тетік ретіндегі логистиканың рөлі өте зор.
Қорыта келгенде, кез келген кәсіпорынның логистикалық қызметі - бұл кәсіпорынның дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтық қаралуы, фактілерді еске ала отырып даму стратегиясын жасау және бұл стратегияларды іске асыру бойынша нақты іс -шаралар колданылу болып табылады.
Логистика кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелердің арасында өзара әрекеттесу нәтижесінде көздеген мақсатқа жеткізеді және маркетингтік шараларды жасау және жүзеге асыру үдерісіне сәйкес ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз етуді талап етеді. Осы мақсатта маркетингтік стратегияларды қалыптастыру үдерісі кәсіпорынды басқарудың үш деңгейімен жүзеге асырылатын тізбектелген кезеңдер қатарымен қарастырылған. Маркетингтік стратегияны жасау және жүзеге асыру үдерісі кезінде бөлімшелер арасындағы механизмді зерттеу стратегиялық маркетингтің негізгі қағидаларына сәйкес жасалған өндірісті басқарудың графикалық моделін құруға мүмкіндік береді. Келесі тарауда дүниежүзінде көптеген ірі кәсіпорындарда кеңімен қолданып жүрген логистикалық концепциялар мен жүйелердің түрлері, олардың артықшылықтары, кемшіліктері, ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады.
1.3. Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі
Логистиканың концепциясы материалды ағымдарды оңтайландыру арқылы шаруашылық қызметтерді жетілдіруге тиісті көзқарастар жүйесі болып табылады. Материалды ағымдарды басқару құрылатын негізгі, конструктивті принцип жүйелілік принципі болып табылады. Ол бірыңғай процесс үрдісі ретінде сатып алуларды жүргізу, ұйымдастыру, сақтау, өндіріс, өткізу және тасымалдауды білдіреді. Экономикадағы материалды ағымдар көптеген қатысушылардың қызметтерінің нәтижесінде пайда болады, ол қатысушылардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Егер қатысушылар бірлесіп, басқару объектісін-іштей материалды ағымдарды-рационализациялау мақсатында өз іс-әрекеттерін келісіп жасаса, онда олардың барлығы маңызды экономикалық ұтыс алады. Материалды ағымдарды рационализациялау тек бір кәсіпорын немесе оның бөлімшесінің шеңберінде ғана мүмкін болады. Бірақ максималды әсерді тек шикізаттың алғашқы көзінен соңғы тұтынушыға дейінгі жолда, жиынтық материалды ағымдарды оңтайландыра отырып немесе оның жеке маңызды учаскілерін оңтайландыра отырып алуға болады. Бірақ материал өткізуші тізбектердің барлық звенолары, яғни макрологистикалық және микрологистикалық жүйелердің барлық элементтері бірыңғай құрылған механизм ретінде жұмыс істеуі қажет. Бұл мәселені шешу үшін техниканы таңдауға, материал жылжитын түрлі учаскілердегі өзара үйлескен технологиялық үрдістерді жобалауға, қарама-қайшы экономикалық мүдделердің үйлесу мәселелеріне және де материалды ағымдарды ұйымдастыруға байланысты басқа мәселелерге жүйелік тұрғыдан қарау қажет.
Материалды ағымдарды басқаруға жүйелік тұрғыдан қарау мәселелері толығынан төменде қарастырылады. Шикізат және жұмыс күші арзан елдердегі өндірістік бөлімшелерді дұрыс орналастыру, қойма шаруашылығының орналасуын және құрылымын оңтайландыру, шикізатты, бөлшектерді және дайын өнімді дұрыс тасымалдау әдістерінің, қосалқы бөлшектермен жабдықтауды және логистикалық сервисті ұйымдастыру есебінен корпорациялардың логистикалық шығындарын төмендету мәселелері қарастырылды[9].
Соңғы жылдары нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, логистика атты жаңа ғылыми практикалық ағым пайда болып, белсенді түрде даму үстінде. Бұның барлығы логистикалық бағыттың капиталистік елдер экономикасында дамып, елеулі нәтиже беруі арқасында. Логистика көптеген IBM, Proctor&Gamble, General Motors, Ford Motors, Johnson&Johnson атты корпорациялардың бизнес құралына айналды.
Бұл бөлімде логистикалық концепциялардың өндірістік үрдістің рентабельдігін көтеріп, оны оңтайландыру, сонымен қатар, өндірілетін тауарға немесе қызметке бәсекелестер тауарынан артық қасиеттер беру жағдайлары қарастырылады.
Батыс мамандар мен ғалымдар көптеген кәсіпорындарда тиімді, бәсекелестерден артықшылық беретін, әрі кеңінен қолданылатын көптеген логистикалық концепцияларды құрастырған болатын. Төменде келтірілген концепциялар отандық кәсіпорындарға одан әрі өнімді және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Дүниеде ең кең таралған микрологистикалық концепция “just-іn-tіme” – JIT (“дәл мерзімде”) концепциясы болып табылады. Бұл концепция 1950 жылдың соңында пайда болды, бұл кезде Тойота Моторс Жапон компаниясы және басқа да Жапонияның автомобиль өндіруші фирмалары белсенді түрде KANBAN микрологистикалық жүйесін енгізе бастады. Бұл концепцияға “Just-іn-tіme" атауын кейінірек американдықтар берді, олар, сондай-ақ бұл әдісті автомобиль өндірісіне пайдаланды. JIT концепциясының алғашқы мақсаты — автомобильдерді жинаудың өндірістік үрдісінде материалдың, бөлшектердің және жартылай фабрикаттардың қорларын ұстамау. Бастапқы тәртіп келесідей болды: егер өндірістік кесте берілсе, онда барлық материалдар, бөлшектер, жартылай фабрикаттар керекті көлемде, қажетті орында және дайын өнімді өндірудің дәл белгіленген мерзімінде жеткізілетіндей етіп материалдық ағымдар қозғалысын ұйымдастыру қажет. Мұндай жағдайда сақтандырушы қорлар керексіз болып қалды.
Логистикалық тұрғыдан, JIT — бұл қорлардың минимум талаптары шексіз қорларды басқарудың бинарлы логикасы, мұндағы материалды ресурстар ағымы өндірістік кестемен берілетін қажеттілікпен синхрондалған. Мұндай синхрондау-бұл екі базистік логистикалық функциялардың, яғни жабдықтаудың және өндірістік менеджменттің үйлесуі. Кейіннен JIT идеологиясы бөлуге, дайын өнімді өткізу жүйесіне табысты түрде енгізілді, ал қазіргі уақытта макрологистикалық жүйеде де өз дамуын алып отыр[1].
JIT - ның қазіргі бизнестің түрлі салаларында кең дамуын ескере отырып, оған келесі анықтаманы беруге болады:
“JIT-бұл қормен байланысты шығындарды минимизациялау мақсатымен, жүйе звеноларына қажет уақытта, қажетті мөлшерде материалды ресурстарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді жеткізу үрдісін синхронизациялауға негізделген өндірісте, жабдықтауда және бөлуде логистикалық жүйелерді құрудың қазіргі заманғы концепциясы” JIT концепциясы алдыңғы бөлімде қарастырған логистикалық циклмен және оның құрамдастарымен тығыз байланысты. Идеалды жағдайда материалды ресурстар, жартылай фабрикаттар немесе дайын өнімдер логистикалық тізбектің (арнаның) белгілі бір орнына, оларға қажеттілік туған мезетте жеткізілуі тиіс, бұл өндірістегі бос қорларды болдырмайды. JIT әдісіне негізделген қазіргі логистикалық жүйелер логистикалық циклдың қысқа құрамдастарына бейімделген, бұл жүйе звеноларының сұраныс өзгерісіне және сәйкесінше өндірістік бағдарламаларға тез әсер етуін талап етеді.
JIT логистикалық концепциясы төмендегі негізгі қасиеттермен сипатталады:
-
материалды ресурстардың, жартылай фабрикаттардың, ұдайы өнімдердің минималды қорларымен;
-
қысқа өндірістік циклдарымен;
-
дайын өнімдердің аз көлемді өндірісімен және қорлардың толықтырылумен;
-
материалдық ресурстарды сатып алу бойынша сенімді жабдықтаушылармен, тасымалдаушылармен өзара қатынас;
-
тиімді ақпараттық қолдаумен;
-
дайын өнімнің және логистикалық сервистің жоғары сапасымен.
Әлемде JIT концепциясының енгізілуі мен таралуы қорларды басқаруға өндірістік менеджменттің дәстүрлі көзқарасын өзгертуге алып келді. 2-кестеде өндірісті, жабдықтауды және өткізуді басқару үшін бұл көзқарастардың негізгі ерекшеліктері қалыптасқан.
JIT концепциясын енгізу дайын өнім мен сервистің сапасын жақсартады, артық қорларды минимизациялайды және кешендік логистикалық функцияларды интеграциялау есебінен менеджменттің фирмалық стилін өзгерте алады. JIT бейімделген логистикалық жүйенің жұмысын қорларды басқаратын екі бункерлі жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл жүйедегі бір бункер материалды ресурстар немесе дайын өнімге сәйкес өндірістегі немесе өткізудегі сұранысты қанағаттандыру үшін қолданылады, ал екіншісі бірінші біткенде толықтырылып отырады.
Кесте 2. JІT концепциясын және қорлардың дәстүрлі менеджментін салыстыру.
Факторлар
|
JІT әдісі
|
Дәстүрлі әдіс
|
Қорлар
|
Пассивтер. Барлық күштер оны жоюға бағытталуы тиіс. Сақтандыру қорлары жоқ.
|
Активтер. Өндірісті Болжамдау қателіктерінен және жабдықтаушылардың Сенімсіздігінен қорғайды. Қорлардың көбісі “сақтандырушы”.
|
Қор мөлшері, материалды, ресурстарды сатып алу саны
|
Мөлшер тек ағымды қажеттілікті көрсетеді. Материалды ресурстардың минималды саны өндірушіге де, жабдықтаушыға да қолданылады.
|
Қор саны үнемді мөлшермен анықталады. Қор өзгерісі өткізудегі шығындар өзгергенде, дайын өнімдердің немесе материалды ресурстардың аз санына өткенде ескерілмейді.
|
Өткізу
|
Жоғары артықшылық. Құралды тез қайта құру арқылы сұраныс өзгерісін бақылау. Дайын өнімнің көп емес партияларын өндіруге ұмтылу.
|
Төменгі приоритет. Әдетті мақсат — дайын өнім көлемін максимизациялау.
|
Жартылай фабрикаттар қорлары
|
Жартылай фабрикаттар қорын жою. Егер өндірістік бөлімшелер арасында қорлар болса, онда оларды белгілеп, тезірек жою қажет.
|
Қажетті элемент. Жартылай фабрикаттар өндірістік технологиялық циклдардың негізі бола отырып, құрылымдық бөлімшелер арасында шоғырланады.
|
Жабдықтаушылар
|
Өндіріс бойынша әріптестер ретінде қарастырылады. Тек сенімді жабдықтаушылармен қатынас жасау. Жабдықтаушылар саны көп емес.
|
Жабдықтаушылармен ұзақ кәсіби қарым-қатынас орнайды. Жабдықтаушылар саны көп, олардың арасында жасанды бәсекелестік орнайды.
|
Сапа
|
Мақсат — ноль ақау. Егер сапа 100% болмаса, онда өндіріс пен бөлу жеткілікті тиімді емес.
|
Аз ақау жіберіледі. Дайын өнімнің сапасын тексеру ерікті
|
Персонал
|
Жұмысшылардың, сондай-ақ басқарушы персонал әрекеттерінің үйлесімділігін талап етеді. Келісімділік болмай тұрып өзгерістер енгізуге болмайды.
|
Басқаруды жалпы менеджмент жүргізеді. Өзгерістер төменгі деңгейлі персоналға байланысты емес.
|
Тойота Моторс фирмасы JIT концепциясын қолдана отырып, көрнекті жеңіске жетті, бұл оған 1960 жылдары жаңа автомобильдерді жеткізудің негізгі логистикалық циклының уақытын бір айға дейін қысқартуға мүмкіндік берді, сол кездегі алдыңғы қатарлық американдық автомобиль өндіруші фирмалардағы цикл 6-9 айды құрады.
Дайын өнімдерді салыстырмалы қысқа өндірістік циклда аз партиялармен өндіру олармен байланысты материалды ресурстармен жабдықтау циклын ынталандырады. Теория жүзінде базалық JIT жүйесі үшін идеалды тапсырыс мөлшері бір бірлік болып табылады, бірақ бұл өткізу мен тапсырыстарды өткізуге кететін шығындар проблемасына байланысты жүзеге асырылмайды.
JIT идеологиясын қолданатын логистикалық жүйелер тартушы жүйелер болып табылады. Бұл жағдайда, белгілі бір звенода қорлар шарықтау шегіне жеткенде ғана оларды толықтыру тапсырысы жүзеге асырылады. Қорлар жеке тарату арналары бойынша материалды ресурстарды жабдықтаушылардан немесе логистикалық делдалдардан бөлу жүйесінде “созылады”. JІT концепциясында маңызды шикізаттың, материалдардың, бөлшектердің, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің кейінгі қозғалысын анықтайтын сұраныс алады.
JІT әдісін қолданатын жүйелердегі логистикалық циклдардың қысқа құрамдастары материалды ресурстардың жабдықтаушыларын, өндіріс үрдісін немесе дайын өнімді жинау үрдісін орындайтын басты фирманың жанында шоғырландыруға әрекет етеді. Фирма сенімді жабдықтаушыларды таңдауға ұмтылады, себебі жеткізудегі кез келген үзіліс өндірістік кестені бұзуы мүмкін. Жабдықтаушылардың сенімділігінің маңыздылығы келесіден көрінеді, яғни американдық және европалық өндірушілер JІT концепциясын жапондықтардан кейін тек 10-15 жылдан кейін енгізе алды, себебі оған дейін олардағы жабдықтаушылар сенімділігі төмен болған. JІT концепциясындағы жабдықтаушылар өздерінің бизнесіндегі өндірушілердің әріптестері болады.
JІT концепциясын іс жүзіне асыруда сапа маңызды орын алады. Жапондық автомобиль өндіруші фирмалар JІT концепциясын және KANBAN микрологистикалық жүйесін енгізе отырып өндіріс үрдісінің барлық сатысындағы сапаны және кейінгі қызмет сапасын басқарудағы және бақылаудағы әдістерді өзгертті. Соңғы нәтижеде бұл TQM — сапаны жалпы басқару — философиясына айналды, ол фирманың барлық стратегиялық және тактикалық мақсаттарында бірінші орынға сапаны қойды. JІT концепциясы логистикалық микстің барлық құрамдастарының шеңберінде сапа деңгейін ұстауға және бақылауға әсер етеді [2].
JІT әдісіне негізделген микрологистикалық жүйелер ақпарат пен болжау дәлдігіне тым сыншыл. JІT тиімді жүзеге асыру үшін технологиялар сенімді телекоммуникациялық жүйелермен және ақпараттық-компьютерлік қолдауымен жұмыс жасауы қажет.
KANBAN микрологистикалық жүйесі. Жоғарыда аталғандай, JІT концепциясын іс жүзіне енгізуінің бірден бір әрекеті “Тоета Моторс” корпорациясы жасаған KANBAN микрологистикалық жүйесі болып табылады (жапон тілінен аударғанда “карта” деген мағынаны білдіреді). KANBAN жүйесі өндірістегі “созылмалы” микрологистикалық жүйесінің бірінші рет жүзеге асырылуын білдіреді, оны енгізуге шамамен 10 жыл кеткен. Мұндай ұзақ уақыттың себебі - KANBAN жүйесінің өзі сәйкес JІT концепциясының логистикалық ортасынсыз жұмыс жасай алмады. Осы ортаның маңызды элементтері мыналар болып табылады:
-
өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы;
-
өндіріс үрдісінің барлық сатыларындағы сапаны және жабдықтаушылардағы бастапқы материалды ресурстарының сапасын жалпы бақылау;
-
тек сенімді жабдықтаушылармен және тасымалдаушылармен әріптесу;
-
бүкіл персоналдың жоғары кәсіби жауаптылығы және жоғары еңбек моралі.
Американдық және еуропалық бәсекелестер осы және басқа да логистикалық орта факторларын ескермей, KANBAN жүйесін автоматты түрде енгізгісі келді, бірақ олар жеңіліске ұшырады [5].
“Тойота Моторс” корпорациясы ең алғаш рет 1972 ж. “Такахама” зауытында (Нагоя қаласы, Жапония) пайдаланған.
KANBAN микрологистикалық жүйесі сақтандыру қорын талап етпейтін, тез қайта құрылуға қабілетті үзіліссіз өндірістік ағымын ұйымдастыру жүйесін білдіреді. KANBAN жүйесінің мәні мынада: зауыттың барлық өндірістік бөлімшелері, соның ішінде соңғы жинау линиясы тұтынушы бөлімше тапсырыс берген уақытта және қажетті көлемде материалды ресурстармен жабдықталып отырады. Сонымен, дәстүрлі әдістен басты айырмашылығы – құрылымдық өндіруші бөлімшенің қатаң өндіріс тәртібі болмайды, кейінгі өндірістік-технологиялық цикл бөлімшесі тапсырыс Берген шеңберде жұмысын оңтайландырады. Жүйедегі ақпаратты тарату құралы пластикалық конверттегі арнайы “kanban” карточкасы болып табылады. Карточканың екі түрі бар: таңдау және өндірістік тапсырыс. Таңдау карточкасында өңдеудің алдыңғы учаскісінде алынуы тиіс бөлшектердің саны көрсетіледі, ал өндірістік тапсырыс карточкасында — алдыңғы өндіріс учаскісінде дайындалуы тиіс бөлшек саны көрсетіледі. Бұл карточкалар “Тоета” кәсіпорнының ішінде, сондай-ақ корпорациялар арасында және олармен қызмет жасайтын компаниялар арасында, сонымен қатар кәсіпорын филиалдарында айналып отырады. Осыдан келіп “kanban” карточкалары жіберілетін және өндірілетін өнім саны туралы ақпарат тасиды, бұл JІT концепциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, А,В,С өнімдерін дайындауда қолданылатын а және в бөлшектері алдыңғы технологиялық сатыда дайындалады (4-сурет). а, в бөлшектеріне “kanban” тапсырысының карточкасын жапсырып конвейер бойына қоймалайды. А өнімін дайындайтын жинау линиясындағы жұмысшы таңдау карточкасы жапсырылған белгілі бір бөлшектер жәшігін алу үшін технологиялық арбада тапсырыс карточкасымен а бөлшегінің қоймалау орнына келеді. Қоймалау орнында жұмысшы таңдау карточкасына сәйкес, жәшіктерден жапсырылған карточкаларды жұлып, арбаға бөлшектерді тиейді. Содан кейін алған бөлшектерді жұмысшы жинау линиясына жеткізеді. Ал өндірістік тапсырыс карточкалары а бөлшегінің қоймалау орнында, ағымды линияда қалады, ол алынған бөлшектер санын көрсетіп тұрады. Олар “kanban” өндірістік тапсырыс карточкасында көрсетілген санға қатаң түрде сәйкес келетін көлемдегі жаңа а бөлшектерін дайындауға тапсырысты қалыптастырады.
Сонымен өндірістік-технологиялық учаскілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін қорлардың минималды деңгейі ұсталады. Материалды ресурстар жұмсалғаннан кейін, “kanban” тапсырыс карточкасы резервтерді толықтыру үшін жабдықтаушыларға жіберіледі. Болжамданған көлем мен жабдықтау уақыты аз болғандықтан, тапсырылатын партиялардың мөлшері аз болады. Бұған қоса, жеткізу кезінде сақталатын қорлар минималды болады.
4 сурет. “Кanban” карточкаларының жылжуының мысалы
KANBAN микрологистикалық жүйесінің маңызды элементі ақпараттық жүйе болып табылады, оған тек карточкалар емес, сондай-ақ өндірістік, тасымалдау және жабдықтау графиктері, технологиялық карталар, ақпараттық жарық таблолары және т.б. жатады, сондай-ақ қажеттіліктерді реттеу және қадрлардың кәсіби ауысуын реттеу жүйесі; өнім сапасын жалпы (TQM) және таңдаулы бақылау жүйесі; өндірісті түзету жүйесі және т.б. жүйелер болып табылады [2].
KANBAN жүйесін іс жүзінде пайдалану өндірілетін өнім сапасын жақсартуға; фирманың айналым капиталының айналымдылығын жоғарылата отырып, логистикалық циклды қысқартуға; өндірістің өзіндік құнын төмендетуге; сақтандыру қорларын жоюға мүмкіндік береді. Әйгілі машина жасайтын фирмалардың KANBAN микрологистикалық жүйесін қолдануының әлемдік тәжірибесін талдау көрсеткендей, ол өндірістік қорларды 50%, таралықты - 8% қысқартуға мүмкіндік береді, егер айналым құралдарының айналымдылығы тездетілгенде және дайын өнім сапасы жоғарылаған жағдайда.
(Materials requirements planning) жүйесі дүние жүзінде ең танымал жүйе болып табылады. Бұл жүйе қажеттіліктерді/ресурстарды жоспарлау логистикалық концепция негізінде жұмыс істейді. Жүйе материалдарды, компоненттерді, жартылай фабрикаттар мен олардың бөлшектерін бақылайды. Оларға сұранысарнайы дайын өнімнің сұранысына байланысты болады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты өндірісті жоспарлауда материалдық ресурстарға қажеттілікті қанағаттандыру және тұтынушыға жеткізу, қорлардың төмен деңгейде ұстау, аяқталмаған өндірісті, дайын өнім қолдау, өндірістік операцияларды, жеткізу кестелерін, сатып алу операцияларын жоспарлау.
MRP-I жүйесінің мақсаттары:
-
тұтынушыларға жеткізуде, өндірісті жоспарлауда материалдарға, компоненттерге және жабдықтауыштарға қажеттілікті қанағаттандыру;
-
материалдық ресурстарды, дайын өнім қорларын төмен деңгейде ұстау;
-
өндірістік операцияларды, жеткізу тәртібін, сатып алу операцияларын жоспарлау.
Жоспарлауға кеткен уақыт ішінде, бұл мақсаттарды жүзеге асыру үрдісінде жүйе қажетті материалдық ресурстар ағымдарын қамтамасыз етеді.
MRP-I жүйесі өз жұмысын соңғы өнімді қашан, қандай көлемде өндіруге қажеттілікті анықтаудан бастайды. Содан кейін, жүйе өндірістік тәртіп бойынша қажеттілікті қанағаттандыруға керек уақыт пен қажетті материалдық ресурстар көлемін анықтайды.
MRP-I жүйенің ядросы бағдарлама кешені. Бұл өндірістік тәртіп негізінде, материалдық ресурстар мен олардың қорлары негізінде белгілі бір алгоритмдер арқылы барлық есептеулер мен талдау жасайды. Сонында бағдарлама кешені бөлімшелерге материалдық ресурстарды жеткізу схемалары, жеткізу көлемі мен уақыты және тағы басқа қағаздар тобын береді.
Содан кейін барлық жоспарлар жүзеге асады. Осылай MRP-I жүйесі жоспарлау негізінде материалдық ресурстарды бөлімшелерге итереді.
Өндірістік бағдарламаның бұзылуы мен өзгерістер кезінде қайта жоспарланады.
MRP-I жүйесінің негізгі кемшіліктері:
-
ақпаратты анықтаудың мен өндеудің үлкен көлемдігі;
-
логистикалық шығындардың кәсіпорынның материалдық ресурстар қорлар деңгейін төмендетуде немесе аз тапсырысты тез арада орындауда, тапсырысты өңдеу мен жеткізу негізінде өсуі;
-
қысқы мерзімдегі сұраныс өзгерістеріне тәуелсіздігі;
-
жүйенің және оның құрастыруының үлкендігінен көп тапсырыстардың орындалмауы
Бұған қоса барлық итеруші жүйелкердің кемшіліктері қосылады: сұранысты дәл бақыламауда және сақтық негізінде қосымша қорларды міндетті түрде ұстау. Сақтандыру қорларының болуы, бір жағынан айналым қаражатты тежейді, бірақ жүйеде , JIT-ға қарағанда жабдықтаушылардың сенімсіздігі мен сұраныстың бірден өзгеруінен тұрақтылық береді [3].
Итеруші жүйелер қатаң жоспарланған өндірістік тәртіппен сипатталады.
MRP жүйелері материалдық ресурстарға сұраныс тұтынушылардың дайын өнімге сұранысынан бейімделеді немесе материалдық ресурстардың үлкен номенклатурасымен жұмы істегенде қолданылады. MRP жүйелер ұзақ өндірістік цикл кезінде қолданылады.
MRP-I жүйесінің кемшіліктерін жою мақсаттында MRP-II (Manufacturing resource planning) жүйесі құрастырылған болатын. MRP-II жүйесі жоспарлауда үлкен серпімділікке, жеткізуді жақсы жоспарлауға және сұраныс өзгерісіне жақсы сезімталдыққа ие.
MRP-II-де сұранысты жоспарлау, тапсырысты орналастыру, қорларды басқару блоктары елеулі орынға ие.
MRP II Standart System жүйесі 16 топ қызметін сипаттайды:
1. Sales and Operation Planning (Сату мен өндірісті жоспарлау).
2. Demand Management (Сұранысты басқару).
3. Master Production Scheduling (Өндіріс жоспарларын құрастыру).
4. Material Requirement Planning (Материалдық қажеттіліктерді жоспарлау).
5. Bill of Materials (Тауарлардың спецификациялары).
6. Inventory Transaction Subsystem (Қойманы басқару).
7. Scheduled Receipts Subsystem (Жоспарлы жеткізулер).
8. Shop Flow Control (Өндірістік цех деңгейінде басқару).
9. Capacity Requirement Planning (Өндірістік қуаттылықты басқару).
10. Input/output control (кіру/шығу бақылау).
11. Purchasing (Материалды - техникалық жабдықтау).
12. Distribution Resourse Planning ( Ресурстар бөлуді жоспарлау).
13. Tooling Planning and Control (Өндірістік операцияларды жоспарлау мен бақылау).
14. Financial Planning (Қаржыны басқару).
15. Simulation (Моделдеу).
16. Performance Measurement (Қызметтің қортындыларын бағалау).
MRP II ақпараттық жүйе тобының негізгі материалдық (шикізат), жартылайфабрикаттар (сонымен қатар өндірістегі) және дайын өнімнің ағымдарын құрастыру болып табылады. MRP II топ жүйесінің мақсаты –жаюдықтау, қорлар, өндіру, сату мен дистрибьюция, жоспарлау, жоспарды орындауды бақылау, шығындар, қаржы, негізгі қорлар және тағы басқа өндірістегі жасалатын барлық үрдістерді біріктіру. MRP II -нің өндірістік жоспарлаудағы міндеттер иерархиясы (кесте 3), басқа жүйелермен салыстырмалы түрде көрсетілген.
MRP II біріккен стандарттар жүйені қолданудың көрсеткіштері:
-
ағымдағы кәсіпорынның қызметі туралы толық, сонымен қатар толығымен тапсырыстар, ресурстар түрлері, жоспарды орындау бойынша нақты, толық, жылдам ақпарат алу мүмкіндігі;
-
ұзақ мерзімге, тез және нақты кәсіпорын қызметін жоспарлау және нақты ақпарат негізінде, жоспар көрсеткіштерді түзету;
-
өндірістік және материалдық ағымдар мәселелерін оңтайландыруды шешу;
-
қоймаларда материалдық ресурстардың нақты қысқаруы;
-
бар өндіріс циклді жоспарлау мен бақылау. Өндірістік қуаттылықтарды, ресурстардың балық түрлерін пайдалануда оңтайлы тиімділікке жету, тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндіріс цикліне өзгертулер енгізу мүмкіндігі;
Кесте 3. MRP II/ ERP мен дәстүрлі АБЖ-нің өндірістік жоспарлаудағы міндеттер иерархиясы
Өндірісті жоспарлаудың негізгі мақсаттары
|
Негізгі мақсаттар сипаттамасы
|
Жоспарлардың бөлшектеу деңгейі мен жоспарлау шегі
|
Жоспарларды және өндіріс қуаттылығын теңестіретін қосалқы мақсаттар
|
Дәстүрлі АБЖ-дағы сәйкес жоспарлау мақсаттары
|
Production Plan (өндіріс бойынша жоспар)
|
Табиғи, ақшалай немесе норма-сағат түрінде тауар топтарының жоспары. Ол кәсіпорын басшылығында өткізу жоспары негізінде жасалады. Жоспар кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарын, сұранысты, өндірістік қуаттылықты байланыстыру үшін қолданылады.
|
Жоспар кәсіпорынды түгелімен қамтиды. Ол кварталдарға, айларға бөлініп, бір-екі жылға жасалады.
|
Resource Plan- өндіру жоспары бойынша негізгі ресурстарға қажеттілікті қамтитын шығындар сметасы (материалды және жұмыс ресурстар, ресурстар мен өндірістік қуаттылықты қоса).
|
Өндірістік бағдарлама-өнімді өндірі және өткізу жоспары (тапсырыс портфелі мен өндіріс қуаттылығын қарастыру).
|
Master Production Schedule – MPS (өндірістің кешенді жоспары)
|
Тапсырыс портфелі мен өнім топтарының шығару жобалар негізінде MRP үшін ақпарат дайындалады.
Жоспар тапсырысты орындау уақыты, өндірістегі тасырысты бақылау, сақтау деңгейін қадағалау үшін қолданылады.
|
Жоспар кәсіпорынды түгелімен алады. Ол кварталдарға, айларға, апталарға бөлініп, бір немесе жарты жылға (бірақ өндірістік циклдық мерзімінен аз емес) жасалады.
|
Rough-cut Capacity Planning-өндірістік қуаттылықты алдын ала жоспарлау(технологиялық құрал-жабдықтың ресурстар мен топтар бойынша жоспардың балансталғаныы тексеру, загрузка норма-сағатта ескеріледі).
|
Өндірістік бағдарламаны алынған тапсырыс негізінде нақтылау, оны уақыт 0оры бойынша тарату. Өндірістің кешенді жоспары тапсырыстары туралы ақпаратты қамтиды. Оны нақтылау деңгейі бойынша өндірістік бағдарламаға жатқызуға болады, көлемді және жылдам жоспарлау. (отандық АБЖ терминде)
|
Material Requirements Planning – MRP (материалды ресурстарға қажеттілікті жоспарлау)
|
Өндіріске тапсырысты қосуды автаматтандыру. Тапсрыты орындау кезінде басты мақсаттарды динамикалық түрде жүргізу.
|
Әркүндегі (аптадағы) нақтылаумен. Кәсіпорынның қызмет бөлімдері мен бөлімшелер үшін жоспарлар. Уақыт интервалын бір айға (бір жылға дейін-сирек) дейін қамтиды.
|
Capacity Requirements Planning - өндірістік қуаттылықты нақтылы жоспарлау.
|
Өндірістік бағдарламаны өндіріс бөлімшелері арасында тарату, бөлімшелерді қамтамасыз ететіндермен жоспарды қарастыру. Жылдам және бөлшекті жоспарлау (номенклатура бойынша жоспарды нақтылау, өндірісті іске қосып, өнімді шығару жоспарларды құрастыру)
|
3 кестенің жалғасы
Өндірісті жоспарлаудың негізгі мақсаттары
|
Негізгі мақсаттар сипаттамасы
|
Жоспарлардың бөлшектеу деңгейі мен жоспарлау шегі
|
Жоспарларды және өндіріс қуаттылығын теңестіретін қосалқы мақсаттар
|
Дәстүрлі АБЖ-дағы сәйкес жоспарлау мақсаттары
|
Shop Floor Control, Data collectio n, Dispatching (өндірісті жоспарлау және бөлшекті жоспарлау, өндіріс үрдісін есептеу және диспетчерлеу)
|
Күн сайынғы жоспарды жүзеге асыру үшін, құрал-жабдықты теңдей толтыру үшін бөлшек-операцияларды технологиялық құрал-жабдық топтары арқылы орын-орынмен орналыстыру. Өндіріс үрдісін бақылау.
|
жұмыс тәртібін сағат немесе минут нақтылаумен жоспарлар күн сайын дайындалады (кейбір кездерде жұмыс кезінде бірнеше рет).
|
Capacity control- өндірістік қуаттылық пен жұмысшы уақыт қорының толтырылуын қадағалау, жіңішке орындардың пайда болуына талдау жасау.
|
Жылдам жоспарлау және диспетчирлеу, өндіріс үрдісін қадағалау. Құрал-жабдықтың, смена-тәуліктік тапсырыстың толтырылуын қадағалау.
|
-
төлемдерді, өнімді жөнелту және келісім шарттарын орындау негізінде келісім бөлімінің автаматтандырылуы;
-
кәсіпорын қызметінің толығымен қаржылай көрінуі;
-
өндірістік емес шығындардың төмендеуі;
-
ақпараттық технологияға жұмсалған инвестициялардың қорғалуы;
-
кәсіпорынның инвестициялау саясаты негізінде жүйені біртіндеп енгізу мүмкіндігі.
MRP II-нің негізінде жоспарлар иерархиясы жатыр. Төменгі деңгейдегі жоспарлар одан жоғары жоспарларға байланысты,яғни, жоғарғы деңгейдегі жоспар кәсіпорынан сыртқа кететін ақпаратты береді, көрсеткіштерді және/немесе төменгі деңгейдегі жоспарларға шектеу кедергілерін белгілейді.
Сонымен қатар, жоспарлар өзара байланысты болғандықтан, төменгі деңгейдегі жоспарлар нәтижелері жоғары деңгейге әсер етеді. Егер жоспарлар қортындылары орындауға айқын болмаса, онда бұл жоспарды немесе жоғарғы деңгей жоспарлары қайта қаралуға тиіс. Сұраныс пен ресурстар ұсынысын белгілі бір жоспарлау деңгейде және жоғарғы деңгейдегі ресурстарды жоспарларға түзетулер жүргізуге болады.
ERP - Enterprise resource planning концепцияға сәйкес келетін кәсіпорынды басқару жүйесіне төмендегілер кіреді:
-
жеткізу желісін басқару (Supply Chain Management - SCM, бұрын - DRP, Distribution Resource Planning)
-
Жақсартылған жоспарлау мен тәртіпті құрастыру (Advanced Planning and Scheduling -- APS)
-
Сатуды автоматтандыру модулі (Sales Force Automation -- SFA)
-
Конфигурацияға жауап беретін, автономды модуль (Stand Alone Configuration Engine -- SCE)
-
Ресурстарды толығымен жоспарлау (Finite Resource Planning - FRP)
-
Бизнес - интеллект, OLAP-технологиялар (Business Intelligence -- BI)
-
Электронды коммерция модулі (Electronic Commerce -- EC)
-
Өнім туралы ақпаратты басқару (Product Data Management - PDM)
ERP жүйесінің негізгі міндеті- жоғарыда аталған барлық үрдістерді (уақыт пен ресурстар бойынша) оңтайландыру.
ERP концепциясына сай келетін міндеттер кешені бір ғана біріккен жүйе арқылы емес, операциялардың бағдарлама кешенімен жүзеге асады.Бұл кешеннің негізінде базалық ERP-пакет жатыр. Оған қажетті мамандандырылған үшінші фирманың интерфейстері жалғанған(электрондық коммерцияға жауап беретін, OLAP-қа, сатуды автаматтандыруға және т.б.)
ERP барлық негізгі операцияларды орындап, процедуралар мен қағидалар кешенін айнымалы түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Тапсырысты өңдеу өндірістік жоспармен байланысты. Жоспарлы қажеттіліктер автоматты түрде сатып алу үрдісіне беріледі және керісінше. Өнім бағасы мен қаржылық есеп автаматты түрде өзгереді. Операциялар туралы ақпарат, өнім табысы, бөлімше қызметінің нәтижелігі және т.б. дәл уақытта алынады. Жүйелі, өлшенетін методология орнатылады. Бұндай методологияны бизнеске енгізу нәтижесінде оны жетілдіру үрдісі анықталып, орындалып, керекті уақытта қайталануы мүмкін.
Қорыта келгенде, шет еле кәсіпорындарында, кәсіпорынның жұмыс істеу саласына, өндірісті ұйымдастыру жағдайына байланысты әр түрлі логистикалық концепциялар қолданылады, атап айтқанда JIT, KANBAN, MRP, DRP, ROP, QR, CR, AR, LEAN PRODUCTION және т.б.
JIT-бұл қормен байланысты шығындарды минимизациялау мақсатымен, жүйе звеноларына қажет уақытта, қажетті мөлшерде материалды ресурстарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді жеткізу үрдісін синхронизациялауға негізделген өндірісте, жабдықтауда және бөлуде логистикалық жүйелерді құрудың қазіргі заманғы концепциясы. JIT концепциясын енгізу дайын өнім мен сервистің сапасын жақсартады, артық қорларды минимизациялайды және кешендік логистикалық функцияларды интеграциялау есебінен менеджменттің фирмалық стилін өзгерте алады. Дайын өнімдерді салыстырмалы қысқа өндірістік циклда аз партиялармен өндіру олармен байланысты материалды ресурстармен жабдықтау циклын ынталандырады. Фирма сенімді жабдықтаушыларды таңдауға ұмтылады, себебі жеткізудегі кез келген үзіліс өндірістік кестені бұзуы мүмкін.
JІT концепциясы логистикалық микстің барлық құрамдастарының шеңберінде сапа деңгейін ұстауға және бақылауға әсер етеді. Бұл концепция, біздің ойымызша, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарға және дистрибьюциямен айналысатын кәсіпорындарға тиімді болып келеді.
KANBAN жүйесінің өзі сәйкес JІT концепциясының логистикалық ортасынсыз жұмыс жасай алмады. KANBAN жүйесінің мәні мынада: зауыттың барлық өндірістік бөлімшелері, соның ішінде соңғы жинау линиясы тұтынушы бөлімше тапсырыс берген уақытта және қажетті көлемде материалды ресурстармен жабдықталып отырады. Сонымен, құрылымдық өндіруші бөлімшенің қатаң өндіріс тәртібі болмайды, кейінгі өндірістік-технологиялық цикл бөлімшесі тапсырыс берген шеңберде жұмысын оңтайландырады. KANBAN микрологистикалық жүйесінің маңызды элементі ақпараттық жүйе болып табылады, оған тек карточкалар емес, сондай-ақ өндірістік, тасымалдау және жабдықтау графиктері, технологиялық карталар, ақпараттық жарық таблолары және т.б. жатады, сондай-ақ қажеттіліктерді реттеу және қадрлардың кәсіби ауысуын реттеу жүйесі; өнім сапасын жалпы (TQM) және таңдаулы бақылау жүйесі; өндірісті түзету жүйесі және т.б. жүйелер болып табылады. Бұл жүйені көбінесе ауыр өнеркәсіп саласында қолданған жөн. KANBAN микрологистикалық жүйесін қолдануының әлемдік тәжірибесін талдау көрсеткендей, ол өндірістік қорларды 50%, таралықты - 8% қысқартуға мүмкіндік береді, егер айналым құралдарының айналымдылығы тездетілгенде және дайын өнім сапасы жоғарылаған жағдайда.
MRP-I жүйе қажеттіліктерді/ресурстарды жоспарлау логистикалық концепция негізінде жұмыс істейді. Бұл жүйенің негізгі мақсаты өндірісті жоспарлауда материалдық ресурстарға қажеттілікті қанағаттандыру және тұтынушыға жеткізу, қорлардың төмен деңгейде ұстау, аяқталмаған өндірісті, дайын өнім қолдау, өндірістік операцияларды, жеткізу кестелерін, сатып алу операцияларын жоспарлау. MRP-I жүйесі нарық талаптарына толық жетілмеген жүйе. Бұл жүйе үлкен көлемдігі ақпаратты анықтауға және өндеуге шамалы, логистикалық шығындары басқаларға қарағанда жоғары, қысқы мерзімдегі сұраныс өзгерістеріне тәуелсіздігі, үлкен тапсырысты орындауға мүмкіндігі төмен, жүйені құрастыру өте шығынды болып келеді. Бұл жүйе ұзақ мерзімді тауар өндіру циклына сай жасалған.
MRP II топ жүйесінің мақсаты –жабдықтау, қорлар, өндіру, сату мен дистрибьюция, жоспарлау, жоспарды орындауды бақылау, шығындар, қаржы, негізгі қорлар және тағы басқа өндірістегі жасалатын барлық үрдістерді біріктіру. MRP II MRP-I-дің жетілдірілген түрі. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі туралы толық, сонымен қатар толығымен тапсырыстар, ресурстар түрлері, жоспарды орындау бойынша нақты, толық, жылдам ақпарат алу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, ұзақ мерзімге, тез және нақты кәсіпорын қызметін жоспарлау және нақты ақпарат негізінде, жоспар көрсеткіштерді түзету, өндірістік және материалдық ағымдар мәселелерін оңтайландыруды шешеді. Қоймаларда материалдық ресурстардың нақты қысқартып, бар өндіріс циклді жоспарлау мен бақылау. Өндірістік қуаттылықтарды, ресурстардың балық түрлерін пайдалануда оңтайлы тиімділікке жету, тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндіріс цикліне өзгертулер енгізу мүмкіндік жасайды. MRP II тауарлы-материалды қорларды 17%, кәсіпорын рентабелдігін 10% өсіртуге, шикізат пен құрал-жабдықты 7% сатып алуды қысқара алады. Сонымен қатар, тұтынушыларға көрсетілетін қызмет көлемі 16% жоғарлайды. Бұл концепция шағын өнеркәсіп кәсіпорындарға және дистрибьюциямен айналысатын кәсіпорындарға тиімді болып келеді.
Келесі бөлімде Қазақстан Республикасында логистиканың даму мәселелері және болашағы қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |